Пайдаланушы нұсқаулығы



жүктеу 0,73 Mb.
Pdf просмотр
бет2/25
Дата28.11.2017
өлшемі0,73 Mb.
#2433
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

4

1.  ESET Smart Security 4

ESET Smart Security 4 шынайы біріккен компьютер қауіпсіздігі жаңа 

әдісінің алғашқы өкілі болып табылады. Ол арнайы дайындалған 

Жеке брандмауэр мен Спамға қарсы модуль ThreatSense

®

 қарап 


шығу құралының соңғы нұсқасымен кепілдік берілетін ESET NOD32 

Antivirus бағдарламасының жылдамдығы мен дәлдігін пайдаланады. 

Нәтижесінде компьютерге қауіп төндіретін шабуылдар мен зиянды 

бағдарламалық құралдарға әрдайым қырағы жүйе пайда болды. 

ESET Smart Security бағдарламасы басқа жеткізушілер ұсынатындай 

бір бумадағы түрлі өнімдердің қолайсыз жиыны емес. Бұл — 

мейлінше төмен жүйе іздері мен барынша жоғары қорғанысты 

қиыстыруға жұмсалған күш-жігердің нәтижесі. Жасанды санаға 

негізделген озық технологиялар вирустар, шпиондық бағдарламалар, 

троялық аттар, құрттар, жарнамалық бағдарлама, руткиттер 

мен басқа интернет шабуылдарын жүйе өнімділігін кідіртпей 

немесе компьютеріңізді бұзбай белсенді түрде жоюға қабілетті. 



1.1  Жаңалықтар

Сарапшыларымыздың ұзақ мерзімді дамыту тәжірибесі барынша 

төмен жүйелік талаптары бар, вирустарды мейлінше жақсы 

анықтайтын ESET Smart Security бағдарламасының жаңа құрылысы 

арқылы толығымен көрсетілген. Кешенді қауіпсіздік шешімі бірнеше 

қосымша параметрлері бар модульдерді қамтиды. Төмендегі тізім 

сол модульдердің қысқаша шолуын ұсынады.

• 

Антивирус және антишпион

Бұл модуль марапатты NOD 32 Antivirus жүйесінде алғаш 

пайдаланылған ThreatSense

®

 қарап шығу негізіне орнатылған. 



ThreatSense

®

 ядросы жаңа ESET Smart Security құрылысы арқылы 



оңтайландырылған және жақсартылған.

Мүмкіндік

Сипаттама

Жақсартылған 

тазалау

Бұл антивирустық жүйе қазір зерделі түрде 



тазалап, анықталған инфильтрациялардың 

көпшілігін пайдаланушының араласуынсыз 

жояды.

Фонды қарап шығу 



режимі

Компьютерді қарап шығу өнімділікті 

баяулатпай, фонда орнатыла алады.

Кішірек жаңарту 

файлдары

Негізді оңтайландыру үрдістері жаңарту 

файлдарының өлшемін 2.7 нұсқасына 

қарағанда кішірек етіп ұстайды. Сонымен 

қатар, жаңарту файлдарының зақымға қарсы 

қорғанысы жақсартылды.

Танымал 

электрондық пошта 

клиентін қорғау

Енді кіріс поштаны тек MS Outlook 

бағдарламасында ғана емес, сондай-ақ, 

Outlook Express, Windows Mail, Windows 

Live Mail және Mozilla Thunderbird 

бағдарламаларында да қарап шығуға 

болады.

Басқа да алуан түрлі 



шағын жақсартулар

— Жоғары жылдамдық және өнімділік үшін 

файлдық жүйелерге тікелей қатынас. 

— Вирус жұққан файлдарға қатынасты 

бұғаттау 

— Windows қауіпсіздік орталығын, соның 

ішінде Vista үшін оңтайландыру. 

• 

Жеке брандмауэр

Жеке брандмауэр қорғалған компьютер мен желідегі басқа компьютер 

арасындағы бүкіл трафикті бақылап отырады. ESET Жеке брандмауэрі 

төмендегі тізімде көрсетілген қосымша функцияларды қамтиды.



Мүмкіндік

Сипаттама

Төменгі деңгейдегі 

желі байланысын 

қарап шығу

Деректер беру арнасының деңгейіндегі 

желі байланысын қарап шығу ESET 

жеке брандмауэрінің басқа жағдайда 

байқалмайтын көптеген шабуылдарды 

басуына мүмкіндік береді.

IPv6 қолдау

ESET жеке брандмауэрі IPv6 мекенжайларын 

көрсетіп, пайдаланушылардың өздері үшін 

ережелер жасауына мүмкіндік береді.

Орындалатын 

файлды бақылау

Вирусты жою мақсатында орындалатын 

файлдардағы өзгерістерді бақылау. 

Қол қойылған бағдарламалар файлдарының 

өзгерісіне рұқсат етуге болады.

HTTP(s) және 

POP3(s) бірге 

біріктірілген файлды 

қарап шығу

HTTP(s) және POP3(s) бағдарлама 

протоколдарына біріктірілген файлды қарап 

шығу. Пайдаланушылар интернетті шолу 

немесе электрондық пошта хаттарын жүктеу 

барысында қорғалады.

Бұзуды анықтау 

жүйесі


Желі байланысының сипаты мен көптеген 

желілік шабуылдар түрлерін анықтау 

мүмкіндігі және мұндай байланысқа 

автоматты түрде тыйым салу параметрі.

Ерекшеліктер 

қолданылатын 

интерактивті, 

саясатқа негізделген, 

оқу, автоматты және 

автоматты режимдер

Пайдаланушылар брандмауэр әрекеттерінің 

автоматты орындалатынын немесе олардың 

ережелерді интерактивті түрде орнатқысы 

келетінін таңдай алады. Саясатқа негізделген 

режимде байланыс пайдаланушы немесе желі 

әкімшісі алдын ала анықтаған ережелерге 

сай өңделеді. Үйрену режимі ережелерді 

автоматты түрде жасап әрі сақтайды 

және жеке брандмауэрдің бастапқы 

конфигурациясына үйлесімді.

Біріктірілген Windows 

брандмауэрінің 

орнын басады

Біріктірілген Windows брандмауэрінің 

орнын басады, сондай-ақ, Windows Security 

Center қызметімен өзара әрекет жасайды, 

сондықтан пайдаланушыға оның қауіпсіздік 

күйі туралы әрқашан хабарлап отырады. 

ESET Smart Security орнату Windows 

брандмауэрін әдепкі мәні бойынша өшіреді.




5

• 

Антиспам

ESET Антиспамы ерікті электрондық пошта хабарларын сүзіп, 

электрондық байланыстың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын арттырады.

Мүмкіндік

Сипаттама

Поштадағы келген 

хабарды бағалау

Барлық кіріс пошталар 0 (хабар спам емес) 

мен 100 (хабар — спам) аралығындағы 

бағалауға тағайындалып, сәйкесінше 

«Қалаусыз хабарлар» қалтасына немесе 

пайдаланушы жасаған таңдамалы қалтаға 

жіберіледі. Кіріс электрондық пошталарды 

қатар қарап шығу мүмкін болады.

Қарап шығудың 

көптеген тәсілдері 

қолданылады

–  Байес талдауы 

–  Ережеге негізделген қарап шығу 

–  Ғаламдық із дерекқоры арқылы тексеру   

Электрондық пошта 

клиенттерімен толық 

біріктіру

Спамға қарсы қорғау Microsoft Outlook, 

Outlook Express, Windows Mail, Windows Live 

Mail және Mozilla Thunderbird клиенттерінің 

пайдаланушыларына қолжетімді.

Қолмен спамды 

таңдау қолжетімді

Электрондық пошта хабарын қолмен спам 

ретінде белгілеу/белгілемеу параметрі бар.

• 

Басқалар

Мүмкіндік

Сипаттама

ESET SysRescue

ESET SysRescue пайдаланушының 

операциялық жүйеден тәуелсіз іске қосылатын 

ESET Smart Security бағдарламасын қамтитын 

жүктелмелі CD/DVD/USB құралын жасауына 

мүмкіндік береді. Ол жүйені қиын жойылатын 

инфильтрациялардан тазалауға жақсы 

пайдаланылады.

ESET SysInspector

Компьютеріңізді ұқыпты тексеретін ESET 

SysInspector бағдарламасы енді ESET 

Smart Security бағдарламасына тікелей 

біріктірілген. Егер сіз «Анықтама және 

қолдау > Тұтынушыларды қолдау қызметінің 

көмегін сұрау (ұсынылады)» опциясын 

пайдалану арқылы біздің тұтынушыларды 

қолдау орталығына хабарлассаңыз, 

компьютеріңізден ESET SysInspector күйінің 

суретін қамтуды таңдай аласыз.

Құжатты қорғау

Құжатты қорғау Microsoft Office құжаттары 

ашылып, файлдар Microsoft ActiveX 

элементтері сияқты Internet Explorer арқылы 

автоматты түрде жүктелу алдында оларды 

қарап шығу үшін қолданылады.

Өзіндік қорғаныс

Жаңа өзіндік қорғаныс технологиясы 

ESET Smart Security компонеттерін өшіру 

әрекеттерінен қорғайды.

Пайдаланушы 

интерфейсі

Пайдаланушы интерфейсі қазір ESET Smart 

Security пернелерді басқаруына мүмкіндік 

беретін графиктік емес режимде жұмыс істей 

алады.


Экраннан оқу бағдарламасымен 

үйлесімділіктің артуы көру қабілеті нашар 

адамдардың бағдарламаны әлдеқайда тиімді 

басқаруына мүмкіндік береді.



1.2  Жүйе талаптары

ESET Smart Security және ESET Smart Security Business Edition 

бағдарламасы біркелкі әрекет етуі үшін жүйе келесі аппараттық 

құралдары мен бағдарламалық құралдар талаптарына сай болуы 

керек:

ESET Smart Security:



Windows 2000, XP

400 MГц 32 биттік / 64 битік (x86 / x64)

128 Mбайт оперативті жүйе жады

130 Mбайт бос орын

Super VGA (800 × 600)

Windows 7, Vista

1 ГГц 32 биттік / 64 битік (x86 / x64)

512 Mбайт оперативті жүйе жады

130 Mбайт бос орын

Super VGA (800 × 600)

ESET Smart Security Business Edition:

Windows 2000, 

2000 Server, XP, 

2003 Server

400 MГц 32 биттік / 64 битік (x86 / x64)

128 Mбайт оперативті жүйе жады

130 Mбайт бос орын

Super VGA (800 × 600)

Windows 7, Vista, 

Windows Server 2008

1 ГГц 32 биттік / 64 битік (x86 / x64)

512 Mбайт оперативті жүйе жады

130 Mбайт бос орын

Super VGA (800 × 600)




жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау