Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы


§ 1. Кеме корпусының бұзылуы жағдайында ластануды болдырмау



жүктеу 6,32 Mb.
бет19/24
Дата28.11.2017
өлшемі6,32 Mb.
#2289
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
§ 1. Кеме корпусының бұзылуы жағдайында ластануды болдырмау

 

21. Жүк таситын кемеде екі түп және жүк үй-жайы ауданында екі борт болады.

22. Химиялық заттарды тасушы және мұнай құятын кемелерде екі түп және жүк танкісі аумағында екі борты болады. Құбыр және танк қондырғылары, сондай-ақ корпустың конструкциясы балласт цистернасы жүгінің және/немесе құбыр жүйесінің ластану мүмкіндігін болдырмайтындай болуы қажет.

23. Кеме сынуының ластануын болдырмау мақсатында шекті уақыт мәні Мпр, сыныптамалық куәландыру кезінде ортанғы бөліктегі корпустың фактілі тозуы шартты қанағаттандыруы қажет

 

Мпр >mпрDL,    (1)

 

мұндағы mпр — осы қосымшаға 5-қосымшада келтірілген кесте бойынша анықталатын коэффициенттің шекті уақыты;

Мпр - ІЖКЖҚ 1-бөлімінің 118-тармақ талабына сәйкес негізделген тозудың орта бөлігіндегі корпус үшін шекті уақыттың мөлшері;



D — толық жүкте кемені су ығыстыруы, кН;

L - кеме ұзындығы, м.

Ескертпе: факті жуандығы ретінде жаңа кеме корпусының жалпы беріктілігін тексеру кезінде жаңа корпус элементінің салынған жуандығын қолдану керек.

 

 

§ 2. Корпус элементінің ең аз қалыңдығы

 

24. Қайраңға отырғызу және жүзушімен байланыста және кеме корпусының элементімен нақтылы бет жуандығы кезінде қоршаған ортаны ластануды болдырмау мақсатында және экологиялық қауіпсіздікке жауапты осы қосымшаға 6-қосымшада көрсетілгеннен кем болмайды.

Ескертпе: жаңа кеменің құрылу жуандығын ең аз тексеру кезінде факті жуандығы ретінде жаңа корпус элементінің жуандығын тұрғызылады.

 

 

§ 3. Бұзылған кеменің орнықтылығы және отырғызу элементтерінің талаптары

 

25. Қайраңға отырғызу кезінде қоршаған ортаны ластауды болдырмау мақсатында және жүзетін және гидротехникалық объектілермен байланыста осы Қағидаға 7-қосымшада көрсетілген авариялық бүлінудің өлшемінен кейін, отырғызудың және орнықтылық сипаттамасы осы Қағидаға 8-қосымшада көрсетілгеннен төмен болмауы тиіс, сонымен қатар ІЖКЖҚ және АЖКЖҚ 1-бөлімінің 12 және 13-тарауының талаптарын орындайды.

26. Кеменің ұзындығы және ені бойынша түбі және борттық бұзылу ерікті орналасуы машиналық бөлімді қоспағанда бұзылған кемені орнықтылығы және отырғызу талабы. Машиналық бөлімшесі су басу бөлігі ретінде жеке қаралады.

Сонымен бірге кеме үй-жайларында осы қосымшаға 9-қосымшада көрсетілген орнықтылық коэффициент мәні қолданылады.

 

 

6. Мұнай, химиялық және қауіпті жүктермен ластануды болдырмау

 

§ 1. Химиялық жүктің және мұнайдың қалдықтары

 

27. Жүк қалдығын шығару бойынша осы тараудың талаптары мұнай және химиялық заттарды таситын кемелерде қолданылады.

28. Жүк танкісінің аймағындағы мұнай бар балластты суды немесе мұнай құятын жуатын су кемелері автоматты өлшеу, тіркеу және балластты және жуу суын басқару жүйесі арқылы сондай-ақ мұнайы бар суларды жинау үшін сүзу жабдығы сәйкес.

29. Химиялық заттарды тасушы сорғымен және құбырмен жабдықталуы тиіс, Х, Y және Z, санатты заттарды тасу үшін рұқсат етілетін осындай тазартуды әрбір танкке қамтамасыз ететін МАРПОЛ 73/78 2-қосымшасына сәйкес танктегі қалдық мөлшері және оған жалғанған құбыр 300 л аспайды.

30. Осы қосымшаның 29-тармағында көрсетілген шығару және тапсыру заттары, жағалық құрылғылар мұнай операциясы журналында тіркелуге жатады, жүк операциясы журналында мұнай құятын және химиялық заттарды тасушылар үшін сәйкес.

 

 

§ 2. Жүк операциялары және отынды бункерлеу кезінде мұнайдың

ағып кетуін алдын алу бойынша конструктивті шаралар және жабдықтар

 

31. Мұнайдың палубаға төгіліп борт сыртына тию мүмкіндігін азайту үшін, мұнай таситын және химия тасушыларда құбыр және құралдар болады.

Мидельді мұрындығынан жүк палубасының азық бөлігінің соңына дейін және 0,15 м кеме емес қалған жүк палубасын бөлігі, жүк палубасындағы бойлық қорғау комингсі 0,2L нүктесі аймағынан 0,25 м кем емес биіктігі болады. Көлденең қоршау комингсі бойлық комингсі сияқты биіктігі болады.

32. Жүк аймағындағы артқы жағының юта палубасы/тұрғын палубасы айналасына жүктің таралуын болдырмау үшін көлденең комингс орнатылады. Бұл комингстердің биіктігі артқы жағының комингсы биіктігімен бірдей болуы қажет.

33. Жүк операциясы кезінде құймалы жүкті жинау үшін жүк аймағында бас палуба құйылған жүкті жинау оны жинау цистернасында немесе қорғалған танкте жинақтаумен палубалы шпигат жүйесімен жабдықталады. Палубалы шпигат жүйесі қол клапанымен немесе автоматты ашылатын шпигатпен жабдықталуы рұқсат етіледі.

34. Ағу жүк операциясы кезінде іске қосылады, жүк құйылуы мүмкін және теңізде қолдану кезінде әдеттегі шартпен іске асырылмайды. Теңізбен өту кезінде шпигат жүйесі кеменің орнықтылығына теріс ықпал көрсетуде бос бетінде нәтиже пайда болуын алып тастайды.

35. Мұнай құятын және химия таситын кемелерде барлық жүк манифольдары түппен, танклердегі ағындыны жинау үшін жабдықталған құралдармен жабдықтайды. Түптерде мыналар ең аз өлшем болады:

ұзындығы - артқы және алдыңғы жағындағы коллектрдың сыртында шамамен 1,2 м;

ені - 1,8 м кем емес, сонымен қатар түптер ең аз дегенде фланц коллектрі сыртында 1,2 м жазылады.

36. Мұнай құятын және химиялық заттарды таситын кемелерде кеме бортының аймағында манифольдің қасында шлангіні көтеру үшін құрал болады. Тіректерді иілімді жапырақ немесе құбыр бөлімі ретінде орындау ұсынылады.

37. Отын, майлағыш май және басқада мұнай өнімдерін қабылдаған күзет орны, әуе және құю құбыры және мұнай өнімдерін құю мүмкіндігі бар басқа аймақтар, құю және ағу кезінде жинау үшін борт сыртына түсуін болдырмау үшін көлемі 80 л кем емес түппен жабдықталады.

 

 

§ 3. Борт сыртындағы су бетіндегі майлайтын майдың және гидравликалық майдың ағуын табу

 

38. Борт сыртындағы су бетіндегі гидравликалық және майлайтын майының ағуы мынадай жағдайда бақыланады:

1) майлы дейдвудты подшипниктің майлауы бар болуында;

2) руль қондырғысындағы майлау біліктірек жүйесіндегі майлайтын майының борт сыртындағы суға түсу мүмкіндігі кезінде;

3) ДВС салқындату жүйесінің бір пішінді құрылымы кезінде;

4) гидравлика жүйесінен борт сыртындағы суға майдың түсу мүмкіндігі кезінде.

39. Борт сыртындағы суға майдың ағуын табу кезінде түзету әрекеттерін қамдандырады және кеме журналында тиісті жазбалар жазылады. Осы мақсатта мақұлдаған әдістемеде қолмен немесе автоматты тәртіпте алақандай ағулар айқындалады.

40. Майлы дейдвудты біліктіректің майлауы бар болуында дейдувті біліктіректі майлау жүйесі цистернасында майдың төменгі деңгейі бойынша дыбыс беруші талабына қосымша майдың ағуын бақылау және табу туралы талап орындалады.

 

 

7. Пайдаланылған сулармен ластануды болдырмау

 

41. Пайдаланған суды өңдеу және шығару пайдаланған суды өңдеуге мақұлданған рәсіміне сәйкес орындалады.

42. Пайдаланған сулардың барлық шығарулары және олардың жағалық қабылдау қондырғысына беру тиісті журналдарды күні, орны және шығарылған пайдаланған судың саны көрсетілуімен белгіленеді. Өңделмеген пайдаланған сулар теңізге шығарылған жағдайда жазбада кеменің жылдамдығы туралы және шығару уақытында жақын жағаға дейінгі арақашықтық туралы ақпарат қосылады.

 

 

8. Қоқыстан ластануды болдырмау

 

43. Сынып формуласындағы ЭКО1 кеме символы МАРПОЛ 73/78 5-қосымшасына 3-5 және 9 қоқысты шығару бойынша Қағида талаптарын сәйкес жауап беруі қажет.

44. 9 Қағидаға МАРПОЛ 73/78 5-қосымша талабы, қоқыспен операция Жоспарына қосымша кемеде сорттау және қоқыстың көлемін азайтатын рәсімі бар болуы қажет.

45. Инсинератормен жабдықталған кемелерде инсинераторда жануы мүмкін жанбайтын қоқыс (металл, шыны және т.б.) жанатын қоқыстан бөлек жиналады.

 

 

9. Атмосфераны ластауды болдырмау

 

§ 1. Отынға қойылатын талаптар

 

46. Кемеде қолданылатын отын мынадай шартты қанағаттандырады:

1) оның құрамында шектелмеген қышқыл болмайды;

2) оның құрамында кемені, кеме экипажына немесе атмосфераға жалпы қосымша қатер төндіретін химиялық қалдықтар болмайды.

47. Отынды бақылау отынмен операция Жоспарымен және отынмен операция Журналында жүзеге асырылады. Отынмен операция Журналында тапсырысты отынның сапасы және шанап тауар құжаттамасына сәйкес алынған отынның сапасы тіркеледі.

Отынмен жүргізілетін операция жоспары кіру уақытында отынның тиісті сапасын қолдануды қамтамасыз ететін отынды ауыстыру бойынша рәсіміне қосады. Отынмен жүргізілетін операция журналы кеменің осы ауданда орналасу кезінде отынның тиісті сапасын қолдануды растайтын факт болып табылады.

48. Шанап тауар құжаттамасы отынды жеткізген шанап операциясына жауапты, шанап компаниясының өкілімен және кеме капитанымен немесе командалық құрам тұлғасының мөрімен және қолымен сынау өкілімен қоса жіберіледі. Шанап тауар құжаттамасы кемеде 3 жыл бойы сақталады. Отынның сынауы қолданбағанға дейін кемеде сақталады, бірақ оның жеткізілген уақытынан 12 айдан кем емес.

Осы тауар құжатында жеткізілген отында күкірт құрамына ұсынылатын талапқа сәйкес келетінін және жансыз қышқыл және химиялық қалдықтар болмауы расталады.

Тауар құжатында сынаудың нөмірі көрсетіледі.

49. Кеме жеткізушіде қабылдайтын кеменің қабылдағыш коллекторында орнатуға арналған сынама алу отыны болуына қарамастан құрылымы мақұлданған сынама алу құрылғысымен жабдықталады.

Сынауды таңдап алу бойынша және сынақ алу бойынша рәсімдер жабдығы осы қосымшаға 12-қосымшада көрсетілген құжаттардың ережесіне сәйкес келуі қажет.

 

 

§ 2. Дизелді қозғалтқыш кемелер шығарындыларымен ластануды болдырмау

 

50. SOх шығарындысының шектелуі негізінде аз күкіртті отынды қолданумен қамтамасыз етіледі. Балама ретінде шығарындының талап етілетін деңгейіне қол жеткізу үшін SОх шығарындыны азайту үшін шығарынды газдың тазарту жүйесі қабылданады. Кемеге жеткізілетін отын құрамындағы күкірттің ең үлкен мәні 30% аспайды. Шығарынды газды тазарту жүйесін қолдану баламасында шығарындының жалпы саны 12 г SОх /кВт·с аспауы рұқсат етіледі.

51. Кемені пайдалануда шығарындыны бақылау аймағында, портты да қосқанда отында күкірт құрамы 1,5% аспайды. МАРПОЛ 73/78 V6-қосышасында анықталған портқа кіру кезінде және одан шығу кезінде отынның бір түрінен екінші түріне ауысу немесе шығарындыны бақылау аймағына кіру және шығуда кеме журналында белгіленеді. Шығарынды газды тазарту жүйесін балама қолдануда шығарындының жалпы саны 6 г SОх /кВт·с аспайды.

52. Шығару газындағы шығару құрамын азайту үшін шығару газын тазарту жүйесі қозғалтқыштар үшін «SОх шығарындысын азайту үшін кемелік шығару газының тазарту жүйесі үшін басшылық» ережесіне сәйкес (Қарар ИМО МЕРС.130(53)) Кеме қатынасы тіркелімі техникалық бақылауымен мойындалады.

 

 

§ 3. Сұйық отында жұмыс істейтін қазандар және инертті газды

генераторлар шығарындыларымен ластануды болдырмау

 

53. Сұйық отында жұмыс істейтін SОх қазандағы шектелген шығарынды және осы қосымшаның 50-52 тармағында көрсетілген инертті газдың генераторы негізінде аз күкіртті отын күкірт құрамын қолданумен қамтамасыз етіледі.

54. Шығаруды азайту үшін балама ретінде SОх шығарындының талап ету дәрежесіне қол жеткізу үшін пайдаланған газдың шығуын тазарту жүйесі қолдануы мүмкін. Осындай жүйе Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады

 

 

§ 4. Ұшатын органикалық біріктірулерді шығару жағдайында ластануды болдырмау

 

55. Шикі мұнай, мұнай өнімдерін немесе тұтану температурасы 600С төмен химикаттар құйылатын кемелер үшін ұшатын органикалық біріктірулерді шығаруды болдырмау мақсатында, МSС/Сігс.585 сәйкес жүк буын беру жүйесі бойынша стандарттар қолданылады.

56. Жүк буын жинау үшін кемеде Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған техникалық құжаттама, танкерде буды жинау үшін құбырдың принципті сызбасын қоса орналасуын көрсетумен және барлық басқару құрылғыларын белгілеу және қауіпсіздігін сондай-ақ жүкті жіберу бойынша нұсқаулық болады. Бұл нұсқаулықта жүкті жіберудің ең аз жылдамдығы, тиеудің әртүрлі жылдамдығында буды жинау кеме ең аз түсу қысым жүйесінде, жоғарғы жылдамдықты және вакуумды әрбір клапанның шегінде істеуі туралы ақпарат бар.

 

 

10. Зиянды күшейуге қарсы жүйені бақылау, балласты кеме суын басқару

 

57. Трибутилолды қолдану және корпустың күшейуге қарсы жабуы оның белсенді ингредиент ретінде бекіту рұқсат етілмейді.

58. Кемелік балластты сулармен басқару мақсаты зиянды организмді немесе ауыратын микроорганизмдерді бір географиялық аймақтан басқасына тасу және ең аз мәнге әкелу болып табылады, осы мақсатта ИМО А.868(20) Қарарында немесе 2004 жылғы кемелік балластты суды және тұнбаларды және оларды басқаруды бақылау бойынша халықаралық конвенцияда қаралғандай кемеде балластты суды немесе оны дер кезінде теңізде ауыстыруды өңдеу бойынша арнайы құрал қарастырылған.

59. Балластты су басқарылатын барлық кемелерде балластты теңізде ауыстыру тәсілі қолданылады, Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған және әрбір кемеге дайындалған балласты теңізде ауыстыру қауіпсіздігі бойынша басшылықпен жабдықталады.

60. Егер балластты теңізде өздігінен экипажбен ауыстыру жобаланып жорамалданған жағдайда, балластты теңізде ауыстыру үшін кеме арнайы қамтамасыз етілетін бағдарламамен жабдықталады.

 

 

11. Қоршаған ортаны қорғау бойынша жауапкершілік

 

61. Әрбір кемеде қоршаған ортаны қорғау бойынша жауапты әкімшілік мүше тағайындалады (бұдан әрі - жауапты тұлға).

62. Жауапты тұлға мынаны орындауға міндетті:

1) қоршаған ортаны ластануды болдырмау бойынша бақылау талаптарын қадағалауды тексеру;

2) сәйкес келетін рәсімнің орындалуын қадағалау;

3) тиісті кеме журналын жүргізуді қолдау;

4) қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шара бойынша қызметкерлерді оқыту және үйретіп шығаруды іске асыру.

63. Кемеде қоршаған ортаны қорғау бойынша іс шараны ұйымдастыруға жауапты бола отырып жауапты тұлға өзінің өкілімен басқа экипаж мүшелеріне өз өкілеттілігін береді.

 

 

5-бөлік. Сынып формуласындағы ЭКО2 символды кемелерге қойылатын талаптар

 

12. Конструкцияға қойылатын талаптар

 

§ 1. Кеме корпусының бұзылуы жағдайында ластануды болдырмау

 

64. Мұнай таситын кемелер және химиялық заттарды тасушылар осы қосымшаның 22-тармақ талаптарына сәйкес келуі қажет.

65. Отын цистернасының сыйымдылық жиынтығы 600 м3 және көбірек кемелерде отын цистернасында және мұнай қалдық цистернасында екі түп және екі борт болады: олардың орналасуы МАРПОЛ 73/78 1-қосымшасының 12А Қағидасына сәйкес келеді.

66. МАРПОЛ 73/78 1-қосымшасының 12А Қағиданың 6, 7 және 8-тармағы талабына сәйкес отын құбырлары h және w сыртқы қаптама теориялық сызығына жөніндегі арақашықтықта орналасқан жағдайда бұл құбырларды МАРПОЛ 73/78 1-қосымшасының 12А Қағиданың 9-тармағы талабына сәйкес бекіту қақпағы орнатылады.

67. Мұнай қалдық цистернасы және отын цистернасының қабылдау құдығының орналасуы МАРПОЛ 73/78 1-қосымшасының 12А Қағиданың 10-тармағы талаптарына сәйкес келеді.

 

 

13. Химиялық және қауіпті жүктер, мұнаймен ластануды болдырмау

 

§ 1. Мұнай және химиялық жүктің қалдықтары

 

68. Осы тараудың талаптары мұнай құятын және химия заттарын тасымалдайтын кемелерге қолданылады.

69. Жүк танкасы аумағындағы жуу суын шығаруда мұнай құю кемесі автоматты өлшеу жүйесі, балластты және жуу суын тіркеу және бақылау, сондай-ақ мұнайы бар суларды шығару үшін сүзгіш жабдықтар арқылы жүзеге асырылады. Шығару өлшемі МАРПОЛ 73/78 1-қосымша талабына сәйкес келеді.

70. Х, Y және Z санатты заттарды тасу үшін химия заттарын тасымалдайтын кемелер әрбір танкіге осындай тазарту қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сорғышпен және құбырмен жабдықталады, МАРПОЛ 73/78 11-қосымшасына сәйкес танк және оған жалғанған құбырда қалған саны 75 л аспайды. Судың сұйық зиянды заттармен бүлінуін шығару МАРПОЛ 73/78 ІІ қосымшасында анықталған құралдардың көмегімен іске асырылады.

71. Осы қосымшаның 70-тармағында көрсетілген шығару және қайтару заттары, мұнай құятын немесе химиялық заттарды таситын кемелер үшін жүк операциясы журналында жағалық қабылдау құрылғылары мұнай операциясы журналында тіркелуге жатады.

 

 

§ 2. Жүк операциясы және отынды бункерлеу кезінде мұнайдың ағып

кетуін болдырмау бойынша конструктивті шаралар және жабдықтар

 

72. Мұнай құятын және химиялық заттарды тасымалдайтын кемеде жоғары деңгей бойынша сигнал берушімен және жоғарғы авариялық деңгейде жүктің деңгейін өлшейтін жүйесі болады. Шарт авариялық жоғарғы деңгей бойынша сигнал берушіде алдын ала қарастырылмайды, жоғарғы деңгейдегі авариялық сигнал беруші өлшеудің жабық деңгейдегі жүйесі байланысты емес.

73. Барлық кемелердің отын қорылары, майлағыш майлары және басқада мұнай өнімдерінің цистерналары жоғарғы деңгей бойынша толтыруды болдырмау үшін сигнал берушімен жабдықталады.

 

 

§ 3. Мұнай бар суларды шығаруда ластануды болдырмау, борт

сыртындағы су бетінде гидравликалық және майлау майларының жойылуын табу

 

74. Сынып формуласы ЭКО2 символды кемелер МАРПОЛ 73/78 1-қосымшаның 4, 14, 15 және 34-Қағидаларына сәйкес мұнайы бар суларды шығару талаптарына сәйкес келуі қажет.

75. Кемеде мұнай бар суларға орнатылған сүзгіш жабдығынан шығуда мұнай құрамы 8 млн-1 аспайды.

76. МАРПОЛ 73/78 1-қосымшаның талабына қосымша Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданып жиналған мұнайы бар суларды қабылдау құрылысына тапсыру үшін мұнайы бар суларды жинау цистернасымен құрылым сыйымдылығы жеткілікті әрбір кеме жабдықталады.

77. Сынып формуласындағы ЭКО2 символды кемелер осы қосымшаның 38-40-тармақ талаптарына сәйкес келуі қажет.

 

 

14. Пайдаланылған сулармен ластануды болдырмау

 

78. Халықаралық рейс жасайтын барлық кемелерде пайдаланған сулармен ластануды болдырмау туралы Халықаралық күші бар куәлік болады.

79. Барлық кемелер пайдаланған сулар үшін сыйымдылығы жеткіліктілігі ең кем дегенде жинау цистернасымен және ұсақтағышпен жабдықталады. Жинау цистернасына және одан әрі шығаруға дейін пайдаланған сулар алдын ала ұсақтағыш арқылы өтеді. Ұсақтағышта Кеме қатынасы тіркелімінің сертификаты болуы қажет.

80. Пайдаланған суларды жинау цистерналарында сақтау мерзімі олардың біртіндеп жиналуында 6 тәуліктен аспайды. Пайдаланған суларды жинау цистерналарында сақтау мерзімін ұзарту оған цистерна көлемі 0,15 0,20 м3/ч на 1 м3 ауа мөлшерін беру шарты арқылы рұқсат етіледі. Ауаны цистернаның төменгі бөлігінде орнатылған перфоратталған құбыр арқылы беріледі.

 

 

15. Қоқыспен ластануды және атмосфераны ластауды болдырмау

 

81. Сынып формуласындағы ЭКО2 символды кемелер осы қосымшаның 43-тармақтың талаптарына жауап беруі қажет.

82. Шығарынды газды тазарту жүйесі қолданылатын барлық кемелерде МАРПОЛ 73/78 6-қосымшасы 14(4)(Ь) Қағида талабын растауды орындау үшін, күкірт тотықты шығаруды азайту үшін, шектелген SOx (SСР) шығарынды аймағына сәйкес Жоспар бортта болуы қажет.

Жоспарда Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған SOx ерекше аймақтардың пайдалану талабын қанағаттандыратын орташа көрсетілген жүйені қолдану, отынды жағу қондырғысын орнату тізбектеледі.

83. Халықаралық рейс жасайтын кемеде МАРПОЛ 73/78 6-қосымшасына сәйкес қолданыстағы атмосфераны ластануды болдырмау туралы халықаралық куәлігі болуы қажет.

 

 

§ 1. Дизельді қозғалтқыш кемелер шығарындыларымен ластануды болдырмау

 

84. Кез келген жабдықтың құрамындағы қозғалтқыштарды қоспағанда, кеменің бортында тұрақты орнатылған, тек қана авариялық жағдайларда қолданылатын және құтқару қайығында орнатылған қуаты 130 кВт қозғалтқышатрға (NOx) азот тотықтарын шығару шектеуі бойынша талаптары қолданылады.

85. Қозғалтқыштан шығарылатын шығарындының деңгейі МАРПОЛ 73/786-қосымшасына сәйкес келуі қажет.

86. Егер кемеде NOx шығарындылары отынды және газ шығаратын жүйелерде орнатылған құрылғы көмегімен бақыланады, онда бұндай жүйелер Кеме қатынасының тіркелімі мақұлдаған және өзіне нұсқаулық дайындаушы қосатын рәсімге сәйкес пайдаланылады және бақыланады.

87. Кеме қозғалтқышының қуаты 130 кВт артық (аварияға арналған және кемелік қозғалтқышты қоспағанда) халықаралық рейс жасайтын кемелерде және шығарындыны азайту үшін 110 шығарынды газды тазарту жүйесі МАРПОЛ 73/78 6-қосымшасына сәйкес Халықаралық куәлігі болуы қажет.

88. Қозғалтқыш және жүйе шығарындыларды азайту үшін, ол қайсысына орналасқаны үшін, шығу газын тазарту жүйесін қолдану жағдайында бір тұтас толық ретінде қаралады. Жүйе құрылымы Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданады.

89. Шығаруды азайту үшін шығару газының тазарту құрылғысысыз немесе дизель қозғалтқышындағы NOx шығару деңгейі бойынша Техникалық кодексте көрсетілген әдістемеге сәйкес өлшенеді. Өлшеудің және сынаудың нәтижесі Кеме қатынасы тіркелімінің талабына сәйкес рәсімделеді.

90. Үнемі портқа немесе ЕС портынан рейс жасайтын жолаушы кемесі үшін отын құрамында ең көп рұқсат етілген күкірт 1,5% құрайды. ЕС территориялық суына кіру және шығу кезінде отынның бір түрінен екінші түріне ауысу кеме журналында тіркеледі. Шығу газын тазарту жүйесін балама қолдануда SOx шығарудың жалпы саны 6 г SOx/кВт с аспауы қажет.

91. Халықаралық рейс жасайтын кемелер үшін сонымен қатар № 61 ЕЭК ООН Қарардың 8А-2 тарауының талаптарын орындалады.

 

 

§ 2. Сұйық отында жұмыс істейтін қазандар және инертті газ генераторлары шығарындыларымен ластануды болдырмау

 

92. Сұйық отында жұмыс істейтін қазаннан SOx шектелген шығарындылары және инертті газ генераторы осы қосымшаның 83-91-тармағында анықталғандай күкірт құрамы аз күкірт отынды негізінде қолдануды қамтамасыз етеді.

93. Шығару газының тазарту жүйесін қолдану осы Қағиданың 50-тармағына сәйкес SOx шығаруын азайту үшін кемелерде рұқсат етіледі.

 

 

§ 3. Суық агентті шығару жағдайында ластануды болдырмау

 

94. Осы тараудың ережесі тоңазытқыш жүк қондырғысына, салқындатқыш қондырғысына және кемелерде орнатылған тоңазытқыш жүйелеріне қолданылады. Көрсетілген ереже автономды тұрмыстық салқындатқышқа және тоңазытқыштарға қолданылмайды.

95. Кемелерде салқын агент ретінде мынадай заттарды қолдану рұқсат етіледі:

1) табиғи суық агенттің пайда болуы (аммиак немесе көмір қышқыл газы);

2) ОDР = О и GWP < 3500 гидрофтор көміртегі.

Кемелерде озон бұзуды қолдану рұқсат етілмейді.

96. Тоңазытқыш жүйелерінде оқшауланған атмосфераға хладагенттің көлемді санын шығарусыз олардың техникалық қызметінің орындалуына рұқсат ететін құралдары болуы қажет. Қалпына келтірумен байланысты қарастырылған қалпына келтіру агрегаттарының заряд жүйесін жою үшін шарасыз хладагенттің ең аз ағулары жағдайында рұқсат етіледі.

97. Хладагентті қалпына келтіру үшін компрессорлар сұйық тоңазытқыш агентіне тиісті жүйеден зарядты жою мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Заряд жүйесін жою үшін қазіргі бар тоңазытқыш агентінің ресиврі немесе басқада осы мақсатқа сәйкес келетін ресиврлерге қосымша агрегатты қалпына келтіруге бар болуды қамтамасыз етеді.

98. Тоңазытқыш жүйесіндегі хладагенттің жылдық ағуы сонша мүмкін болса сонша аз болады, хладагенттің жалпы мөлшерінен әрбір жүйеде олар 10% аспауы қажет. Хладагенттегі ағулар олардың көлемі көрсетілуімен тіркеледі. Сонымен қатар ағу болғандықтан жүйені қалпына келтіру және жөндеу уақытында хладагентті жаңарту немесе күрделі жөндеу, сондай-ақ хладагентті қалпына келтіру процесінде шарты көрсетіледі.

99. Ағуларды тапқанда осы қосымшаның 102-тармағында көрсетілгендей тоңазытқыш операциясын басқару бойынша рәсімге сәйкес түзету амалын қарастыру қажет. Ағу көлемі 10% аспағанға дейін түзету амалдары іске асырылады.

100. Әртүрлі типтегі суық агенттерді қолдануда олардың араласуын болдырмау бойынша шаралар қолданылады.

101. Атмосфераға ағудың жоқ болуына немесе олардың ең төменгі деңгейде сақталуына көз жеткізу тоңазытқыш жүйесіндегі хладагенттерге кез келген ағуларды анықтау мүмкіндігі үшін бақылау әдетте автоматты ағуды табу жүйесінің көмегімен анықталмайды.

Мынадай тәсілдердің немесе олардың комбинациясын қолдануға рұқсат етіледі:

1) қолданылатын хладагентке сәйкес келетін пайдаланған табу жүйесі хладагентті тоңазытқыш жүйесінсіз сигнал берушімен табылғанда;

2) төменгі деңгей бойынша тоңазытқыш жүйесінде хладагенттің деңгейін өлшеу;

3) маңызды емес ағуларды анықтау үшін хладагент жүйесіндегі көлемді деректерді аптасына бір рет журналда кезеңді тіркеу.

102. Хладагенттердің азаюын бақылау тоңазытқыш операциясын басқару рәсімі бойынша ең аз дегенде келесілерді қолдану керек:

1) азаюды табу мақсатында бақылау тәсілі және тоңазытқыш қондырғыларын мерзімді қарау;

2) азаюдың ең аз шамасында түзетуші амалмен орындалуы тиіс;

3) рұқсат етілетін азаюдың деңгейі асыру тұсында түзетуші амалдың сипаттамасы.

 

 

§ 4. Өртті сөндіру заттарын шығару жағдайында ластануды болдырмау

 

103. Кемелік тұрақты өрт сөндіру жүйелерінде табиғи түрдегі (мысалы, аргон, азот, көмір қышқыл газы) өрт сөндіру заттарын қолдануда олар озон бұзушы зат ретінде қаралмайды.

Тұрақты өрт сөндіру жүйелерінде жасанды түрдегі (мысалы; гидрофтор көміртегі) өрт сөндіру затын қолдануда бұл заттарда келесі көрсеткіштер болады:

 

GWP < 4000, ОDР = О.

 

 

§ 5. Ұшатын табиғи байланыстарды шығару жағдайында ластануды

және кеме инсинераторы шығарындыларымен атмосфераны ластануды болдырмау

 

104. ІАРР Халықаралық куәлікке қосымша халықаралық рейс жасайтын кемелер үшін жүк пароның жинау жүйесі бар болуы туралы, МSС/Сігс.585 сәйкес мақұлданған және бекітілген белгі қойылады.

105. Кемелерде орнатылған инсинераторларда МЕРС.76(40) Қарарына сәйкес типті мақұлдануы болуы қажет.

106. Кемелерде инсинератордың мақұлданғаны туралы типті Куәлік, мақұлданған үлгісі сондай-ақ инсинераторды пайдалану бойынша нұсқаулық болуы қажет.

107. Халықаралық рейс жасайтын кемелер үшін МАРПОЛ 73/78 қосымшасы талабына сәйкес кемеде құрылғы және жабдық туралы Куәлік сондай-ақ ІАРР Халықаралық куәлігіне қосымшасына МЕРС.76(40) Қарарына сәйкес кемеде инсинератордың болуы туралы белгі қойылады.

108. Инсинераторды пайдалану МАРПОЛ 73/78 6-қосымшасының 16 Қағидасына сәйкес жасалады және МАРПОЛ 73/78 5-қосымшасының 9(2) және 9(3) Қағидасында көрсетілгендей қоқыспен операция Жоспары қоқыспен операция журналында белгіленеді.

 

 

16. Зиянды қарсы қаптап өсетін жүйеге бақылау, кемелік балластты суды басқару

 

109. Халықаралық рейс жасайтын кемелерде, кемелерде зиянды қарсы қаптап өсетін жүйелерді бақылау туралы Халықаралық конвенция талабына сәйкес жеке куәлігі болуы қажет, 2001 жыл.

110. Кемелер кемелік балластты суды бақылау және оларды басқару және тұнба туралы Халықаралық конвенция талабын қанағаттандыруы қажет, 2004 жыл.

111. Балластты су тек жекелеген балласт цистерналарында ғана тасымалданады.

112. Кемеде ИМО А.868(20), МЕРС.124(53) Қарарына сәйкес орындалған «Балластты суды ауыстыру бойынша басшылық (Р6)» және МЕРС. 127(53) «Балластты суды басқару бойынша және балластты суды басқару жоспарын дайындау бойынша (Р4) басшылық» мақұлданған балластты суды басқару Жоспары болуы қажет.

Балластты суды басқару жүйесі (балластты цистернаны және олармен байланысты құбыр қосқанда сондай-ақ егер қолдануға болса қайта басу және өңдеу) балластты суды ауыстыру, оларды өңдеу немесе басқа расталған эквивалентті әдістерді іске асыру үшін қарастырылады.

 

 

17. Кемені қайта өңдеу кезінде ластануды болдырмау, қоршаған ортаны қорғау бойынша жауапкершілік

 

113. А.962(23) Қарар «Кемені қайта өңдеу бойынша ИМО басшылығымен» мақұлданған «Жасыл паспорт» сондай-ақ А.962(23) ИМО Қарарының талабына сәйкес жеке куәлігі болуы қажет.

114. Сынып формуласындағы ЭКО2 кеме символы осы қосымшаның 12-тарау талабын орындауы қажет.

 

 

6-бөлік. Сынып формуласындағы ЭКО3 кеме символының талаптары

 

18. Конструкцияға қойылатын талаптар

 

§ 1. Кеме корпусының бұзылған жағдайында ластандыруды болдырмау

 

115. Кем дегенде отын цистернасының біреуі немесе мұнай қалдықтары цистернасы 30 м3 асады ал отын цистернасының жиынтық сыйымдылығы 5000 м3 аспайтын кемелерде осы цистерналарды қорғау үшін екі түп және екі борт 12А Қағидасының МАРПОЛ 73/78 1-қосымшасының 12А Қағиданың 6 және 7-тармағына сәйкес болады.

116. Отын цистернасының жалпы сыйымдылғы 5000 м3 және одан жоғары кемелерде отын цистерналарын қорғау және мұнай қалдық цистерналарының орналасуынды екі түп және екі борт МАРПОЛ 73/78 1-қосымшасы 12А Қағидасының 6 және 8-тармағында анықталғандай болуы қажет.

117. Сынып формуласындағы ЭКО3 кеме символы осы қосымшаның 66-тармақ талабына жауап беруі қажет.

 

 

19. Химиялық және зиянды жүктермен, мұнаймен ластануды болдырмау

 

§ 1. Мұнай және химиялық жүктердің қалдықтары

 

118. Осы тараудың талаптары мұнай құятын және химиялық заттарды тасымалдайтын кемелерге қолданылады.

119. Х, Y және Z, санатындағы заттарды тасымалдау үшін әрбір танкті тазартуды қамтамасыз ететін құбырмен және сорғымен жабдықталады әрбір жүк танкісі үшін 5 л аспайды және осы қосымшаға 13-қосымшасына сәйкес оған құбыр жалғанған 15 л аспайды.

120. Мұнай таситын және химиялық заттарды тасымалдайтын кемелерде осы қосымшаның 22-тармағына сәйкес құрылған және орналасқан бөлектелген балластты цистерна қарастырылады. Жүк танкілерінің іші беті тегіс және олардың тиімді тазарту үшін жүкті колодцпен жабдықталуы қажет. Корпус жиынтығының көлденең учаскелері мүмкіндігінше алынып тасталынады. Гофрировты іріктеу трапециевидного көлденең қима негізгі трапецияға 650 көп емес қабырға жағынан көлбеу бұрышы болуы қажет.

121. Орналасуы әрбір танкінің барлық бетін жууды қамтамасыз ететін, тұрақты жуу құрылғысын қолданумен жүк танкісін жуу жүйесі қарастырылады.

 

 

§ 2. Отынды бункерлеу және жүк операциясында тасып кетуді болдырмау бойынша жабдықтар және конструктивті шаралар

 

122. Манифольд және олардың бекітілу түбі жинау цистернасына немесе отстой танк ағуды жинау жабық жүйесімен жабдықталады.

123. Химиялық заттарды тасымалдайтын кемелер және мұнай құятын кемелерде жоғарғы деңгейі бойынша дыбыс беруші және авариялық жоғарғы деңгейі бойынша жүктің деңгейін өлшеудің жабық жүйе болуы қажет.

124. Жүк химиялық заттарды тасымалдайтын кемелердің манифольді осы қосымшаға 10-қосымшасына сәйкес жүктің қалдығын жою үшін құрылғымен жабдықталуы қажет.

 

 

§ 3. Мұнайы бар суларды шығарындылардан ластануды болдырмау,

борт сыртындағы судың бетіндегі майлайтын және гидравликалық майдың азаюын табу

 

125. Мұнай бар суларды сүзгілеуші жабдықтан шығаруда мұнайдың құрамы 5 млн-1 аспауы қажет.

126. Сүзгілеуші жабдық шығаруда мұнай құрамы 5 млн-1 есеппен және автоматты бекіту құрылғысымен жабдықталады.

127. Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған, жиналған мұнай бар суларды жағалық қондырғыларға тапсыру үшін әрбір кеменің құрылым сыйымдылығы жеткілікті мұнайы бар суларды жинау цистернасымен жабдықталады. Барлық машиналық үй-жайдың льялынан мұнай бар суларды жинау мұнайы бар суларды жинау цистернасында іске асырылады.

128. Тазартылмаған мұнайы бар суларды борт сыртына шығару рұқсат етілмейді. Мынадай шығарулардың қажеттігі негіздемесімен аварияда мұнайы бар суларды шығару жағдайына сәйкес кеме актісі рәсімделеді.

129. Сынып формуласындағы ЭКО3 кеме символы осы қосымшаның 38 - 40-тармақтың талабына сәйкес келуі қажет.

 

 

20. Пайдаланылған сулармен ластануды болдырмау

 

130. Шығаруға тыйым салынған аймақта кемені тапқанда тұрмыстық-шаруашылық және пайдаланған суды жинауға рұқсат ететін жолаушы кемесі сыйымдылығы жеткілікті пайдаланған су үшін жинау цистернасымен жабдықталады. Жинау цистернасы жоғарғы деңгей бойынша сигнал берушімен жабдықталады.

131. Кемелер Кеме қатынасының тіркелімімен мақұлданған пайдаланған суларды өңдеу қондырғысымен жабдықталады.

132. Жолаушылар кемесінде пайдаланған суды өңдейтін қондырғысы пайдаланған суларды және тұрмыстық суды бір мезгілде өңдеу мүмкіндігі болуы қажет.

 

 

21. Қоқыспен ластануды болдырмау

 

 

133. Қоқысты инсинераторда жойғанға дейін немесе жағалық қабылдау құрылғысына бергенге дейін кеме сорттау үшін құралмен жабдықталады.

134. Жолаушы кемелерінен ұсақтағыш арқылы өткен халықаралық және ішкі заңнамаға сәйкес тамақ қалдықтарын қоспағанда қандайда бір қалдықтар тасталмауға рұқсат етілмейді. Кеме жалпы сыйымдылығы 100% қоқысты жағалық қабылдау құрылғыларына тапсыратын немесе рұқсат етілген орындарда жиналған қоқыстарды толығымен өртеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін сақтау және жинау қондырғысы болуы қажет.     

132. Сынып формуласындағы ЭКО3 кеме символы осы қосымшаның 82, 83-тармақ талабына сәйкес келуі қажет.

 

 

§ 1. Дизельді қозғалтқыш кемелер шығарындыларымен ластануды болдырмау

 

136. Сынып формуласындағы ЭКО3 кеме символы № 61 ЕЭК ООН Қарар қосымшасы 8А-2 бөлімінің талабына сәйкес келуі қажет.

137. Портты қосқанда шығарындыны бақылау аймағында кемелерді пайдалануда отын құрамындағы күкірт 0,5% аспауы қажет. Портқа кіру және шығу кезінде немесе МАРПОЛ 73/78 6-қосымшасында анықталғандай SОх шығаруды бақылау аймағына кіру немесе шығуда отынның бір түрінен екінші түріне ауысуда кеме журналына белгіленеді. Шығару газының тазарту жүйесін балама қолдануда шығарудың 2 г SОх /кВт·с аспайтын жалпы мөлшері рұқсат етіледі.

 

 

§ 2. Сұйық отында және инертті генератор газында жұмыс істейтін

қазан шығарындыларымен ластануды болдырмау, хладагент

шығарындылары жағдайында ластануды болдырмау

 

138. Сұйық отында және инертті генератор газы, қазанның шектелген шығарындысы негізінде аз күкіртті отынның күкірт мазмұнын осы қосымшаның 136-137-тармағында анықталғандай қолдануды қамтамасыз етеді.

139. Осы қосымшаның 50-тармағына сәйкес шығарындыны азайту үшін кемелерде шығару газының тазарту жүйесін қолдану рұқсат етіледі.

140. Кемелерде хладагент ретінде мынадай заттарды қолдану рұқсат етіледі:

1) Хладагент ретінде қолданылатын табиғи заттар (мысалы, аммиак, көмір қышқыл газы;

2) ОDР = О, GWP < 1890 гидрофтор көміртегі.

 

 

§ 3. Өрт сөндіру заттарынан шығарынды жағдайында ластануды

болдырмау, ұшатын органикалық байланыстарды шығару жағдайында ластануды болдырмау

 

141. Станционарлық өрт сөндіру жүйесінде өрт сөндіру заттарының жасанды пайда болуын қолдану (мысалы гидрофтор қышқылы), бұл заттар мынадай көрсеткіштер болуы қажет:

 

GWP < 1650, ОDР = О.

 

142. Сынып формуласындағы ЭКО3 кеме символы осы қосымшаның 104-тарау талабына сәйкес келуі қажет.

143. Сынып формуласындағы ЭКО3 кеме символы осы қосымшаның 105 - 108-тарау талабына сәйкес келуі қажет.

144. Сынып формуласындағы ЭКО3 кеме символы осы қосымшаның 18-тарау талабына сәйкес келуі қажет.

145. Сынып формуласындағы ЭКО3 кеме символы осы қосымшаның 19-тарау талабына сәйкес келуі қажет.

 

 

§ 4. Кемені қайта өңдеу кезінде ластануды болдырмау, қоршаған

ортаны қорғауда жауапкершілік

 

146. Сынып формуласындағы ЭКО3 кеме символы осы қосымшаның 20-тарау талабына сәйкес келуі қажет.

147. Сынып формуласындағы ЭКО3 кеме символы осы қосымшаның 21-тарау талабына сәйкес келуі қажет.

 

Пайдаланылатын кемелерді



куәландыру қағидасының

33-қосымшасына

1-қосымша

 

 



Талаптар

Сынып формуласындағы символ

ЭКО1

ЭКО2

ЭКО3

1

Жүк таситын үй-жайдың орналасқан кемелер ауданында екі түп және екі борт болуы қажет

+

+

+

2

МАРПОЛ 73/78 талабына жауап беретін мұнай, мұнайлы заттарды немесе сұйық химиялық қауіпті жүктерді тасуға арналған кемелерде жүк таситын үй-жай орналасқан ауданында екі түп және екі борт болуы қажет

-

+

+

3

Біліктің рөлі бір элементі бас тартқан жағдайда маневр мүмкіндігін сақтау үшін кемеде балама құрал болуы тиіс

+

+

+

4

Отын цистернасының сыйымдылық көлемі 600 м3 және одан жоғары кемелерде 12А Қағидасы МАРПОЛ 73/78 1-қосымшасында анықталған осындай цистерналар отын цистернасын қорғау үшін екі түп және екі борт болуы тиіс

+

+1

+1

5

Қандай да бір отын цистернасының сыйымдылығы немесе мұнай қалдығы 30 м3 асатын кемеде МАРПОЛ 73/78 1 қосымшасы 12А Қағидасы 6 және 7-тармағында анықталғандай осындай цистерналарды қорғау тіпті егер отын цистернасының сыйымдылығы 600 м3 аспаса да екі түп және екі борт болуы тиіс

-

-1

+1

6

Бұзылған және қалдық құрылым беріктігі жағдайында орнықтылықты есептейтін жағалық бағдарламалық компьютерленген кіруге жылдам рұқсат беретін жүйеге кеме енгізілуі тиіс

+

+

+

7

Сынып формуласындағы кемелерде «А» символы болуы тиіс

-

+

+

8

Сулы балластты теңізде ауыстыруды жоспарлау үшін сондай-ақ арнайы программалық қамтамасыз ету бұзылмаған кеменің беріктілігі, орнықтылығы, отырғызуды есептеуді орындау үшін кемелер борттық программалық жабдықпен қамтамасыз ету етілуі тиіс

 

 

 

9

Кемелер эхолотпен жабдықталуы қажет

+

+

+

10

Кемелерде қайраңға отырғызуды автоматты ескертетін жабдық болуы қажет

-

-

+

11

«Кемелерді қайта өңдеу бойынша басшылық» ИМО А.962(23) Қарарының талабына сәйкес кемелер «жасыл паспортпен» жабдықталуы қажет

-

+

+

1барлық жаңа кемелер отын цистернасының көлеміне тәуелсіз ең аз болғанда ІЖКҚ 1-бөлімінің 315-тармағының талабына сәйкес келуі қажет

 

Пайдаланылатын кемелерді



куәландыру қағидасының

33-қосымшасына

2-қосымша

 

 

Құжат атауы

Сынып формуласындағы символ

ЭКО1

ЭКО2

ЭКО3

(ІАРР) атмосфераны ластануды болдырмау туралы халықаралық куәлік

-

+1

+

(ЕІАРР) атмосфераны қозғалтқыштан ластануды болдырмау туралы халықаралық куәлік

-

+1

+

NOx бойынша техникалық кодекске сәйкес куәландыруға жататын әрбір қозғалтқыш үшін Оксил азотын (NOx) шығару бойынша мақұлданған техникалық қозғалтқыш файлы

-

+1

+

Типі бойынша қабылдау туралы куәлік (8А бөлім Резолюция № 61 ЕЭК ООН)

-

+2

+2

х (SСС) шығаруды бақылау ауданына сәйкес келу туралы куәлік

-

+1

+

Қолданылуы бойынша SОх (ЕТМ) шығаруын азайту үшін шығару газының тазарту жүйесін пайдалану бойынша мақұлданған Нұсқаулық

-

+1

+

Пайдаланылған сулармен ластануды болдырмау туралы халықаралық куәлік

-

+1

+

Кеменің жабдығы және қондырғысының МАРПОЛ 73/78 V қосымшасы талабына сәйкес келуі туралы куәлік

-

+1

+

2001 ж. кемелердегі қарсы өсетін зиянды жүйелерге бақылау туралы халықаралық конвенция талабына сәйкестігі туралы куәлік

-

+1

+

Екі түпті және екі борттың талаптарына кемелердің сәйкестігін растайтын мақұлданған құжат

+

+

+

Отын цистернасының орналасуын қорғау талаптарына кемелердің сәйкестігін растайтын мақұлданған құжат

-

+

+

О< шығаруды бақылау аймағына кеме келгенде күкірт құрамы 1,5% немесе 0,2% азырақ отынға оңай ауысу мүмкіндігін растайтын МАРПОЛ 73/78 VI қосымшасына сәйкес белгіленген немесе 1999/32/ЕС Европалық Совет Директивасына сәйкес кеме отын жүйесінің мақұлданған құжаттамасы

-

+

+

«Кемелерді қайта өңдеу бойынша басшылық» ИМО А.962(23) Қарарының талабына сәйкес кеме Жасыл паспорт мақұлданады

-

+

+

«Кемелерді қайта өңдеу бойынша басшылық» ИМО А.962(23) Қарарының талабына сәйкес жеке куәлік

-

+

+

халықаралық рейс жасайтын кемелер үшін1 Еуропаның ішкі су жолдарында рейс жасайтын кемелер үшін2

 

Пайдаланылатын кемелерді



куәландыру қағидасының

33-қосымшасына

3-қосымша

 

 

Құжат атауы

Сынып формуласындағы символ

ЭКО1

ЭКО2

ЭКО3

Егер қолданса кемеде SОх шығару мониторингі бойынша мақұлданған Нұсқаулық

-

+1

+

х (SСР) шығарудың шектелген аймағына сәйкес мақұлданған Жоспар

-

+1

+

х шығарындыны бақылайтын аймақта жұмыс үшін кеменің отын жүйесін дайындау рәсімі

+

+

+

Отын операциясының журналы, отын операциясының мақұлданған жоспары

+

+

+

Балласт операциясының журналы, теңізде балластты айырбастау қауіпсіздігі бойынша мақұлданған кеме басшылығы

+

+

+

Балластты теңізде ауыстыру бойынша арнайы мақұлданған компьютерленген программа,бұзылған кеменің тұрақтылығы және беріктілігі отырғызуды есептеу үшін кемелік мақұлданған программалық қамтамасыз етілу

+

+

+

Бұзылған және құрудың қалған беріктілігі орнықтылығын есептейтін жағалық компьютерленген бағдарламаға жылдам рұқсат етілетін мұнаймен ластануды болдырмау бойынша мақұлданған төтенше шара Жоспары

+

+

+

Тоңазытқыш операциясын басқару бойынша рәсімі

+

+

+

Пайдаланылған су операциясының журналы, пайдаланған су операциясының мақұлданған жоспары

+

+

+

Су бетіндегі гидравликалық май және пайдаланудағы майлайтын майдың кемуін табу журналы

+

+

+

халықаралық рейс жасайтын кемелер үшін1

 

 

 

 

Пайдаланылатын кемелерді



куәландыру қағидасының

33-қосымшасына

4-қосымша

 

 

Құжат атауы

Сынып формуласындағы символ

ЭКО1

ЭКО2

ЭКО3

Кеменің жалпы орналасқан үлгісі және су өтпейтін бөлігінің және цистернаның сызбасы

+

+

+

Қондырғының сызбасын қоса және қолдану мөлшері бойынша шығарып тастауды бақылау бойынша отын жүйесінің үлгісі

+

+

+

Шығарынды газды тазарту жүйе сызбасы

-

+

+

Хладагенттерді қолдану тізбесі, тоңазытқыш жүйе үлгісі

+

+

+

Өртке қарсы жүйенің үлгісі, осы жүйедегі қолданылатын отқа гасящий зат тізбесі

+

+

+

Инсинератор жүйесінің үлгісі

+

+

+

Жүк және жүк емес аймақтың манифольді үлгісін поддон және мұнайдың құйылуын болдырмау құрылғысы. Отын, льялді су, автоматты өлшеу, пайдаланған суды және балластты шығаруларды басқару және тіркеу, балластты жүйелердің үлгісі және сызбасы

+

 

+

+

 

+

+

 

+

Қоқыспен ластануды болдырмау бойынша жабдық сызбасы және үлгісі

+

+

+

Пайдаланған су жүйесінің үлгісі

+

+

+

 

Пайдаланылатын кемелерді



куәландыру қағидасының

33-қосымшасына

5-қосымша

 

 

(mпр) шекті уақытының коэффициент мәні

 

Кеме ұзындығы, м

20

60

80

100

140

mпр

0,060

0,049

0,036

0,029

0,025

 

Пайдаланылатын кемелерді



куәландыру қағидасының

33-қосымшасына

6-қосымша

 

 

Құжат атауы

Қаптаманың ең аз жуандығы бетінде мм кеменің ұзындығында м

25

80

140

Отын, май, мұнайы бар сулар қорларының цистерна аумағындағы сыртқы қаптамасы

4,5

5,5

6,0

Балласты цистерна аймағындағы сыртқы қаптама

4,0

5,0

5,5

Кеменің ортанғы бөлігіндегі шистрек және палуба стрингері

4,0

6,0

6,5

Жүк танкісі аймағындағы палуба настилі

4,0

5,0

6,0

Жүк танкісі аймағындағы екінші түптің настилі

3,5

5,0

5,0

Іріктеуді өткізбейтін қаптама, жүк кеңістігін шек қоятын және жүк танкісі аймағында ішкі борттың қаптамасы

3,5

4,5

4,5

Ескертпе: егер кеме ұзындығы кестеде көрсетілгеннен ерекшеленсе қаптама бетінің қалдық жуандығы кесте деректері сызықтық интерполяция жолымен анықталады

 

Пайдаланылатын кемелерді



куәландыру қағидасының

33-қосымшасына

7-қосымша

 

 

Авариялық бұзылулардың өлшемі

 

Бүлінудің ұзындығы

Бүлінудің өлшемі, м

Борттық бүлінулер

Ұзындығы бойынша

Ені бойынша

Тігінен

0,10 L, бірақ 5,0

0,79 кем емес

ОП дан жоғары шектелмей

Түпкі бүліну

Ұзындығы бойынша

Ені бойынша

Тігінен

0,10 L, бірақ 5,0 кем емес

3,00

0,59

 

Пайдаланылатын кемелерді



куәландыру қағидасының

33-қосымшасына

8-қосымша

 

 

Авариялық орнықтылықтың өлшемі

 

Өлшем

Мағынасы

Су басудың соңғы сатысы басты метацентрикалық биіктік кеме емес, м

0,00

Статистикалық тұрақтылығының үлкен диаграмма иіні1 кем емес, м

0,05

Статистикалық диаграмма орнықты бөлігінің ұзындық град аз емес:

симметриялы су басуда

симметриялық емес су басуда

27,0

27,0-

Симметриялық емес су басуда түзету бойынша шара қолдануға дейін крен бұрышы артық емес, бұрыш

12,0

Симметриялық емес су басуда түзету бойынша шара қолданудан кейінгі крен бұрышы артық емес, бұрыш

12,0

Статистикалық орнықтылық2 диаграммасының оң бөлік алаңы м градтан кем емес

0,0065

Авариялық ватерсызықтан кем емес қауіпті саңылаудың сақталынып қалынуы

0,10

Э бұрышынан (27 Э) бұрышына дейін диаграмманың оң аймағында диаграмманың барынша1 иіні анықталады

Э тепе-теңдік бұрышынан диаграмманың статистикалық орнықтылық бөлігінің оң алаңы2 (су басуда кренның бұрышы) (27 -) ілгерілдік су басуда өтіп жатуда бұрышынан салыстырылатын мәнінен кішіге дейін

 

Пайдаланылатын кемелерді



куәландыру қағидасының

33-қосымшасына

9-қосымша

 

 

Үй-жай

Өтімділік коэффициенті

Машиналық бөлімше

Тұрғын және жолаушы үй-жайы

Балластты цистернаның бор аралық және халықаралық өтімділігі

Қордың бос цистернасы, құрғақ бөлігі

Толтырылған цистерна қоры

0,85

0,95

0,95

0,00

 

Пайдаланылатын кемелерді



куәландыру қағидасының

33-қосымшасына

10-қосымша

 

 

Жүктің қалдығын жоюға арналған құрылғы

 



 

1) қалдықты жою үшін муфт бекітулері

2) қысымдағы газдың көмегімен жүктің қалдығын үрлеу әдісімен жағаға айдау үшін жағалық қондырғының жалғау муфтасы

 

Пайдаланылатын кемелерді



куәландыру қағидасының

33-қосымшасына

11-қосымша

 

 

Халықаралық құжат талабына жабдықтар және кеме жүйесінің сәйкестігі

(халықаралық рейс жасайтын кемелер үшін)

 

Кемелік жүйелер және жабдықтар

Құжаттар

Сүзгіш жабдықтар

ИМО МЕРС.107(49) қарар

Сигнализатор

ИМО МЕРС. 107(49) қарар

Балластты және жуу суын шығаруды бақылау және тіркеу, автоматты өлшеу жүйесі

ИМО МЕРС.108(49) қарар

«мұнай-су» бөлімінің шегін анықтау құралы

ИМО МЕРС.5(XIII) қарар

Инсинератор

16 Ереже МАРПОЛ 73/78 YI қосымша, ИМО МЕРС.76(40) қарар

Пайдаланған суды өңдеу үшін қондырғы

ИМО МЕРС.2(Y1) қарар

Танкер бу газын жинау жүйесі

МSС/Сirс.585, 15 Ереже МАРПОЛ 73/78 YI қосымша

Кемелік қозғалтқыш дизелі

NOx бойынша техникалық Кодекс, 13 Ереже МАРПОЛ 73/78 YI қосымшасы

$0 оксилді күкіртті азайту үшін шығару газын тазарту жүйесі

14 ереже МАРПОЛ 73/78 YI қосымшасы ИМО МЕРС. 130(53) қарар

 

Пайдаланылатын кемелерді



куәландыру қағидасының

33-қосымшасына

12-қосымша

 

 

Отынды кемелерде, бункерлерде, байқап іріктеу және отынды сынау

бойынша стандарт және халықаралық қағида

 

Талап етілетін процестер, ерекшеліктер

Халықаралық құжаттар

Отынды байқап іріктеу

ИМО МЕРС.96(47), ГОСТ 2517-85 қарары

Кемелер үшін стандартты отын

ISO 180 8217

Кемелердегі отынды бункерлеу

18 ереже МАРПОЛ 73/78 YI қосымша, ИНТЕРТАНКО кемелерді бункерлеу бойынша басшылық

Отынды күкірт құрамын тексеру

ISO 180 8754

 

Пайдаланылатын кемелерді



куәландыру қағидасының

33-қосымшасына

13-қосымша

 

 

Химиялық заттар тасушының жүк танкілерін тазарту жүйесін сынау

 

1. Сынау жүргізу алдында жүк танкілеріне және құбырларға тазарту жүргізу қажет. Жүк танкілеріне кіру қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

2. Сынауды жүргізу кезінде дифферент және кеме крені қалыпты пайдалану тәртібі үшін қарастырылған мәннен аспауы қажет.

3. Жүк түсіргіш құбырда орналасқан сынау уақытында қарсы қысымды 300 кПа (3 бар) деңгейде жүктің қалдық мөлшерін жою үшін қондырғыда ұстау қажет.

4. Сынау рәсіміне мыналар кіреді:

1) жүк танкісі ішіндегі қабылдау патрубасы суға батқанға дейін жүк танкісін сумен соған дейін толтыру;

2) тазарту жүйесі көмегімен тиісті құбыр және жүк танкісін босату және суды тазартып шығару;

3) су қалдықтарын келесі орындарда жинау;

жүк танкісі ішіндегі қабылдау патрубасында;

жүк танкісі түбінде жиналған су қалдықтары;

жүк сорғысының ең төменгі түктесі;

жүк қалдықтары мөлшерін жою үшін қондырғы деңгейіне дейін жүк танкісімен біріктірілген барлық құбырдың төменгі нүктелері.

5. Жиналған су мөлшері сынау нәтижесі туралы куәлікте көрсетілуі және нақты өлшенеді.

6. Операцияны сынау үшін құзыретті орган немесе расталған классификациялық қоғам барлық сынау нәтижесі туралы куәлікте көрсетіледі.

Бұл куәландыруда ең аз мөлшерде мынадай деректер болуы қажет:

1) сынау кезіндегі кеме дифференті;

2) сынау кезіндегі кеме крені;

3) жүк танкілерін босату тәртібі;

4) жүктердің қалған мөлшерін шығарып жіберу үшін құрылғыдағы қарсы қысым;

5) әрбір жүк танкісіндегі жүктің қалдық мөлшері;

6) әрбір құбыр жүйесіндегі жүктің қалдық мөлшері;

7) тазарту бойынша операцияның ұзақтығы;

8) тиісті әрекетте жүк танкілерінің толтырылған орналастыру жоспары;

 

Пайдаланылатын кемелерді



куәландыру қағидасына

34-қосымша

 

 

Атмосфераның кемелерден ластануын болдырмау мақсатында кемелік қозғалтқыштарды жасау, күрделі

 жөндеу және пайдалану кезінде техникалық бақылау бойынша басшылық

 

 

1. Жалпы ережелер

 


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау