28
Ғаламдық прокси сервер параметрлерін пайдалану опциясын
таңдау Қосымша параметрлер параметрлерінің
Әр түрлі > Прокси
сервер тармағында көрсетліген прокси сервер конфигурация
параметрлерін пайдаланады.
ESET Smart Security бағдарламасын жаңартуға ешқандай прокси
сервердің пайдаланылмайтынын нақты көрсету белгілеу үшін
Прокси серверді пайдаланбау опциясын таңдаңыз.
Егер прокси сервер ESET Smart Security бағдарламасын жаңарту
үшін пайдаланылу керек болса және ол (
Әр түрлі > Прокси сервер)
ғаламдық серверінде көрсетілген прокси серверден басқа болса,
Прокси сервер арқылы қосылым опциясы пайдаланылуы қажет.
Мұндай жағдайда, параметрлер осы жерде көрсетілуі керек:
Прокси
сервер мекенжайы,
байланысПорт, және, қажет болғанда, прокси
сервер үшін
Пайдаланушы аты мен
Құпиясөз.
Егер прокси сервер параметрлері ғаламдық деп орнатылмаған болса,
бұл опция таңдалу қажет, бірақ ESET Smart Security бағдарламасы
жаңартулар үшін прокси серверге қосылады.
Прокси сервер үшін әдепкі параметр —
Ғаламдық прокси сервер
параметрлерін пайдалану.
4.4.1.2.3 Жергілікті желіге қосылу
NT-негізделген амалдық жүйесі орнатылған жергілікті серверден
жаңартқанда түпнұсқалық растамасы әдепкі мәні бойынша талап
етіледі. Көптеген жағдайларда, жергілікті жүйенің есептік жазбасында
(жаңартылған файлдардың көшірмелерін қамтитын) айналық қалтаға
кіруге арналған қажетті құқықтары болмайды. Мұндай жағдайда,
жаңарту параметрлері бөлігінде пайдаланушы аты мен құпиясөзді
енгізіңіз немесе бағдарлама жаңарту серверіне (айнаға) кіретін бар
жазбаны көрсетіңіз.
Осындай жазбаны конфигурациялау үшін
Жергілікті желі
қойындысын басыңыз.
LAN желісіне … ретінде қосылу бөлімі
келесі опцияларды ұсынады:
Жүйе жазбасын (әдепкі),
Ағымдағы
пайдаланушы және
Белгіленген пайдаланушы.
Жүйелік жазбаны түпнұсқалық растамаға пайдалану үшін
Жүйелік
жазба опциясын таңдаңыз. Әдетте, егер негізгі жаңарту параметрлері
бөлігінде түпнұсқалық растама деректері жоқ болса, мұндай
түпнұсқалық растама орындалмайды.
Бағдарлама ағымдағы кірген пайдаланушы жазбасын пайдаланып,
өзінің түпнұсқалығын анықтайтынына көз жеткізу үшін
Ағымдағы
пайдаланушы тармағын таңдаңыз. Осы шешімнің бірде-бір
кедергісі — егер пайдаланушы кірмеген болса, бағдарлама жаңарту
серверіне қосыла алмайды.
Түпнұсқалық растамада белгіленген пайдаланушы жазбасын
пайдалануды қаласаңыз
Белгіленген пайдаланушы тармағын
таңдаңыз.
Жергілікті желі байланысы үшін әдепкі опция
Жүйелік жазба болып
табылады.
Ескерту:
Ағымдағы пайдаланушы немесе
Белгіленген пайдаланушы
опциясы қосылғанда және бағдарлама мәліметтерін қалаған
пайдаланушыға өзгерткенде қате болуы мүмкін. Сондықтан негізгі
жаңарту параметрлері бөлігінде жергілікті желі түпнұсқалық
деректерін енгізуді ұсынамыз. Бұл жаңарту параметрлері бөлігінде
түпнұсқалық деректер келесідегідей енгізілуі тиіс: домен_аты\
пайдаланушы (егер бұл жұмыс тобы болса, жұмыс_тобы\аты) және
пайдаланушының құпиясөзі. Жергілікті серверінің HTTP нұсқасынан
жаңартқанда түпнұсқалықты анықтау қажет емес.
4.4.1.2.4 Жаңарту көшірмелерін жасау — Айна
ESET Smart Security Business Edition пайдаланушыларға жаңарту
файлдарының көшірмелерін жасауға мүмкіндік береді, яғни
көшірмелер желідегі басқа жұмыс стансаларды жаңарту үшін
пайдаланылуы мүмкін. Клиенттік жұмыс стансаларын Айнадан
жаңарту желінің жүктеу теңдестігін оңтайландырады және интернетке
қосылу тармақтарын сақтайды.
Жергілікті сервер Айнасы үшін конфигурация параметрлері (ESET
Smart Security Business Edition Advanced орнату бөлімінде орналасқан
лицензия басқарушысында жарамды лицензия қосылғаннан кейін)
келесі тармақта қолжетімді
Кеңейтілген жаңарту параметрлері:
бөлім (осы бөлімге қолжеткізу үшін F5 пернесін басыңыз да, Қосымша
параметрлер тармағында
Жаңарту тармағын таңдаңыз. Кеңейтілген
жаңарту параметрлері: тармағының қасында орналасқан Орнату…
параметрін басыңыз да,
Айна қойындысын таңдаңыз).
29
Айнаны конфигурациялауда ең алдымен
Жаңарту айнасын жасау
опциясына құсбелгі қойыңыз. Осы опцияда құсбелгі қою басқа
Айна конфигурациясын іске қосады, мысалы жаңарту файлдарына
қолжеткізу жолдары және айналанған файлдардың жаңартылған жолы.
Айнаны іске қосу тәсілдері келесі бөлімде егжей-тегжейлі түсіндірілген
«Айнаға қол жеткізу нұсқалары».
Қазір Айнаға қолжеткізудің екі негізгі
тәсілі бар екендігін ескеріңіз, яғни бар жаңарту файлдары бар қалта
Айна ретінде ұсынылуы мүмкін немесе Айна HTTP сервері ретінде
ұсынылуы мүмкін.
Осы Айна үшін жаңарту файлдарын сақтауға арналған қалта
Айналанған файлдарды сақтауға арналған қалталар бөлімінде
сипатталған.
Жергілікті компьютерде немесе ортақ желі қалтасында
қалаған қалтаны көру үшін
Қалта… тармағын таңдаңыз. Егер
авторизация қажет болса, авторизация деректері
Пайдаланушы
аты мен
Құпиясөз өрістерінде енгізілуі тиіс.
Пайдаланушы аты
мен Құпиясөз келесі пішімде Домен/Пайдаланушы аты немесе
Жұмыс тобы/Пайдаланушы енгізілуі тиіс. Сәйкес құпиясөзді енгізуді
ұмытпаңыз.
Айна конфигурациясы мәліметтерін белгілегенде, сіз жүктелетін
жаңарту көшірмелері үшін тіл нұсқасын да таңдауыңыз мүмкін.
Тіл нұсқасы параметрлері
Файл - Бар нұсқалар: бөлімінен қолжетімді.
4.4.1.2.4.1 Айнадан жаңарту
Айнаны конфигурациялаудың екі негізгі тәсілі бар, жаңарту файлдары
бар қалта Айна ретінде ұсынылуы мүмкін немесе Айна HTTP сервері
ретінде ұсынылуы мүмкін.
Айнаға ішкі HTTP серверін пайдаланып қол жеткізу
Бұл конфигурация әдепкі болып есептеледі яғни ол алдын ала
бағдарламалық конфигурациясында көрсетілген. HTTP сервер
арқылы Айнаға қолжеткізу үшін
Кеңейтілген жаңарту параметрлері
опциясына өтіңіз де, (
Айна қойындысы)
Жаңарту айнасын жасау
опциясын таңдаңыз.
Айна қойындысының
Кеңйтілген орнату бөлімінде
Сервер портын
көрсетуіңізге болады, ол жерде HTTP сервері пайдаланатын
Түпнұсқалық растама опциясы секілді HTTP сервері есітеді.
Әдепкі мәні бойыншы, Сервер портына
2221 мәні орнатылады.
Түпнұсқалық растама опциясы жаңарту файлдарға қолжетізу
үшін пайдаланылатын түпнұсқалықты анықтау тәсілін таңдайды.
Мына опциялар қолжетімді:
ЕШҚАНДАЙ, Негізгі, және NTLM.
base64 кодтауды негізгі пайдаланушы аты мен құпиясөз түпнұсқалық
анықтауымен пайдалану үшін
Негізгі тармағын пайдаланыңыз.
NTLM опциясы қауіпсіз кодтау әдісін пайдаланады. Түпнұсқалық
растамасы үшін пайдаланушы жұмыс стансаларында жасаған
ортақ жаңарту файлдары пайдаланылады. Әдепкі параметр болып
келесі мән есептеледі:
ЕШҚАНДАЙ яғни ол жаңарту файлдарына
түпнұсқалық растамасыз қатынасуға құқық береді.
Ескерту:
Егер жаңарту файлдарына HTTP сервері арқылы қол жеткізуге
мүмкіндік беруді қаласаңыз, Айна қалтасы ESET Smart Security
бағдарламасы жасаған компьютерде орналасуы қажет.
Айнаны конфигурациялап болғаннан кейін, жұмыс стансаларына
барып,
http://сіздің_серверіңіздің_IP_мекенжайы:2221 пішімде
жаңа жаңарту серверді қосыңыз. Оны істеу үшін төмендіге
қадамдарды орындаңыз:
•
ESET Smart Security Қосымша параметрлер тармағын ашыңыз
да,
Жаңарту тармағын таңдаңыз.
•
Жаңарту сервері ашылмалы мәзірінің оң жағында орналасқан
Өңдеу… тармағын таңдап, келесі пішімде жаңарту серверді
қосыңыз: http://сіздің_серверіңіздің_IP_мекенжайы:2221
•
жаңарту серверлері тізімінен осы жаңадан қосылған серверді
таңдаңыз.
Жүйе ортақтасу файлдары арқылы Айналарға қол жеткізу
Алдымен, жергілікті немесе желі құрылғысында ортақ қалта жасалуы
қажет. Айна үшін қалта жасағанда, қалтаға жаңарту файлдарды
сақтайтын пайдаланушыны «жазуға» қажетті құқықтарын беру керек
және ESET Smart Security айна қалтасынан жаңартатын барлық
пайдаланушыға «оқу» құқығын беру керек.
Одан әрі, айнаға қол жетімділікті конфигурациялауды
Кеңейтілген
жаңарту параметрлері бөлімінде (Айна қойындысы) яғни Жаңарту
файлдарын ішкі HTTP сервері арқылы опциясын өшіру арқылы
конфигурациялаңыз. Бағдарлама орнату бумасында бұл опция әдепкі
мәні бойынша қосылады.
Егер ортақ қалта желінің басқа компьютерінде орналасқан болса,
сол компьютерге қолжеткізу үшін пайдаланушы аты мен құпиясөзді
енгізуіңіз қажет. Пайдаланушы аты мен құпиясөзді енгізу үшін, ESET
Smart Security Қосымша параметрлер (F5) тармағын таңдап,
Жаңарту
опциясын басыңыз.
Орнату… түймесін басыңыз да,
Жергілікті желі
қойындысын таңдаңыз. Бұл параметрлер «Жергілікті желіге қосылу»
тарауында сипатталғандай жаңарту параметрлерімен бірдей.