Пайдалы қазбаларды зерттеудің зертханалық әдістері


IV-таужыныстар мен кендерді метасоматиттік орынбасуында қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар



жүктеу 0,71 Mb.
бет37/75
Дата24.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#37621
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   75
umkd-1

IV-таужыныстар мен кендерді метасоматиттік орынбасуында қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар. Таужыныстарды, кендерді және минералды метасоматиттік орынбасуында, ерітінділерден әр түрлі құрамды эпигенетикалық минералды агрегаттар түзіледі. Қоршаған ортаның температура мен қысымына, орынбасатын ерітінділердің құрамына байланысты, орынбасу процестер әр түрлі қарқындықпен өтеді. Карбонатты таужыныстарда және сульфидті кендерде, орынбасу әсіресе жақсы өтеді. Орынбасу бітімдер мен құрылымдар әр түрлі генетикалық типті кенорындарда байқалады, бірақ олар кейбір пегматиттік, скарндық, гидротермалық-метасоматиттік, мору (мору қыртыстары, телпектер, туынды сульфидтің байытылу белдемдері) және метаморфогендік кенорындарында типоморфты болады. Балқымалар мен ерітінділер кристалдаңғанда (магмалық, желілік, гидротермалық) қалыптасқан кенорындарда бірлік метакристалдар және метатүйірлер кездеседі, олар ерте минералдарды, қалдықты ерітінділер орынбасуында қалыптасады.

Орны басылатын минералға немесе агрегаттқа орынбасу кезінде жіктілік, дербестеме, тақтатастық, қабаттастық жазықтарын бойлай, егіздік шектері сонымен бірге уатылу жарықшақтары бойынша ерітінділер мен газдар еніп кетуі мүмкін. Кіретін жолдарына байланысты мұндай орынбасулар бағытты деп аталады. Кейде ерітінділер немесе газдар минералды агрегатқа, бірнеше бағытпен, капиллярлық құыстарымен, бірдей жылдамдықпен кіреді. Бұл жағдайларда ерітінділер диффузиялық енетін болады. Диффузиялық орынбасуда минералды зат және ерітінді арасында иондар және атомдармен алмасу жүреді, және орынбасар минерал орны басылған минералдың пішінін және ішкі құрылысын мұра етеді. Диффузиялық орынбасу жіктілік, дербестеме, қабаттық, тақтастық, уатылу жарықшақтар, түйірлер шекарасы және мономинералды бөліктерінің жазықтарымен бақылауланады. Табиғи жағдайларда бағытты және диффузиялық орынбасу бір уақытта дамиды.

Пішіні бойынша басты үш орынбасу типін айырып таниды: коррозиялық, немее бағытты, псевдоморфты, немесе мұра етілген, және метакристалды. Әдетте, метасоматиттік кендерде әр түрлі қарқындықпен орынбасулардың барлық түрлері байқалады.

Коррозиялық орынбасуда ерітінділер және газдар жұқа бітімдік - құрылымдық өткізушілер (минералдардағы жіктілік және уату жарықшақтар; егіздік жазықтық, қабаттастық, тақтастық, минералды түйірлердің шекаралары және бөліктері) арқылы енеді және олармен шекаралас минералдардың орнын метасоматиттік басады. Сонымен бірге орынбасар агрегат иерелен, дөңгелек әлпетті және шекаралары тісті жиектер, желішектер және бөліктер қалыптастырады. Орынбасу желішектерде қабырғаларының сәйкестігі байқалмайды.

Бір жағдайларда ерте минералдың микроскопиялық өткізгіштерін бойлай, тек бір кеш минерал орнын басады, басқа жағдайларда ерте минералдың, химиялық құрамы әр түрлі ерітінділерден түзілген бірнеше минералдармен, біртіндеп орны басылады. Бағытты орынбасу процесінде коррозиялық және ұзартылған бітімдер қалыптасады. Орны басылатын минералды агрегатта метатүйірлік, коррозиялық және коллоидтық құрылымдардың әр түрлі морфологиялық түрлері байқалады.

Жаңа минерал немесе минералды агрегат псевдоморфты орынбасуда, орны басылатын агрегаттың пішінін және құрылысын мұра етеді немесе орны басылатын түйірдің, коллоидтық заттың, органикалық қалдықтардың (мысалы, лимониттің пирит бойынша, повеллиттің молибденит бойынша, скородиттің арсенопирит бойынша, гематиттің магнетит бойынша, халькозин, галенит, пирит, марказит, сидериттің ағаш діні бойынша псевдоморфозалары) пішінін және құрылысын мұра етеді. Псевдоморфозалар қалыптастыратын минералдар тізімі едәуір үлкен. Шөгінді таужыныстарда жануарлар және өсімдік организмдер қалдықтары бойынша псевдоморфозалар кен тараған. Псевдоморфозалар мору кенорындарда кең дамыған.

Кенде псевдоморфозалдық орынбасуда, орны басылған таужыныстың бітімі сақталады, мысалы, қабаттық, тақтатастық, керіштік, оолиттік, органогендік және т.б. Мұндай бітімдер мұра етілген немесе жұрнақтық деп аталады. Псевдоморфты орынбасулардың бітімдеріне қос атаулар беру қалыптасқан, мысалы, мұра етілген қабаттастық бітім. Жиі әктастардың кенқұраушы минералдармен (магнетитпен және т.б.), бұрынғы бітімдері сақталмай, орны басылады. Сонымен бірге шомбал бітімді кендер қалыптасады.

Кейде орынбасуда орны басылатын таужыныстардың құрылымы сақталып қалады. Орынбасар минералды агрегатта сирек емес ішкі құрылысының бөлшектері (егіздікті және белдемді) немесе ерте минералға тән (мысалы, галенит бойынша қалыптасқан церусситте ұсақтау және жіктілік ұшбурыштары; молибдениттің барлық жаншылу ерекшеліктерін псевдоморфты повелит қайталайды) сипатты ұсақтау жарықшақтары және фигуралары байқалады.

Орынбасар минералдың немесе минералды агрегаттың псевдоморфты орынбасуда, шекаралары дөнес және тісті болып қалады. Орынбасар минерал массасында орны басылатын минералдың қалдықтары дамиды. Псевдоморфты орынбасу процесте қалыптасқан кендерге осындай бірігіп өскен пішіндер тән, олар ұзартылған, таңдақты, саысты, катакластық, керіштік және органогендік бітімдері бар таужыныстар немесе кендер таңдаулы орынбасуда мұра етілген. Псевдоморфты орынбасуда түзілген агрегаттарда метатүйірлік және коллоидтық құрылымдар дамыған.

Метакристалды орынбасуда орынбасар минерал өзіндік кристаллографиялық пішінін (мысалы, хлоритті-серицитті тақтатаста пирит, әктаста арсенопирит метакристалдары дамиды) дамытады. Метатүйірлік орынбасу кейбір минералдардың қатты ортада кристалдануының үлкен күшімен өсуін түсіндіреді (мысалы, пирит, арсенопирит, кобальтин, магнетит, энаргит, кварц, доломит және т.б.).

Агрегаттар метакристалды орынбасуда, әдетте, мономинералды құрамды болады. Химиялық құрамы бойынша метакристалдар немесе сыйыстырушы таужыныстар мен кендерден (мысалы, Дашкесан кенорынның өзгерген анартас-магнетитті скарнда кобальтин метакристалдары) анық ерекшеленеді, немесе өз құрамдарына орны басылатын минералдардан (мысалы, плагиоклаздарда доломит метакристалдары) алынған химиялық элементтерді кіргізеді. Метакристалды агрегаттар сеппелер, ұя қалыптастырады, реакциялық жиектер және желішектер тәрізді бөліктер түрінде дамиды.

Метакристалдар, әдетте, әр жаққа біркелкі өседі, қарапайым кристаллографиялық пішіні бар және оларды қоршаған минералдармен шекарасы тұра болады. Кейде метакристалдардың гипидиоморфты және қаңқа пішіндері дамыған. Метасоматиттік агрегаттарда әр түрлі өлшемді метакристалдары байқалады.

Метакристалдарға кейде белдемді, секторлы және егізді кті ішкі құрылысы тән. Метакристалдарда метаморфизм кезінде белдемді фигуралар бұзылады және түгел жойылады немесе белдемдік жұрнақтары сақталады.

Метакристалдарда, микроскоппен зерттегенде тастілімде байқалатын, ылғи қатты кірінділер дамиды. Қатты кірінділерді орны басылатын минералдардың қалдықтары, немесе орынбасуға келмейтін және метакристалдармен өсу кезінде иеленіп алынған минералдар көрсетеді.

Метакристалды орынбасу процесінде түзілген кендерде сеппелі, таңдақты, желішек тәрізді және жолақ бітімдер байқалады, құрылымдардан идиоморфты метатүйірлік, радиалды-сәулелі, орайлы және порфирометатүйірлік дамыған.
Бақылау сұрақтары:

1.Бастапқы бітімдер мен құрылымдардың генетикалық топтарын атаңыз.

2.Магманың дифференциациялану процесінде және шөгінділердің седиментация мен диагенез процесінде жаралатын бастапқы бітімдер мен құрылымдардың сипатттамасы.

3.Қуыстарды толтыру процесінде және метасоматикалық орын басу процесінде жаралатын бастапқы бітімдер мен құрылымдардың сипатттамасы.



жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау