қағидасына
25-қосымша
Металл корпустардың техникалық жай-күйін анықтау бойынша
әдістемелік нұсқаулар
1. Жалпы нұсқаулар
1. Осы әдістемеде металл корпустардың техникалық жай-күйін анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар (бұдан әрі - Әдістеме) осы Қағиданың 17 және 18-тарауының талаптарына және болат кемелер корпусының және кезекті куәландыру кезіндегі жеңіл балқымалы кемелдердің техникалық жағдайын анықтау үшін қолдануға құрастырылды.
2. Әдістеме сондай-ақ куәландырудың басқа түрлерінде кеме корпусының техникалық күйін анықтау кезінде қолданылады.
3. Кеме корпусының ақауын табу Кеме қатынасының тіркелімінің корпустарға ақаулық жүргізу үшін Тану туралы куәлігі бар мекеменің мамандарымен кеме иесінің өкілі қатысуымен жүргізіледі.
4. Корпустың ақауын табу кезінде өлшемдер көлемі алдыңғы ақаулық жүргізу материалдар негізінде және осы қосымшаның 2 және 3-тарауларында көрсетілгенді ескере отырып белгіленеді.
5. Қалдық қалыңдықтарын, деформация параметрлерін және басқа зақымдарын өлшеуді байқау нәтижелері бойынша келесі құжаттар әзірленеді:
1) қалдық қалыңдықтары мен кезінде тозу мен қалдық деформациялар бойынша байланыстар негізгі тобының техникалық күйін анықтауымен барлық қалдық деформацияның ақауын табу кезінде табылған өлшеу нәтижелерінің кестелері;
2) корпус байланыс топтарының тозған және зақымданған элементтерін ауыстыру және жөндеу жұмыстар көлемі көрсетілген ақау табу актілері;
3) Осы Қағиданың 202 және 204-тармағында көрсетілген қалдық қалыңдықтары, деформация параметрлері және басқа зақымдары көрсетілген борттардың екі жағынан сыртқы қаптамаларын, палуба төсеніші мен екінші түбін, ішкі борттар қаптамасы мен өткізбейтін аралықтардың созылуы.
6. Ақау табу жұмыстары аяқталғаннан кейін алынған нәтижелерін, соның ішінде алдыңғы жүргізілген ақау табу мәліметтерімен салыстырылып тексеру жүргізіледі.
Сәйкессіздік табылған кезде немесе алынған нәтижелерінің дұрыстығына күмән туындаса қайта өлшеу өткізеді.
Ресімделген құжаттар Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келісіледі, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері қалдық қалыңдықты және деформация параметрлерінің мәнін бақылауды тексеруін орындауды талап етеді.
Ескертпе. 25 м дейін кемелерге созылуды көрсетпеуге болады, ал ақаулар ақау табу актісінде жазылуы керек.
7. Сыртқы қаптаманың созылуында жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін осы Әдістеменің 5-тармағы 3) тармақшасына қосымша жөндеу нәтижесінде пайда болған барлық өзгерістер (қаптама, төсеніш, жиындарды ауыстыру, жарықтарды дәнекерлеу, деформацияларды түзету және т.б.) көрсетіледі.
Созылулар кемеде келесі кезекті куәландыруға дейін сақталынады.
2. Корпустың байланыстар қалдық қалыңдықтары бойынша
техникалық жай-күйін анықтау
8. Тозуды коррозиядан және өшірілуді анықтау кезінде мынадай терминдерді қолданылады:
1) жергілікті тозу - байланыстың сыртқы бөлігін қамтитын тозу;
2) тұтас тозу - байланыстың барлық қабатын қамтитын тозу;
3) біркелкі тозу - байланыстың барлық қабаты бойынша біркелкі отыруымен тұтас тозу;
4) әркелкі тозу - байланыстардың барлық қабаты бойынша әр-түрлі отыруымен тұтас тозу;
5) ойық жара тозуы - бөлек металлда болатын қуыс түріндегі тозу.
9. Байланыстар элементтерінің қалдық қалыңдықтарын корпустың орта бөлігіндегі екі сипатты қималардан және бір қиманың әр ұштарының аса анықтайды.
50 м дейін кемелер корпусының орта бөлігінде бір сипатты қималарда өлшеуге рұқсат етіледі.
Қималар көлемі кеменің конструктивтік ерекшелігінен және жасына, тозулар түріне, пайдалану жағдайларына және т.б. байланысты анықталады.
10. 50 м және одан аса ұзындықты барлық кемелер сериясына байланыс элементтері қалдық қалыңдықтарының көлденең қималары мен өлшеу орындарының координаттары белгіленген корпустан ақаулық сызбасын Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерлермен әзірлеу және келісу ұсынылады.
11. Кесте мынадай нұсқауларды ескере отырып әзірленеді:
1) корпустың беріктілігіне байланысты жалғану элементінің қалдық қалыңдықтарын анықтау үшін таңдалған көлденең қималар аса қауіпті (көлденең қималардың үлкен ойықтармен, кіші алаңдармен босануы және т.б.) болады;
2) схеманың техникалық талаптарында схемамен алдын ала қарастырылған қималармен салыстырғанда аса тозған байланыс элементтерінің ішкі байқау немесе орындарында табылған алдыңғы ақау табу нәтижесі бойынша қосымша орындарда қалдық қалыңдықтарды өлшеу қажеттілігі атап өтіледі.
Қалдық қалыңдықтарына келесі ақаулық өлшемдері кезінде кестемен қарастырылған қималарда сыртқы қаптаманы ауыстырған жағдайда оларға жақын орналасқан табақтары ауыстырылмаған қималарда жүргізіледі;
3) әрбір байланыс топтарының (көлденең қимада) қалдық қалыңдықтары осы топтың барлық элементтеріне белгіленеді, бірақ палуба, түптің, екінші түптің бес элементтерінен кем емес және ішкі және сыртқы борттар мен аралықтардың үштен кем емес элементтерін анықтауға рұқсат етіледі.
12. Байланыс топтар элементтерінің орта қалдық қалыңдықтарын өлшеу оның кемдігі белгіленген мағынадан аспайтын, Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген ультрадыбысты, микрометрлік, салмақты немесе басқа тәсілдер арқылы жүргізіледі.
13. Осы Әдістеменің 9 және 10-тармақтарының талаптарына сәйкес таңдалған 200х200 мм өлшемімен байланыстың ақаулық элементі ауданын ультрадыбысты тәсілмен өлшеу кезінде байланыс элементтерінің қалдық қалыңдықтарын өлшеуін 10 реттен аса жүргізеді.
Байланыс элементтерінің орта қалдық қалыңдықтары өлшеу нәтижелерінің орта арифметикалық деп анықталады. Қалыңдықтарды өлшеу кемдігі 0,15 мм аспауы рұқсат етіледі.
Өлшеу қабатында ойықтың тереңдігі 1,55 мм және одан аса болса, ойық тозуды осы Әдістеменің 1-формуласы бойынша ескере отыру қажет.
14. Байланыс топ элементтерінің орта қалдық қалыңдықтарын микрометрикалық тәсілмен анықтау кезінде осы Әдістеменің 9 және 10-тармақтарының талаптарына сәйкес таңдалған өлшеу ауданындағы саңылауларды бұрғылап теседі.
15. Өлшеу ауданында екі жақты тозған байланыс элементтерінің орта қалдық қалыңдықтарын tоp, мм мынадай формула бойынша анықтайды:
tор = tор бл1/2 hоріш ұв-1/2 hорср ұн, (1)
мұндағы tорбл — бұрғылау орындарында орта қалдық қалыңдықтары, мм;
hоріш , hорср — ішкі және сыртқы беттегі ойықтардың орта тереңділігі, мм;
ұі, ұс — ойық тозудың сәйкесінше ішкі және сыртқы бет бойынша таралу дәрежесі осы тараудың 13-тармағына сәйкес.
16. Осы Әдістеменің 1 формуласына жататын биіктік мәнін келесі тәсіл арқылы анықтайды.
Ақаулық табу элементінде осы қосымшаның 9 және 10-тармақтар талаптарына сәйкес 200х200 мм көлемді өлшеу ауданын таңдайды. Ойықтан тыс таңдалған ауданда бұрғылау және құралды әр саңылауда 900 бұра отырып, қалыңдықты 4 рет өлшейді.
Бұрғылау аудандарында tорбл орта қалдық қалыңдықтары үштен жоғары бұрғылауды өлшеу нәтижелерінен орташа арифметикалық сияқты анықталады.
Ойықтардың орташа тереңділігі hоро 6-10 ойықтардың тереңділігін өлшеу нәтижелерінен орташа арифметикалық сияқты анықталады.
Өлшеу үшін тереңділігі аса төмен ойықтарды таңдау қажет. Өлшеулерді тереңдік өлшеуіш, сағат типті индикатор немесе басқа да тектес құралдар арқылы жүргізу керек.
17. Ойық тозудың таралу дәрежесін өлшеніп жатқан ауданында ойықтармен орын алған Sо ауданның телімнің барлық ауданына S қатынасы ретінде анықталады:
ұ = Sя/S. (2)
18. Элементтің әр жағынан таралу ойықтардың ауданын калькаға түсірілген сым темірді шаблондар, торды трафареттер, немесе басқа да сол сияқты құрылғылар арқылы көзбен шолып анықталуы керек.
19. Микрометрикалық тәсілде қалдық қалыңдықтарды өлшеу кемдігі 0,1 мм, ойық тереңдігі - 0,2 мм, ойық тозуының таралу дәрежесі - 0,1 мм аспауы рұқсат етіледі.
20. Салмақты тәсілде осы Әдістеменің 9 және 10-тармақтарына сәйкес таңдалған өлшеу аумағында байланыс топтың ақауын табу элементінен орташа қалдық қалыңдығын анықтау кезінде, оны тазалағаннан кейін өлшеп және іліп қоятын 200х200 мм-ден көлемді тақтайшалар кесіп алынады.
21. Орта қалдық қалыңдығын мынадай формула бойынша анықтайды, мм:
tср = 1000М/(pS), (3)
мұндағы М - 3 г кем кемдігімен анықталатын тақтайша салмағы, кг;
р - байланыс материалының тығыздығы, кг/м3:
болатты жалғанулар үшін р=7850 кг/м3 -;
жеңіл қорытпадағы жалғанулар үшін р=2700 кг/м3 деп қабылдауға болады;
S - 0,1 мм-ден кем кемдігімен өлшенген жақтардың нақты өлшемін көбейтумен анықталатын тақтайша ауданы, м2.
22. Жалғанулар тобының орташа қалдық қалыңдық мағыналары мынадай формула бойынша анықталады:
мұндағы tоp — корпустың байланыс элементінің орташа қалдық қалыңдығы, мм;
bэ — байланыс элементінің ені, м;
п — байланыс тобындағы элементтер саны.
23. Байланыс тобының орташа қалдық қалыңдығының алынған мағынасын осы Қағиданың 1 және 5-қосымшасында көрсетілген нормалармен салыстырып, әрбір қима байланыс тобының техникалық күйін анықтайды.
24. Байланыс табақтары мен басқа элементтерін жөндеп, ауыстырғаннан кейін соның негізінде орта қалдық қалыңдықтар бойынша корпустың техникалық күйі анықталатын, осы қимадағы байланыс тобының орта қалдық қалыңдығының мағынасы қайта анықталады.
25. Егер бөлек элементтерінің (белбеудің бет жағы, ватерсызық ауысу аумағындағы қаптама және т.б.) орта қалдық қалыңдығы осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес рұқсат етілетін нормадан кем, немесе кеңейген ойық аумағындағы қалдық қалыңдығы рұқсат етілгеннен кем болса, онда мұндай табақтар және белбеулер байланыс тобының орта қалдық қалыңдығына қарамастан ауыстырылады немесе (олардың аз мөлшерінде) ойықтар дәнекерленеді.
26. Егер тозу аралық жиынының бекітілген сызығы бойынша шоғырландырылса қалдық қалыңдық аса тозған көлденең қималар бойынша анықталады (аралықты дәнекерлеу жерінде, бірақ оның қабырғасынан 15 мм аспай, табақтағы аса тозған сызығы бойынша).
27. Егер көлденең аралық бойынша дәнекерлеу сызығы аумағында жоғарғы жергілікті тозу Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген еріген металды құю мен басқа тәсілдермен жойылса, жөндеуден кейінгі корпустың техникалық күйі туралы ақырғы қорытындысы жоғарғы жергілікті коррозия аймағынан тыс жерлерде орындалған өлшеулер нәтижелері бойынша қабылданады.
28. Жиын элементтерінің (белдік қабырғаларын) қалдық қалыңдықтарын өлшеулерде қаптамада қолданылатын өлшеу тәсілдері мен амалдар қолданылады.
Бұл техникалық болуы мүмкін жерлердегі жиын элементтерінің қалыңдықтары штангенциркульмен, микрометрмен және с.с. өлшенуі мүмкін.
Байланыстардың өлшеу көлемі біртекті байланыстардың теңсіздік дәрежесіне байланысты ішкі байқау негізінде анықталады.
Құрылыс бояулары сақталған жиын элементтерінде қалдық қалыңдықтарын өлшеуге тыйым салынады.
29. Егер сыртқы қарауда полособульба байланысының маңызды тозуы анықталса, онда қалдық жарма аумағы таразылы әдіспен анықталады.
Бұл үшін полособульбаның аймпайдаланған кеседі, осындай есеппен қаптаманы бөліп өңдеуден кейін станкіден өлшемі ұзындығы бойынша 200 мм және биіктігі бойынша (h - 20) мм, мұндағы h - полособульбаның алғашқы биіктігі үлгісін алу.
Тазартудан кейін үлгі өлшенеді.
Полособульба қимасының қалдық қалыңдығының Кқалд қима теориясының ауданына қатынасы мынадай формула бойынша анықталады:
Кқалд = Миз/Мm (5)
мұндағы Миз — кемдігі 3 г кем анықталатын нұсқа салмағы, г;
Мm — биіктігі 20 мм төмендетілген ұзындығы 200 мм полособульбаның теориялық салмағы осы Қағиданың 4-қосымшасы 1-қосымшасына сәйкес.
3. Қалдық деформациясы бойынша кеме корпусының техникалық жай-күйін анықтау
30. Жаншылу жиынымен табақтардың жергілікті қалдық деформациясы үш нормалау параметрлерімен бағаланады:
1) Палуба мен түпке бөлек корпус ені бойынша Σb/В жаншылудың таралу дәрежесі немесе әрбір борт үшін бөлек кеме бортының биіктігі Σh/H бойынша осы Қағиданың 25-қосымшасына 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі, сондай-ақ борт биіктігі бойынша нормалау жеңіл ерітілген кемелер үшін ғана жүргізіледі;
2) жаншылудың иілімі f ең көп болатын көрсеткіш бойынша;
3) f жоспарда ең кіші өлшеміне жаншылу иілімінің f көрсеткішіне қатысты, сонымен қатар, ол үшін f/l қатынасы, Қағидада көрсетілген ақырғы мағынасын асырса кемені пайдалануға тыйым салынады.
31. Иілім көрсеткішінің мағынасын ең көп майысқан жеріндегі түрі өзгерген жиынды қимада өлшеу қажет.
f/l қатынасы жаншылудың «бір салыңдылығы». Ол аса жоғарылаған сайын, әсіресе осы аймақта қаптама мен жиынтық аса өзгертілген және бұдан әрі пайдалану үшін жиын мен қаптама ажырауы мүмкін.
32. Кеме жиынының аралығынан рамалық сияқты және бос аралықтар деп түсінеді.
Көлденең жүйеде кеме жиынтығының аралықтары арасындағы арақашықтықты - шпация, ал бойлық бойынша бойлық қабырғалар арасындағы арақашықтық, яғни кемелік жиын аралықтары арасындағы арақашықтық әрқашан тілімнің кіші бетінің көлеміне тең.
Кеңірдекше қатару мен шығанақтың нормалары бойлық және көлденең жүйелер жиыны үшін біркелкі болады.
33. Осы Қағидаға 25-қосымшадағы 3-5-қосымшаға сәйкес жергілікті қалдық деформацияны (кеңірдекше қатару, шығанақ, жаншылу) өлшеуді арнайы шығанақ өлшеуішпен немесе сызықшамен, үлгі қимамен, метрмен орындау керек. Қалдық деформациялық иілім көрсеткіші кемдігі - 2 мм, жаншылу аралығының кемдігі - 0,1 м кем болып өлшенеді.
34. Жаншылу, шығанақ және кеңірдекше қатарудың ақауын табу кезінде табылған барлық ақаулардың өлшенген параметрлерін осы Қағиданың 2 немесе 5-қосымшаларында көрсетілген нормалармен салыстыру негізінде қалдық деформация бойынша корпустың техникалық күйі жөніндегі қорытынды жасалады.
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
25-қосымшасына
1-қосымша
Полособульба №
|
5
|
5,5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
12
|
14а
|
14б
|
200х(h-20) мм өлшемді полособульбаның теориялық салмағы, г
|
324
|
409
|
523
|
643
|
763
|
927
|
1162
|
1546
|
1990
|
2367
|
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
25-қосымшасына
2-қосымша
Корпус жаншылуы
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
25-қосымшасына
3-қосымша
Кеңірдекше
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
25-қосымшасына
4-қосымша
Шығанақ
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
25-қосымшасына
5-қосымша
Жаншылу
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасына
26-қосымша
Есептеу әдісімен пайдаланудағы кемелер корпустарының техникалық жай-күйін анықтау
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқау есептеу әдісімен пайдаланудағы кемелер корпустарының техникалық жай-күйін анықтау (бұдан әрі - Нұсқау), сондай-ақ осы Қағидасының 199-тармағына сәйкес бір жобадағы кемелер сериясын тозу нормалары мен қалдық деформациясын есептеу үшін арналған.
2. Нұсқау осы Қағиданың 197-тармағына сәйкес кемелердің І-тобына жататын корпустарының техникалық жай-күйін анықтау үшін қолданылады.
3. 2-тармақта көрсетілмеген кемелерге арналған осы қосымшаны колдануға Кеме қатынасының тіркелімінің келісімімен рұқсат етіледі.
4. Кеме корпусының техникалық жай-күйі қор беріктіктің нормативтік мағынасына көбейтіліп корпустың ақырғы сәтін есепті майысу сәтімен салыстыру нәтижесі бойынша анықталады.
5. Бір жобадағы кеме корпустарының қалдық қалыңдығы мен деформация параметрлерінің мүмкін болатын мағынасының нормативтерін жасау кезінде болуы мүмкін ақау комбинациясының (тозу мен деформацияларын) параметрлерінен корпустың ақырғы сәтінің тәуелділігін анықтау мақсатымен есептеу сериясы орындалады.
6. Корпустардың техникалық жай-күйін есептеу тәсілімен анықтау үшін мынаны ескере отырып әзірленеді:
1) нақты кеме корпусының техникалық жай-күйін есептеу тәсілімен анықтау кезінде инспекцияға осы Нұсқаудың 3-тарауына сәйкес орындалған ақау табу актісі мен есептер ұсынылады.
2) Кеме қатынасы тіркелімінің есебінде тұрған бір жобадағы кемелер сериясы үшін байланыстардың тозуы мен қалдық деформациясының нормативтерін жасау кезінде осы нұсқауларға сәйкес корпустың жалпы беріктілігі талаптарымен анықталған есеп нормативтері, сондай-ақ осы кемелер сериясы үшін өзгеріссіз қалатын осы Қағиданың нормативтері қоса берілетін нормативтерді есептеу нәтижесі нұсқаулық хат түрінде рәсімделеді.
Нұсқаулық хат осы жобада есепте тұрған кемелер Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерімен бекітіледі;
3) Нұсқаулық хат бірнеше Кеме қатынасының тіркелімі аймақ қызметкерлерінің есепте тұрған бір жобадағы кемелер сериясы үшін корпустардың тозуы мен қалдық деформациясының рұқсат етілген мәндерімен есептеу нормативтері, осы Нұсқаудың 6-тармағының 2) тармақшасына ұқсас жасалған Кеме қатынасының тіркелімімен бекітіледі.
2. Корпус ақауларын нормалау параметрлері
7. Осы Нұсқаудың 5-тармағына сәйкес тозу мен өзгерістер нормативтерін жасау кезінде есеппен кеме ұзындығының орта бөлігінде, яғни мидельшпангоуттан ұшы мен корма 0,35L арақашықтықта орналасқан, қалдық қалыңдықтары мен байланыс деформациясының параметрлері анықталады.
Кеменің есепті бойлық қималары көрсетілген шектен аса орналасса, онда есептелген параметрлерінің қолдану саласы да лайық кеңейтіледі.
8. Тозулардың және деформациялардың жекелеген нормативтерін әзірлеу кезінде, байланыстардың, корпустың бір бойлық қималарындағы палуба мен түптердің жаншылуының қосынды ұзындығы (жүктік палубаның кемелік-алаңын қоспағанда), түптегі, палубадағы (кеме-алаңның палубасын қоса) екінші түп төсеміндегі жаншудың майысу жебесінің рұқсат етілген орташа қалдық қалыңдығы, ал палубалардың көлденең жүйелі жиынтығының, түптің және ширстректі белдіктің кемелері үшін - осы құрылымдардағы майысу жебесі белгілененді.
9. Орташа қалдық қалыңдықтарының және бойлық аралықтардың, борттардың және ішкі борттардың деформацияларының нормативтері жалпы беріктілік есеп негізінде анықталмай, осы Қағидаға сәйкес тағайындалуы мүмкін.
Мұндай жағдайда рұқсат етілген қалдық қалыңдығы және деформациялардың параметрі бұл конструкцияларда басқа байланыстардың тозулар және деформациялар нормативтерін әзірлеу кезінде жалпы беріктілік есебінде ескеріледі.
10. Шеттер үшін кеме орта бөлігінің палубасы мен түбі жаншылудың ең шеткі майысудың және палуба төсенішінің кеңірдектелуінің, түп және ширстекті белдіктің қаптамаларының көрсеткіші есептеу нәтижесіне қарамастан, осы Қағиданың 201-тармағында ІІ-топтың кемелерінің шеті үшін белгіленгеннен жоғары қабылдана алмайды.
11. Есеппен белгіленген рұқсат етілген жаншылудың майысу көрсеткішінде қаптама мен жинақтардың қиратылуына жол берілмейді.
3. Корпустың техникалық жай-күйін анықтау
12. Корпустың жарамды техникалық жай-күйінде жалпы беріктілік талаптары орындалуы тиіс
Мпр экс ≥ Kгодн|Мр| (1)
мұндағы Мпр - кНм абсалютті ұзындығы бойынша иілу мен тым аса майыстыру үшін тозу мен қалдық деформацияларын ескере отырып анықталған пайдаланудағы кеме корпусының шекті сәті.
Кжарам - жарамды техникалық жай-күй үшін беріктілік қор коэффицентінің нормалық мәні;
Мр — кНм модулі бойынша алынған майысу мен асыру иіп жіберуді есептелінген иілу сәті.
13. Пайдаланудағы кеме корпусының шекті сәті мынадай формуламен есептелінеді:
(2)
мұндағы Wпайшм - шамамен осы балансқа қатысты кернеу қимасының бірден-бір нүктесінде қалдық қалыңдықтары мен деформация параметрлер уақыттары байланысын ескере отырып, қаралып жатқан корпус қимасының қарсыласу сәті, м3;
п — жергілікті салмақ келтірмейтін байланыстармен бірдей қабылданатын көрсетілген байланыстағы қауіпті кернеу.
(3)
жергілікті салмақ келтіретін байланыстар үшін
(4)
мұндағы ReH — материал ағынының шегі, МПа;
(5)
14. Беріктілік запас коэффициентінің нормативтік мәні Кгодн осы Нұсқаулықтың 26-қосымшасына 1-қосымшада көрсетілген.
15. Кемені майыстыру мен аса иіп жіберу кезінде иілімсәтінің есепті мәні ІЖКЖҚ және АЖКЖҚ-ның 1-бөлімі талаптарына сәйкес есептелінеді.
Оларды пайдалану тәжірибесін растау шартымен және Кеме қатынасының тіркелімімен арнайы келісілгеннен кейін кеменің техникалық жобасында қабылданған есепті иілім сәтінің мәнін қолдануға рұқсат етіледі.
16. Шекті сәт бойынша жалпы беріктілігі кеме ұзындығы бойымен иілімсәтін тарату есебімен әбден босатылған екі-үш бойлық қималарда тексерілуі тиіс.
Сонымен қатар қима босануының конструктивтік себебі, сондай-ақ байланыстардың тозуы мен қалдық деформацияларымен негізделген беріктіліктің төмендеуі деп есептелінуі тиіс.
Егер кеме ұзындығы бойымен әбден босанған қималардың орналасқан жері күмән келтірмейтін болса, олардың бір қимасында беріктілігін тексеруге рұқсат етіледі.
17. Корпустың техникалық жай-күйін анықтау үшін осы Нұсқаудың 1-теңсіздігін тексеру қажет.
Егер ол орындалып жатса, корпустың техникалық жай-күйі осы Қағиданың 204-тармағын ескере отырып 201-202, 205-тармақтарының, сондай-ақ осы Нұсқаудың 20-тармағының талаптарын орындау шартымен жарамды болып танылады.
Егер осы Нұсқаудың 1-теңсіздігі орындалмай жатса, кеме иесі Кеме қатынасының тіркеліміне шектеулермен пайдалану ұсыныстарын ұсына алады.
Шектеулер ретінде есепті иілімсәтін азайтатын шектеулер қабылданады (осы Қағиданың 136-тармағы).
18. Қабылданғаннан шектеулерден кейін кемені пайдалану мүмкіндігін қарастыру үшін теңсіздік орындалып жатқанын тексеру қажет.
Мпр.экс ≥ Kгодн Мр.огр (6)
мұнда, Мр - пайдаланудың қабылданған шектеулерінен есептелінген есепті иілім сәті.
19. Егер осы тараудың 6-қосымшасының теңсіздігі орындалған жағдайда, онда жергілікті беріктілік, жергілікті тозу мен растау осы Қағиданың талаптарын орындау шартымен белгіленген шектеулермен кемені осы Қағиданың 230, 204 және 207-тармақтарына сәйкес пайдаланылуы рұқсат етіледі.
Осы Нұсқаудың 6-теңсіздігі орындалмаған жағдайда корпустың техникалық күйі жарамсыз болып танылады.
20. Егер теңсіздік орындалып жатса, осы Қағиданың 206-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көрсетілгендерді асыратын параметрлерімен рама байланыстарының жиек деформациялары жіберілуі рұқсат етіледі.
(Wтозу/Wр)(аКкд+1-а)≥b, (7)
мұндағы Wтозу — тозу есебімен есептелінген байланыстардың бойлық қимасының қарсыласу сәті;
Wp — қарастырылатын байланыстардың бойлық қимасының қарсыласу сәті;
Ккд — мынадай формула бойынша есептелінетін жиек деформацияларының аралық беріктілігіне ықпал ету коэффициенті:
Ккд= 1 - f/hс [-1,875 + 0,106 hс/tс + 35,06(f/hс)2 -0,0012(hс/tс)2(f/hс) - 0,575(hс/tс)(f/hс)2] (8)
мұнда, hс, tс — аралық қабырғаларының ұзындығы, қалыңдығы, мм;
f — қабырға қаңсуының иілім көрсеткіші, мм;
а — коэффициент; егер шпангоуттың бимс және флормен байланыс бөлігі зақымданбаған (темір табақтың тұрақтылығы жоғалмаған, жарықтар мен жарылулар жоқ) флорлар мен бимстер ұштары және кеменің кез-келген аумағындағы борттық жиынының рамалық байланысы үшін а = 0,67; рамалық жиынының қалған аралықтары үшін а = 1;
b — коэффициент; борттық жиынның рамалық байланысы үшін b = 0,55, II топ кемелерінің қалған байланыстары үшін және І топ кемелерінің ұштары үшін b = 0,60, І топ кемелерінің орта бөлігіндегі флор, бимс, кильсондар және карлингстер үшін b = 0,70.
Барлық жағдайда теңсіздік орындалады:
f ≤0,2 hс. (9)
21. Ұзындығы 50 м және одан кіші кемелер үшін осы Қағиданың 12-18-тармақтарына сәйкес есептерді орындамауға рұқсат етіледі.
22. Корпустың техникалық жай-күйі жарамды деп есептеледі, егер палубалық және түптік белдік үшін теңсіздікті орындау қамтамасыз етілсе:
F.экс≥kF (10)
мұндағы F.жс - корпустың бойлық палубалқы байланыстарның немесе түптік белдігіктің көлденең қимасы Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасының 318-тармағының нұсқауларына сәйкес, корпустың қалдық байланыстарын есепке алып анықталатын қосынды ауданы;
F - жобаланатын кемелер үшін Қағидамен талап етілетін палубалық немесе түптік белдіктің бойлық байланыстарының көлденең қимасының қосынды ауданы ІЖКЖҚ 1-бөлімінің 318-тармағын пайдаланған және АЖКЖҚ 1-бөлімінің 23, 29, 34-тармақтарына сәйкес.
k - байланыс тобының орташа қалдық қалыңдығының нормаларына саны жағынан тең етіп қабылданатын коэффициент (осы Қағиданың 1-қосымшасы).
Палубаның және түптің бойлық қабырға қаттылығында жаншылу болған кеззде, сондай-ақ жаншылу зонасындағы оған жанасатын палуба төсенішінің және түп қаптамасының пластиндары F.жс. анықтау кезінде ескерілмейді.
Есептеу үшін осы Нұсқаудың 16-тармағының нұсқаулығына сәйкес едәуір көлденең қималары таңдалады.
4. Корпустың шекті сәтін анықтау
23. Пайдаланудағы кеме корпусының шекті сәтін ІЖКЖҚ 1-бөлімі 4-тарауының және Нұсқаудың 4-тарауына сәйкес анықталады.
24. Қабырғалар арасының жартысына тең енімен белдіктері жалғанған түрі өзгерген бойлық қаттылық қабырғалар Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасының 1-бөлімінің 4-тарауына сәйкес анықталатын кему коэффициенттерімен эквивалентті білеуге қосылуы керек, мұндағы түрі өзгерген қабырғаның иілім көрсеткіші Һ өлшем негізінде қабылданады (осы Қағиданың 25-қосымшасы).
Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген түрі өзгерген қабырғалардың басқа да редукциялау тәсілдерін қолдануға рұқсат етілуі мүмкін.
25. Тілімшелердің редукциялық коэффициентін ІЖКЖҚ 1-бөлімінің 4-тарауының талаптарына сәйкес анықтайды.
Жиынның бойлық жүйесінде тілімшелердің редукциялық коэффициентін кемені жасау механикасы тәсілімен анықтауға рұқсат етіледі.
Шығанақ пен кеңірдекше теңдікті орналасқан аумағында тілімшелер үшін кеме жасау механикасының теңдігі міндетті түрде қолданылуы тиіс, оған қоса бастапқы иілімнің көрсеткіші өлшемдер негізінде белгіленеді.
Бойлық жиын жүйесіндегі тілімшелердің редукциялық коэффициенті осы Нұсқаудың 24-тармағына сәйкес анықталған оның бойлық қабырғаларын тірейтін коэффициентінен аса болуы мүмкін емес.
26. Бойлық қаттылық қабырғаларының редукциялық коэффициенті, бойлық байланыстардың көлденең алаңын және олардың инерцияларсәті осы байланыстардың қалдық қалыңдықтарымен, яғни корпустың ақауын табу кезінде өлшенген байланыстардың тозуымен есептелінуі тиіс.
Деформацияланған бойлық қабырға қаттылығын және бухтин және кеңірдектеу ауданындағы пластиннің редукциялық коэффициентін ақау кезіндегі өлшенген иілім және пластин үшін анықтайды.
Қалдық қалыңдық және деформацияның жекелеген нормативтерін әзірлеу кезінде деформацияланған бойлық қабырға қаттылығының санын осы көлденең қимадағы жаншылудың қосынды ені бойынша қабылдайды.
Жиынтықтың көлденең жүйесіндегі корпус ауданында сондай-ақ палубаның, түптің және ширстректі белдіктің барлық пластиндарын майысу көрсеткішін кеңірдектеу кезінде рұқсат етілгенмен, деформацияланған деп саналады.
27. Корпустың техникалық жай-күйін болжамдау кезінде шекті сәтін анықтау үшін қажет байланыстар тозуының есепті жылдамдығы қаралып жатқан кеме немесе кеме сериясының ақауын табу материалдарын өңдеу нәтижелері, ал егер мұндай материалдар болмаған жағдайда - ІЖКЖҚ 23-қосымшасы және АЖКЖҚ 5-қосымшасы бойынша қабылданады.
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
26-қосымшасына
1-қосымша
Кеме сыныбы
|
Кжарам
|
«Л», «Р», «О», «М»
«О-ПР»
«М-ПР»
«М-СП»
|
1,15
1,19
1,26
1,27
|
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасына
27-қосымша
Еспелі біліктің резеңке металды біліктіректердегі саңылаулар нормалары
Еспелі біліктің қаптауының сыртқы диаметрі, мм
|
Білік қаптауы мен резеңке металлды тақтайша жиын арасындағы саңылау, мм
|
Дейдвудты құбырлардың төлкелері үшін және кронштейнді еспелі біліктер үшін қондырғылар
|
Пайдаланудағы ақырғы
|
Дейдвудты құбырлардың алдыңғы және артқы жағының төлкесі үшін
|
Еспелі біліктің кронштейнді төлкелері үшін
|
50-100
|
1,10-1,30
|
2,8
|
4,0
|
101-150
|
1,20-1,40
|
3,0
|
4,4
|
151-200
|
1,30-1,50
|
3,3
|
5,0
|
201-250
|
1,40-1,60
|
4,0
|
6,0
|
251-300
|
1,60-1,90
|
4,5
|
6,6
|
Более 300
|
1,70-2,20
|
5,0
|
7,0
|
Ескертпе. Кронштейндер болмаған жағдайда мойынтіректердегі қондырылған саңылау 30% кемуі мүмкін.
|
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасына
28-қосымша
Гельмпортты төлкелердегі саңылау нормалары
Орнату белдігіндегі баллер диаметрі, мм
|
Төлке мен баллер арасындағы саңылау, мм
|
орнатулар
|
Пайдаланудағы ақырғы
|
25-50
|
0,20-0,30
|
1,5
|
51-100
|
0,25-0,35
|
2,0
|
101-150
|
0,30-0,40
|
2,5
|
151-200
|
0,35-0,45
|
3,0
|
201-250
|
0,40-0,50
|
3,5
|
251-300
|
0,45-0,55
|
4,0
|
301-350
|
0,50-0,60
|
4,5
|
351-400
|
0,55-0,65
|
5,0
|
401-450
|
0,60-0,70
|
5,5
|
451-500
|
0,65-0,75
|
6,0
|
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасына
29-қосымша
Электр жабдықтың техникалық жай-күйін анықтау бойынша
әдістемелік нұсқаулық
1. Жалпы нұсқаулық
1. Электр жабдықтың техникалық жай-күйін анықтау бойынша Әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) осы Қағиданың 59-тарауында көрсетілген талаптарға пайдалану үшін жасалды және кезекті куәландыру кезінде кемелердің электр жабдықтарының техникалық жай-күйін анықтау үшін арналған.
2. Бұл Әдістеме сондай-ақ алғашқы, жыл сайынғы және электр жабдықтың техникалық жай-күйін анықтау қажеттілік кезінде кезектен тыс куәландыруларда пайдаланылады.
3. Электр жабдықтың ақауын табу электр жабдықтың ақауын табуға Кеме қатынасының тіркелімінің Тану туралы куәлігі бар мекеме маманымен, кеме иесінің өкілі қатысуымен жүргізіледі.
Электр жабдықтың ақауын табу кезінде алдыңғы ақау табу материалдары мен пайдалану құжаттары: сызбалар, схемалар, формулярлар, паспорттар, сипаттамалар, машиналық және электротехникалық журналдар қолданылады.
4. Электр жабдықтың ақауын табу кезінде орындалады:
1) электр жабдықтың көзбен шолып бақылау үшін рұқсат етілген барлық элементтерін қарау;
2) жүктеме салып әрекетте тексеру;
3) электр машиналардың біліктерінің оқшаулау, диаметр, коллекторлардың тозуы мен соғылуы мен байланыс сақиналар, ауа саңылаулары, ось қарқын қарсыласуын өлшеу.
5. Кемеде орнатылған барлық электр жабдықтар ақау табуға жатады.
Ақаулық көлемі ақау табу бойынша нұсқаулықпен анықталады.
6. Әрекетті жүктемемен тексеру электр жабдықтың тура жұмысын орындау бойынша, оны тексеруді айтады.
Кеменің қозғалтқыш режимді қамтамасыз ететін электр жабдық әрекетте тексеріледі.
7. Ақау табу мақсатында электр жабдығын жасау барлық қажет өлшеулердің орындалуын және электр жабдық элементтерінің техникалық күйін анықтауды қамтамасыз ететін көлемде орындалады.
8. Жөндеу жұмыстары арнайы цехта жүргізілетін электр машиналарды кемеде бөлшектеуге және ақау табуға жатпайды.
9. Электр жабдықты қарау, әрекетте тексеру, оқшаулау қарсыласуын өлшеу және басқа параметрлері негізінде оқшаулаудың қарсыласу өлшемдері және электр машиналардың осы Әдістеменің 4-тармағының 3) тармақшасының параметрлерінде көрсетілген басқаларына қоса электр жабдықтың ақау табу актісі жасалады.
Әзірленген акт куәландыру жүргізетін және жөндеу жұмыстар көлемін келісетін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне ұсынылады.
Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерінің қатысуымен электр жабдықтың параметрлерін соңғы өлшеуін талап етіледі.
Ұсынылған акт нысаны осы Әдістеменің 1-қосымшасында көрсетілген.
2. Электр жабдығының оқшаулауының қарсыласуы бойынша техникалық жай-күйін анықтау
10. Оқшаулаудың қарсыласу өлшеулері кернеусіз, ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген электр жабдық өшірілгеннен кейін бірден жүргізіледі.
11. Оқшаулаудың қарсуласуын мыналарда өлшейді:
1) электр машиналарда - орамалар және корпус арасында мен түрлі жанасатын фаза, тарау, кернеулер орамалар арасында (бұл мүмкін болса);
2) таратқыш құрылғыларда - шина мен корпус арасында және түрлі фазалар мен ішкі өшірілген тізбек, жұмысшы жерге қосылулар, кернеу катушкалар, жарты өткізгіш элементтерінде және басқа арасында;
3) кабельдерде - кеменің әр желісі мен корпус арасында және желілер арасында.
12. Электр жабдықтың оқшаулау қарсыласуын ауыспалы мегаомметрмен өлшейді.
Мегаомметрдің шығу кернеуі осы Қағиданың 29-қосымшасының 2-қосымшасында көрсетілген электр жабдықтың номиналды кернеуіне сәйкес келеді.
13. Аккумулятордың оқшаулауының қарсыласуы айтылған ішкі қарсыласуымен вольтметр арқылы өлшейді.
14. Оқшаулау қарсыласуы Rm, мынадай формула бойынша есептелінеді, Мом:
Rиз = Rв[U-(U1+U2)]/(U1+U2) (1)
мұндағы Rв — вольтметрдің ішкі қарсыласуы, МОм;
U — аккумуляторлардың қысқыштарындағы кернеу, В;
U1, U2 — сәйкесінше оңды және теріс полюстар мен кеме корпус арасындағы шама әр түрлілігі, В.
15. Оқшаулау қарсыласуды өлшеу, ереже бойынша + 100С кем емес температуралы қоршаған ортада жүргізіледі.
16. Оқшаулау қарсыласудың мағынасының есебін сынау кернеулерін қосқаннан соң 1 минуттан кейін жүргізіледі.
17. Электр жабдықтың оқшаулау қарсыласуын өлшеу нәтижелері осы Қағиданың 29-қосымшасының 3-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес кестеде көрсетіледі.
Оқшаулау қарсыласудың өлшенген мағынасы осы Қағиданың 10-қосымшасында көрсетілген оқшаулау қарсыласу нормасымен салыстырады.
3. Электрлі машиналардың техникалық жай-күйін анықтау
18. Электр машиналарын сыртқы бақылау кезінде мыналарды тексереді:
1) жинақтылық (барлық элементтер мен тораптардың бар болуы);
2) станиннің, қалқан мойынтіректердің, қақпақтардың, шығу қораптарының, лаптың техникалық күйі;
3) электр машиналар мен оның жеке детальдарының бекітілуінің техникалық жай-күйі (муфта, көру қақпақшалары, қақпақшалар, желдеткіш тор, траверс, щеткаұстағыштар);
4) жерге тұйықтау құрылғыларының техникалық жай-күйі мен бар болуы;
5) траверстің жай-күйі, щеткалы аспап, коллектор не контакті сақиналардың техникалық жай-күйі;
6) ораманың бекітілуі, жамылғы лактың, бандаж, ораманың мандай бөлігінің техникалық жай-күйі;
7) мәжбүрлік вентиляция жүйесінің техникалық жай-күйі, сумен салқындату жүйесі.
19. Сыртқы бақылау қорытындысы қанағаттандырылғаннан кейін және оқшауландыру кедергісі өлшенген соң, электрлік машина жүктемеге сыналады. Бұл жағдайда мыналар тексеріледі:
1) машинаның барлық бөлігі не оның кейбір бөліктерінің қызып кетуі;
2) коллектор не байланыс сақинасының ұшқындау дәрежесі;
3) тарсыл, діріл, шу ерекшелігі;
4) айналу жиілігі не номиналды кернеуін ұстап тұру.
Кернеуді бақылау қалқанды не қозғалмалы, дәлдік сыныбы 2,5-тен кем емес вольтметрмен жүзеге асады.
Айналу жиілігін бақылау тахометр не қалқанды жиілік өлшегішпен жүзеге асырылады (генераторлар үшін).
20. Жүктемемен тексерілгеннен кейін, техникалық жай-күйі мен жөндеу көлемі анықталу үшін электрлік машинаның параметрлері өлшенеді.
21. Орамадағы ақау анықтау кезінде оқшаулану кедергісі, айналым мен паздық оқшауланудың техникалық жай-күйі тексеріліп, орамадағы не шығу жолында үзілу, айналымның тұйықталуы және т.б. барлығы жөнінде анықталады.
22. Тұрақты және айнымалы токты электрлік машиналардың орамасындағы ақауды анықтау үшін электронды аспаптарды пайдаланады.
Осы аспаптардың көмегімен ақау анықтауды арнайы пайдалану туралы нұсқауға сәйкес жүзеге асырылады.
23. Айнымалы токты машинаның ротор мен статор аралығында және тұрақты токты машинаның полюс пен зәкір аралығында ауа саңылауы, егер осы мүмкін және қажет болса, ағаттығы 0,1 мм-ден кем емес қуыс бұрғымен өлшенеді.
Өлшеу қорытындысы бойынша ең үлкен (не ең кіші) саңылаудың орташа мәндегі саңылауға қатынасы есептеледі және электронды машинаның формулярында келтірілген мәнмен салыстырылады.
24. Сырғанай айгөлектегі ротордың (зәкір) осьтік екпіні индикатор арқылы өлшенеді.
Екпінді өлшеу үшін роторды бір жаққа тіреуішке дейін итереді. Қарама қарсы жақтан индикаторды оның ұшы машинаның валы ұштығына тірелетіндей етіп бекітіледі. Содан кейін роторды (зәкір) индикаторға жаққа қарай қозғалдырады және ондағы мәнмен ағаттығы 0,1 мм-ден аспайтын осьтік екпінді анықтайды.
25. Коллекторда ақау анықтағанда оның техникалық жай-күйі, конустың бекітілуі, құраманың техникалық жай-күйі, коллекторлық пластина арасындағы оқшаулық, пластиналардың жұмыс беті, тиыршықтың болуы, жапырылу, сақиналы тәуекел, айналмалы оттың ізі, күйік, қорытылуы және т.б. тексеріледі.
Жөнделген машинада коллектордың беті қоңырқай түсті оксидті пленка қабаты бар таза және тегіс болуы қажет.
26. Дәлдігі 0,01 мм коллектор мен байланыс сақинаның дүрсілі индикатормен өлшенеді.
Индикатордың білікшесін коллектордың пластинасына тиюін болдырмау үшін, білікшенің аяқ жағына сегмент түріндегі лапка немесе жақсылап сүртілген щеткаға білікшені орнатады.
Егер де машинада сырғанау айгөлегі болса, индикаторды коллектордың жоғарғы не төмен бөлігінде орнатады (контакт сақиналары).
27. Щетка мен щетка ұстағыштарда ақау анықтағанда, щетканы коллекторға қысылуын қамтамасыз ететін серіппенің техникалық жай-күйі, щетка мен щеткаұстағыштың ыдысының арасындағы саңылау, коллектор мен щеткаұстағыш ыдысының арақашықтығы, щетка ұстағыш саусақтарының оқшаулану кедергісі, щеткалардың тозу дәрежесі мен жгутиктердің престелу сапалылығы, траверс, щеткаұстағыш пен саусақтың бекітілу қатаңдығы, щетка ұстағыштың серіппелеріндегі коррозияға қарсы жабынның техникалық жай-күйі тексеріледі.
Щетканың коллекторға қысылу екпіні дәлдігі 10 Н-ден аспайтын динамометрмен өлшенеді.
28. Теңселу айгөлектің тораптарында ақау анықтағанда айгөлектің білікке сапалы орнатылуы, капсюль не ұясында, капсюльдің ұяға орнатылуы, шарик пен роликтердің бетінің қабыршақтануы, жүгіру кілемшелері, сепаратор мен ішкі және сыртқы сақиналардағы оқ орны, бұзылған шарик не роликтардың, капсюльдің фланцындағы жарықшақ пен омырылу болуы тексеріледі.
29. Сырғанау айгөлегінде ақау анықтағанда айгөлекті ыдысқа кіргізілуі, құйылудың жағдайын антифрикциялық металмен тексеріледі.
Білік пен айгөлек арасындағы саңылауды оның жоғарғы нүктесі мен қыстырма арасын дәлдігі 0,01 мм-ден аспайтын қуыс бұрғы арқылы өлшенеді.
Қалақшалы электр қозғалтқыштың айгөлектеріндегі саңылауды «сығымдау» әдісімен өлшеу мүмкіндігі бар.
30. Біліктің ақауын табу кезінде мойындарында саңылаулардың болуы, мойындардың тозуы, білік қабатының орнату алаңының эллиптілігі және конустылығы, кілтекті жіктің күйі тексеріледі.
31. Желдеткіш қанаттың ақауын табу кезінде радиал және осьті бағыттардың ұрылуын, төлкені білік үстіне отырғызу сенімділігі, дәнекерлеу тігісі және тойтарма, қанат қабаттары күйі тексеріледі.
32. Активті темірдің ақауын табу кезінде оның қабатының техникалық күйін, пакет басылуы сапасын, оларды білік үстіне қондыру беріктілігін және статор темірінің жылжуы болмағандықтан, тартымды бұранданы оқшаулаудың техникалық күйін тексереді.
33. Электр машинаның ақауын табу, сондай-ақ диаметр өлшемдері және байланыс сақиналар мен коллекторлардың, ауадағы саңылаулар, біліктердің осьті екпін ұрылуы осы Қағиданың 29-қосымшасына 4-қосымшада белгіленген нысанға сәйкес кестеде көрсетеді.
34. Өлшенген коллектор мен байланыс сақиналадың соғылу мағынасын осы Қағидада көрсетілген соғылу нормасымен салыстырады.
35. Өлшенген коллекторлар және байланыс сақиналарын, ауадағы саңылаулардың диаметр мағынасын осы машинаға рұқсат етілу шегімен салыстырады.
Егер өлшенген мағыналар рұқсат етілу шегімен тең немесе аса болса (диаметрлер үшін - кем) техникалық күйі жарамсыз болып танылады.
Техникалық жай-күйі сондай-ақ, ақау табу кезінде осы Қағиданың 442-тармағында көрсетілген ақаулар табылса жарамсыз деп танылады.
4. Тарату құрылғылардың техникалық жай-күйін анықтау
36. Тарату құрылғыларын сыртқы бақылау кезінде корпус пен панельдердің техникалық жай-күйін, оларда орнатылған аспап пен құралдар, токөткізгіштік бөліктер мен корпустардың бекіту бөлшектері, доңғалақтар, кабель мен желілер, оқшаулану панельдер мен т.б. тексеріледі және ондағы сызат, күйік, жаншылу, тиыршық, қалақшаның сынуының болуы, коррозия, сонымен қатар рең мен жерге тұйықтаудың техникалық жай-күйі тексеріледі.
37. Сыртқы бақылаудың қорытындысы қанағаттандырылса, тарату құрылғысы оқшаулану кедергісі өлшенген соң электр энергиясы мен кабельдермен бірге жүктемеге тексеріледі.
38. Тарату құрылғысының ішкі монтажының желілерінің ақаулығын анықтағанда, оқшауланудың техникалық жай-күйі, ұштарының бекітілуі, таңбалануының болуы тексеріледі.
Егер желінің оқшаулануы иілу кезінде оның екі диаметріне тең радиус бойынша үзілсе, онда желі ауыстырылуға жатады (тексеру іріктеліп алынады).
Оқшаулану панелінде қатпарлану, сынық, оқ орны, күйіктің болуы тексеріледі.
39. Коммутациялық аспаптарда ақау анықтау кезінде оның контактысының бөліктерінің жағдайы тексеріледі: жанасу үстін, тетікті басудың бастапқы және соңғы жігері, контактының ойылым мен ашылған жері, оқшауланудың техникалық жай-күйі, автоматтық ажыратқыштардың контактыларының тұйықталу реті, ал электр жетекті автоматтық ажыратқыштардың барлық электр және механикалық тораптары анықталады.
40. Байланыстардың жанасу беттерін анықтау үшін көшірме және таза қағаз салынады, содан кейін аспап толық қосылғанға дейін оның якоріне басып тұрады. Қағаздағы даққа қарап, жаңасу беті туралы жорамалдауға болады.
41. Байланыстың бастапқы басу жігерін бақылау үшін, динамометрді қозғалатын контактыға қозғалмайтынмен жанасу бағытымен бекітіп қойып, ал якорь мен өзек арасына жұқа қағаз салынады. Динамометрмен керіп тартқан кезде қағаз еркін орын ауыстыра бастағанда, санақты бастау қажет.
42. Тетікті басудың соңғы жігері тұйықталған контактысы бастапқы кезіндегідей тексеріледі. Бұл жағдайда қағаз жолағы контакт арасына салынады.
Егер тарату құрылғыларында ақау анықтау жұмысы жүргізілген кезде осы Қағиданың 442-тармағында көрсетілгендей ақау анықталса, тарату құрылғыларының техникалық жай-күйі жарамсыз деп танылады.
5. Кабельдің техникалық жай-күйін анықтау
43. Техникалық жай-күйін анықтау үшін кабельдің оқшаулануы, олардың жалғануы қаралады, бекітілу сенімділігі тексеріледі, оқшаулану кедергісі өлшенеді.
Кабельдердің оқшаулануының зақымданған жерлерін (корпусқа тұйықталу, желі арасы не желі жырасындағы тұйықталу) анықтау үшін арнайы құралдар пайдаланылады.
44. 20 жылдан астам қызмет еткен кабельдер келесі реттік куәландыру кезінде құралдық бақылауға ДИПСЭЛ құралымен немесе соған сәйкес, немесе Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген арнайы тәсілдерді пайдалану арқылы тартылады.
Егер ақаулықты анықтау кезінде, осы Қағиданың 442-тармақтың 1) және 9) тармақшасында көрсетілгендей ақаулар табылса, кабельдердің техникалық жай-күйін жарамсыз болып саналады.
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
29-қосымшасына
1-қосымша
Кеменің электр жабдығының ақаулық
АКТІСІ
_____________________________________________________________________________________________ «___» __________20____ж.
(ақаулық жүргізу орны)
Кеменің аты __________________________________________________________________________________________________________
Кеме иесі ____________________________________________________________________________________________________________
Жоба № _____________________________________________________________________________________________________________
Біз, төменде қол қойғандар ______________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты-жөні және лауазымы)
______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
Электр жабдығына ақаулық жүргіздік
Қарау, әрекеттегі сынаулар және электр жабдықтардың параметрлерін өлшеу құжаттарымен танысу нәтижесінде келесіні белгілейді:
Соңғы орташа жөндеудің жылы, орны және реттік нөмірі _____________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
Электр жабдығының техникалық жай-күйі:
Ақаулық алдында ______________________________________________________________________________________________________
Алдыңғы куәландыру актісі бойынша _____________________________________________________________________________________
Ақаулық нәтижесі бойынша _____________________________________________________________________________________________
Жойылуға жататын ақаулықтар және жөндеу тәсілдері
№ р/н
|
Электрлік жабдықтың атауы
|
Табылған ақаулар
|
Жөндеу тәсілі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды
_____________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________
Қосымша: оқшаулаудың қарсыласуын өлшеу кестесі, электр машиналарының параметрлерін өлшеу кестесі.
Қолдары _____________________________________________
_____________________________________________________
Кеме қатынасы тіркелімінің Кеме қатынасы тіркелімінің
қызметкерінің қорытындысы
Электр жабдықтарының ақаулық нәтижесіне сәйкес техникалық күйі
____________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________ танылады.
Комиссиямен анықталған жөндеу жұмыстарының көлемі келісіледі.
Қосымша талаптар ____________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________
Кеме қатынасы тіркелімінің Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері ____________________________________________________________
«____» ___________20____ж.
________________________ _____________________________
(қолы) (тегі)
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
29-қосымшасына
2-қосымша
Электр жабдықтың номиналды кернеуі, В
|
36 дейін
|
37-400
|
401-1000
|
1000 жоғары
|
Мегаомметрдің шығу кернеуі, В
|
100
|
500
|
1000
|
2500
|
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
29-қосымшасына
3-қосымша
Электр жабдықтың оқшаулау қарсыласының өлшеу нәтижелері
Кеме атауы __________________________________________________________________________________________________________
Кеме иесі ____________________________________________________________________________________________________________
Мегаомметр типі, заводтық № __________________________________________________________________________________________
Күні ___________________________________________________
Электр жабдықтың атауы және оның номиналды кернеуі, В
|
Оқшаулау қарсыласуы, МОм
|
Техникалық жай-күйі
|
Фазалар мен полюстар арасынан
|
Фазалар мен полюстар арасынан
|
|
|
|
|
Қолдар ________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасына
29-қосымшасына
4-қосымша
Электр машиналарының параметрлерін өлшеу
Кеменің атауы_________________________________________________________________________________________________________
Кеме иесі _____________________________________________________________________________________________________________
Уақыт _______________________________________________________________________________________________________________
Машинаның атауы мен №, түрі, зауыттық №
|
Коллектор диаметрі,мм
|
Коллектордың дүрсілі, мм (қосылған сақина) мм
|
Біліктің осьтік екпіні
|
Ауа саңылауы
|
Техникалық жай-күйі
|
Өлшенген
|
Мүмкін шегі
|
Орташа мән
|
Орташа мәннен ауытқу
%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қолдары _______________________________________
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасына
30-қосымша
Экологиялық қауіпсіздік шарты бойынша кемелердің жергілікті жүзуін есептеу әдісі
1. Жалпы ережелер
1. Экологиялық қауіпсіздік шарты бойынша кемелердің жергілікті жүзуін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) үнемі немесе мерзімді Қазақстан Республикасының су жолдарында болатын кемелерді және жүзу құралдарын қамтиды, оның ішінде Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарына кіретін шетел кемелері.
2. Әдістеме экологиялық қауіпсіздіктің кемелік жабдығының құрамын ескеріп экологиялық қауіпсіздік шарты бойынша кемелердің жергілікті жүзу есебінің тәртібін белгілейді.
3. Әдістемеде мынадай терминдер қолданылды:
1) экологиялық қауіпсіздіктің кемелік жабдықтары - осы Қағидаға сәйкес кемелерден ластануды болдырмауды қамтамасыз ететін кемелік техникалық құралдардың және жүйелердің жиынтығы.
2) су жолдарының экологиялық сипаттамасы (бұдан әрі - СЖЭС) - кемені пайдалану шамаланған ауданындағы қабылдау құрылғыларының саны және дислокациясымен анықталатын кемелердің ең аз рұқсат етілетін жергілікті жүзуі (бұдан әрі - АЖ).
2. Экологиялық қауіпсіздік шарты бойынша кеменің жергілікті жүзуінің есебі
4. АЖ есебін кеменің экологиялық қауіпсіздігіне әсер етуші оларға орнатылған жабдықтың ұқсастығы шарты кезіндегі кеме сериясының бір жобасына жүргізіледі.
5. АЖ ластанудың келесі түрлері бойынша анықталады: мұнайы бар сулар (МС); пайдаланған сулар (АС); қоқыс (Қ).
6. Осы Қағиданың талаптарына сәйкес келетін бортында фильтрлеуші жабдығы және пайдаланған суларды өңдеуге арналған қондырғысы бар кемелер үшін АЖ.
7. Мұнайы бар сулар бойынша Tнв АЖ мынадай формула бойынша есептеледі:
THB=0,9VHB/QHB, (1)
Мұндағы VHB — МС арналған құрама цистернаның көлемі, м3. МС үшін арнайы цистерна болмаған кезде, VHB мәні машиналық бөлімшенің кеңістік көлемі немесе ауыспалы сыйымдылық көлемі ретінде анықталады.
QHB - кеменің түрі және қозғалтқыштың қуаты байланысты мұнайы бар сулардың есепті тәуліктік жиналуы м3/тәулік, осы Қағиданың 30-қосымшасына 1-қосымшада келтірілген нормаға сәйкес қабылданады.
8. Пайдаланған сулар бойынша Тсв АЖ бортында 10 аспайтын адамы бар кеменің барлық түрлері үшін анықталады және мынадай формула бойынша есептеледі, тәулік:
TCB=0,9VCB/QCB n, (2)
мұндағы VCB - АС, арналған құрама цистернаның көлемі м3;
QCB - әртүрлі кеме түрлеріне арналған пайдаланған сулардың жиналуының үлесті мәні м3/адам тәулігіне, осы Қағиданың 30-қосымшасына 2-қосымшада келтірілген;
п - кеменің бортындағы адамдар саны.
9. Қоқыс бойынша АЖ мынадай формула бойынша анықталады, тәулік:
TM=0,9Vм/Qм n, (3)
мұндағы VM - құрғақ қоқысты және азық қалдығына арналған құрылғы көлемі, м3;
QM - құрғақ қоқыстың және азық қалдығының тәуліктік есепті мәні м3/(адам тәулігіне), 3-кестеде келтірілген;
п - кеме бортындағы адамдар саны.
10. Қоқыс бойынша АЖ кеменің бортында осы Қағиданың талаптарына сәйкес тиісті инсинераторы бар кемелер үшін, инсинераторда жоюға жататын шығыстарға шексіз қолданылу қабылданады. Бұл АЖ есебінде арнайы айтылады.
11. Әрбір кеменің АЖ-сы немесе АЖ бірдей кемелердің сериясы кемені пайдалану жоспарланған ЭХВП бассейнімен салыстырылады.
12. ЭХВП үшін кіші немесе АЖ-ға тең кемелік құжаттарда су жолдарының (бассейндердің) атауы енгізіледі.
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
30-қосымшасына
1-қосымша
Басты қозғалтқыштардың қуаты
|
QHB м3/сут
|
Көліктік кемелер
|
Рейдтік, қосымша жүріп-тұратын кемелер, техникалық флот кемелері
|
55 - 220
220 - 440
440 - 660
660 - 890
890 жоғары
|
0,03 - 0,12
0,12 - 0,18
0,18 - 0,24
0,24 - 0,30
0,32
|
0,02 - 0,08
0,08 - 0,14
0,14 - 0,20
0,20 - 0,25
0,27
|
Ескертпе:
1) 5 жыл болған кемелерге нақтылайтын 0,8 коэффициентін енгізуге рұқсат етіледі;
2) басты қозғалтқыштың қуатынан тәуелсіз қолдаудың динамикалық тізбекті кемелері және су ығыстырушы кемелер үшін 0,07 м3 / тәу қабылданады;
3) жерсорғыш үшін басты қозғалтқыштың қуаты ретінде жер асты сорғысында немесе қарпығыш жетекпен жұмыс істейтін қозғалтқыш қуаты ескеріледі;
4) мәндері QHB кестеде ұсынылған пайдаланудың белгілі шарттарында бассейінде пайдалану шартының ерекшелігін немесе нақты кеме иесі ескерілетін басқа әдістерді қолдануға рұқсат етіледі.
|
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
30-қосымшасына
2-қосымша
Кеме түрі
|
Жоба №
|
QCB, м3/ (адам, тәу)
|
Жеке душ кабиналары және қол жуғышы бар ірі жолаушылар кемесі
Каюта қол жуғышы және жалпы душ кабинасы бар ірі жолаушылар кемесі
Каютасында қол жуғышы бар орташа жолаушылар кемесі
Ірі жүк және буксирлік флот
Орташа жүк және сүйрегіш кемелер
Кішкене жүк және сүйрегіш кемелер
Ішкі қалалық кішкене жолаушылар және жылдам кемелер
Бортында адамы бар техникалық флот және өздігінен жүрмейтін кемелер*
|
301, 302, 92 - 16
КУ - 040, КУ - 056
588, 26 - 37
305, 646, 785
507, 1565, 781,
791, 613, 758,
1557, 2-95 және басқалары
276, 866, Р 98 РМ - 376, Т - 63, 1606, 1660, Р - 96 және басқалары
780, 342 Э, 340 Э, 352,
Р - 51 және басқалары
|
0,18
0,14
0,12
0,12
0,09
0,07
0,003
0,09
|
* жер қазушы караван үшін пайдаланған сулардың жиналуы барлық кемелердегі, оның құрамына мынадай кіретін адамдар санынан туындайды
|
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
30-қосымшасына
3-қосымша
Ластану түрлері
|
QM, м3/(адам тәулігіне)
|
Құрғақ тұрмыстық қоқыс
Қатты азық шығыстары
|
0,002
0,0004
|
Ескертпе:
1) Санитарлық қағидалар және нормаларға сәйкес келуі қалыптасқан;
2) техникалық флоттағы тәуліктік жинақтауды жер қазушы караванның барлық кемелеріндегі адамдардың жалпы санына қатысты есептелінеді.
|
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасына
31-қосымша
Кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдықты сынау әдістемесі
1. Жалпы нұсқаулар
1. Кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдықты әрекетте тексеру Әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағдарлама бойынша кемені арқандап байлау немесе жүріске сынау кезінде жүргізіледі.
2. Сынақ штаттағы жабдық және құралмен жүргізіледі.
Сынау кезінде қолданылатын құралдарда құзырлы органның құжаттары және/немесе егер осы құрал тексеруге жататын болса, олардың мерзімдік тексеруге жататындығы туралы таңбасы болады.
3. Сынауға Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерімен тексерілген және сынақ жүргізуге кедергі келтіретін ескертулері жоқ объектілер, монтаждар рұқсат етіледі.
2. Сүзгілеуші жабдықтар
4. Сынақ жабдық есептелген шығару қабілеті болған кезде жүргізіледі.
5. Жабдықты сынау алдында байқауды таңдау үшін оның құрылғыдан пайда болуына дейін таза сумен толтырылу қажет, сонымен бірге штаттық айдау сорғысының шығару қабілеттілігі өлшенеді.
Сүзгілеуші жабдықты штаттық айдау сорғысыз орнатқан және монтаждаған жағдайда кемелік сорғыға қолданылған шығару қабілеті жабдықтың номиналды шығару қабілеттілігінен бір жарым еседен аспайды.
Су толтырылған жабдық арқылы 5 минуттан кейін оны және мұнайға апаратын құбырларды алдын ала ластау үшін мұнай өнімдері беріледі.
6. Онан кейін жабдыққа белгіленген режимге дейін жететін құрамында 5000 - 10000 млн-1 мұнайы бар мұнайсулы қоспа беріледі.
Сыналатын жабдықтың ішкі көлемінен кем болмайтын жабдық арқылы мұнай сулы қоспа көлемі өткізілгенде белгіленген режим болып саналады.
Көрсетілген мұнай сулы қоспа көлемін сүзгілеуші жабдық арқылы айдауды қамтамасыз ету үшін қажетті ең аз есепті уақыты мынадай формуламен анықталады:
= 2(Vс + Vф)/ Q, (1)
мұндағы Vс -сепаратор көлемі (фильтр), м3;
Vф - сүзгі көлемі, м3.
Q - сорғыштың беруі
7. Осы Әдістеменің 6-тармағында көрсетілген сынау 30 минут ішінде жүргізіледі. Сонымен бірге режиммен белгіленген 10-шы, 20-шы, 30-шы минуттарда кіру және шығуда және жабдықтан шығудың 30-шы сорғының тарту жағында кранды ашумен және мұнай және су клапандарының біртіндеп жабылуымен минутында байқауды таңдау кезінде ауаны іліп алу жүргізіледі.
8. Байқауды таңдау және талдау Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген сынау бағдарламасымен орындалады.
9. Ағындағы мұнай құрамы осы Қағиданың 32-қосымшасына сәйкес нормаланған көрсеткіш мәнінен аспайды.
10. Тетіктердің, мұнайдың мұнай жинауда болуын және жабдықтағы автоматты құю клапандарының жұмысын тексеру мақсатында, көрсетілген тетіктер жұмыс істегенге дейін таза мұнайлар жіберіледі.
Көрсетілген тексеруді мұнай жинау тетіктерінен бөлшектенген сезімтал элементтерді таза мұнай өнімдерінің сыйымдылығына батыру жолымен жүргізуге рұқсат етіледі.
11. Сынау кезінде тексеріледі:
1) жабдықтың жұмысы кезінде жалғаулардың тығыздығы;
2) автоматты режимде дұрыс қалыптасуы;
3) қолмен басқарудағы дұрыс қалыптасу;
4) сорғылық агрегаттардың және қызмет етуші жүйелердің дұрыс қалыптасуы;
5) автоматизация құралдарының, сигнал берудің және бақылаудың дұрыс қалыптасуы тексеріледі.
Сонымен бірге тексеруді тетік жүйелеріндегі тікелей шарттардың параметрлерінің қысылтаяң мәндерін құру жолымен жүргізуге рұқсат етіледі.
3. Сигнализатор. Мұнайы бар суларды автоматты шығаруға арналған құрылғы
12. Сынау мұнайы бар суларда және осы Әдістеменің 5-тармағына сәйкес суларда жүргізіледі.
13. Функционалды жұмыс қабілеттілігіне сынауды осы Әдістеменің 7-тармағына сәйкес мерзімді байқауды таңдаумен сүзгілеуші жабдықты сынаумен бірігіп жүргізеді. Сонымен қатар сынау іріктеу нүктесінде қысым қамтамасыз етілуі қажет, пайдалану шарты үшін сипат.
14. Байқау талдауының нәтижелері нақты мұнай құрамының + 20% шегінде қалатын құралдың қателігінен асып кетпеу қажет.
Шығару кезінде мұнай құрамының жоғарылауы туралы сигнал беруші құралдың көрсеткіші осы Қағиданың 32-қосымша мәліметтерімен сәйкес болу қажет.
15. Сынақ кезінде тексеріледі:
1) ұйымдастырушы-дайындаушының нұсқаулығына сәйкес мұнай құрамын тексеру үшін құралдың тербелісі;
2) сигналды құрылғының жұмысы берілген құрамның мәні асып кеткенде автоматты түрде іске қосылатын немесе құралдың паспортында қарастырылған басқа әдістермен борт сыртына тоқтатуды реттеуші органдарды бір мезетте қосумен жарық және дыбысты сигнал беруі қажет. Сигналды құрылғылар сондай-ақ құралдың кез келген ритмі бұзылғанда автоматты түрде іске қосылады;
3) шығаруды басқару құрылғысының жұмысы. Мұнайы бар суларды борт сыртына шығару рұқсат етілген нормадан асса тоқтатылады. Жүйенің кез келген бұзылған кезінде, сондай-ақ сөндірілген жүйе кезінде шығару тоқтатылады;
4) жүйенің борт сыртындағы клапанының орналасуының жергілікті көрсеткішінің болуы;
5) шығару қолмен басқару жұмысы.
4. Автоматты өлшеу, тіркеу жүйелері және балласты шығаруларды және жуу суларын басқару
16. Сынақтар суда жүргізіледі. Сынау кезінде тексеріледі:
1) сорғы жұмыстары, байқау іріктеу жүйесіндегі кемудің болмауы;
2) қашықтықтан басқарумен байқауды таңдауға арналған клапандар жұмысы;
3) қабылдауына байланысты пайдаланған қарқындылығы немесе қысым айырмасы, сондай-ақ жүйе жұмысы кезіндегі параметрлер ағынының дұрыстығы. Бұл сынақ әрбір байқау таңдау нүктесіне жеке жүргізіледі және өлшеу жолымен тексеріледі;
4) шығаруды басқару жүйесіне қатысты ішкі шарттардан туындаған бұзылған кездегі сигнал берудің жұмысы, мысалы, байқау таңдау жүйесінде ағынның болмауы, шығыс өлшеуіштен сигналдың болмауы, қоректің болмауы;
5) мәндердің дұрыстығын көрсету және шығаруды басқару жүйесінің суда жұмыс істеу кезінде оларды қолмен өлшеу жолымен нұсқаланған кіру сигналдарын үйлестіруі. «А» санатты шығаруды басқару жүйесі үшін шығаруды басқару құрылғысының әрекетке келтірілгендігіне және осы мәліметтер тіркелетініне көз жеткізіледі;
6) шығарудың лездік қарқындылығы 30 л/ теңіздік миль төмендегеннен кейін, қалыпты жұмыс жағдайының қалпына келу мүмкіндігі;
7) қолмен басқаруға көшкендегі тіркеудің болуы. Сонымен бірге «А» санатты бақылау жүйесіне арналған борт сыртына шығаруды басқару жүйесінің әрекетіне көз жеткізіледі;
8) «А» санатты бақылау жүйесі сөнген кездегі борт сыртан шығаруды басқару мүмкін еместігі;
9) пайдалану бойынша нұқсаулыққа және жұмыс істеу жүйесіндегі басшылыққа сәйкес шығару құрамын анықтауға арналған нөлдің орналасуы және құралдың тербелісі;
10) кез келген орнатылған шығыс өлшеудің дәлдігі, мысалы, шығыс танкідегі өзгеру деңгейі бойынша есептелуі мүмкін, бекітілген контур бойынша су айдау жолымен. Тексеру номиналды шығыстың тиісті 50 % тең шығысында жүргізіледі;
11) 40 секундтан асатын шығарудағы мұнай құрамының өзгеру сәтінен шығаруды тоқтатуға сигнал беру сәтіне дейінгі жүйенің жұмыс істеу уақыты.
17. Шығаруда мұнай құрамын автоматты өлшеу құралын сынау кезінде тексеріледі:
1) шығыс, қысым айырмасы немесе қандай параметр қолданылатынына байланысты басқа тең параметр;
2) құрал ішіндегі сигнал беру құрылғысы;
3) мұнай концентрациясының бірнеше мәніне арналған көрсеткіштің дұрыстығы (тексеру әдісі Кеме қатынасы тіркелімі мемлекеттік мекемесімен келісіледі).
18. Мұнайды шығаруды басқару секциясын сынау кезінде тексеріледі:
1) барлық сигналдар;
2) сигналдарды өңдеуге және жазу аппараттарына арналған құрылғының дұрыс жұмыс істеуі;
3) мұнайды шығару интенсивтілігі белгіленген нормадан асқанда немесе шығарылған мұнайдың жалпы көлемі белгіленген үлгіден асқанда құрылғының іске қосылуы;
4) сигнал беру іске қосылғандағы борт сыртына шығаруды тоқтату туралы сигнал беру.
5. Сақтауда тұрған танкілердегі «мұнай-су» бөлімінің шекарасын анықтауға арналған құрал
19. Сынақ жүргізу үшін сақтауда тұрған танкі мұнай қоспасымен толтырылады.
20. Сынақ кезінде тексеріледі:
1) «мұнай-су» шекарасын анықтауға арналған дәлдік белгілі құрал көрсеткішін салыстыру арқылы немесе өлшенген басқа бөлім шекарасының орналасу әдісімен.
Құралдың дәлдігі нақтыдан ± 25 мм шегінде «мұнай-су» бөлімі шекарасының индикациясын қамтамасыз етеді;
2) құралдың іске қосылу уақыты.
6. Мұнайы бар суларды айдау, беру және шығару жүйесі
21. Айдау және шығару жүйесін тексеру кезінде мұнай құрамды қоспадағы мұнайдың қашықтық көлем жұмысы және жүк, сақтаудағы және құрама танкілердегі сигнал беру деңгейі тексеріледі.
Кеме қатынасы тіркелімінің аймақ қызметкерімен келісілген әдістеме бойынша мұнай құрамды қоспадағы мұнай көлемінің еліктеуі рұқсат етіледі.
22. Беру жүйесін тексеру кезінде тексеріледі:
1) қолмен басу құрылғысының жұмысы және айдап шығару құралының тоқтауы;
2) айдап шығару құралын қашықтықтан өшіру шарты шығару үстінен бақылау жерінен немесе бақылау жері мен айдап шығару құралдарын басқару жері аралығында тиімді байланыс (телефон немесе радио);
3) мұнайы бар суларды және құрама танкілерден мұнай қалдықтарын қабылдау құрылғысына айдау;
4) жүк, сақтаудағы, құрама танкілердегі жоғарғы шекті деңгейге жеткендігі туралы ескертетін жарық және дыбыс сигнал берудің дұрыс қалыптасуы.
7. Пайдаланылған суларды өңдеуге арналған құрылғы
23. Пайдаланылған суларды өңдеуге арналған қондырғыны әрекетте тексеруге дейін мемлекеттік санитарлық қадағалау органының күші бар қорытындысының болуы тексеріледі.
24. Осы Әдістеменің 23-тармағында көрсетілген қорытынды болған жағдайда, мыналар тексерілетін қондырғыны суда сынау жүргізіледі:
1) қондырғыға ағуды пайдалануды қамтамасыз ету;
2) пайдаланған сулардың қатты қосылуларын (егер қондырғы жинағына кіретін болса) тыюдың (мацератор) дұрыс қалыптасуы;
3) сорғы және ауа үрлегіш агрегаттарының дұрыс қалыптасуы;
4) қондырғы камераларында орналасқан тетіктердің іске қосылу шартының деңгейі;
5) флокулянт ерітіндісін беруді мөлшерлейтін құрылғының және зарарсыздандырушы заттың дұрыс қалыптасуы;
6) қолмен және/немесе автоматты режимнің дұрыс қалыптасуы;
7) автоматтандыру, сигнал беру және бақылау құралдарының дұрыс қалыптасуы (еліктеу әдісімен рұқсат етіледі);
8) электрлік жетектердің және қосымша міндеттегі техникалық құралдардың дұрыс қалыптасуы (ішкі қарау жолымен);
9) тиелген сорғының дұрыс қалыптасуы (егер қондырғы жинағына кіретін болса);
10) егер қондырғы бөлек бөлімде орналасса, бөлмені желдету жүйесінің дұрыс қалыптасуы.
25. Осы Әдістеменің 23-тармағына көрсетілген қорытынды болмаған жағдайда, осы Әдістеменің 24-тармағында айтылған сынақтарға тәртібі және режимі мемлекеттік санитарлық қадағалау органының өкілімен анықталатын, қосымша қондырғының санитарлық-гигиеналық жұмысқа қабілеттілігіне сынақ жүргізіледі.
26. Мемлекеттік санитарлық қадағалау органының қорытындысы Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттарына қосымшаланады.
8. Пайдаланылған сулардың құрама цистерналары
27. Сынақ борт сыртындағы суда жүргізіледі.
28. Сынақ кезінде тексеріледі:
1) пайдаланылған сулардың еркін түсуін қамтамасыз ету;
2) сулы өртті магистральдан және бу жылуы жүйесінен булануды шаю мүмкіндігі;
3) сорғымен кептіру немесе эжектормен суды борт сыртына шығару мүмкіндігі;
4) пайдаланылған сулардың жиналатын цистерналарда жоғарғы шекті деңгейге жеткендігі туралы ескертетін жарық және дыбысты сигнал берудің дұрыс қалыптасуы.
9. Айдау, беру, пайдаланылған суларды шығару жүйелері
29. Әрекетте тексеру кемеде орнатылған экологиялық қауіпсіздік құрамына байланысты осы Әдістеменің 7 және 8-тарауында көрсетілген сынақтармен бірігіп жүргізеді.
30. Сынау кезінде мыналар тексеріледі:
1) айдау құралдарының қолмен қосуға арналған құрылғының дұрыс қалыптасуы (сорғылар және эжекторлар);
2) жинау цистерналарындағы пайдаланылған суларды қабылдау құрылғысына айдау мүмкіндігі.
10. Инсинераторлар
31. Сынау инсинератор құжаттамасында көрсетілген қоқыс түрлеріне жүргізіледі.
Мұнай қалдықтарының және/немесе пайдаланған сулардың шламдарының сулануы (егер инсенератор оларды сығуға арналған болса) құжаттамада көрсетілгеннен кем болмау қажет.
32. Сынау инсенератор құжаттамасында қарастырылған режимде жүргізіледі.
Режимнің бір ізділігі, әрбір режимдегі жұмыс уақыты, сондай-ақ сынаудың кезектілігі Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағдарлама бойынша анықталады.
33. Сынау кезінде мыналар тексеріледі:
1) егер инсенератор бөлек болмада орналасса, бөлмені желдетудің дұрыс қалыптасуы;
2) Қоқысты тиеу кезінде бір мезгілде ашуды жоятын жүктелген бункердің қақпайдаланған блокировкалау шарты (егер олар бар болса);
3) егер форсунка жұмыс күйінде болса, ал ауа жану үшін пешке берілгенде жылу форсункаларын блокировкалау шарты;
4) тоқтататын автоматты құрылғының дұрыс қалыптасуы;
5) қолдық және автоматты режимдегі инсенератордың дұрыс қалыптасуы;
6) автоматтандыру, сигнал беру және бақылау құралдарының дұрыс қалыптасуы;
7) инсинератор жұмысының уақытындағы бөлменің жағдайы;
8) газ шығарушы жүйеден атмосфераға ұшқын шығарудың болмауы.
11. Қоқысты өңдеуге арналған құрылғы
34. Сынау кезінде мыналардың дұрыс қалыптасуы тексеріледі:
1) егер қондырғы бөлек бөлмеде орналасса, бөлмені желдету;
2) қоқысты тиеу механизмдерін;
3) қоқысты майдалауға арналған құрылғы. Майдаланған бөліктің өлшемі 25 мм дейін рұқсат етіледі;
4) қоқысты соруға арналған құрылғы оны алғашқы көлемінен шамамен бес есе азайтуды қамтамасыз ету;
5) автоматтандыру, сигнал беру, бақылау жүйесі.
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасына
32-қосымша
Ішкі су жолдарында жұмыс істейтін ішкі және «өзен-теңіз»
суларында жүзетін кемелердегі мұнайы бар және пайдаланған
суларды тазарту деңгейінің нормативтік мәндері
Нормаланған көрсеткіштер
|
Жолаушылар, көліктік және техникалық флоттарда белгіленген МСТ станциялар
|
Мамандандырылған тазартылған кемелердегі МСТ станциялар
|
1997 жылға дейінгі
|
1997 жылдан кейінгі
|
Мұнай өнімдерінің концентрациясы, мг/л
|
10,0
|
8,0
|
5,0
|
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасының
32-қосымшасына
1-қосымша
Нормаланған көрсеткіштер
|
Жолаушылар, көліктік және техникалық флоттарда белгіленген АСТЗ станциялар
|
Арнайыландырылған тазартылған кемелердегі МСТ станциялар
|
1997 жылға дейінгі
|
1997 жылдан кейінгі
|
1997 жылға дейінгі
|
1997 жылдан кейінгі
|
Өлшенген заттар, мг/л
БПК5, мг/л Коли-индекс
Қолдық хлор (хлормен залалсыздандыру кезінде ), мг/л
|
50 аспайтын
50 аспайтын
1000 аспайтын
1,5 - 3,0
|
40 аспайтын
40 аспайтын
1000 аспайтын
1,5 - 3,0
|
40 аспайтын
40 аспайтын
1000 аспайтын
1,5 - 3,0
|
30 аспайтын
30 аспайтын
1000 аспайтын
1,5 - 3,0
|
Ескертпе: МСТ станциясы - мұнайы бар суларды тазартуға арналған құрылғы.
2) АСТЗ станциясы - пайдаланған суларды тазартуға және залалсыздандыруға арналған қондырғы.
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасына
33-қосымша
Сынып формуласындағы «ЭКО» кеме символының талаптары
1. Кіріспе
1. Сынып формуласындағы ЭКО1, ЭКО2 немесе ЭКО3 символды кемелер ішіндегі экологиялық қауіпсіздік көтерімді талап басшылығы. Басшылық Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасына қосымша болып саналады.
Сонымен қатар ішкі су жолдарымен қауіпті жүкті тасмалдайтын кемелерге «Қауіпті жүкті тасымалдайтын кемелерге талаптар» қолданылады.
2. Осы басшылық Кеме қатынасы тіркелімі кеме сыныбын құру, кеме жабдығын және су ортасын ластауды болдырмау жүйесі бойынша және ЭКО1, ЭКО2 немесе ЭКО3 символды енгізу мүмкіндігі үшін атмосфераны кеме сыныбы формуласын талабын бекітеді.
3. Сынып формуласына қосымша символдарды енгізу мақсат - авариялық жағдайларда кемелерден ластануды болдырмау талабы бойынша кеме сәйкестігін растау.
4. Сынып формуласындағы ЭКО1, ЭКО2 және ЭКО3 символдарды енгізу үшін кемелерді осы басшылықтың талабына сәйкес келтіру қажеттігін шешу кеме иесімен қабылдануы туралы.
2-бөлік. Жалпы ережелер
1. Қолдану аймағы
5. Басшылық талабына сәйкес келетін кемелердің сынып формуласына мынадай қосымша символдар енгізіледі:
1) ЭКО1, кемені пайдалануда шығару, корпус бұзылған жағдайда бақылау және шығарындыларды шектеу және кемеден су ортасын ластануды болдырмау бойынша сәйкес келетінін растайтын ең аз талап. Халықаралық рейс жасауға арналмаған авариялық жағдайларда пайдаланудағы кемелерден ластануды болдырмау бойынша осы символ талапқа сәйкес анықталады.
2) ЭКО2, кемені пайдалануда шығару, бақылау және шығарулардың шектеуі бойынша ЭКО1 символындағы талаптарға қатысты қосымша сәйкестікті растайды. Осы символ халықаралық рейс жасауға арналмаған жаңа кемелер үшін авариялық жағдайларда ластануды болдырмау талабы бойынша сәйкестікті анықтайды.
3) ЭКО3, кемені пайдалануда шығару, бақылау және шығарулардың шектеуі бойынша ЭКО2 символындағы талаптарға қатысты қосымша сәйкестікті растайды. Осы символ халықаралық рейс жасауға арналған жаңа кемелер үшін авариялық жағдайларда ластануды болдырмау талабы бойынша сәйкестікті анықтайды.
6. Көрсетілген қосымша символдар сынып формуласына негізгі символдардан кейін енгізіледі, мысалы: М-СПЗ,5 ЭКО3, +Р1,2/О,8 глиссер ЭКО1, +О2,О/1,2 СПК ЭКО2.
7. Сынып формуласына жоғарыда көрсетілген символдар мынадай кемелерге беріледі:
1) ЭКО1 - ішкі және аралас (өзен-теңіз) суларда жүзетін кемелерге:
халықаралық рейс жасау үшін арналмаған жаңа кемелерге және пайдаланудағы кемелерге;
2) ЭКО2 - ішкі және аралас (өзен-теңіз) суларда жүзетін кемелерге:
халықаралық рейс жасау үшін арналмаған жаңа кемелерге;
3) ЭКО3 - ішкі және аралас (өзен-теңіз) суларда жүзетін кемелерге: халықаралық рейс жасау үшін арналған жаңа кемелер.
8. Халықаралық рейс жасайтын жаңа кемелерге ЭКО2 символын белгілеу мүмкіндігі әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауының нәрсесі болып табылады.
9. ЭКО1, ЭКО2 және ЭКО3 символдары осы басшылықтың талабын орындаған жағдайда от цистернасына және машиналық бөлімшеге жататын буксир, буксирлі кемелерге және итергіштерге белгіленеді.
10. ЭКО1, ЭКО2 және ЭКО3 символдары жүк үй-жайына жататын осы басшылықтың талабын орындаған жағдайда өздігінен жүрмейтін механикалық жабдықсыз кемелерге белгіленеді.
11. ЭКО3 символды кемелердің айтылмаған талаптары барлық жағдайда ЭКО2 символды кемелердің алаптарына басшылыққа алуы қажет.
12. ЭКО2 символды кемелердің айтылмаған талаптары барлық жағдайда ЭКО1 символды кемелердің алаптарына басшылыққа алуы қажет.
2. Анықтамалар, түсініктемелер және қысқартулар
13. Осы басшылықта Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасында қолданылатын терминдерге қосымша, қысқартулар және терминдер қолданылады, оларды мынадай сипатта түсіну қажет:
1) зиянды зат - ЗЗ;
2) зиянды сұйық заттар (ЗСЗ) - химиялық тасу бойынша Халықаралық кодекснің (ІВС кодексі) 17 және 18-бөлімінде ластаушы санатының қатарында көрсетілген кез келген зат;
3) атмосфераға шығару - МАРПОЛ 73/78 VI қосымшасына сәйкес бақылауға жататын кемелерден атмосфераға кез келген шығарынды,
4) мұнайы бар льяльды сулар - кеменің машиналық үй-жайында жиналатын және аяғында шеттелетін мұнайы бар сулар. Осы басшылық балкерлі жүк трюмосынан және жан жақты құрғақ жүктерден шеттетілетін льяльды суларға таралмайды.
5) қоқыс - жақсы бағытта кемені пайдалануда жиналатын қоқыс;
6) мұнай қалдықтар - жақсы бағытта кемені пайдалануда жиналатын мұнай қалдықтары және өзіне мыналарды қосады:
өңделген майлайтын және гидравликалық май;
кеме механизмінен және жүйесінен аққан отын және май;
мұнайы бар льяльды суларды сүзгілеуші жабдықтың жүйесіндегі отын сеператорының шламы және майы;
7) жаңа кеме - 2007 жылғы 31-желтоқсаннан кейін килі салынған немесе жасауы осындай секілді кезеңдегі, немесе жеткізуі 2008 жылғы 31-желтоқсаннан кейін жүзеге асатын кеме;
8) озон сындыратын потенциал (оzоnе dерlеting роtential, ОDP) - 1987 ж. негізгі қабатты бұзатын заттар бойынша Монреаль Хаттамасы қағидасына сәйкес хладагенттердің қасиеті талабын шектейтін өлшем;
9) жүк қалдығы - кемеде кейіннен шеттету үшін кез келген зиянды зат;
10) ғаламдық жылынудың әлеуеті (global warming роtential, GWP) - негізгі қабатты бұзатын заттар бойынша Монреаль Хаттамасы қағидасына сәйкес хладагенттердің қасиеті талабын шектейтін өлшем;
11) өсуге қарсы жүйе - кеменің орынсыз ағзаға қаптап өсуін болдырмау немесе шектеуші жабулар, бояулар, бетінің және құрылғының өңдеу әдісі;
12) өртке қарсы жүйе - ғаламдық жылыну потенциалы бойынша және әртүрлі көрсеткіштегі өрт сөндіретін заттары бар озон бұзатын потенциал, өртке қарсы кемелік тұрақты жүйе;
13) SОх шығарындыны бақылау ауданы - МАРПОЛ 73/78 УІ қосымшасында көрсетілген аймақтарды қосқанда оксид күкіртінің шектелген аймағы, 1999/32/ЕС түзетумен Европалық Совет директивасы сондай-ақ ұлттық талаппен анықталған мемлекеттердің ішкі аймағы;
14) тұрақты рейстер - қандайда бір екі порттармен немесе көбірек рейстердің сериясы;
15) шығару - кез келген ағуды, ағызуды, жоюды, құюды, өтуді, шайқауды, белгілеу немесе босатуды қосқанда қандайда себеппен олар шақырылмаған кемеден кез келген пайдаланған немесе зиянды заттарды шығару;
16) балласт жүйелі су - балласты суға және сорғымен жалғанған құбырларды қосатын цистерналы жүйе (осы басшылықта құрамдастырылған жүк таситын/балласталған танкілер қаралмайды);
17) пайдаланған сулар жүйесі - өзіне келесі жабдықтарды қосатын жүйе:
пайдаланған суларға арналған жинау цистернасы;
немесе пайдаланған суларға арналған жинау цистернасы және ұсақтағыш;
немесе пайдаланған суды өңдеуге қондырғы;
құбырмен ағызатын сорғыш және стандартты ағызатын біріктірулер;
18) тұрақтағы кеме - арқандап байланған бекітілген байланған кеме немесе тиеу, түсіру ағымындағы портқа берілген зәкірімен немесе жүк операциясынсыз өткізу уақытын қоса ол мекендеу үшін қолданылады;
19) химиялық заттарды тасушы - ІВС 17-Кодексінің тарауында көрсетілген кез келген сұйық затты тасу үшін жасалған немесе бейімделген кеме;
20) тоңазытқыш жүйесі - әртүрлі көрсеткішті құрайтын хладагенттер ауаны бұзушы потенциал және глобальды жылыну бойынша потенциал (жүк таситын тоңазытқыш және мұздатқыш қондырғылар, ауаны желдететін қондырғы, тоңазытқышты қондырғылар).
3-бөлік. Жалпы талаптар
3. Сынып формуласындағы ЭКО1, ЭКО2 немесе ЭКО3 символды кемелерге талаптары
14. Сынып формуласындағы ЭКО1, ЭКО2 немесе ЭКО3 символды кемелерге қойылатын негізгі талаптар осы Қағиданың 33-қосымшасында көрсетілген.
15. Осы қосымшаның 11 және 12-қосымшасында көрсетілген құжаттардың талаптары ЭКО2 және ЭКО3 символды кемелерде орындау міндетті болып табылады. Тармақта көрсетілген талаптар ЭКО1 символды кемелерге сол дәрежеде орындауды жіберу, осы кемені дұрыс сыйымдылығын пайдалану.
16. ЭКО символды кез келген кемеде винтор рөлді комплек элементінің бірі бас тартқан жағдайда маневр мүмкіндігін сақтау үшін баламалық құралы болуы қажет.
4. Құжаттама
17. ЭКО1, ЭКО2 немесе ЭКО3 символды иелену мақсатында кемеге куәландыру жүргізу үшін Кеме қатынасы тіркеліміне осы қосымшаға 2-қосымшада көрсетілген техникалық құжаттаманы және куәлік ұсынылады.
18. ЭКО1, ЭКО2 немесе ЭКО3 символын иелену үшін кемені куәландыруда Кеме қатынасы тіркеліміне осы Қағиданың 33-қосымшаға 3-қосымшада көрсетілген пайдалану құжаттары ұсынылады.
19. ЭКО1, ЭКО2 немесе ЭКО3 символын иелену үшін кемені куәландыруда Кеме қатынасы тіркеліміне осы Қағиданың 33-қосымшаға 4-қосымшада көрсетілген кемелік техникалық құжаттама ұсынылуы қажет.
20. Сынып формуласындағы ЭКО символды барлық кемелердің деректері бұзылған және қалдық беріктілікті құру жағдайында орнықтылықты есептеу үшін мойындалған жағалық компьютерленген бағдарламаға жылдам кіруге рұқсат беретін жүйеге енгізіледі.
4-бөлік. Сынып формуласындағы ЭКО1 кеме символы талаптары
5. Конструкцияға қойылатын талаптар
Достарыңызбен бөлісу: |