Дәріс 9. Туынды бітімдер мен құрылымдардың генетикалық топтары
Кендердің туынды бітімдері мен құрылымдары деп бірігіп өскендердің жаңа пішіндерін айтады, олар кендердің уатылу процесі, жаншылуы, шайылуы және қайта кристалдануы нәтижесінде өзгергенінен кейін түзіледі. Туынды бітімдер мен құрылымдар бастапқылар бойынша дамиды және оларды әр түрлі дәрежеде бейнесін өзгертеді. Жағдайларға байланысты минералды агрегатта, минералды түйірде және коллоидты затта өзгеру жүреді, туынды бітімдер және құрылымдар үш генетикалық топтарға бөлінеді: I – таужыныстар мен кендердің диагенез процесінде қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар; II–метаморфизм процесте қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар; III – мору процесінде қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар.
I- таужыныстар мен кендердің диагенез процесінде қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар. Диагенез құбылысы ортаның физико-химиялық жағдайларының өзгеруімен себептенеді, олар кендердің түзілуінен кейін басталған және мору процестермен және метаморфизммен байланысты емес. Диангенез жағдайларда, ең басты минералды түйірдің және коллоидтық заттың, пішіні және құрылысы өзгереді. Біртіндеп температура түскенде ерітінділердің ыдырауы жүреді, тұрақсыз минералдардың тұрақтылуға (мысалы, титаномагнетиттің қатты ерітіндісі магнетит + ильменитке өтеді) өтуімен байланысты және минералдардың бір модификациядан екіншіге өтуінде, параморфты айналуы жүреді (мысалы, 103○ С температурада, жоғарғы температуралы гексагондық халькозин, төмен температуралы ромбылық халькозинге өтеді).
Минералдардың қайта кристалдануы, заттың кристалдық модификациясының басқаға айналуында және инверсиясында өтеді. Минералдардың инверсиясында кристалдар мен метакристалдардың пішіні және ішкі құрылысы өзгереді. Оларда айналу егіздіктері және жарықшақтық дамиды.
Химиялық құрамы (су мен газдарды жоғалту) өзгеру, сонымен бірге температараның баяу түсуі, гелдердің және жасырын кристалды агрегаттардың қайта кристалдануына келтіреді. Коллоидтардың ескіруінде , оларда жинақты қайта кристалдану өтеді. Гелді массалар кепкенде, көлемі азайғандығымен байланысты, жарылып кетеді. Диагенезде минералды агрегаттардың пішіндері елеулі өзгермейді, бірақ олардың құрылысы өзгереді, ол минералды агрегаттарда кристаллобластық және катакластық құрылымдар қалыптасуымен байланысты. Диагенезде туынды бітімдердің ішінен метаколлоидтық қалыптасады. Жоғары және орта температура жағдайларда түзілген магмалық және магмалықтан кейінгі генезисті кендерге, қатты ерітінділердің ыдырауы және өзіндік кристаллобластық құрылымдары тән. Метаколлоидтық бітімдер мен құрылымдар, және өзіндік кристаллобластық және катакластық құрылымдар мору және шөгінді кенорындарда кең дамиды, және сирек гидротермалық кенорындарда кездеседі.
II–метаморфизм процесте қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар. Осы топта метаморфизмде бағытты қысым және жоғарғы температыралардың әрекетінен, кендердің өзгеру процесінде, қалыптасқан мұндай туынды бітімдер және құрылымдар осы топқа біріктіріледі. Метаморфталған кендерде бітімдер мен құрылымдардың қалыптасуының басты себебін белгілейтін қарқынды бағытты қысым болады. Метаморфизм себепкерлерінің әрекетінен кендер бөлшектенеді, жапырылады және қайта кристалданады. Сонымен бірге минералды агрегаттың, минералды түйірдің және коллоидты заттың пішіні және құрылысы кенеттен өзгереді. Мұндай кендегі өзгерістер кенорындардың бөлімдерінде байқалады, онда тақтатастық және жаншылу, сырғыма, лықсыма және қаусырма белдемдері дамыған. Термалық метаморфизм кендерде жиі кендерден кейінгі дайкалар және интрузиялардың, сонымен бірге ыстық ерітінділердің әсер етуімен, минералданудың кеш сатыларында себептенеді. Кеннің тұрпайы қайта кристалдануы аймақтық метаморфизмде өтеді.
Ерте немесе бастапқы динамометаморфизм сатыларында мортты және қатты минералдар жарықшақты болып қалады, әр түрлі пішінді және өлшемді сынықтарға уатылады, ал жұмсақ және иілмелі минералдар жаншылуға ұшырайды, ол түйірлердің пішіндерінің өзгеруі, жіктілік жарықшақтары және дербестемелер мен егіздік шектері, бағытты орналасуында көрінеді. Табақша жұмсақ минералдар ұсақтау бөлшектерге тарамдалады. Мортты деформациялар пирит, гипс, колумбит, киноварь, арсенопирит, тетраэдрит, теннантит, энаргит, джемсонит, бравоит, касситерит, станнин, пентландит, ильменит, гематит, хромит, кобальтин, глаукодот, шеелит, ульманит және т.б. минералдардың агрегаттарында айқындалады. Иілмелі деформациялар келесі кенқұраушы минералдарда байқалады, сомтума металдар (алтын, күміс, мыс, платина, висмут, сурьма және т.б.), галенитте, аргентитте, молибденитте, халькозинде, борнитте, халькопиритте, сфалеритте, висмутинде, пирротинде, саффлоритте, антимонитте, никелинде, миллеритте, графитте, виттеритте, кальцитте, доломите, сидеритте, родохрозитте, талькте, галитте, сильвинде, карналлитте, флюоритте, хлоритте, серицитте және т.б. минералдарда.
Динамометаморфизмнің жоғарырақ сатыларында кристалды, метасоматитті және класты түйірлер доңгелек және линза тәрізді, және агрегатта бағытты орналасады. Иілімді минералдар кысымның әсерінен аққыш болады және мортты минералдарда жұқа желішектер-кескіндер қалыптастырып, уату жарықшақтарын толтырады. Кристалды және метасоматиттік түйірлерде динамометаморфизмнің әсерінен жартылай немесе толық белдемді құрылыс жойылады және кейбіреулерінде қысымның полисинтетикалық егіздіктері қалыптасады. Минералды коллоидты зат кристалданады. Қатты ерітінділердің ыдырауы жүреді. Жапсарлық және аймақтық метаморфизмнің себепкерлерінің қарқынды әрекеттенуіңде кендерде колллоидтық және метаколлоидтық бітімдер және құрылымдар, сонымен бірге қатты ерітінділердің құрылымдары толығынан өшіріледі.
Аймақтық метаморфизм жағдайларында, түйірлік және кластық агрегаттардың толық қайта кристалдануы өтеді. Белгілі болғандай, қатты қалыптағы диффузияда және кеуектік ерітінділердің қатынасуымен атомды-молекулалық қайта топтасуға байланысты, минералды заттың қайта кристалдануы жүреді.
Кеннің метаморфизмінде құрамы өзгереді, тұрақты және қалыпты минералды түрлер (мысалы, темір сулы тотықтары гематитке және магнетитке айналады және т.б.) қалыптасады. Жаңа минералдар гелді заттың (мысалы, арсенопирит күшәла құрамды гелпириттен қалыптасады) және қатты ерітінділердің ыдырауында (мысалы, темірге бай сфалерит, сфалерит және пирротинге ыдырайды) қалыптасады. Қайта кристалдануда, шөгінді генезисті және мору қыртысында кендер мен таужыныстардың минералдық және химиялық құрамы өте күшті өзгереді (мысалы, тас көмір антрацитке ауысады, фосфорит – апатитке, гетит – мегнетит пен гематитке, псиломелан – якобсит пен браунитке, гипс – ангидритке, опал – кварцқа және т.б.).
Метаморфталған кенорындардың кендерінде туынды бітімдердің келесі морфологиялық түрлері тараған: брекчиялық, брекчия тәрізді, ұнтақтық, метаколлоидтық, жолақты, гнейстік-көзілдірікті және шомбал. Метаморфизмде туынды құрылымдардан катакластық және кристаллобластық кең дамыған.
Метаморфталған кендердің және метаморфталған таужыныстардың метасоматиттік орынбасуда қалыптасқан бітімдердің морфологиялық түрлері ұқсас болуы мүмкін (мысалы, жолақты, гнейс тәрізді, линза тәрізді және т.б.). Аталған кендердің генетикалық типтерінің арасындағы айырмашылық белгілері, парагенетикалық ассоциациялар мен кенқұраушы таужыныстардан басқа, агрегаттар құрылымдары және түйірлердің ішкі құрылысы болады. Орынбасу кендерде катакластық құрылымдар болмайды, бірақ метатүйірлік құрылымдар, сонымен бірге белдемді және елеуіштей құрылысты түйірлер тән.
Метаморфталған кендерде кейде бастапқы бітімдер мен қөұрылымдардың жұрнақтары сақталады. Метаморфизм себепкерлерінің әрекетінен, заттың қайта түзілу процесінде қалыптасқан, оларда сирек емес қуыстар толтыру (III топ) және метасоматиттік орынбасу (IV топ) бітімдер мен құрылымдар дамыған.
III-мору процесінде қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар. Таужыныстар мен кендер тотығу белдемде, мору себепкерлерінің әсерінен, өздерінің құрамы мен құрылысын өзгертеді. Минералды агрегаттар мен түйірлер уатылуы және шаймалануында, оларда катакластық және қаңқалы бітімдер, және катакластық пен кластық құрылымдар қалыптасады, мору кенорындарына тән (түпкілік кенорындардың телпектері, таужыныстардағы мору қыртыстары, элювиялық және делювиалық шашылымдар). Таужыныстар мен кендер мору себепкерлерінің әсерінен жарылады, уатылады, және сынықты, ұнтақты агрегаттарға айналады. Мұндай агрегаттар кластық түйірлерден және қиын ерігіш минералдардан құралған. Химиялық моруда таужыныстар мен кендер желішектер, жиектер, тор, шарбақ және осы жағдайларға тұрақты гипергенді минералдардың басқа түрлері дамиды (мысалы, темір тотықтарының пирит бойынша жиектері, желішектері және торы; англезит пен церусситтің галенит бойынша жиектері мен шарбағы және т.б.) Гипогенді жеңіл ерігіш минералдардың шаймалдануының нәтижесінде, кендер мен таужыныстарда әр түрлі пішінді және өлшемді қуыстар қалыптасады, желішектер, жиетер, шарбақтар және басқа бөліктерінің арасында орналасқан. Осылай қаңқалы құрылымдар қалыптасады.
Таужыныстар мен кендердің моруында туынды бітімдер және құрылымдардан басқа, бастапқы метасоматиттік орынбасу және қуыс толтыру бітімдер мен құрылымдар қалыптасады. Мұндай бірігіп өсу пішіндері III және IV генетикалық топтарда қарастырылады.
Бақылау сұрақтары:
1.Туынды бітімдер мен құрылымдардың генетикалық типтерін атаңыз.
2.Таужыныстары мен рудалардың диагенез процесінде жаралатын туынды бітімдер мен құрылымдардың сипаттамасы.
3.Метаморфизм және мору процесінде жаралатын туынды бітімдер мен құрылымдардың сипаттамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |