18-бөлім. Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерге қойылатын қосымша талаптар
86. Қолданылу саласы
634. Осы бөлімнің нормалары «М-СП», «М-ПР» және «О-ПР» сыныпты аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелердің қосымша талаптарын регламенттейді.
635. Осы бөлімнің талаптары осы Қағиданың 634-тармағында көрсетілген кемелерге олар теңіз аудандарында жүзген жағдайда қолданылады.
636. Осы Қағиданың 14-17-тарауының талаптары толық түрде осы Қағиданың 634-тармағында көрсетілген кемелерге, олар ішкі су жолдарында жүзу кезінде қолданылады.
87. Сүзгіш жабдықтар
637. Жалпы сыйымдылығы 400 және одан жоғары кез келген кеме осы Қағиданың 536-546-тармақ талаптарына сәйкес келетін жабдықтармен жарақтандырылады.
Жалпы сыйымдылығы 400 кіші кемелерді сүзгі жабдықпен жарақтандыру ұсынылады.
638. Осы Қағиданың 637-тармағының талабы, осы Қағиданың 641-тармағының талабына жататын кемелерге қолданылмайды.
639. Мұнайы бар суларды сүзгілеу жүйесі осы Қағиданың 32-қосымшасына сәйкес нормалық мәннен асатын мұнайы бар суларды шығару мүмкіндігін жояды.
88. Сигнализатор
640. Мұнай отынының танкісіне сулы балласты қабылдаушы жалпы сыйымдылығы 400 және одан жоғары кез келген кеме, осы Қағиданың 664-тармағында көрсетілгенді қоспағанда, сигнализатормен жарақтандырылады.
641. Осы Қағиданың 640-тармағының талаптарын орындаудан босатылады:
1) осы Қағиданың 640-тармағында көрсетілген кемелер, егер олар батпақты балласты кейіннен қабылдау құрылысына беру үшін сақтаса; сонымен бірге кемеде батпақты балласты абайсыз шығаруды болдырмайтын шаралар қабылдаса;
2) бортында мұнайы бар суларды әрі қарай қабылдау құрылысына беру үшін сақтауға арналған жинау танкісімен жабдықталған, кеме МАРПОЛ 73/78 бойынша анықталған ерекше аудандар шегінде жұмыс істейтін кеме.
642. Сигнализатормен жабдықталған кемеде шығаруды автоматты түрде тоқтатуға арналған осы Қағиданың 78-тарауынының талабын қанағаттандыратын құрылғы болады. Шығаруды автоматты түрде тоқтатуға арналған құрылғы, егер кеме МАРПОЛ 73/78 бойынша анықталған ерекше аудандарда шығаруды жүргізбесе талап етілмейді.
643. Сигнализатор осы Қағиданың 548-554 және 682-тармақтарын қанағаттандырады.
644. Сигнализатор көрсеткішінің рұқсат етілген қате жіберуі ±5 млн-1 аспау қажет.
645. Сигнализатор теңіз суының әрекеттеріне төтеп беретін материалдардан жасалады.
89. Мұнайы бар суларды айдау, беру және шығару жүйелеріне қойылатын талаптар
646. Мұнайы бар суларды айдау, беру және шығару жүйелері осы Қағиданың 525-535-тармақтарының талаптарын қанағаттандыруы қажет.
647. Әрбір кеме осы Қағиданың 14-қосымшасына сәйкес халықаралық үлгідегі стандартты құймалы фланецті жалғаулармен жарақтандырылады.
Ішкі диаметрі 125 мм дейінгі құбырларға арналған, халықаралық үлгідегі стандартты құймалы фланец болаттан немесе эквивалентті материалдан жасалады және жазық дөңбекті беті болады.
Фланец мұнайға төзімді материал төсенішімен бірге 0,6 МПа жұмыс қысымына есептеледі. Жалғаулар диаметрі 20 мм бұрандалармен жүзеге асырылады. Шығатын келте құбырлар бітеу фланцтермен жабдықталады.
648. Мұнайы бар қоспаларды шығаруға арналған құбырлар ашық палубаға немесе кеме едәуір шөккендегі ватерсызықтан жоғары кеменің бортына шығарылады.
649. Таза балласт танкілерінен балласты шығаруға арналған құбырлар ватерсызықтан төмен кеменің бортына шығарылады.
650. Кез келген кемеде қабылдау құрылғысына құбырларды босату мүмкіндігі көзделеді.
90. Жиналмалы танкілер
651. Сүзгі жабдықпен жарақтандырылған кез келген кеме, сыйымдылығы осы Қағиданың 15-қосымшасына сәйкес анықталатын танкілермен немесе машиналық үй-жайдың мұнайы бар суларын жинауға арналған танкілермен жабдықталады.
652. Кез келген кеме мұнайы бар суларды жинауға арналған танкілермен ғана жабдықталады, егер ол МАРПОЛ73/78 бойынша анықталған ерекше аудандар шегіндегі рейстерде ғана жұмыс істейтін болса, сонымен бірге мынадай талаптар сақталады:
1) жинауға арналған танкілер осы Қағиданың 663-тармақтарының талаптарына сәйкес келеді;
2) барлық мұнайы бар сулар оларды әрі қарай қабылдау құрылысына беру үшін бортта сақталады;
3) Кеме қатынасы тіркеліміне кеме кіретін порттардағы және терминалдардағы құрылғы жеткілікті екендігі туралы мәліметті ұсынады;
4) Мұнаймен ластануды болдырмау туралы халықаралық куәлігі (егер қажет болса) кеме осы тармақта көрсетілген рейстерде ғана жұмыс істейтіні туралы жазуды қамтиды.
653. Тығыздығы 150С кезінде 0,94 г/см3 жоғары ауыр отында жұмыс істеуге арналған кеме танкілермен немесе жинауға танкі құрамындағы сүзгі жабдығы арқылы шығару алдында оларды алдын ала қыздыру мүмкіндігімен жиналуына арналған танкілермен жабдықтайды.
654. Жалпы сыйымдылығы 400 және одан жоғары кез келген кеме танкілермен немесе куб метрдегі ең аз сыйымдылығы мынадай формуламен анықталатын мұнай қалдықтарын жинауға арналған танкілермен жабдықталады, м3:
1) жылу танкілерінде сулы балласты тасымалдамайтын кемелер үшін:
V1=K1CD, (10)
мұндағы К1 — ауыр жылу басты қозғалтқыштар үшін қолданар алдында пурификацияға ұшырайтын кемелерге арналған 0,015 тең коэффициент
0,005 - дизель және ауыр отынды қолданар алдында пурификацияны талап етпейтін кемелер үшін;
С — отынның тәуліктік шығыны, м3;
D — мұнай қалдықтары қабылдау құрылысына тапсырылуы мүмкін, порт аралығындағы рейстің ең жоғары ұзақтылығы, тәулік (егер рейстің ұзақтылығы белгісіз болса, оны 30 тәулікке тең деп қабылдау керек);
2) мұнай қалдықтарын жағуға немесе басқа да Кеме қатынасы тіркелімі мақұлдаған кеме бортындағы мұнай қалдықтарын залалсыздандыруға арналған құрылғылар үшін гомогенизаторлармен, инсинераторлармен жабдықталған кемелер үшін:
V1 = 50 % (10) формула бойынша мәні немесе жалпы сыйымдылығы 400-ден 4000-ге дейінгі 1 м3 немесе жалпы сыйымдылығы 4000 және одан жоғары қайсысы жоғары екендігіне байланысты 2 м3;
3) жылу танкілерінде сулы балласты тасымалдаушы кемелер үшін:
V2 = V1 + K2B, (11)
мұндағы V1 - 1) немесе 2) қараңыз;
К2 - мыналарға тең коэффициент:
0,01 — ауыр отынның бункерлі танкілері үшін;
0,005 — дизелді отынның бункерлі танкілері үшін;
В - мұнайлы отынды тасымалдау үшін қолданылуы мүмкін балластты танкілер сыйымдылығы, т.
655. Осы бөлімнің 675-тармағындағы жинау танкісі немесе танкілер олардың ішіндегісін қабылдау құрылғысына құю үшін арнайы сорғымен жабдықталады.
Сорғы осы Қағиданың 665-тармақтың талаптарын қанағаттандыру қажет.
656. Жинау танкісінің немесе осы Қағиданың 654-тармағында ескерілген танкілерінің құю құбырлары, жалпы құбырдан басқа осы Қағиданың 751-тармағында көрсетілген құю жалғауларына апаратын мұнай бар құбырлармен жалғанбайды.
657. Жинау танкісін немесе танкілерін жалғайтын құбыры бар осы Қағиданың 654-тармағында ескерілген, егер осындай құбырда бітеулер орнатылса, мұнай суы бар сепарационды және сүзгілеуші жабдығы бар кеме осы Қағиданың 656-тармағының талаптарына сәйкес келеді.
658. Кеменің өлшемі мен міндетіне байланысты шламды танкілер біріктірілуі және сондай-ақ жеке болуы мүмкін.
659. Жинауға және мұнайы бар сулардың жиналуына арналған танкі осы Қағиданың 652-тармағында көрсетілген, сыйымдылығы осы Қағиданың 654-тармағында белгіленген шлам танкілерінен тәуелсіз.
660. Топырақты құрғатудың жиналуына және мұнай ағынын жинауға арналған жеке танкте VT, м3 сыйымдылық болады.
VT=2DP/l05 (12)
мұндағы D - құрғаған топырақты және мұнай ағынын қабылдау құрылысына тапсыруы мүмкін порт аралығындағы рейстің ең жоғары ұзақтылығы, тәулік (егер рейс ұзақтылығы белгісіз болса, онда 30 тәулікке тең деп қабылдау қажет);
Р - басты қозғалтқыштың қуаты, кВт.
661. Кемелердегі өңделген майларды жинауға арналған басты және көмекші механизмдері теңізде жағу майының толық ауыстырылуын талап ететін жеке танкінің (танкілердің) сыйымдылығы, басты қозғалтқыштың 1000 кВт әрбір қуатына 1,5 м3 есебінен анықталады.
662. Жылу және майлы сеператорлардан жуу суларының жинақталуы үшін арнайы танк көзделеді. Дәл осы мақсат үшін сепараторланған шламның жинақталуы үшін танк қолданылады.
663. Шламды жинақтауға арналған танкін тікелей ауыр отынның сепараторының астында орналастырады.
Құю құбырының танкісіне апарушы барынша ең жоғары көлбеу болуы үшін, сондай-ақ мүмкіндігінше тік немесе үлкен радиустың бүгілуінің болуы егер бұл мүмкін болмаса шламды жинақтауға арналған танк осындай үлгімен ауыр отынның сепараторына жақын орналасу қажет.
664. Шламды жинақтауға арналған танк мұнай шламын сору магистралына еркін кіретіндей болып конструкцияланады. Егер бұл мүмкін болмаса сору магистралының торабы немесе батырылған сорғы мұнай шламын сорғы саңылауына дейінгі орналастыру жолы барынша қысқа болатындай етіп орналастырылады.
665. Жоғары тұтқырлықтағы мұнай шламын айдау үшін жарамды сорғы өздігінен соратын, көлемді, құрғақ қажалу режимінде жұмыс істеуге қабілетті және 0,4 МПа кем емес қысымды ұлғайтатын қысымы болады.
Сорғы беру мынадай формуламен есептеледі, в м3/ч:
Q = Vш/t (13)
мұндағы Vш - осы тараудың 657-тармағына сәйкес анықталатын шламды танк сыйымдылығы м3;
t - 4 сағатқа тең, босату уақыты.
Кез келген жағдайда сорғыны беру 2 м3/сағатқа тең. Сорғының қысымын ұлғайту жағы тек қана палубаға апаратын құбырмен және кемеде шлам болған жағдайда оны жағуға арналған инсенератор жабдығымен жалғанады. Сору биіктігі 3 м аспайды.
666. Жинау танкілері (цистерналар) осы Қағиданың 519 - 524-тармағының талаптарын қанағаттандырады.
667. Сепараторланған шламды жинақтауға арналған танкілер қыздыру жүйесімен жабдықталады. Сонымен бірге қыздыру құбырлары кіру саңылауларынан бастап танк өлшемі бойынша орналасу қажет және әрі қарай олардың түптің барлық ауданына жеткілікті дондық тұнбалармен толық жабылып қалмауы үшін көлденең орналасады. Танкінің қыздыру жүйесі 60 0С температураға дейін қыздыруды қамтамасыз ететіндей болып конструкцияланады.
668. Шламды танк мойындары танктың кез келген ауданына кіруді қамтамасыз етеді. Батырылған сорғыны қолдануды қамтамасыз ету үшін мойынның біреуі танк бөлігінің жоғарғы жағында орналасады.
669. Шламды танкілердің жоғарғы бөлігі тазарту үшін бу өткізгіштермен жабдықталады.
670. Мұнай қалдықтарын отынмен араластыру үшін танк сепараторланған отынды жинақтау үшін толықтыруды көздейді.
91. Мұнай құюға арналған кемелерге қойылатын жалпы талаптар
671. Мұнай құятын кемелердің корпусының конструкциясы Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасының 1-бөлімінің талаптарына сәйкес келуі қажет.
672. Мұнай құятын кеменің кез келген жүк танкісінің немесе, бірақ бұл үй-жайлар мұнай тасымалдауға арналған және 200 м3 және одан жоғары сыйымдылығы бар мұнай құятын емес кеменің жүкке арналған үй-жайының ұзындығы 10 м немесе осы Қағиданың 16-қосымшасындағы қай мән жоғары екендігіне байланысты мәннен аспайды.
673. Жүк және басқа құбырлар құбырлардың қысқа учаскелерін қоспағанда, егер олар бүтіндей дәнекерленген немесе конструкция бойынша тең болса, балластты танкілер арқылы өтпейді.
19-бөлім. Балластты және жуу суларын шығаруды автоматты түрде өлшеу, тіркеу және басқару жүйесі
92. Жалпы нұсқаулар
674. Жалпы сыйымдылығы 150 және одан жоғары мұнай құятын кемелер, сондай-ақ мұнай құюға арналмаған, бірақ қосынды сыйымдылығы 1000 м3 және одан жоғары жүк бөлмесі бар, мұнай құюмен тасымалдау үшін арнайы жасалған және кез келген қолданылатын кеме, осы Қағиданың 675-тармағында көрсетілген кемелерді қоспағанда, балластты және жуу суларын шығаруды автоматты түрде өлшеу, тіркеу және басқару жүйесімен жабдықталады.
675. Автоматты түрде өлшеу, тіркеу және балластты және тазартатын суды басқару жүйесімен жарақтандырылмайды:
1) МАРПОЛ 73/78 бойынша анықталған ерекше аудандар шегінде рейс жасайтын мұнай құятын кемелер;
бір мемлекеттің аумағында порт немесе терминалдар арасында - МАРПОЛ 73/78 жағы жақын жердегі жағалаудан 50 мильден жоғары емес жерде алыстаған кезде;
ерекше аудандардан тыс рейс ұзақтығы 72 сағаттан көп емес және жақын жердегі жағалаудан 50 мильден жоғары емес жерге алыстағанда.
Бұл кемелер үшін мұнайы бар сулар осы порттарда және терминалдарда қабылдау құрылғылар саны жеткілікті болғанда кемелер кіретін әрі қарай порттардың және терминалдардың қабылдау құрылғысына тапсыру үшін бортта сақталады;
2) асфальт тасымалдаумен айналысатын мұнай құятын кеме;
3) өзінің физикалық қасиетті күшімен шығарылатын судағы азық-түлікті және суды тиімді бөлуге және өнім құрамын өлшеуге кедергі келтіретін битум және басқа да заттарды тасымалдаушы мұнай құятын кеме;
676. Мұнай құятын кеме мынадай жүйелермен жабдықталады:
1) 4000 т және одан жоғары дейдвидте - осы Қағиданың 685 және 686-тармақтарына сәйкес «А» санаттағы бақылау жүйесімен;
2) 4000т кем, бірақ жалпы сыйымдылығы 150 жоғары дейдвидте - осы Қағиданың 687-тармағына сәйкес «В» санаттағы бақылау жүйесімен;
677. Балластты және жуу суларын шығаруды автоматты түрде өлшеу, тіркеу және басқару жүйесі құрамында мұнай бар балластты және басқа да жүк танкілері зонасынан мұнаймен ластанған суларды теңізге шығаруға үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді.
678. Егер мұнай құрамын өлшейтін құралға сәйкес келетін тиісті сынама таңдау нүктесі қосылмаса, шығаруды қолмен басқару жағдайын қоспағанда, автоматты түрде өлшеу, тіркеу және балластты және тазартатын суды басқару жүйесімен шығару мүмкіндігін жояды.
679. Егер теңізге шығару бірнеше борт сыртындағы құю саңылаулары арқылы жүзеге асырылатын болса, жүйе осы сәтте тек бір саңылаудан кейін шығаруды қамтамасыз ету қажет. Егер кемеде борт сыртына бірнеше құю құбырларымен бір мезгілде шығару көзделсе, әрбір құю сызығына мұнай құрамын өлшеуге арналған жеке құрал және жеке шығыс өлшеуіш көзделеді; сонымен бірге барлық осы құралдар бір жалпы есепті блокқа қосылады.
680. Автоматты түрде өлшеу, тіркеу және балластты және тазартатын суды басқару жүйесінің шығаруды тоқтатуға әкелетін кез келген бұзылуы жағдайында, осы жүйенің немесе кез келген элементінің қатардан шығып қалуы жағдайында қолмен қайталау көзделеді.
681. Мұнай концентрациясының жоғарылығы туралы қысқа мерзімді сигналдар түскен кезде сигналды құрылғының іске қосылуынан алыстау үшін, шығарудың жоғары лездік қарқындылығының көрсеткішімен шақырылған, концентрацияның жоғарылығы туралы қысқа мерзімді сигнал 10 секундтан жоғары емес уақыт, немесе шығарудың лездік қарқындылығы алдыңғы 20 секунд уақытқа тұрақты орталықтануы мүмкін немесе оны лездік концентрация мәні бойынша мұнай құрамын интервалы 5 секундтан жоғары емес өлшеуге арналған құралмен есептеудің кіші жолымен беріледі.
682. Жүйенің мұнай сақтауын және басқа да бөліктерін өлшеуге арналған электрлік және электронды элементтері бар құралдың электронды бөлігі, басқару секциясы сенімді жұмыс істейді:
1) 2-ден 13,2 Гц-ке дейінгі жиілік диапазонындағы діріл шартында амплитудамен ± 1мм және 13,2-ден 80 Гц-ге дейінгі диапазонда ± 0,7g жылдамдату амплитудасымен;
2) кез келген жазықтықта қалыпты жұмыс күйінен 22,50 бұрышқа иілгенде;
3) егер бұл құрылғы жабық жайларда орнатуға арналған болса, ауа температурасы 0-ден +55 0С және от -25-тен +55 0С дейін егер олар ашық палубада орнатуға арналған болса;
4) + 55 0С температура кезінде атмосферада 90 % ылғалдылық қатынасымен;
5) кернеудің номиналды мәнінен ± 10 % шегінде ұзақ ауытқуы кезінде, жиіліктің бір мезгілде ± 5 % шегінде ұзақ ауытқуы;
6) кернеудің номиналдыдан ± 20 % қысқа мерзімді ауытқуы кезінде, жиіліктің 3 секунд уақыт қалпына келтірілуімен бір мезгілде қысқа мерзімді ауытқуы кезінде.
683. Автоматты түрде өлшеу, тіркеу және балластты және тазартатын суды басқару жүйесі элементтерінің конструкциясы олардың сенімді бекітілу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
684. Жүйелерді бақылау және басқару органдары оларда міндеті және әрекетін көрсететін нақты жазулармен немесе жалпы қабылданған символдармен жабдықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |