Зертханалық сабақ 10. Минералдың сыртқы белгілерін анықтау
Минералдардың физикалық қасиеттері:
Әрбір минералдың белгілі бір химиялық құрамы және өзіне сәйкес тұрақты, жекелей физикалық қасиеттері болады.Әр минералдың өзіне ғана тән белгілері бар. Кейбір минералдың өзіне тән белгісі түсі болса, екіншілерге- қаттылық, үшіншілерге- тығыздық, төртіншілерге- кристаллдардың пішіні және тағы басқа тән белгі болады. Минералдарды сыртқы белгілері бойынша анықтағанда барлық минералдарға ортақ белгісін алдымен қарап, соңынан бөлек минералдардың жеке белгілерін қарастырады. Ең алдымен жылтырлылығына, одан кейін қаттылығына, түсіне, сызығына,және тағы басқаларына көңіл аударылады.
Жылтырлық. Минералдар жылтырлы және жылтыр емес болады. Көптеген минералдар өздерінің бетінен шғылыстыру қасиеттеріне ие, минералдардың жылтырлығын осы қасиет көрсетеді. Минералдар жылтырлығы бойынша 2 топқа бөлінеді. Металдық жылтыры бар және металдық жылтыры жоқ.
Металлдық жылтырлық.
1.Металдық жылтырлық жаңа сынған металды еске түсіреді. Ол үлгінің тотықпаған бетінде жақсы көрінеді. Металлдық жылтыры бар минералдар жылтыры жоқ минералдарға қарағанда ауыр, мөлдір емес. Кейде тотығу процесстері арқасында беткі бөліктері қабықпен жабылады. Барлық «жылтырлар» және «колчедандордың» металдың жылтырлары бар. Металдық жылтыры бар минералдарға: алтын, қорғасын жылтыры жатады.
2.Металдық емес жылтырлық.
Металдық емес жылтырлық әртүрлі болады:
1.Шынылы жылтырлық шыны беті сияқты. Галогендерде, карбонаттарда, сульфаттарда, силикаттарда жиі кездеседі. Шынылы жылтырлыққа тасты тұз, тау хрусталі ие.
2.Алмазды жылтырлық- шынылық жылтырлықтай, күшті ұшқындаған (жарқыраған) жылтырлық. Мысал: алмаз, мырыш алдамышы.
3.Перламутр жылтырлығы-перламутр жылтырына ұқсас (кемпірқосақтың барлық түстерінде бола алады).
Мұндай жылтырлық кальцитте, слюдада көрінеді.
4.Жібектей жылтырлық- жарқыраған. Бұл жылтырлық талшықты инелі құрылысты минералдарға тән. Мысалы: асбест, силинит (инелі гипс).
5.Майлы жылтырлық минералдардың беті майланғандай сипатта болады. Мұндай жылтырлық жұмсақ минералдарға тән. Мысалы: тальк.
6.Балауызды жылтырлық- майлыға ұқсас. Бірақ оған қарағанда әлсіз. Мысалы: хальцедон.
Жылтырлықты минералдың жаңа сынығында бақылаған дұрыс. Жылтырлықты анықтағанда минералдың түсі есепке алынбайды.
Қаттылық- бұл қатты дененің жоғарғы беттік қабатына күшпен әсер еткендегі қарсыласуы. Егер зерттелетін минерал оның бетін сызатын заттан жұмсақ болса, онда оның бетінде із-сызат қалады. Минералдардың қаттылығы олардың құраушы бөлшектерінің бірігу күштерінің сипатына байланысты болады. Ол күштер кристалдық торлардың пішінімен анықталады. Бөлшектер арасындағы энергетикалық байланыс неғұрлым күшті болса, соғұрлым қаттылық жоғары болады. Қаттылығы бойынша минералдар 3 топқа бөлінеді:
1. Жұмсақ минералдар- бетінде тырнақпен сызат қалдыруға болады. (тальк, гипс, графит) Жұмсақ минералдар жақсы үгіледі, қолды былғайды немесе олармен жазуға болады.
2. Орташа қатты минералдар- тырнақпен ешқандай сызат түспейді, минералдар шыныда сызат қалдырмайды (кальцит, мыс колчеданы) Орташа қатты минералдар тырнақта сызат қалдырады.
3. Қатты минералдар- шыныда сызат қалдырады. Минералдың қаттылығы анықтау үшін қатты аймақтарда (басқа минералдар бираз мөлшерде болуы мүмкін) таңдап алу қажет. Зерттеуден кейін үлгінің бетіндегі ұнтақты сүртіп тастап. Үлгі бетінде сызаттың болуына көз жеткізу керек, себебі ұнтақ минералды сызған заттан қалуы мүмкін.
Черта (сызат) кейбір минералдардың ұнтағының түсі минералдардың түсінен ерекшеленбейді. Мұндай жағдай анықтау барысында маңызды орын алады. Мысалы: қара колчеданның түсі ашық сары құймалы, ұнтағы қара. Кальцит түссіз, ақ, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін, қара болады. Кальцит ұнтағы минералдан тәуелсіз, ақ. Минерал ұнтағын алу үшін «бисквит» деп аталатын тегістелмеген фарфор пластинка алынады. Егер «бисквит» бетімен минералмен жүргізім өтсе, минерал із, яғни сызат қалдырады. Қатты минералдардың көпшілігі сызат қалдырмайды.
Түс. Минералдардың түсі әр алуан болады. Кейбір минералдарға түс тұрақты сипаттама болады. Мысалы: күкірт колчеданының түсі сары-құймалы, малахит-жасыл, алтын-алтын түстес жасыл және тағы басқа. Көпшілік минералдарға бұл белгі тұрақты емес. Минералдың түсін анықтау үшін жаңа сынық алу керек.
Спайность (Бағытталған жарылу) Белгілі бір бағытта минералдардың физикалық әсерге әлсіз қарсылық көрсетуімен сипатталады. Бұл бағытта олар жеңіл жарылады және тегіс, жылтыр, түзу бағытталған жарылу бетін көрсетеді.
Бағытталған жарылу әртүрлі дәрежеде көрсетіледі:
1.Өте жетілген- бір бағытта минералдардың түзу пластинкаларға жеңіл бөлінуі. Мысалы слюда.
2.Жетілген- минералдардың белгісіз бағыттарда бөлініп, бағытталған жарылудың түзу, жылтыр бетін беруі. Жетілген бағытталғанжарылу бір минералдарда бір бағытта көрінеді( мысалы вольфрамитте), басқаларында-екі бағытта (далалық шпат) немесе үш бағытта( тасты тұз, қорғасын жылтыры). Бағытталған жарылу жазықтықтары арасындағы бұрғыш әртүрлі болады. Барлық шпаттар жетілген жетілген бағытталған жарылуға ие.
3.Бағытталған жарылуы жоқ. Соққыдан минерал белгісіз бағыттарда бөлініп, беті тегіс емес ынықтар бареді. Мысалы: кварц,күкірт колчеданы.
Сынғыштық (излом). Минералдарды жарғанда немесе сындырғанда сынғыштық деп аталатын беткі бөліктер пайда болады, Бағытталған Жарылулары бар минералдар түзу сынықтар береді, мысалы кальцит. Бағытталған жарылулары жоқ минерлдар тегіс емес сынық береді, мысалы кварц.Раковинаға беткі бөлігі ұқсас сынық, раковина тәріздес деген атқа иеленді (хальцедон). Түйіршікті құрылысты минералдар түйіршікті сынық береді (күкірт колчеданы). Кейбір минералдардың сынығы топырақ тәріздес, мысалы боксит.
Тығыздық. Минералдар химиялық құрамына әртүрлі тәуелділікте болады. Құрамна ауыр металдар кіретін минералдардың тығыздығы жоғары (ауыр) болады. Қүрамына алюминий, кальций, натрий және тағы басқа жеңіл элементтер кіретін минералдар аз тығыздықты (жеңіл) болады.
Минералдарды сыртқы белгілері арқылы анықтауда тығыздық үлкен дәлдікпен анықталмайды. Мұндайда минералдарды екі топқа бөледі: ауыр және жеңіл. Металдың жылтыры және металды жылтыры жоқ топтарда да ауыр және жеңіл тығыздықты бөліп бөлінеді.
Магниттілік. Магниттілікке құрамында темірі (магнитті темір және тағы басқа) бар минералдар ие. Минералдың магниттілігін анықтау үшін магнитті бағыттаушыны (стрелка) қолданады, ал далалық жағдайларда – компостың магнитті баптаушысын пайдаланады. Магниттілігі бар минералдар магнит бағыттаушысы жақындағанда тартылады немесе тебіледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Минералдарды қаттылығы бойынша қалай бөлінеді?
2. Минералдардың физикалық қасиеттеріне не жатады?
Достарыңызбен бөлісу: |