«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер



жүктеу 158,31 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі158,31 Kb.
#15328



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «13» қыркүйектегі

№ 1195 қаулысымен

бекітілген

«Пайдаланушы сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшасының (Чикаго, 1944 ж.), «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 60 және 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 қаулысымен бекітілген Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасының (бұдан әрі – Қағида), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 319 қаулысымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыға қойылатын сертифаттық талаптары (бұдан әрі – сертификаттық талаптар) негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналасқан.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны пайдаланушы сертификатын беру (пайдаланушы сертификатының телнұсқасын) немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын дайындаған сертификаттық зерттеуге алдын ала қорытындыны алған күнінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері – күнтізбелік 30 күн;

2) телнұсқаны беру мерзімі – күнтізбелік 10 күн;

3) уәкілетті органға, осы стандарттың 11-тармағында белгіленген, қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 20 минуттан аспайды;

4) уәкілетті органда пайдаланушы сертификатын (телнұсқа) алу кезіндегі кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген, демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органның дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған, күту және құжат толтыру, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден үзінділер (үзінді көшірмелері) көрсетілген стенділермен қамтамасыз етілген ғимараттағы орындарда жүзеге асырылады.

Уәкілетті органда жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында жеке және заңды тұлғаларға арналған шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе сенімхат бойынша уәкілетті өкілі уәкілетті органға пайдаланушы сертификатын алуға мынадай құжаттар қоса отырып, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады:

1) мемлекеттік қызметті алушының мыналарды қамтитын ақпараты:

мемлекеттік қызметті алушы құрылтайшыларының негiзгi мәлiметтері;

мемлекеттік қызметті алушының тiркелген атауы;

мемлекеттік қызметті алушының негiзгi қызмет орнының мекенжайы;

пайдаланушымен тiкелей байланыс (байланыс ақпараты), қажет жағдайда ұшуды жүргізу, ұшу жарамдылығы, ұшу және кабина экипаждары мүшелерiнiң бiлiктiлiгi, қауiптi жүктердi тасымалдау және басқа да тиісті мәселелер бойынша жедел басшылықпен тез арада байланысқа шығуға қажеттi телефон нөмiрi мен факсi кiретiн, соның iшiнде елдiң коды және электрондық поштасының мекенжайы (бар болса);

жоспарлы коммерциялық әуе тасымалының түрлерi;

ұшу өңiрлерi (аудандары);

әуе кемелерiне арналған мәлiметтер және оларды пайдалану бойынша шектеулер;

әуе кемесiне техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;

ұшу жұмыстарын ұйымдастыру;

ұшуды қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік қызметті алушы жарғысының көшiрмесi және құрылтай шарты;

3) заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

4) ұйымдастыру құрылымы, штат кестесi;

5) ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей байланысты басшылық құрамы мен авиациялық мамандардың мiндеттерiн белгiлейтiн лауазымдық нұсқаулықтар;

6) экипаждың жұмыс және демалыс уақыты туралы ережелер, оның iшiнде ең аз экипаж құрамымен ұшу кезiндегi және күшейтiлген экипажбен немесе бiр әуе кемесiндегi екi экипажбен;

7) ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей байланысты басшылық құрамы мен авиациялық мамандар жөнiндегi мәлiмет;

8) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен бiрге ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн азаматтық авиация ұйымының басшы қызметкерлерiнiң лауазымдарын келiсудi растайтын құжаттар: ұшу қызметiнiң басшысы, ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның бастығы, инженерлiк-авиациялық қызметтiң басшысы;

9) командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы туралы деректер:

лауазымы;

тегi, аты, әкесiнiң аты;

бастапқы дайындығы;

ұшқыштар құрамы куәлiгiнiң класы, нөмiрi, қолданылу мерзiмi, кiм бердi;

жалпы ұшу;

кем дегенде әуе кемесiнiң командирiмен әуе кемесi түрлерi бойынша ұшу, қатарға қосу өткен (өтетiн) құжаттың атауы, соңғы саралап тексерудiң мерзiмi (ұшуды басқару техникасы, ұшақты жүргiзу, ұшудағы практикалық жұмысы);

медициналық куәландыру, куәлiктiң қолданылу мерзiмi;

ағылшын тiлiнде байланыс жүргiзуге рұқсат беру, аяқталғаны туралы құжаттың нөмiрi, кiм және қашан бердi;

мамандық бойынша соңғы бiлiктiлiгiн жетiлдiру курстары;

ағылшын тiлi бойынша соңғы бiлiктiлiгiн жетiлдiру курстары;

авариялық жағдайда әрекет ету бойынша машықтануды үйрену және қолдау;

соңғы жұмыс орны (ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс iстеген кезеңi);

10) пайдаланушының басшылығы бекiткен ұшу қызметiн жүзеге асыру құжаттарының тiзбесi;

11) пайдаланушының басшылығы бекiткен және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулығы;

12) техникалық қызмет корсету жүргiзуде негiзге алынатын құжаттардың тiзбесi;

13) пайдаланушының басшылығы бекiткен техникалық қызмет көрсетудi реттеу жөнiндегi пайдаланушының нұсқаулығы;

14) азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктердiң, ұшуға жарамдылық сертификаттарының, радиостанцияларға арналған рұқсаттың (лицензияның), әуе кемелерiнiң жергiлiктi жерлердегi шуыл бойынша сертификаттардың көшiрмелерi;

15) Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарының талаптарына сәйкес мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полисiнiң көшiрмелерi;

16) ұшуды қамтамасыз ету, әуе кемелерiн бiрлесе пайдалану, авиациялық қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз етуге арналған шарттардың көшiрмелерi;

17) пайдаланушы басшысы бекiткен әуе кемелерi бояуының үлгiлерi және мәтiндiк сипаты;

18) азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiн болдырмау жөнiндегi шаралар туралы құжаттар;

19) халықаралық ұшуға арналған құжаттар:

халықаралық ұшуды орындау үшiн нормативтiк және ұшу құжаттамасының тiзбесi және оның болуы;

әуежайлардағы кедендiк, паспорттық, санитарлық және карантиндiк бақылауды қамтамасыз ету туралы ақпарат;

халықаралық рейстердiң жолаушыларын орналастыру мен тамақтандыру үшiн қонақ үй, мейрамхана, дәмханалар туралы ақпарат;

20) жүк және жолаушы тасымалын ресiмдеу үшiн тасымалдау құжаттамасының тiзбесi, егер пайдаланушы дербес жұмыс iстейтiн болса (шарт бойынша емес):

жиынтық тиеу ведомостары;

бас декларациялар;

жүктiң нөмiрлi биркасы;

«аса маңызды кiсi» биркасы;

тiркеу ведомостары;

купондар тiзiлiмдерi;

жүк ведомостары;

қону талондары;

жолаушылар багажы мен жүктердi тасымалдау кезiндегi ақаулықтар туралы актiлер;

жолаушы манифестi;

жүктiң жүкқұжаты;

жүк манифестi;

1, 2 және одан көп тасымалдаушыларға арналған авиабилеттер;

1, 2 тасымалдаушыға арналған әр түрлi жиын ордерлерi;

жүктiң нөмiрлi жүкқұжаты;

1, 2 тасымалдаушыға арналған ақылы багаждың түбiртегi;

21) әуе кемелерi туралы мәлiметтер және әуе кемелерiнің түрi, олардың жабдықтары бойынша техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру сипаттамасы, сондай-ақ әрбiр әуе кемесiнiң орналасқан жерi туралы анықтама;

22) әуе кемелерiн пайдаланудағы шектеулер:

әуе кемесiнiң түрi, моделi;

тiркеу нөмiрi;

әуе кемесiнiң Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының I, II, III санаттары бойынша қонуға кiруге және қонуға рұқсаты;

қонуға кiру жүйесi бойынша әуе кемесi үшiн белгiленген минимумдар: ILS, VОR/DME, РАR, 2NDB, РАR+2NDB, VOR, NDB;

ұшуларды көзбен шолу және қонуға кiру үшiн әуе кемелерiне арналған белгiленген минимумдар;

(РВN) (RNAV 10, RNAV 5, RNAV 4, RNAV 1, RNР 4, RNР АРСН) сипаттамасымен негiзделген навигация жағдайында ұшуға рұқсат беру;

(GNSS, DME/DME, IRU/IRS, VOR/DME, LRNS, MNPS) сипаттамасымен негiзделген навигациялық санап теруге байланысты шектеулер;

ұлғайтылған алыстық жағдайында әуе кемелерiне ұшуға рұқсат беру (ЕТ0РS) (қос қозғалтқышты әуе кемелерi үшiн);

тiк эшелондау жағдайында ұшуға рұқсат беру (RVSМ);

аудандарда немесе (RСР) байланыстың сәйкес түрi белгiленген маршруттар бойынша ұшуға арналған жабдықтармен әуе кемелерiн жабдықтау;

соқтығысудың алдын алу жүйесiмен жабдықтау;

23) әуе кемелерiн жалдау (фрахт) шарттарының (келiсiмшарттарының) көшiрмелерi;

24) пайдаланушының ұшу қауiпсiздiгiн басқару жөнiндегi нұсқаулығы.

Жоғарыда көрсетiлген барлық құжаттардың көшiрмелерi мемлекеттік қызметті алушының қолымен және мөрiмен куәландырады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарға өтінім беруші күнтізбелік 30 күн ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын дайындаған сертификаттық зерттеуге алдын ала қорытындыны қоса береді.

Мемлекеттік қызметті алушы пайдаланушы сертификатының телнұсқасын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға еркін нысандағы өтініш және мемлекеттік қызметті алушы жүргізген қызметтік тексеру материалдарын осы стандартта көзделген тәртіппен ұсынады.

12. Белгіленген үлгідегі өтініш нысаны уәкілетті органның www.mtk.gov.kz сайтында орналасқан.

13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар, осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген, мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне ұсынылады.

14. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы талон береді.

15. Пайдаланушы сертификаты мемлекеттiк қызметтi алушыға уәкiлеттi органның қызметкері берiлген сертификаттарды есепке алу және тiркеу журналына қолхат алу арқылы беріледі.

16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады, егер:

1) осы стандартың 11-тармағында аталған ұсынылған құжаттар Қағидалар талаптарына сәйкес келмесе;

2) мемлекеттік қызметті алушы ұсынатын қызметтер сертификаттық талаптарға сәйкес келмесе;

3) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты осы қызмет түрін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болғанда.

Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарау туралы жазбаша дәлелді жауап береді.



3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі адамдардың конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтауға және сыпайылық, барынша толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғанысы мен құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Уәкілетті органның жұмыс нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда, лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін уәкілетті органның қызметкерлері мынадай мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

21. Шағым, көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне мынадай мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсенің телефоны: 8 (7172) 24-14-19.

Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-дан 14:30-ға дейін.

22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда, шағым уәкілетті орган басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекен жайы, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

23. Мемлекеттік қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда жазылады.

25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты, жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады.

26. Уәкілетті органның сенім телефоны: 8 (7172) 24-31-65.

________________________


«Пайдаланушы сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан

Уәкiлеттi орган басшысына



Пайдаланушы сертификатын алуға арналған

(пайдаланушы сертификатын пайдалану жөнiндегi арнайы

ережелерге өзгерiстер енгiзуге арналған) өтiнiм
_____________________________________________________________________
пайдаланушы сертификатын алу, қолданылу мерзiмiн ұзарту, пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерге өзгерiстер енгiзу) мақсатында _____________________________________сертификаттау

(өтiнiм берушiнiң толық аты-жөнi)

жүргiзудi сұраймын.

Ұшуды бастау жоспарланған күн ___________________________________________.

(ұзарту/өзгерiстер енгiзу кезiнде тиiсiнше қолданыстағы сертификаттың аяқталу мерзiмi немесе жаңа пайдалану жағдайындағы ұшуды бастау жоспарланған күн көрсетiледi)
Өтiнiм берушi:
- сертификаттау рәсiмдерiн орындауға;
- сертификаттау талаптарына сай келуге;
- уәкiлеттi органға ұшулардың ұйымдастырылуын, қамтамасыз етiлуiн және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беруге мiндеттенедi.
Басшы___________________________
            (лауазымы / қолы / күнi)

М.О.
________________________

«Пайдаланушы сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

Өтініштің қабылданғаны туралы талон

1. Өтінішті тіркеу нөмірі ___________________________________________________

   Өтініштің тіркелген күні 201_жылғы «__» ________________

2. _______________________________________________________________________

               (көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі)

3. _____________________________________________________ қабылданды.

              (мемлекеттік қызметті алушы өкілінің аты-жөні)

4. Қоса берілетін құжаттар саны _____ мен тізбесі:

1)____________________________________________________________________

2) ___________________________________________________________________

3) ___________________________________________________________________

4) ___________________________________________________________________

5) ___________________________________________________________________

6) ___________________________________________________________________

7) ___________________________________________________________________

8) ___________________________________________________________________

9) __________________________________________________________.

5. Қабылдаған:

_______________________________/ ________________/ ____________________

(Уәкілетті орган қызметкерінің лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)


6. Құжатты беру күні (уақыты) және орны: 20___ жылғы «__» __________ ___ сағ.___мин, _______________________________________________мекенжай бойынша.
________________________

«Пайдаланушы сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша



Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдың ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақыттылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %- ы (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiгі

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %-ы (үлесi)










5. Сыпайылығы

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %-ы (үлесi)









________________________


«Пайдаланушы сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

4-қосымша





Талон

_______________________________________________________


(субъектінің атауы)

Өтінімді қабылдаған _______________________________________


                     (маманның Т.А.Ә.)

20__ ж. «__» _________ __ сағат __ мин.



Тапсыру мерзімі және жауап алу орны 20__жылғы «_»_______________________дейін, _______________________________________________мекенжай бойынша.

(мөлшері 75 мм х 55 мм)

________________________
жүктеу 158,31 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау