93. «А» және «В» санаттарының бақылау жүйесі
685. «А» санатының бақылау жүйесі автоматты сигналдарды қабылдайды:
1) ағызу кезіндегі мұнайдың мазмұны туралы;
2) шығарудың қарқындылығы туралы;
3) бөліктердегі кемелердің жылдамдығы туралы;
4) күні және мезгілі бойынша (Гринвич бойынша);
5) борт сыртына шығаруды басқару үшін құрылғы ережесі туралы.
Бұдан басқа, жүйе осы Қағиданың 717-тармағында көрсетілген параметрлердің автоматты жазуын жүргізеді.
686. «А» санаттарының бақылау жүйесіне мыналар жатады:
1) осы Қағиданың 688-698-тармақтарына сәйкес сынама таңдау жүйесі;
2) осы Қағиданың 699-705-тармақтарына сәйкес шығарылған пайдаланылған судың шығысын өлшеу жүйесі;
3) осы Қағиданың 727-736-тармақтарына сәйкес мұнай құрамын өлшеуге арналған жүйе;
4) осы Қағиданың 706-707-тармақтарына сәйкес кеменің жылдамдығын анықтау жүйесі;
5) осы Қағиданың 708-710-тармақтарына сәйкес борт сыртына шығаруды басқаруға арналған жүйе;
6) осы Қағиданың 719-тармағына сәйкес блоктауды қосу;
7) Мыналар кіретін басқару секциясы: осы Қағиданың 711-715-тармақтарына сәйкес есеп блогы, осы Қағиданың 725-726-тармақтарына сәйкес сигналды құрылғы, осы Қағиданың 716-719-тармақтарына сәйкес тіркеу құрылғылары, осы Қағиданың 720-721-тармақтарына сәйкес көрсету құрылғылары, осы Қағиданың 723-724-тармақтарына сәйкес қолмен басқару жүйесі, қосу блокировкасына сигнал беруге арналған құрылғы.
687. «В» санатты бақылау жүйесі осы Қағиданың 685-тармағында көрсетілген сигналды автоматты түрде алады және осы Қағиданың 717-тармағында көрсетілген параметрлердің автоматты түрде жазбасын жүргізеді. Шығаруды басқаруға арналған шығарудың, кеменің жылдамдығы және құрылғылар күйінің қарқындылығы туралы мәліметтерді жүйеге қолмен енгізуге рұқсат етіледі.
«В» санатын бақылау жүйесіне мыналар жатады:
1) осы Қағиданың 688 - 689-тармақтарына сәйкес сынама таңдау жүйесі;
2) осы Қағиданың 73 - 737-тармақтарына сәйкес мұнай құрамын өлшеуге арналған құрал;
3) осы Қағиданың 708 - 710-тармақтарына сәйкес борт сыртына шығаруды басқаруға арналған құрылғы;
4) Осы Қағиданың 686-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қосуды блоктауға сигнал беру құрылғысын қоспағанда, құрылғыны қосатын басқару секциясы.
94. Сынама таңдау жүйесі
688. Сынама таңдау нүктелері осы Қағиданың 648-тармағына сәйкес теңізге шығару үшін қолданылатын құйылатын саңылау құбырларында орналасады.
689. Сынама таңдау жүйелерінің құбырлары және сынама таңдау құрылғылары коррозияға қарсы, отқа төзімді және мұнайға төзімді материалдан жасалады, беріктілігі жеткілікті болады және тиісті жалғаулар мен бекітулері болады.
690. Бекіту клапандарын тікелей әрбір сынама таңдау құрылғыларына орналастырады. Сынама таңдау құрылғысын жүк құбырында орналастырған жағдайда сынама таңдау бағытында біреуі қашықтықтан басқарумен селекторлы клапан болуы мүмкін тізбекті екі бекітілген клапан орналастырылады.
691. Сынама таңдау жүйесі таңдалып жатқан сынаманың келісілігін қамтамасыз етеді. Сынама таңдау құрылғысы құйылатын құбырдың кіруге мүмкін тік учаскелерінде орналасады және жеңіл бөлшектеуге мүмкіндік береді. Егер шығарудың барлық уақыты бойы сұйықтықпен құйылатын құбырдың бүкіл қимасы толық толтырылса, оны көлденең учаскеде Кеме қатынасы тіркелімінің рұқсатымен орналастыру мүмкін. Сынама таңдау құрылғылары құйылатын құбырдың ішіне оның 1/4 диаметріне кіреді.
692. Сынама таңдау құрылғысының конструкциясы оның мұнаймен, мұнай тұнбасымен және басқа да заттармен ең аз бітелуін қамтамасыз етеді. Сынама таңдау құрылғыларын және сынама таңдау құбырларын таза сумен стационарлы құрылғы немесе басқа осы тәріздес тәсілмен тазарту мүмкіндігі көзделеді.
693. Мұнайды ұстауды және нөлге орнату кезінде түзету үшін құралды сынау және тұрақтандыру үшін жуатын құрылғыларды қолдану мүмкіндігі көзделеді.
694. Сынама таңдау құбырының ұзындығы және ондағы сұйықтық қозғалысының жылдамдығын, жалпы жұмыс істеу уақыты (шығарудағы мұнай құрамының өзгеру сәтінен бастап мұнай құрамын өлшеуге арналған құрал көрсеткішінің өзгеруіне дейін) болып, 40 секундтан аспайтындай етіп таңдалады.
695. Сынама таңдау құрылғысының құйылу құбырларында орналасуы рециркуляция режимінде байқауды таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
696. Тұндырғыш танкке қайтып келуші судың сынамасы танкке еркімен құйылмайды. Инертті газ жүйесімен жабдықталған мұнай құятын кемелерде тұндырушы танкке жүргізуші құбырда U-тәрізді биіктігі жеткілікті жапқыш орнатылады.
697. Жүйеде қолданылатын сынама таңдау сорғыларының жетектері немесе кез келген басқа сорғылар сорғы орнатылған үй-жайдың қауіпсіздік талаптарын ескеріп орындалады. Жарылуға қауіпті және жарылуға қауіпсіз үй-жайлар арасындағы аралықтардағы кез келген өтетін жерлердегі конструкциялар Кеме қатынасы тіркелімінің мақұлдауын алады.
698. Арынды құбырындағы сынама таңдау сорғысының немесе басқа эквивалентті жерлерінде сынама таңдау үшін кран орнатылады.
95. Шығыстарды өлшеу жүйесі
Кеме жылдамдығын анықтау жүйесі
699. Шығарудың қарқындылығын өлшеуге арналған шығысты өлшеу құралы оны теңізге шығарылатын сұйықтықпен үнемі толтыруды қамтамасыз ету шартымен құйылатын құбырдың тік учаскесінде немесе кез келген басқа учаскеде орналасады.
700. Шығысты өлшеу құралының жұмыс принципі оларды кемелік жағдайларда және қажет болған жағдайда диаметрі үлкен құбырларды қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
701. Шығысты өлшеу құралы, қалыпты пайдалану кезінде орны болатын ағын қарқындылығын өлшеудің барлық диапазонына жарамды болу қажет. Егер бұл талаптар бір шығысты өлшеу құралының көмегімен орындалмаса қажетті диапазонды немесе ағынның қарқындылығын пайдалану шегін қамтитын әртүрлі өлшеу диапазонымен екі шығысты өлшеу құралдарын қолдануға рұқсат етіледі.
702. Шығысты өлшеу құралы барлық жұмыс диапазонында ± 15 % аспайтын шығысты жылдам өлшеуге салыстырмалы қателігі болу қажет.
703. Шығарылатын ағынмен байланыста болатын шығысты өлшеу құралының кез келген бөлігі беріктілігі жеткілікті коррозияға қарсы және мұнайға төзімді материалдан жасалады.
704. Шығысты өлшеу жүйесі ол орнатылатын үй-жайдың қауіпсіздік талаптарын ескеріп жобаланады.
705. «В» санатындағы бақылау жүйесімен жабдықталған мұнай құюға арналған кемелерде шығыс сорғы сипаттамасы бойынша анықталады және мәліметтер қолдық жүйемен енгізіледі.
706. Кеменің жылдамдығы туралы автоматты сигнал кемелік лактан репитер көмегі арқылы алынады. Жабдықтың кемеге орнатылуына байланысты топырақ және су қатысты кеменің жылдамдығы туралы мәліметтер қолданылған.
707. «В» санатындағы бақылау жүйесімен жабдықталған мұнай құюға арналған кемелерде кеме жылдамдығы жүйеге қолмен енгізіледі. Жылдамдық туралы мәліметтер кемелік лагадан немесе басқа тең бағалы көздерден алынады.
96. Борт сыртына шығаруды басқаруға арналған құрылғы
708. Борт сыртына шығаруды басқаруға арналған құрылғы барлық тиісті құйылу клапандарын жабу немесе барлық тиісті сорғыларды тоқтату жолымен автоматты түрде тоқтатылады.
709. Борт сыртына шығаруды басқаруға арналған құрылғы шығаруды мынадай жағдайларда автоматты түрде тоқтатады:
1) мұнайды шығарудың жылдам қарқындылығы теңіз миліне 30 литрден асса;
2) шығарылған мұнайдың жалпы көлемі бұрын тасымалданған жүктің жалпы санының 1/30000 жетсе;
3) қорек беру тоқтаған кезде;
4) байқауды жоғалтқан кезде;
5) өлшеуіш немесе тіркеу құрылғылардың қатардан шығуы;
6) тетіктің кіру және шығу параметрлері жүйе мүмкіндігінен асып кетсе.
710. «В» санатындағы бақылау жүйесімен жабдықталған мұнай құюға арналған кемелерде шығаруды басқаруға арналған құрылғы әрекетке қолмен келтіріледі.
97. Есепті блок
711. Басқару секциясының есептік блогы мұнай құрамын өлшеуге арналған құралдан, шығыс өлшеу жүйесінен, кеменің жылдамдық өлшеу жүйесінен 5 секундтан аспайтын интервалдар арқылы сигнал қабылдау қажет және автоматты түрде мыналарды есептеу керек:
1) теңіз миліне литрде мұнайды шығарудың жылдам қарқындылығын;
2) рейс кезінде шығарылған мұнайдың куб метрде немесе литрде жалпы көлемін;
712. Шығару қарқындылығы және кеменің жылдамдығы қолмен енгізілетін «В» санатты бақылау жүйесінің есептік блогында мұнайды шығарудың жылдам қарқындылығына және шығарылған мұнайдың жалпы көлемінің үздіксіз есебі кезінде қолдану үшін ағымдағы ақпарат сақталады. Ақпарат осы Қағиданың 718-тармағына сәйкес шығарылады. Есептік блокқа енгізілген ағымдағы мәліметтер көзбен тексеріледі.
713. Есептік блок сигнал құрылғыларына сигнал береді, ал «А» санатындағы бақылау жүйесінде сондай-ақ осы Қағиданың 709-тармағында көрсетілген жағдайда борт сыртына шығаруды басқаруға арналған командалық сигнал беріледі.
714. Есептік блокқа уақыты және күні туралы мәліметтерді үздіксіз жасайтын шығаратын құрылғы кіреді. Уақыты және күні туралы ақпаратты үздіксіз автоматты түрде алудың басқа да құрылғысы қолданылуы мүмкін.
715. Тоқсыздандырған жағдайда есепті блок шығарылған мұнайдың есептелген жалпы көлемін, уақытын және күнін жадында сақтайды. Мәліметтерді шығару, жүйелерді құйылатын клапандармен қолмен басқаруға ауыстыру кезінде қамтамасыз етеді, бірақ егер тоқсыздандыру кезінде жүйе ағынды шығаруды тоқтатын борт сыртына шығаруды басқаруға арналған құрылғыны іске келтірсе талап етілмейді.
98. Тіркеу құрылғылары
716. Басқару секциясының тіркеу құрылғыларына сандық басып шығарушы құрылғысы кіреді.
Тіркелетін параметрлер баспаға шығарылғанда заттай танылуы қажет.
Қағазға шығару анық және тіркеу құрылғысынан алған кезде сондай болып қалу қажет.
717. Автоматты тіркеуге мыналар жатады:
1) теңіздік мильге литрмен мұнайды жылдам шығару қарқындылығы;
2) миллиондаған үлестердегі лездік мұнай құрамы;
3) кубтік метрдегі немесе литрдегі шығарылған мұнайдың жалпы көлемі;
4) күні және уақыты (Гринвич бойынша);
5) бөліктердегі кеме жылдамдығы;
6) сағатына кубтік метрдегі шығару шығыны;
7) борт сыртына шығаруды басқаруға арналған құрылғының орналасуы;
8) мұнай түрін ауыстырып қосқыш қондырғы (оны қолданған жағдайда);
9) сигнал құрылғысының іске қосылуы;
10) қалпына келмеуі (жоқ болуы, сынуы және с.с.)
11) жұмыстың басқа режимге ауысуы (қолмен басқаруға көшу, жуу және с.с.), барлық қолмен енгізілген мәліметтер қағазға шығаруда қолмен енгізгендей танылады.
718. Осы Қағиданың 717-тармағында көрсетілген мәліметтер мынадай жағдайларда ашылады.
1) шығару басында;
2) шығару тоқтаған кезде;
3) біршама уақыт аралығынан кейін ұзақтылығы 10 минуттан аспайтын (жүйе резервте болған жағдайды қоспағанда);
4) сигнал құрылғысы іске қосылғанда;
5) қалыпты жұмысты қалпына келтіргенде;
6) кіру мәліметтерін енгізгенде;
7) шығарудың есептелген лездік қарқындылығы теңіздік мильдің 10 литріне өзгергенде;
8) нөлді немесе бағалауды орнатуды таңдаған кезде;
9) қолдық команда бойынша.
719. Тіркеу құрылғысы шығаруға жауапты қызметкерлер үшін кіруге тез мүмкіндік бар жерде орналасады.
99. Көрсету құрылғысы және қосуды блоктау
720. Көрсету құрылғылары мынадай ағымдағы мәліметтерді көзбен қайталайды:
1) теңіздік мильге литрде мұнай шығарудың лездік қарқындылығы;
2) шығарылған мұнайдың куб метрдегі немесе литрдегі жалпы саны;
3) миллиондаған үлестердегі лездік мұнай құрамы;
4) куб метрдегі сағатына шығару шығысы;
5) күні және уақыты (Гринвич бойынша)
6) бөліктердегі кеме жылдамдығы;
7) борт сыртына шығаруды басқаруға арналған құрылғының орналасуы.
721. Мәліметтерді көзбен қайталауға арналған құрылғы осы Қағиданың 719-тармақ талаптарына сәйкес келуі қажет.
722. Қосуды блоктау автоматты өлшеу жүйесі, шығаруды тіркеу және басқару толық іске енгенге дейін борт сыртындағы құйылу клапандарының, айдау сорғыларын қосуды және басқа эквивалентті құрылғылардың ашылу мүмкіндігін жояды.
100. Қолмен басқару жүйесі
723. Басқару секциясының қолмен басқару жүйесі бақылау жүйесінің немесе кез келген элементтің жөнге келмейтін кезіндегі борт сыртына шығаруды басқарудың қолмен орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
724. Жүйенің сол немесе басқа элементтерінің ақпаратын алу үшін мынадай тәсілдер қолданылады:
1) шығару ауданындағы су бетінен көзбен бақылау. Көрсету құрылғысынан саналған шығарудағы рұқсат етілген лездік мұнай құрамының мәні кезінде су бетінен мұнай дағын байқаған жағдайда, мұнай құрамын өлшеуге арналған құралын және/немесе байқау таңдау жүйесін бұзылғаны сияқты идентификациялау керек, ал мұнаймен ластанған балластық және жуу суларын шығару тоқтатылады;
2) сорғы сипаттамасы және ағыны қатты құбырдағы манометр көрсеткіші бойынша шығарудың шығысын бағалайды. Осындай үлгімен бағаланған сорғының беру және көрсеткіш құралынан саналған шығарудың шығысы бойынша ақпараттың елеулі айырмашылығы болған жағдайда балластық және жуу суларының шығысын өлшеу жүйесін бұзылған деп идентификациялау керек, ал балластық және жуу суларын борт сыртына шығаруды тоқтату қажет;
3) Кеме жылдамдығын бағалау, мысалы еспелі біліктің айналу жиілігі бойынша.
Қолмен бағаланған кеме жылдамдығының және көрсету құрылғысынан саналған кеме жылдамдығы туралы ақпараттың айырмашылығы болған жағдайда, кеменің жылдамдығын өлшеу жүйесін идентификациялау керек, ал балластық және жуу суларын борт сыртына шығару тоқтатылады;
4) қолмен борт сыртына шығару шығынын және кеме жылдамдығын бағалау нәтижесі бойынша шығарудың лездік қарқындылығын анықтау. Қолмен шығарудың лездік қарқындылығының және көрсеткіш құрылған саналған шығарудың лездік қарқындылығы туралы ақпараттың бағалау есебінің айырмашылығы болған жағдайда, есепті блокты бұзылған сияқты идентификациялау керек, ал балластық және жуу суларын борт сыртына шығаруды тоқтатады;
5) борт сыртына шығаруды басқаруға арналған құрылғының дұрыс қалыптасқанын сорғы және клапандармен қолмен басқару жолымен тексеру. Осындай тәсілмен көрсетілген құрылғының бұзылғандығы байқалған жағдайда балластық және жуу суларын шығару тоқтатылады.
101. Сигналдық құрылғылар
725. Басқару секциясының сигнал құрылғысы осы Қағиданың 709-тармағында көрсетілген жағдайда дыбысты және жарық сигналын беруді қамтамасыз етеді.
726. Кемеде жүк жүйесін басқару постысы болмаған жағдайда, дыбыстық және жарықтық қызмет етуші персоналдар үнемі вахтаны атқаратын жерге немесе персоналдардың назарын аударатын басқа жерге шығарады.
102. Мұнай құрамын өлшеу құралы
727. Мұнай құрамын өлшеуге арналған құралдың дәл көрсеткіші өлшенетін сынаудағы нақты мұнай құрамынан + 20 % шегінде болу қажет.
728. Мұнай болып табылмайтын топырақ, құм, даттану сияқты ластаушы заттардың болуына қарамастан құралдың дәл көрсеткіші 730-тармақта көрсетілген шегінде қалу қажет.
729. Құрал жобаланғаннан энергияны (электрэнергиясы, сығылған ауа және с.с.) беру номиналды мәннен ± 10% шегінде тербелгенде құрал 730-тармақта көрсетілген дәлдікті сақтау қажет.
730. Мұнайдың кең диапазонына арналған көрсеткіш құрал мұнай сортына байланысты емес. Егер мұны орындау мүмкін болмаса қажетті мұнай сортына кемеде құралды калибрлеу мүмкіндігі көзделеді, мұндай жағдайда осы мұнай сортына арналған калибрлеу тәсілін таңдаудың дұрыстығын тексеру көзделеді. Көрсеткіш дәлдігі осы Қағиданың 727-тармағында көрсетілген шекте қалады.
731. Құралда оның қолдану шамасына сәйкес бірнеше шкаласы болуы қажет. Шкаланың толық диапазоны кемінде 1000 млн-1 құрайды.
732. Сынау кезінде анықталған құралды іске қосу уақыты 20 секундтан аспайды.
733. Кемеде құралдың дұрыстығын тексеру үшін кемелік қызметкерлерге құралдың толық диапазонының шамамен 1/2 сәйкес еліктейтін сигналды енгізу жолымен құралдың электрлік және электронды контурының қалыптасуын тексеруге мүмкіндік беретін тәсілдер көзделеді.
Сондай-ақ білікті қызметкер кеме бортында құралды қайта бағалау мүмкіндігін көздейді.
734. Жарылысқа қауіпті үй-жайларда орналасқан құралдар Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес келу қажет.
735. Егер Кеме қатынасы тіркелімі мақұлдаған қауіпсіздіктің арнайы шаралары көзделмесе құралда ешқандай қауіпті сипаттағы зат болмауы және қолданбауы қажет.
736. Құралдың әрбір негізгі элементі оның атауы, құрастырылған сызба нөмірі, түрі, моделі және сериясы анық көрсетілген маңдайшамен жабдықталады.
103. «Мұнай-су» шекарасын анықтауға арналған құралдарға қойылатын талаптар
737. «Мұнай-су» шекарасын анықтауға арналған құралдар тұрақты және ауыспалы болуы мүмкін.
Тек қана стационарлы құралдарды қолдану кезінде «мұнай-су» шекарасының бөлігін анықтау үшін оларды әрбір тұрақтағы танкілерде орнату көзделеді.
738. Құралдар кез келген деңгей танкісіндегі «мұнай-су» шекарасының орналасуын анықтау қажет.
739. «Мұнай-су» бөлігінің немесе люктардың ауыстыру құралдарына арналған стационарлы құралдардың орналасқан жерін танк конструкциясын және кеменің ауытқуға әсері ескеріліп таңдалады.
740. Стационарлы құралдардың «мұнай-су» бөлігі шекарасының басқару органдары мен орналасу индикаторы басқару постыларында жүк операцияларымен немесе ұқсас үй-жайда орналасады.
741. «Мұнай-су» бөлігін анықтауға арналған стационарлы құралдар танкінің жуу жабдығының сорғылау соққысын көтереді.
742. Тығыздығы бойынша айтарлықтай айрықшаланатын құрал сұйықтық бөлімінің шекарасын анықтау үшін конструкцияланады. Құрал оны қолдану шарттары мен қажетті шектеулері көрсетілген маңдайшамен жабдықталады.
743. «Мұнай-су» бөлігін анықтауға арналған құрал конструкциясы жарылуға қауіпті үй-жайларда оны орнатуға мүмкіндік береді. Құрал радио кедергісін жасамайды.
744. «Мұнай-су» бөлігін анықтауға арналған құрал ыңғайлы әрі сенімді болу қажет. Ол теңіз суының ықпалына төзімді материалдардан жасалады.
745. Құрал қоршаған ортаның -30-дан +50 С температура диапазонында сенімді жұмыс істейді.
746. «Мұнай-су» бөлігін анықтауға арналған құрал мұнайдан суға өту және керісінше болған кездегі жұмыс істеуі тез және анық болу қажет.
747. «Мұнай-су» бөлігін анықтауға арналған құрал көрсеткіш құрылғы көмегімен «мұнай-су» бөлігінің шекарасы индикациясын қамтамасыз етеді.
748. Құрал дәлдігі «мұнай-су» бөлігі шекарасының индикациясын нақтыдан ± 25 мм шегінде қамтамасыз етеді.
749. Кеменің бортында құралдың жұмысын тексеру көзделеді.
104. Тұрақтағы танкілер
750. Жалпы сыйымдылығы 150 және одан жоғары әрбір мұнай құятын кемелер тұрақтағы танкілерімен немесе тұрақтағы танкілердің жүйесімен жабдықталады.
751. Тұрақтағы танкілердің немесе тұрақтағы танкілер жүйесінің сыйымдылығы мынадай жағдайларды қоспағанда мұнай бойынша мұнай құятын кеменің жүк сыйымдылығынан кемінде 3 % құрайды:
1) егер мұнай құятын кемеде танкілерді жууға арналған құрылғылар тұрақтағы кемелер немесе танкілерді жууға жеткілікті және сорғыларды жұмыс сұйықтығымен қамтамасыз етілетін көлемде, эжекторды жуу суларымен толтырылады, Кеме қатынасы тіркелімі тұрақтағы кемелердің сыйымдылығын мұнай бойынша мұнай құятын кеменің жүк сыйымдылығының 2 % кем төмендетуге рұқсат етеді;
2) егер мұнай құятын кемеде таза балластқа ғана арналған танкілер көзделсе, Кеме қатынасы тіркелімі мұнай бойынша мұнай құятын кеменің жүк сыйымдылығының 2 %-на тең тұрақтағы кемелердің сыйымдылығына рұқсат етеді.
3) егер құрамдасқан кемелерде жүк тек қана тегіс дуалды танкілермен ғана тасымалданатын болса, Кеме қатынасы тіркелімімен мұнай құятын кеменің жүк сыйымдылығының 1 %-на тең тұрақтағы кемелердің сыйымдылығына рұқсат етеді. Сонымен бірге танкілерді жууға арналған құрылғылар танкілерді жууға жеткілікті және сорғыларды жұмыс сұйықтығымен қамтамасыз етілетін көлемде, эжекторды жуу суларымен толтырылады, Кеме қатынасы тіркелімі тұрақтағы кемелердің сыйымдылығын мұнай бойынша мұнай құюға арналған кеменің жүк сыйымдылығының 0,8 % кем төмендетуге рұқсат етеді.
752. Кіру және шығу саңылауларының орналасуы, сондай-ақ тұрақтағы танкілердің жайғасқан аралықтары турбуленттілікті төмендету және мұнай суымен және эмульсиямен қармау қажет.
753. Осы Қағиданың 750-752-тармақтардың талаптары мұнай құятын кемелерге мынадай жағдайларда қолданылмайды:
1) кейіннен қабылдау құрылысына беру үшін барлық мұнайы бар қоспаларды кеме бортында сақтау шартымен 72 сағат ұзақтылықпен рейсте болатын және жақын жердегі жағалаудан 50 миль қашық кемелер;
2) асфальт қалдықтарын бортта кейіннен осы қалдықтарды және барлық жуу суларын қабылдау құрылысына беру үшін сақтаумен асфальт тасымалдайтын кемелер.
754. Осы Қағиданың 750-752-тармақтарының талаптары мұнай құюға арналмаған, бірақ қосынды сыйымдылығы 200 м3 және жоғарыны құрайтын арнайы жасалған және мұнай тасымалдау үшін қолданылатын жүк үй-жайлары бар кемелерге қолданылады.
755. Егер мұнайы бар суларды машиналық үй-жайдан тұрақта тұрған танкілерге шығаруға арналған құбырлар көзделсе, ол машиналық үй-жайға жүк және газдың түсуін болдырмайтын тиісті құралын қосады.
105. Қақтығыс немесе қайраңға отырғызу кезінде мұнаймен
ластануды болдырмау бойынша мұнай құятын кемелерге қойылатын талаптар
756. Осы тараудың талаптары дейдвейті 600 т және одан жоғары мұнай құятын кемелерге қолданылады:
1) 1993 жылғы 5 шілдеден кейін жасауға қол қойылған келісімшарт;
2) келісімшарт болмаған жағдайда қаланған немесе 1994 жылғы 5 қаңтардан кейін жасалған сияқты сатыда тұрған кильдер;
3) жеткізу 1996 жылғы 5 шілдеден кейін жүргізілген;
4) келісімшарт болмаған жағдайда 1993 жылғы 6 шілдеде жасалған келісімшарт бойынша елеулі қайта жабдықтауға түскен немесе 1994 жылғы 6 қаңтардан кейін басталған құрылыс жұмыстары немесе құрылысы 1996 жылы 6 шілдеден кейін аяқталған.
757. Осы Қағиданың 758-762-тармақтарының талаптарына сәйкес конструкцияланған мұнай танкісі болып табылмайтын мұнай құятын кемелерде балласты танкілер болады.
758. Борттық балластық танкілер жүк танкісінің барлық ұзындығына және борттың барлық биіктігіне немесе екінші түп төсенішінен басты палубаға дейін созылып жатады, сонымен бірге жүк танкілерінің және борттың сыртқы қаптамасының теоретикалық сызық аралығының арқашықтығы борт қаптамасының нормасы бойынша кез келген көлденең қимада өлшенген осы Қағиданың 14-қосымшасына сәйкес w кем емес қашықтықты құрайды.
759. Екі есе түптің балластық танкілері жүк танкілерінің барлық ұзына бойына созылып жату керек және кез келген көлденең қимада түптік қаптаманың теоретикалық сызығы және жүк танкілерінің түбі аралығында түптік қаптаманың осы Қағиданың 14-қосымшасына сәйкес нормасы бойынша өлшенген h биіктігі болады.
760. Осы Қағиданың 758-тармағына сәйкес арақашықтық w және осы Қағиданың 759-тармағына сәйкес биіктік h мәндері осы Қағиданың 18-қосымшасында көрсетілген мәнге сәйкес келуі тиіс.
761. Қаңқаларды домалақтау аудандарында немесе h және w әртүрлі мәндеріндегі қаңқаларды домалақтау анық белгіленбеген жерлерде 758-760-тармақтарда көрсетілген w қашықтықтар осы Қағиданың 17-қосымшасында көрсетілгендей негізгі сызық үстінен 1,5 h асатын деңгейде көрінетін болып табылады.
762. Балластық, өлшеуіш және желдеткіш құбырлар егер олар бүтіндей дәнекерленген немесе құрылыс бойынша тең бағалы болса, балластық танкілерге құбырдың қысқа учаскелерін қоспағанда жүк танкілері арқылы өтпейді.
763. Осы Қағиданың 757-762-тармақтарының баламасы ретінде Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен, мұндай әдістер аз шамада қақтығысу немесе қайраңға отырғызу кезінде, осы Қағиданың 757-762-тармақтар талаптарын сақтау кезінде жететін және ИМО негізінде әзірленген басшылық негізінде Теңіз ортасын қорғау комитеті мақұлдаған мұнайдан ластануды осындай қорғау деңгейімен қамтамасыз ететін жағдайда кемелерді жобалаудың және жасаудың басқа әдістеріне мүмкіндік береді.
106. Пайдаланылған сулармен ластануды болдырмауға арналған
жабдықтар мен құрылғыларға қойылатын талаптар
764. Осы тараудың талаптары толық көлемде мынадай жасалып жатқан кемелерге қолданылады:
1) жалпы сыйымдылығы 200 және одан жоғары;
2) борттағы адам саны 10 жоғары жалпы сыйымдылығы 200 кем емес;
3) 10 адамнан жоғары тасымалдауға рұқсат ететін кемелер.
765. Осы Қағиданың 764-тармағында көрсетілген кемелерде мынадай жабдықтардың бірі орнатылады:
1) пайдаланылған суларды және цистерна құрамасын өңдеуге арналған құрылғы. Құрама цистерна біреу болуы мүмкін және өңделмеген пайдаланылған суларды, активті лай немесе өңделген пайдаланылған сулар үшін қондырғыдан шламды жинау үшін қолданылуы мүмкін;
2) құрама цистерналар.
766. Тазартылған және зарарсыздандырылған пайдаланылған суларды, сондай-ақ өңделмеген пайдаланылған суларды шығаруға тыйым салынған аудандарда шығару мүмкіндігі жойылады.
767. Құрама цистерналар осы Қағиданың 582-589-тармақтарының талаптарын қанағаттандыруы қажет.
768. Пайдаланылған суларды өңдеуге арналған қондырғылар осы Қағиданың 601-608-тармақтарының талаптарын қанағаттандырады.
769. Пайдаланылған суларды жоюға арналған жабдықтар осы Қағиданың 597-600-тармақтарының талаптарын қанағаттандырады.
770. Әрбір кеме осы Қағиданың 19-қосымшасына сәйкес халықаралық үлгідегі стандартты құймалы фланецті жалғаулармен жарақтандырылады.
Ішкі диаметрі 100 мм-ге дейін болатын құбырларға арналған Халықаралық үлгідегі стандартты құймалы фланецті жалғаулар болаттан немесе эквивалентті материалдан жасалады және үсті тегіс болады.
Фланец тығыздалған төсеммен 0,6 МПа жұмыс қысымына есептеледі.
Жалғаулар диаметрі 16 мм 4 болтпен жүзеге асырылады.
Шығатын келте құбырлар бітеу фланцтарымен жарақтандырылады.
20-бөлім. Атмосфераның кемелерден ластануын болдырмауға қойылатын талаптар
107. Қолданылу саласы
771. Осы бөлім 2009 жылғы 1 қаңтарда немесе осы күннен кейін шығарылған немесе күрделі жөндеуден өткен ішкі және аралас «өзен-теңіз» жүзетін кемелердің басты және қосымша қозғалтқыштарына қолданылады.
772. Тараудың талаптары авариялық генераторлардың қозғалтқыштарына, құтқару қайықтарына және қозғалқыштарына авариялық жағдайларда ғана қолданылатын құралдарға қолданылмайды.
773. Зиянды заттарды тастаудан және шығарылған газдың түтінінен ластануды тексереді дайындаушы қозғалтқыштың әрекеттегі стандартқа сәйкес техникалық құжаттамасында көрсетілген жылуды қолдану жағдайында тексереді.
108. Зиянды (ластаушы) заттарды және шығарушы газдың түтінін
шығарудың нормативтік мәндері
774. Шығарушы газдармен зиянды (ластаушы) заттардың шығаруын құрайтын газдық нормаланған параметрі болып пайдаланудың типті шартына еліктейтін олармен толық сынақ циклін орындау кезінде іске асырылған қозғалтқыштың тиімді жұмысының сағатына 1 киловатт келетін грамдағы орташа өлшенген салыстырмалы шығару табылады.
775. Дуалдық сынау кезіндегі газдық шығаруды құрайтын параметрдің едәуір рұқсат етілетін нормалау мәні осы Қағиданың 20-қосымшасында келтірілген.
776. Күрделі жөндеуден кейінгі қозғалтқыштар үшін газдық құраушы шығарулар параметрлерінің нормаланған ең үлкен рұқсат етілетін мәні осы Қағиданың 20-қосымшасы бойынша осы Қағиданың 21-қосымшасында келтірілген түзеу коэффициенттеріне көбейтіліп қабылданады.
777. Шығарушы газдардың түтіндігінің нормаланған мәні мыналар болып табылады:
1) жарық ағыны әлсіреуінің табиғи көрсеткіші;
2) жарық ағынының әлсіреу коэффициенті;
3) сүзгінің түтіндік саны.
Шығарушы газдың шығынына байланысты ең үлкен түтіндік көрсеткішінің рұқсат етілген мәні осы Қағиданың 22-қосымшасында көрсетілген.
778. Күрделі жөндеуден кейінгі қозғалқыштар үшін түтін көрсеткішінің ең үлкен рұқсат етілген мәні осы Қағиданың 22-қосымшасында көрсетілген мәнмен салыстырғанда 20% пайызға ұлғайтылады.
109. Өлшеу және ілеспе құжаттар
779. Зиянды заттарды (ластаушы) шығаруды және шығарушы газдың түтіндігіне өлшеу жүргізгенге дейін қозғалтқышты дайындаушы-ұйым Кеме қатынасы тіркеліміне қарауға және келісуге шығарудың мыналарды қамтитын техникалық паспортын ұсынады:
1) зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және шығарушы газдың түтіндігіне әсер етуші барлық компоненттердің, реттегіштердің және жұмыс параметрлерінің тізімі;
2) ұйымдастырушы-дайындаушымен қозғалтқыштың тексеру рәсіміндегі қозғалтқышына зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және шығарушы газдың түтіндігінің техникалық нормаға сәйкестілігіне.
780. Зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және шығарушы газдың түтіндігін өлшеу Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағдарлама бойынша жүргізіледі.
781. Әрбір жаңа қозғалтқышқа ұйымдастырушы-дайындаушы мынадай ілеспе құжаттарды жинақтайды:
1) Зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және шығарушы газдың түтіндігіне техникалық паспорт;
2) жинақтама және реттегіштің барлық өзгерісіне арналған жазулар үшін қозғалтқыш параметрлерін тіркеу журналы;
3) зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және шығарушы газдың түтіндігінің осы бөлімде көрсетілген шекті рұқсат етілген мәнге сәйкестігін растайтын сертификат;
4) Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар (техникалық паспортқа) біріктірілуі немесе қозғалтқыштың формулярына қосылуы мүмкін.
110. Қозғалтқышты тексеру әдістері
782. Кемеде қозғалтқыштың зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және шығарушы газдың түтіндігінің көрсетілген шекті рұқсат етілген мәніне сәйкестігін тексеру мынадай әдістердің бірімен орындалуы мүмкін:
1) кеменің бортында дуал сынағының көлемін тікелей өлшеу әдісімен;
2) оңайлатылған өлшеу әдісімен;
3) параметрлерді салыстыру әдісімен.
783. Кеменің бортында дуалдық сертфикатталған сынағының көлемін тікелей өлшеу әдісі, қозғалтқышты дуалда сынау мүмкін болмаған жағдайда қолданылады.
784. Оңайлатылған өлшеу әдісі кемеге орнатқаннан кейін зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және шығарушы газдың түтіндігінің шекті мәнінің жоғарылауының ықтималды себебі болуы мүмкін, конструкциясы, жинағы және реттегіші өзгермеген қозғалтқыштар үшін қолданылады. Сонымен бірге кемеде Кеме қатынасы тіркелімінің сертификаты, шығарудың техникалық паспорты және қозғалтқыштардың параметрлер тіркейтін кемелік журналы болады. Мұндай қозғалтқыштарды тексеру рәсімі дайындаушы-ұйыммен өңделеді және шығарындының техникалық паспортының құрамды бөлігі болып табылады
785. Параметрлерді салыстыру әдісі қолданылады:
1) Осы Қағиданың 781-тармағының 3) тармақшасына сәйкес дуалдағы сынаққа берілген сертификатқа;
2) алдыңғы куәландырудан кейін болмашы конструкциялық өзгеріске және шығарудың техникалық паспортында көрсетілген рұқсаттама шегіне ұшыраған.
786. Егер қозғалтқышта түрі және конструкциясы Кеме қатынасы тіркелімі келісілген зиянды заттарды шығарудың және шығарушы газдың түтінін төмендетуге арналған жабдық орнатылса, онда тексеруді кеменің бортында тікелей өлшеу және оңайлатылған өлшеу әдісімен жүргізгенде қозғалтқыштың шығару жүйесінен сынаманы іріктеу осы жабдықтан кейін жүргізіледі.
111. Қозғалтқыштардың параметрлерін салыстыру әдісі
787. Қозғалтқыштардың параметрлерін салыстыру әдісі мынадай екі рәсімде негізделеді:
1) шығарудың техникалық құжаттамасында көрсетілгендер шегіндегілерді растау үшін, параметрлердің тіркеу журналын қоса, қозғалтқыштардың параметрлерін құжат бойынша тексеру;
2) осы тармақтың 1-тармақшасын тексеру нәтижесімен толық ұқсас екендігін растауға арналған қозғалтқыштың элементтерін және жұмыс параметрлерін реттеуші жинақты куәландыру.
788. Қозғалтқыштың шығару және шығарушы газ түтіндігінің шекті рұқсат етілген мәнге сәйкестігін байқау үшін, параметрлерді салыстыру әдісі бір, бірнеше немесе барлық компоненттердің, реттегіштердің жұмыс параметрлерінің теңесуін жобалайды.
789. Шығарудың техникалық паспортынан басқа қозғалтқыштарды кемеде параметрлерді салыстыру әдісімен тексеру кезінде тексеру рәсімдеріне және бақылау құралына жататын мынадай құжаттар болады:
1) барлық жинақтың және реттегіштің өзгерісін жазуға арналған қозғалтқыш параметрлерін тіркеу журналы;
2) қозғалтқыш компоненттерінің конструкциялық өзгерісіне техникалық құжаттама, егер мұндай өзгертулер жүргізілген болса.
Параметрлерді тіркеу журналы реттеуішті, бөліктерді ауыстыру немесе қозғалтқыш компоненттерінің конструкциялық өзгерісін қоса қозғалтқыштың жобалық сипаттамасын қозғайтын барлық өзгерістердің сипаттамасын қамтиды. Журналда жазулар хронологиялық тәртіпте жүргізіледі және шығару деңгейін бағалау үшін барлық қажетті мәліметтермен толықтырылады.
790. Қозғалтқыштың параметрлерін салыстыру түтінді шығару деңгейіне әсер ететін компоненттің және (немесе) реттегіштің әрбір өзгерісінен кейін жүзеге асырылады.
112. Куәландыру
791. Қозғалтқышты атмосфераны ластанудан болдырмауға алғашқы куәландыруы кезінде осы Қағиданың 775-777-тармақтарында көрсетілген қозғалтқыштардың зиянды (ластаушы) заттардың және шығарушы газ түтіндігінің техникалық нормативке сәйкестігіне көз жеткізеді.
792. Зиянды (ластаушы) заттарды шығару және шығарушы газ түтіндігінің құрамын бақылау, қозғалтқыштарды сыныптамалық және жыл сайынғы куәландыру кезінде осы Қағиданың 116-тарауында көрсетілген салыстыру әдісімен жүзеге асырылады.
793. Сыныптамалық куәландыру оң нәтиже берген кезде кемеге кемелерден мұнаймен, пайдаланылған сулармен және қоқыстармен ластануын болдырмау куәлігі беріледі, ал куәландыру нәтижелері сыныптамалық куәландыру актісінде жазылады.
794. Жыл сайынғы куәландырудың оң нәтижесінде, жыл сайынғы куәландыру актісінде кемелерден мұнаймен, пайдаланылған сулармен және қоқыстармен ластануын болдырмауы туралы көрсетіліп куәлікке сәйкестігі расталады.
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру қағидасына
1-қосымша
Бүліну (тоқтап қалу) себептерін белгілеу схемасы
Пайдаланылатын кемелерді
куәландыру
Достарыңызбен бөлісу: |