16
Хабарландырулардың мазмұнын вирус жұққан электрондық пошта
хабарының тақырыбына қосылатын Үлгі өрісінде өзгертуге болады.
Жоғарыда келтірілген өзгертулер вирус жұққан электрондық поштаны
сүзуді автоматтандыруға көмектесе алады, себебі ол электрондық
поштаны арнайы тақырыппен (егер электрондық пошта клиентінде
қолданылатын болса) жеке қалтаға сүзу мүмкіндігін береді.
4.1.2.3
Инфильтрацияларды жою
Егер вирус жұққан электрондық пошта хабары алынса, ескерту
терезесі шығады. +Ескерту терезесі жіберушінің атын, электрондық
пошта хабарын және инфильтрация атауын көрсетеді. Терезенің
төменірек бөлігінде
Қалдыру'>Тазалау, Жою немесе Қалдыру опциялары
анықталған нысандар үшін қолжетімді болады. Барлық дерлік
жағдайларда
Тазалау немесе Жою опциясын таңдау ұсынылады.
Ерекше жағдайларда вирус жұққан файлды алғыңыз келгенде
Қалдыру опциясын таңдаңыз. Егер
Қатаң тазалау деңгейі
қосылған
болса, вирус жұққан нысандарға қатысты опциялары болмайтын
ақпарат терезесі көрсетіледі.
4.1.3
Веб-қатынасты қорғау
Интернетке қосылу мүмкіндігі — жеке компьютердегі стандартты
мүмкіндік. Өкінішке орай, ол зиянды код үшін негізгі орта
болып табылады. Осы себепті веб-қатынасты қорғауды мұқият
қарастырғаныңыз аса маңызды болып табылады.
Веб-қатынасты
қорғауды қосу опциясының іске қосулы болуы қатаң ұсынылады.
Бұл опция
Кеңейтілген параметрлер (F5) > Антивирус және
антишпион > Веб-қатынасты қорғау ішінде орналасқан.
4.1.3.1
HTTP, HTTPs
Веб-қатынасты қорғау интернет браузерлері мен қашықтағы
серверлердің арасындағы байланысты қадағалау арқылы жұмыс
істеп, HTTP (Гипермәтінді беру протоколы) және HTTPS (шифрланған
байланыс) ережелеріне бағынады. Әдепкі мәні бойынша ESET
Smart Security бағдарламасы интернет браузерлерінің көпшілігінің
стандарттарын пайдаланатын етіп конфигурацияланған. Дегенмен,
HTTP қарап шығу құралын орнату опцияларын Веб-қатынасты
қорғау > HTTP, HTTPs ішінен өзгертуге болады. Негізгі HTTP сүзгісі
терезесінде
HTTP тексеруді қосу опциясын таңдауға немесе
таңдаудан бас тартуға болады. Сондай-ақ, HTTP байланысы үшін
пайдаланылатын порт нөмірлерін анықтауға болады. Әдепкі мәні
бойынша, 80, 8080 және 3128 порт нөмірлері алдын ала анықталған.
HTTPs тексеруді мына режимдерде орындауға болады:
HTTPs протоколын тексеруді пайдаланбау
Шифрланған байланыс тексерілмейді.
HTTPs протоколын тексеруді таңдалған порттарға пайдалану
Тек HTTPs протоколы пайдаланатын порттар бөлімінде анықталған
порттар үшін HTTPs тексеру.
Таңдалған порттарды пайдаланатын интернет браузерлері ретінде
белгіленген бағдарламаларға HTTPs протоколын пайдалану
Тек браузерлер бөлімінде көрсетілген және HTTPs протоколы
пайдаланатын порттар бөлімінде анықталған порттарды
пайдаланатын бағдарламаларды тексеру
4.1.3.1.1 Мекенжайларды басқару
Бұл бөлім бұғатталатын, рұқсат етілетін немесе тексеруден
шығарылатын HTTP мекенжайларын көрсету мүмкіндігін береді.
Қосу, Өзгерту, Алып тастау және Экспорттау түймелері алушылар
тізімдерін басқаруға пайдаланылады. Бұғатталған мекенжайлар
тізіміндегі веб-тораптар қолжетімді болмайды. Қосылмаған мекенжайлар
тізіміндегі веб-тораптарға зиянды кодтың бар-жоғын қарап шықпай,
қатынасу орындалады. Егер Тек рұқсат етілген мекенжайлар
тізіміндегі HTTP мекенжайларына қатынасуға рұқсат ету
мүмкіндігін қоссаңыз, рұқсат етілген мекенжайлар тізімінде бар
мекенжайларға ғана қатынасу мүмкін болады, ал барлық басқа
HTTP мекенжайлары бұғатталады.
Барлық тізімдерде * (жұлдызша) және ? (сұрақ белгісі) арнайы
таңбаларын пайдалануға болады. Жұлдызша кез келген таңбалық
жолды, ал сұрақ белгісі кез келген таңбаны алмастырады. Қоспаған
мекенжайларды көрсеткенде ерекше көңіл бөлу керек, өйткені тізімде
тек сенімді және қауіпсіз мекенжайлар болуы керек. Осы сияқты,
* және ? таңбаларының осы тізімде дұрыс пайдаланылғанына
кепілдік беру керек. Тізімді іске қосу үшін Белсенді тізім опциясын
таңдаңыз. Егер ағымдағы тізімдегі мекенжайға кіргенде хабарландыру
алуды қаласаңыз, Тізімдегі мекенжайды қолданғанда хабарлау
опциясын таңдаңыз.
4.1.3.1.2 Веб-браузерлер
ESET Smart Security
Веб-браузерлер мүмкіндігін қамтиды.
Ол пайдаланушыға берілген бағдарламаның браузер екенін немесе
браузер еместігін анықтау мүмкіндігін береді. Егер пайдаланушы
17
бағдарламаны браузер ретінде белгілеген болса, бұл бағдарламаның
бүкіл байланысы байланыстағы порт нөмірлерінен тәуелсіз түрде
қадағаланады.
Веб-браузерлер мүмкіндігі HTTP тексеру мүмкіндігін толықтырады,
өйткені HTTP тексеру тек алдын ала анықталған порттарда
орындалады. Дегенмен, көп интернет қызметтері динамикалық
түрде өзгеретін немесе белгісіз порт нөмірлерін пайдаланады. Мұны
қадағалау үшін веб-браузер мүмкіндігі қосылым параметрлеріне
қарамастан порт байланыстарына бақылау орната алады.
Браузерлер ретінде белгіленген бағдарламалар тізіміне
HTTP
тармағының
Веб-браузерлер ішкі мәзірінен тікелей қатынауға
болады. Бұл бөлімде, сондай-ақ, интернет браузерлері үшін тексеру
күйін анықтайтын
Белсенді күй ішкі мәзірі бар. Белсенді күй
тасымалданатын деректерді бүтін деп қарастыратындықтан ол
пайдалы. Егер ол қосылмаған болса, бағдарламалардың байланысы
біртіндеп, топ-топ болып қадағаланады. Бұл деректерді тексеру
үрдісінің тиімділігін азайтады, бірақ ол тізілген бағдарламалар үшін
жоғарырақ үйлесімділікті де қамтамасыз етеді. Егер мұны пайдалану
кезінде ақаулықтар болмаған жағдайда қалаған бағдарламаның
жанындағы құсбелгіні таңдау арқылы белсенді тексеру режимін қосу
ұсынылады.
4.1.4
Компьютерді қарап шығу
Егер компьютерге вирус жұққан деген күдігіңіз болса (ол қалыптыдан
тыс әрекет етсе), компьютерде инфильтрациялардың бар-жоқтығын
көру үшін компьютерді талап бойынша қарап шығуды іске қосыңыз.
Қауіпсіздік тұрғысынан, компьютерді қарап шығу вирус жұқты
деген күдік болғанда ғана емес, сонымен қатар әдеттегі қауіпсіздік
шараларының бөлігі ретінде тұрақты орындалғаны өте маңызды.
Тұрақты қарап шығу нақты уақыттағы қарап шығу құралы дискіге
сақталған кезде анықталмаған инфильтрацияларды анықтайды.
Бұл вирус жұққан уақытта нақты уақыттағы қарап шығу құралы
өшірілген жағдайда немесе вирус қолтаңбасының дереққоры
ескірген кезде орын алуы мүмкін.
Талап бойынша қарап шығуды кемінде айына бір немесе екі рет
орындау ұсынылады. Қарап шығуды жоспарланған тапсырма ретінде
Құралдар > Жоспарлағыш ішінен конфигурациялауға болады.
4.1.4.1
Қарап шығу түрі
Екі түрі бар.
Стандартты қарап шығу қарап шығу параметрлерін
қосымша конфигурациялауды қажет етпей, жүйені тез қарап шығады.
Таңдаулы ретпен қарап шығу… пайдаланушының алдын ала
анықталған қарап шығу профильдерінің кез келгенін таңдауына,
сондай-ақ, тармақ құрылымынан қарап шығу нысандарын таңдауына
мүмкіндік береді.
4.1.4.1.1 Стандартты қарап шығу
Стандартты қарап шығу — пайдаланушының компьютерді қарап
шығуды тез орнатуына және пайдаланушы араласуынсыз вирус
жұққан файлдарды тазалауына мүмкіндік беретін пайдалануға
ыңғайлы әдіс. Оның негізгі артықшылықтары — егжей-тегжейлі қарап
шығу конфигурациясынсыз оңай әрекет етуі. Стандартты қарап шығу
жергілікті дискжетектегі барлық файлдарды тексереді және табылған
инфильтрацияларды автоматты түрде тазартады немесе жояды.
Тазалау деңгейі автоматты түрде әдепкі мәнге орнатылады. Тазалау
түрлері туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін Тазалау бөлімін
қараңыз (20-бетті қараңыз).
Стандартты қарап шығу профильі компьютерлерін тез әрі оңай
қарап шыққысы келетін пайдаланушылар үшін жасалған. Ол көп
конфигурациялау үрдісін қажет етпей, тиімді қарап шығу және
тазалау шешімін ұсынады.
4.1.4.1.2 Таңдаулы ретпен қарап шығу
Қарап шығу нысандары және қарап шығу әдістері сияқты қарап шығу
параметрлерін көрсеткіңіз келгенде, таңдаулы ретпен қарап шығу
қарап шығу оңтайлы шешім болып табылады. Таңдаулы ретпен
қарап шығудың артықшылығы — параметрлерді егжей-тегжейлі
конфигурациялау қабілеті. Конфигурациялар қарап шығу бірдей
параметрлермен қайталай орындалатын жағдайда пайдалы болуы
мүмкін пайдаланушылық қарап шығу профильдеріне сақталуы мүмкін.