Сепарацияның флотациялық әдісі. Флотация деп – физика-химиялық қасиетін қолданып затты бөлу әдісін айтады. Мысалға, сульфидтті металдардың бір бөлігі гидрофобтар суды жұқтырмайды. Сондықтан суға салған ұсақ таужыныстары құрамында аз ғана метал сульфиді болсада, силикатты таужынысы бар бөлігі суға батады, ал метал сульфиді бар бөлігі батпайды. Егер қатты көпіршектендірсек, байытылған минералдар суспензиясының бөлігі судың бетіне жиналып, минералды көпішік түзеді. Флотация ұсақ қатты затты сумен ғана емес, маймен, арнайы реагенттерменде де жүреді.
Флотация әдісімен полиметалл рудаларының минералдарын жеке бөлуге, вольфрамды, оловянды, титанды және басқа концентраттарды байытуға, бір-бірінен сульфидтті және қышқылданған свинец, цинк, мыс, молибден және басқа рудаларды бөледі. Флотациялық әдіспен бейорганикалық тұздарды және органикалық қосылыстарды бөлудің маңызы зор.
Минералды флотациялық бөлу оның жоғарғы бетін сулауға негізделген. Флотация процесі ауаның көпіршіктері бар сулы ортада жүреді. Бұл ортада беткі жағы нашар суланатын бір минералдың бөлігі (гидрофобт) ауа көпіршіктеріне жабысады да көпіршіктенеді. Ал басқа суланатын минералдың беткі жағы (гидрофильді) ауаның көпіршіктеріне жабыспайды, сондықтан батып кетеді.
Қалыпты жағдайда минералдар сумен сулануына байланысты бөлінеді. Гидрофильді болып таужынысқұраушы минералдың басым бөлігі саналады – кварц, кальцит, дала шпаты, пироксендер, амфиболдар, карбонаттар және басқа; гидрофобты болып – металл сульфиді (галенит, халькопирит, пирит, сфалерит), саф металдар, сол сияқты графит, тальк, күкірт.
Тұрақты және сенімді нәтиже алу үшін флотация арқылы минералды бөлу кезінде минералдар бетінің гидрофобтылығын және гидрофильділігін флотациялық рагент арқылы өзгертуге болады. Сульфидтті минералды флотациялауға калидің және натрийдің ксантогенаты қолданады (көбік түзуші – шырша майымен). Сульфитті емес минералды флотациялауға тура сондай мақсатта майлы қышқыл реагенті қолданылады.флотацияның селективтілігі арттыру үшін әртүрлі реагент-активаторлар, депрессорлар және ортаның рН регулятор қолданылады. Флотацияның негізін анықтайтын негізгі фактор – реагентті режим.
Көбікті флотация флотационды машинада жүреді. Машинаның негізгі бөлігі – айналатын импеллеры бар флотациялы камера.
Зертханалық флотациялық машиналар ФМ-1 және ФМ-2, ФМ-1 машина камерасының сыйымдылығы 0,5тен 3 л дейін; ФМ-2 машинасының сыйымдылығы 0,075 тен 0,25 л. Флотация әдісімен минералдар бөліктерін 0,02 ден 0,3 мм дейінгі ұзындықта бөледі.
Гранулометриялық талдау.
Гранулометриялық талдаубен рудадағы, таужыныстарындағы және шөгіндідегі минералды сандық анықтау. Гранулометриялық талдау әдісін негізгі үш топқа бөлуге болады: гидравликалық әдіс, оптикалық және телевизиялық – оптикалық әдіс.
Минералогиялық талдау екі белгіге негізделген: диагностикалық жағынан толық болуына және сынамада минералдар мөлшерінің нақты толық болуы. Қолданылатын жерлері әртүрлі. Әдіске кейбір қасиеттеріне байланысты сынама материалын фракциялау кіреді, көзбен анықтауға негізделген немесе нақты әдістермен минералды сапалы (диагностикасын) анықтау және санын білу. Зерттеу объектісі – табиғи немесе минералдың техногендік қоспасы. Нәтижесі геологиялық барлау жұмыстарының әртүрлі стадиаларында жүреді.
Негізінен минералогиялық талдауге құрамында ауыр металдар бар (шлихтар) гравитациялық концентраттар ұшырайды. Минералогиялық талдау минералдар сынамасының сандық қатынасына әсерін тигізеді. Минералогиялық талдаудың негізгі міндеттері:
1) шашыранды кенорындарын тікелей іздеу және түбірлік кенорындарды;
2) аймақты жобалап бағалау пайдалы компоненттерді ореолдар бойынша, сондай-ақ серіктес-минералдар немесе минералдық ассоциациялар бойынша;
3) тауарлы концентраттарды сынамалау және минералдық шикізаттардың белгілі түрлерін бағалау;
4) руданың байытылуын зерттегенде, байыту үлгісін даярлауда және т.б.
Минералогиялық талдаудың классикалық үлгісі (базалық үлгісі) төмендегідей: сынамаларды техникалық таразыда тіркеу және өлшеу;елеуіште 1 мм сеппелер, екі кластада өлшеу;ұсақ класты сусымаларды өлшеу (жекелеген жағдайларда төмен түсуі мүмкін);сусымалардағы бөлінулер немесе екі класта бромпішінде;ауыр фракцияларда магнитті минералдарды бөлу (қол магниттерімен);электромагнитте бірнеше фракциялардың бөлінуімен магнитті емес бөліктерін бөлу (күштіэлектромагнитті, әлсізэлектромагнитті және электромагнитті емес); барлық фракцияларды бинокулярлы лупада қарап шығу, барлық минералдарды анықтау және олардың әрбір фракциядағы мөлшерін көзбен бағалау ( % -н); ауыр фракцияларда, шлихтарда, сынамаларда мөлшерін қайта санау ( % немесе г/т); талдау нәтижесінің кестесін құрастыру.
Бақылау сұрақтары:
1.Спектральды, локальды талдамаларды қолдану.
2. Рудаларды және таужыныстарды сепарациялау әдістері. Минералдарды гравитациялық бөлу қайда негізделген. Магнитті, электромагнитті, электрлік сепарация әдістерінің минералдары қалай бөлінеді? Сепарацияның флотациялық әдісі.
3. Гранулометриялық талдау әдістері. Минералогиялық талдаманың базалық үлгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |