Пайдалы қазбаларды зерттеудің зертханалық әдістері


Дәріс 10. Минералдардың парагенетикалық ассоциациялары. Минералдану этаптары мен стадиялары. Минералжаралу тізбегінің сұлбасы



жүктеу 0,71 Mb.
бет39/75
Дата24.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#37621
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   75
umkd-1

Дәріс 10. Минералдардың парагенетикалық ассоциациялары. Минералдану этаптары мен стадиялары. Минералжаралу тізбегінің сұлбасы.
Руда типоморфтық минералдық ассоциациялары мен парагенезистерінің жиынтығынан тұрады. Әрбір минералдық ассоциация арнайы геологиялық және физикалық-химиялық жағдайлардың өнімі болып табылады. Ол минералдану процесінің белгілі бір стадияларында жаралады. Рудада типоморфтық минералдық ассоциация пайдалы қазба кенорындарының рудалық формация типтерін анықтайды.

Рудалық формация термині рудалардың және аралас таужыныстардың ұқсас заттық құрамына ие, кенорындардың генетикалық топтарын атау қабылданған. Рудалық формацияларда белгілі бір сандық қатынаста қалыптасқан, бір немесе бірнеше типоморфтық минералдық ассоциация бөлінуі мүмкін.

Типоморфтық минералдық ассоциация түсінігі жақын геологиялық және физикалық-химиялық жағдайларда бірге жаралған минералдардың заңды әрекеттесуі болып табылады. Минералдық ассоциация құрамына саны бойынша басты, қосымша, сирек және өте сирек типоморфтық минералдар тобы кіреді. Мұндай ассоциация арасында басқа жағдайда жаралған және басқа ассоциацияға жататын реликтілік, метаморфтық және туынды минералдар кездесуі мүмкін.

Геологиялық-минералогиялық зерттеулерде минералдық ассоциация ішінде минералдардың санаулы парагенетикалық топтары не минералдардың парагенезисі бөлінеді. Парагенетикалық минералдық ассоциация тура шекараларымен бітісе жаралатын және тең салмақты жағдайларда біруақытта түзілетін, кейде бір минералдың басқа минералмен шамалы коррозия белгілерімен екі немесе бірнеше минералдың минералдар ассоциациясында заңды түрде бірге кездесіп табылуын көрсетеді.

Сондықтан, минералдық ассоциацияларда минералданудың белгілі бір стадиясында қалыптасуы өтетін, бір немесе бірнеше парагенезисті бөлуге болады. Рудатүзуші минералдарды анықтағанда парагенетикалық ассоциациялардың заттық құрамын ескеріп білу өте қажет, өйткені әрбір минерал, минерал ассоциация тобының сипаттаушы бір бөлігі болып табылады.

Типоморфтық минералдар ассоциациясындағы минералдар тізімі ұқсас кенорындар тобын зерттегенде белгіленеді. Жекелеген кенорындар берілген ассоциацияның минералдар құрамының тек көп немесе аз бөлігін ғана қамтуы мүмкін.

Жоғарыда берілген парагенезис анықтамаларынан бірге жаралған минералдар генетикалық байланыстары тек кеңістікте (бірге кездесуі) ғана емес белгілі бір жас тізбектерімен бөлініп уақыттарын анықтайды. Минералжаралу процестері минерал ассоциацияларының түзілімдерінің кезеңдеріне сәйкес уақыт үзінділеріне бөлінеді: этаптар, стадиялар, стадия бөлікшелері.

Этап, минералдық ассоциация қалыптасуының уақытымен сәйкес келетін ең ұзақ кезең; стадия – минералдардың парагенетикалық ассоциацияларының түзілу уақыты; стадия бөлігі – парагенетикалық ассоциацияларының тең салмақты бөлінуі. Бұл реттілікте олардың арасындағы үзілістердің ұзақтығы және сипаттамасы азаяды. Әрбір парагенетикалық ассоциацияны белгілі бір температура (Т), қысым (Р) және заттардың концентрациясы (С) мәндерінде жүйе ретінде қарастыруға болады.

Бұл факторлар минералдық ассоциациялардың жаралу жағдайын анықтайды, олардың өзгеруі басқа минералдық ассоциациялардың жаралу және жүйенің теңесуінің бұзылуына әкеледі.

Минералдардың парагенетикалық ассоциациялары туралы ілім минералогия, петрография және пайдалы қазба туралы ғылымында үлкен мәнге ие. Минералдардың парагенетикалық ассоциация білімі іздеу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі. Мысалы, хромдық рудаларды тек аса негізді таужыныстар таралған жерлерден іздейді. Әктастармен жапсарларында пироксенді және анартасты таужыныстар (скарндар) табылса, оларда осы сияқты таужыныстарында шеелит немесе басқа минералдар бар ма жоқпа соған мұқият қарау қажет. Шлихтарда пироп табылса, алмазды кимберлиттер болу мүмкіндігін көрсетеді; пегматиттерде полихромды турмалиннің кездесуі, литий, бериллий, цезий, тантал және ниобийдің бағалы минералдарын табу мүмкіндігін көрсетеді.

Минералдық ассоциацияларды жаралуының басты типтері бойынша топтау қабылданған. Тек осылай жаралуы магмалық (қышқыл, негізгі және сілтілі таужыныстары үшін), пегматиттерде (қышқыл және сілтілі), скарндарда, гидротермалық өнім әрекеті, минералдарының ассоциациялары, сонымен қатар теңіздік химиялық шөгінділер, мору, метаморфизм өнімдері, минерал ассоциациялары бөлінеді.



Рудаларда парагенетикалық минералдық ассоциацияларын бақылау мақсатымен рудаларды бітімдік-құрылымдық талдау. Кесек үлгітастарда, өңделген және мөлдір тастілімдерде ең алдымен минералдық парагенезистерге тән рудаға қосылғандарды бақылайды. Рудадағы бітімдердің оларға тән морфологиялық типтерін және әрбір минералдық парагенезистері үшін минералдардың типоморфтық ерекшеліктері мен рудадағы пішінінің (таңдақ, жолақтар, желішіктер) байқалуын анықтайды. Осылайша ары қарай минералдық парагенезистердің өлшемдерін тағайындайды, макро- және микробітімдерін анықтайды (2 мм-ден артық не кем).

Бітімдік-құрылымдық талдау рудадағы минералдық парагенезистерде байқалатын құрылымдарды толық жете зерттеумен басталады. Бұл үшін әр минералдық парагенезистерде поляризациялық жарық көмегімен немесе құрылымдық өңдеу минерал бөліктерінің пішіні (идиоморфты, гипидиоморфты, аллотриоморфты, коллоидты) және олардың ішкі құрылымдарын байқайды. (белдемділік, қосарлану, пластиналы). Бұл минералдық парагенезистерде минералдар тізбегінің бөлінуін көрсететін құрылымдардың морфологиялық типтерін анықтауға мүмкіндік береді. Одан кейін минералдық бөлінудің минералдық парагенезистерде морфогенетикалық ерекшеліктері белгіленеді (кристалдық түйірлер, метатүйірлер, бластотүйірлер, коллоидты пішіндер, кластар) және алғашқы немесе туынды генетикалық топтарға жататындығы құрылымдардың морфологиялық типтері (метатүйірлі, метаколлоидты және т.б.) анықталады.

Құрылымдардың генетикалық топтары құрылымның бекітілген қандай морфогенетикалық бітім тобына (таңдақты – қуыстарды толтыру, жолақты - седиментация және диагенез, желілік – метасоматитті орын басу т.б.) жататындығын көрсетеді. Уатылу, жаншылу, бластикалық сияқты және басқа туынды құрылымдар минералдық парагенезистердің метаморфизм дәрежесін көрсетеді. Қатты ерітінділер шөгуінің туынды құрылымдары геологиялық термометр ретінде қолданылуы мүмкін. Минералдар жаралуының температура реті туралы мөлдір минералдарда температура негізінде сұйық кірмелердің гомогенизациясын айтуға болады.

Әдетте рудалардың бітімдік – құрылымдық талдауын жүргізгенде зерттеуші ең алдымен рудада пайдалы компоненттері бар минералдық парагенезис қалай пайда болғанын және ол рудалық минералдары жоқ минералдық парагенезистерінде қандай байланыста болатынын анықтау қажет. Минералдық парагенезис өнеркәсіптік минералдардан тұратындықтан, бұл минералдық парагенезис сипаттау ретінде алынады. Оның пішіні, өлшемі және басқа минералдық парагенезисін үйлестірушісі болғандықтан рудалардың бітімі (таңдақты, макротекстура, желілік микротекстура, жолақтық немесе цементтік макротекстура және т.б.) морфологиялық типтерін сипаттайды.

Рудалардың құрылымдары минерал жаралу процесінің физикалық-химиялық жағдайын көрсетеді және рудаларда минералдардың бөлінуін анықтау негізін береді. Рудалардың бітімдері минералдық парагенезистердің арасындағы қатынасын көрсетеді. Құрылымдарын және бітімдерін зерттеу рудада минералданудың этаптарын және стадияларын бөлуге мүмкіндік туғызады (әрбір этап және стадия рудаларда өздеріне сәйкес минералдық парагнезистерімен көрсетіледі). Бітімдерді жалпы геологиялық жағдайымен байланыстыра отырып, кенорындарда минералдық парагенезистердің таралу заңдылықтарын айтуға болады.
Бақылау сұрақтары:

1.Минералдардың парагенетикалық ассоциациясы және минералдық ассоциация деген ұғымға анықтама беріңіз және олар уақыттың қандай бөлігіне сәйкес келеді.

2.Типоморфтық минералдық ассоциация түсінігіне анықтама беріңіз.

3.Қандай талдама (анализ) рудаларда парагенетикалық минералдық ассоциация және минералдың бөліну тізбегін анықтайды?



жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау