Пайдаланушы нұсқаулығы



жүктеу 0,73 Mb.
Pdf просмотр
бет6/25
Дата28.11.2017
өлшемі0,73 Mb.
#2433
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

14

4.1.1.3 

Нақты уақыттағы қорғау конфигурациясын қашан 

өзгерту керек 

Нақты уақыттағы қорғау жүйені қауіпсіз ұстаудың ең маңызды 

компоненті болып табылады. Сондықтан, оның параметрлерін 

өзгерткенде абай болыңыз. Оның параметрлерін ерекше 

жағдайларда ғана өзгерту ұсынылады. Мысалы, белгілі бір 

бағдарламамен немесе басқа антивирустық бағдарламаның нақты 

уақыттағы қарап шығу құралымен қайшылық туындаған жағдайда.

 

ESET Smart Security бағдарламасын орнатқаннан кейін, барлық 

параметрлер пайдаланушылар үшін жүйе қауіпсіздігінің ең 

жоғары деңгейін қамтамасыз етуге оңтайландырылады. Әдепкі 

параметрлерді қалпына келтіру үшін 

Нақты уақыттағы файл 

жүйесін қорғау терезесінің төменгі оң жағында орналасқан 

Әдепкі түймесін басыңыз (Қосымша параметрлер > Антивирус 

және антишпион > Нақты уақыттағы файл жүйесін қорғау).

4.1.1.4 

Нақты уақыттағы қорғауды тексеру 

Нақты уақыттағы қорғаудың жұмыс істеп жатқанын және вирустарды 

анықтағанын тексеру үшін eicar.com торабынан алынған тексеру 

файлын пайдаланыңыз. Бұл тексеру файлы — барлық антивирустық 

бағдарламалар анықтай алатын арнайы зиянсыз файл. Бұл файлды 

антивирустық бағдарламалардың жұмыс істеуін тексеру үшін 

EICAR компаниясы (Еуропа компьютерлік антивирустық зерттеулер 

институты) жасаған. eicar.com файлы 

http://www.eicar.org/download/

eicar.com

 торабынан жүктеуге қолжетімді болады.

Ескертпе: Нақты уақыттағы қорғауды тексерудің алдында брандмауэрді 

өшіру керек. Егер брандмауэр қосылған болса, ол файлды анықтап, 

тексеру файлдарының жүктелуіне жол бермейді.

4.1.1.5 

Нақты уақыттағы қорғау жұмыс істемей жатса не істеу 

керек

Келесі тарауда нақты уақыттағы қорғауды пайдаланғанда пайда 

болуы мүмкін ақаулықтар мен оларды түзету жолдары сипатталады. 

Нақты уақыттағы қорғау өшірілген

Егер пайдаланушы нақты уақыттағы қорғауды байқаусызда өшіріп 

алса, оны қайтадан іске қосу керек. Нақты уақыттағы қорғауды қайта 

іске қосу үшін 



Орнату > Антивирус және антишпион шарлауын 

жасаңыз да, негізгі бағдарлама терезесінде 



Нақты уақыттағы файл 

жүйесін қорғау бөліміндегі Қосу түймесін басыңыз. 

Егер нақты уақыттағы қорғау жүйе іске қосылғанда қосылмаса, 

ол 

Нақты уақыттағы файл жүйесін қорғауды автоматты түрде 

іске қосу опциясының өшірілуіне байланысты болуы мүмкін. 

Бұл опцияны қосу үшін 



Қосымша параметрлер (F5) тармағына 

шарлаңыз және Қосымша параметрлер тармағындағы 



Нақты 

уақыттағы файл жүйесін қорғау опциясын басыңыз. Терезенің 

төменгі бөлігіндегі 



Қосымша параметрлер бөлімінен Нақты 

уақыттағы файл жүйесін қорғауды автоматты түрде іске қосу 

құсбелгісінің таңдалғанына көз жеткізіңіз.



Егер нақты уақыттағы қорғау инфильтрацияларды таппаса және 

тазаламаса

Компьютерде басқа антивирустық бағдарламалардың орнатылмағанына 

көз жеткізіңіз. Егер екі нақты уақыттағы қорғау құралдары бір уақытта 

қосылса, олардың арасында қайшылық болуы мүмкін. Жүйеден басқа 

антивирустық бағдарламаларды жою ұсынылады.

Нақты уақыттағы қорғау іске қосылмайды

Егер жүйе іске қосылғанда нақты уақыттағы қорғау қосылмаса 

(және 

Нақты уақыттағы файл жүйесін қорғауды автоматты іске 

қосу опциясы қосылса), ол басқа бағдарламалармен қайшылықтар 

туындауына байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, ESET 

Тұтынушыларды қолдау қызметінің мамандарына хабарласыңыз.

4.1.2 

Электрондық пошта клиентін қорғау

Электрондық поштаны қорғау POP3 протоколымен алынатын 

электрондық пошта байланысын бақылауды қамтамасыз етеді. 

Microsoft Outlook үшін қосылмалы бағдарламаны пайдаланып, 

ESET Smart Security электрондық пошта клиентінің барлық 

байланыстарын (POP3, MAPI, IMAP, HTTP) бақылауды қамтамасыз 

етеді. Келген хабарларды қарастырғанда, бағдарлама ThreatSense 

қарап шығу механизмі қамтамасыз ететін кеңейтілген қарап шығу 

әдістерінің барлығын пайдаланады. Бұл зиянды бағдарламаларды 

анықтау вирус қолтаңбасының дереққорына сәйкес келіп жатқанның 

өзінде орын алатынын білдіреді. POP3 протоколының байланыстарын 

қарап шығу пайдаланылатын электрондық пошта клиентінен тәуелсіз 

болады.

 

4.1.2.1 

POP3 тексеру

POP3 протоколы — электрондық пошта клиенті бағдарламаларында 

электрондық пошта байланысын алу үшін пайдаланылатын ең кең 

тараған протокол. ESET Smart Security бағдарламасы пайдаланылған 

электрондық пошта клиентіне қарамастан осы протоколды қорғайды. 

Бұл бақылауды қамтамасыз ететін модуль операциялық жүйе іске 

қосылған уақытта автоматты түрде қосылып, жадта белсенді болып 

қалады. Модульдің дұрыс жұмыс істеуі үшін оның қосылғанына 

көз жеткізіңіз — POP3 тексеру электрондық пошта клиентін қайта 

конфигурациялау қажетінсіз автоматты түрде орындалады. Әдепкі 

мәні бойынша 110-порттағы барлық байланыс тексеріледі, бірақ 

қажет болған жағдайда басқа байланыс порттарын қосуға болады. 

Порт нөмірлерін үтірмен бөлу керек. 

Шифрланған байланысқа бақылау жасалмайды.




15

4.1.2.1.1  Үйлесімділік

Белгілі бір электрондық пошта бағдарламалары POP3 сүзу 

барысында қайшылықтар болуы мүмкін (мысалы, хабарларды 

интернетке баяу қосылу жылдамдығымен алғанда, тексеруге 

байланысты күту уақытының біту әрекеттері орын алуы мүмкін). 

Мұндай жағдайда бақылаудың орындалу жолын өзгертіп көріңіз. 

Бақылау деңгейін азайту тазалау үрдісінің жылдамдығын жақсартуы 

мүмкін. POP3 сүзу бақылау деңгейін реттеу үшін 



Антивирус 

және антишпион > Электрондық поштаны қорғау > POP3 > 

Үйлесімділік тармағына шарлаңыз. 

Егер 


Ең жоғары тиімділік қосылған болса, инфильтрациялар вирус 

жұққан хабарлардан алынып тасталады және инфильтрация туралы 

ақпарат бастапқы электрондық пошта тақырыбынан бұрын енгізіледі 

(

Жою немесе Тазалау опциялары іске қосылуы тиіс немесе Қатаң 

немесе 

Әдепкі тазалау деңгейлері қосылуы тиіс)

Орташа үйлесімділік хабарлар алынатын жолды өзгертеді. 

Хабарлар біртіндеп электрондық пошта клиентіне жіберіледі, 

соңғы бөлігі жеткізілгеннен кейін хабарда инфильтрациялардың 

бар-жоқтығы тексеріледі. Дегенмен, бұл бақылау деңгейінде 

вирус жұғу қаупі артады. Тазалау деңгейі және тег хабарларын 

(электрондық пошта хабарларының тақырып жолына және негізгі 

мәтініне қосылатын хабарландырулар) қолдану ең жоғары тиімділік 

параметріне ұқсас келеді.



Ең жоғары үйлесімділік деңгейінде пайдаланушыға вирус жұққан 

хабар алынғаны туралы есеп беретін ескерту терезесі арқылы 

ескерту жасалады. Жеткізілген хабарлардың тақырып жолына 

немесе негізгі мәтініне вирус жұққан файлдар туралы ешқандай 

ақпарат қосылмайды, сондықтан инфильтрациялар автоматты түрде 

жойылмайды. Инфильтрацияларды электрондық пошта клиентіндегі 

пайдаланушы жоюы керек.

4.1.2.2 

Электрондық пошта клиенттерімен біріктіру

ESET Smart Security бағдарламасын электрондық пошта 

клиенттерімен біріктіру электрондық пошта хабарларындағы зиянды 

кодтан белсенді қорғаудың деңгейін жоғарылатады. Егер электрондық 

пошта клиентіңіз қолданылатын болса, бұл біріктіруді ESET Smart 

Security бағдарламасында қосуға болады. Егер біріктіру іске қосылса, 

ESET Smart Security спамға қарсы құралдар тақтасы анағұрлым тиімді 

электрондық пошта қорғанысына мүмкіндік бере отырып, тікелей 

электрондық пошта клиентіне енгізіледі. Біріктіру параметрлері 

Орнату > Қосымша параметрлер тармағын толығымен енгізу… > 

Әртүрлі >Электрондық пошта клиентінің бірігуі арқылы қолжетімді 

болады. Бұл диалогтық терезе қолданылатын электрондық пошта 

клиенттері арқылы біріктіруді іске қосу мүмкіндігін береді. Ағымда 

қолданылатын электрондық пошта клиенттері Microsoft Outlook, 

Outlook Express, Windows Mail, Windows Live Mail және Mozilla 

Thunderbird бағдарламаларын қамтиды.

Егер электрондық пошта клиентімен жұмыс істеу барысында жүйенің 

баяу жұмыс істеуіне тап болсаңыз, Кіріс қалтасы мазмұнының 



өзгерістерін тексеруді өшіру опциясын таңдаңыз. Мұндай жағдай 

Kerio Outlook Connector қорынан электрондық поштаны қотару кезінде 

орын алуы мүмкін.

Электрондық поштаны қорғау 



Қосымша параметрлер (F5) > 

Антивирус және антишпион > Электрондық поштаны қорғау 

ішіндегі 



Электрондық поштаны қорғауды қосу құсбелгісін іске қосу 

арқылы қосылады.



4.1.2.2.1  Тег хабарларын электрондық поштаның негізгі 

мәтініне қосу

ESET Smart Security бағдарламасымен басқарылатын әрбір 

электрондық пошта тақырыпқа немесе электрондық поштаның негізгі 

мәтініне тег хабарын қосу арқылы белгілене алады. Бұл мүмкіндік 

алушының сенімділігін арттырады және инфильтрация анықталған 

жағдайда ол берілген электрондық пошта/жіберушінің қауіп деңгейі 

туралы құнды ақпарат береді. 

Бұл функцияға арналған бұл опциялар 



Қосымша параметрлер > 

Антивирус және антишпион > Электрондық пошта клиентін 

қорғау арқылы қолжетімді. Бағдарлама Тег хабарларын алынған 

және оқылған поштаға қосу және сол сияқты Тег хабарларын 

жіберілген поштаға қосу әрекеттерін орындай алады. Пайдаланушылар 

тег хабарларын электрондық поштаға, тек вирус жұққан электрондық 

поштаға жіберуді немесе мүлдем жібермеуді ұйғарады. ESET Smart 

Security бағдарламасы, сонымен қатар, пайдаланушыға вирус жұққан 

хабардың бастапқы тақырыбына хабарды қосу мүмкіндігін береді. 

Тақырыпқа қосуды іске қосу үшін 



Алынған және оқылған вирус 

жұққан электрондық поштаға ескертпені қосу және Жіберілген 

вирус жұққан электрондық поштаға ескертпе қосу опцияларын 

таңдаңыз.




жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау