398-тармағында көрсетілген рұқсат етілген шамадан асатын тозуы, зақымдануы және істен шығуы анықталса;
2) жауапты металл конструкцияларда (жебе жүйесінде, бұрылыс бөлімінің колонна мен каркастарында, тірек-бұрылу құрылғыларында, кеменің немесе жүзбелі қондырғының кранды орнату орнында корпусты конструкцияларда) осьтерде және біліктерде сызаттар табылса;
3) крандардың металл конструкция қабырғаларының, металды жебе және кемелік лифтінің металл конструкцияның қалдық қалыңдығы олардың алғашқы қалыңдығынан 80 % кемінде құралса. Тозудың беріктілікке және ұзақ пайдаланылуына әсерін анықтау үшін есептеме әдістері қолданылады;
4) көтеру механизмінің істен шыққан тежегіш құрылғылары, ұшулардың, бұрылудың және кранның қозғалысының өзгеруі;
5) қажалу бетіндегі тойтаруларды бекітуге шығу басталған кезде тойтару астындағы саңылауларға келетін сызаттар мен сынықтар, тежегіш жапсырманың тозуы байқалса;
6) істен шыққан немесе қауіпсіздік құралдары мен ақырғы ажыратқыштар болмаса;
7) крандардың, жебенің және көтергіштің тұйықталу құрылғысы істен шыққан немесе жоқ болуы;
8) механизмдердің жылжымалы бөлігінің қоршауы және электр жабдықтың жалаң тоқ жіберуші бөлігі істен шыққан немесе жоқ болса;
9) осьтердің, бұрандамалық, штифтті және басқа жалғанулардың стопорлық қабілеттілігі жоқ болса;
10) жүк көтеруге арналған конструкциясының гактағы, қапсырмадағы, ұршықбастағы, шкифтердегі және блок осьтеріндегі, пырылдағыш дөңгелектердегі, ілгектегі және басқа жауапты тораптар мен бөліктеріндегі сызаттар, сынаулар және деформациялар табылса;
11) арқанның бірде бір жібі жыртылса, кресті орамы арқанының 8 диаметріне тең ұзына бойы сымдардың 10 % үзілуі байқалса, бір жақты орамы арқанының 10 диаметріне тең ұзына бойы сымның 5 % және одан жоғары үзілуі, сымдардың тозуы мен коррозия салдарынан алғашқымен салыстырғанда олардың диаметрі 40 % жоғары кішірейсе;
12) жинақталмаған салмақ қайтарғыш немесе оның балласты;
13) дыбысты сигнал берудің істен шығуы;
14) сертификатсыз немесе стандарт бойынша сыналмаған арқандар;
15) біріктірген арқандар тұрғыш және жүгіргіш такелаж ретінде қолданылады;
16) күңгірттік бетті, өңез иісімен, гарлер мен балшықты, дақпен қапталған және майысу кезінде жеңіл тарсыл дыбыс шығаратын өсу арқандары қолданылады;
17) сынған, қазықшалар және майысқан жерлері бар болатты арқандар қолданылады;
18) істен шыққан вертлюгтер мен вертлюгті гактер;
19) егер олардың қалыңдықтары алғашқы қалыңдықтарымен (колибрмен) салыстырғанда тозу салдарынан 10 % артық кішірейсе шынжырлы шкентельдер, топенанттар және басқа бөліктер, сондай-ақ үзбесі ақауланған шынжырлар қолданылады;
20) Жүк көтеруге арналған құрылғының авариясына себеп болуы мүмкін басқа да істен шығулар болса;
21) осы Қағиданың 380-тармағына сәйкес Кеме қатынасы тіркелімімен танылған ұйымның жүк көтеруге арналған құрылғыны әрі қарай пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды болмаса;
22) бағыттағыш жұмыс беті мен ішпектер арасындағы есепті бір жақты саңылау 4 мм аса, ал алдыңғы есепті саңылау (штихмасса бойынша) 8 мм астам кабина төсемі ішпегінің тозуы байқалса.
401. Жүк жебесінің ұйғарылған сынық белгісі табылған кезде алдыңғы жағы, сүйреме, демеу тораптар және метал конструкцияның басқа да жауаптылары, сондай-ақ олар бұзылған жағдайда, жүк көтеруге арналған конструкция пайдаланудан тез арада шығару және Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне кезектен тыс куәландыруға ұсынылады.
402. Пайдалану шектерін орнатумен (жүк көтерімділігін төмендету, ұшуды азайту, орын ауыстыруды, конструкцияның жұмыс істеу режимін тоқтатуға тыйым салу) жүк көтеруге арналған құрылғыны уақытша пайдалану мәселесі, әрбір нақты жағдайда негіздемелері жеткілікті болғанда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауындағы нәрсе болып табылады.
11-бөлім. Электр жабдығын куәландыру
54. Жалпы нұсқаулар
403. Шаруашылық, тұрмыстық және технологиялық бағыттағы электр жабдықтарында қолданылатындарды тексереді:
1) электр энергиясы көзінен жабдыққа дейінгі кабельді трассалар;
2) қорғаушы құрылғылар;
3) оқшаулаудың қарсыласуы;
4) жерге қосуды қорғау;
5) электр статистикалық және гальвандық ұшқын қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы.
Айтылған электр жабдықтары, егер оның жұмысы кезінде техникалық жай-күйі өртке әкелуі мүмкін, жарылысқа немесе регламенттелетін жабдықтардың жақсы жұмыс істеуіне қайшы келетін болса Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері пайдалануға шек қояды.
Оқшаулау кедергісі жыл сайынғы, сыныптамалық және кезектен тыс куәландыру кезінде тексеріледі.
404. Кемеде жаңа электр жабдығын жөндеген немесе орнатқаннан кейін, Кеме қатынасы тіркелімінің талабымен жазылған тиісті құжаттарды ресімдеумен сынақ жүргізіледі.
Сонымен бірге өзгертілген электр жабдықтарының құжаттарын (сертификаттарын) тексереді.
405. Электр жабдықтарын іс-қимылда сынау, аппараттармен қашықтықтан және автоматты басқару, сигнал беру, қорғау құрылғылары және барлық штаттық құралдармен жүргізіледі.
406. Электр жабдығын іс-қимылда куәландыру және тексеру үшін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне техникалық жай-күйі жөнделген күйінде ұсынылады (алда тұрған немесе жөндеу және авариялық жағдайларда жүргізілуге қатыстыларынан басқа).
Куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеменің электр жабдығының техникалық құжаттамасымен танысады (схемаларымен, сызбалармен, жазбаларымен, формулярлармен, паспорттармен, оқшаулаудың қарсыласуын өлшеу нәтижесімен).
407. Кез келген куәландыру кезінде мыналар тексеріледі:
1) Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасының 4-бөлімінің 365-тармағына сәйкес электр жабдығының металл корпустарының жерге қосылуын қорғағыштың болуы;
2) оқшауланбаған тоқ жүргізуші және ашық жылжымалы бөліктеріне жанасуынан қорғайтын қоршаудың болуы және дұрыстығы;
3) электр жабдықтарын механикалық зақымданудан және оған судың, будың, жылудың және майлайтын майдың түсіп кетпеуінен қорғау;
4) электр жабдықтарын орнату кезінде өртке қарсы шараларды орындау;
5) найзағай бағытын өзгертетін құрылғының дұрыстығы және болуы;
6) техникалық құралдардың болуы және дұрыстығы электрстатикалық және гальвандық ұшқын қауіптігін қамтамасыз ету.
408. Электр жабдықтарын алғашқы куәландыруды Кеме қатынасы тіркелімінің талабына сәйкес осы Қағиданың 3-бөлімінің § 1 ескеріп жүргізіледі.
55. Кезекті куәландыру
409. Кезекті куәландыру алдында Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеме иесімен ұсынылған электр жабдығын қарау және ақаулық актісін осы Қағиданың 29-қосымшасында анықталған, сондай-ақ оның қосымшаларымен танысады:
1) электрлі машина, үлестіргіш құрылғылар, кабельдер, басқару шынжырлары, сигнал беру және бақылау, аккумуляторлы батарея және оқшаулаудың қарсыласуын өлшеу кестесі;
2) электрлі машина параметрлерін өлшеу кестесі: коллектордың соғысы (байланыс дөңгелектері), коллектор диаметрлері (байланыс дөңгелектері), сырғанау білік тірегіндегі біліктің осьтік қарқыны, ауыспалы тоқ машинасының ротор және статор арасындағы әуе саңылаулары, тұрақты тоқ машинасының қосулары мен зәкірлері (өлшеуді орындау мүмкін болған кезде).
Көрсетілген параметрлерді өлшеу басты генераторлар және еспелі электр қозғалтқыштарының еспелі қондырғылары, кемелік электр станцияның генераторлары, күштілігі 50 кВт және одан жоғары электр қозғалтқыштар үшін міндетті.
410. Электр машиналарын бөлшектенген түрде куәландырады.
Егер техникалық жай-күйін және ақауларды байқауды анықтау үшін машинаны бөліктеу қажет болмаса, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері коллекторды, байланыс дөңгелектерін, щеткалы аппаратты, қарау терезелері арқылы орауды және бандажды қараумен шектейді.
411. Электрлі машинаны қарау кезінде тексереді:
1) тозу және коллектор жағдайын, байланыс дөңгелегі және щеткалы аппаратты;
2) ораудың, траверстің, ішкі коммутацияның байланыс сымдарын жалғастыру, бандаждың тұтастығының алдыңғы бөлігінің техникалық жай-күйін;
3) мойынтіректің техникалық жай-күйін, мойынтіректің қозғалуындағы шар және роликтің қабыршақтануы, жүгіру жолдарындағы шұңқырлар, нормадан асып кеткен радиальды және осьтік саңылаулар байқалса, мұндай мойынтіректі ауыстыруды талап етеді.
412. Үлестрігіш құрылғыларды қарау кезінде тексереді:
1) байланыстың тозу деңгейі және коммутациялық аппараттарды әрі қарай пайдалануға жарамдылығы, доғаны сөндіру құрылғыларының жағдайын;
2) электр машинасын ораудың индикатор ақауларының көмегімен, ішкі коммутация сымын оқшаулаудың техникалық жай-күйін;
3) оқшауланған жұқа тақтайшалардың техникалық жай-күйі (зақымдану, сызат, қабаттану, жанудың болмауы);
4) таңбаланған белгінің болуы және сапасы;
5) байланыс жалғауының тоқтатқыш құрылғыларының және аппаратураның нығайтқыш жағдайын.
413. Кабельді трассалардың дара кабельдерін және сымдарын қарау кезінде, оқшаулау және аяқталу жағдайына, кабельді бекіткіштің сенімділігіне, кабельді қораптың жағдайына, арнайы тығыздайтын құрылғыларға, саңылаулардағы кабельдің өтуіне арналған қаптауыштың болуына назар аударады.
414. Аккумуляторлы батареяны қарау кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері мыналарды тексереді:
1) аккумуляторлы үй-жайлардағы (шкафтардағы) желдеткіш құрылғылар;
2) қорғағыш бояу және оның аккумулятор үй-жайында (шкафында) орналасқан түріне сәйкестігі;
3) аккумуляторлар (сызаттың, сырдың кетуінің, шығып кетуінің және т.б. болмауы);
4) зарядтаушы құрылғының элементтері;
5) стеллаждар және нығайтқыш қабілеттер.
415. Айдайтын және бункерлік станциядағы мұнай құятын кемелердің электр жабдығын қарау кезінде тексереді:
1) жарылыстан қорғалған электр жабдығының, кабельді құбырлардың және қорғағыш құрылғылардың техникалық жай-күйін;
2) электр жабдықтың жерге қосылу қорғағышының, жүкке арналған құбырлар және тазарту жүйесінің, сондай-ақ статикалық электрді қайтаруға арналған құрылғылардың техникалық жай-күйі;
3) үй-жайларда және екінші деңгейлі кеңістікте орналасқан электр жабдықтарының орындалуы және техникалық жай-күйі.
416. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері қарау, өлшеу және солармен байланысты ашу, электр жабдығын нақты жағдайларда бөліктеу және бөлшектеуді, конструкцияны, қызмет мерзімін, ресурстың нақты өндірілуін, пайдалану бойынша нұсқаулықты, алдыңғы куәландыру нәтижесін, бұрын жүргізілген жөндеулер және ауыстырулар, сондай-ақ осы Қағиданың 409-тармағында көрсетілген өлшеу нәтижелеріне назар аударып, көлемін өзгерте алады. Мұндай өзгерістер куәландыру актісінде көрсетіледі.
417. Осы Қағиданың 409-тармағында көрсетілген параметрлерді қарау және өлшеу нәтижесі бойынша және іріктеп бақылау арқылы Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері жөндеу жұмысының көлемін келіседі және жөндеу немесе ауыстыру бойынша талаптарды ұсынумен кезекті куәландыру актісін жасайды.
56. Сыныптамалық куәландыру
418. Сыныптамалық куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері атқарылған жұмыстың көлемі және сапасын растайтын құжаттарды, жұмысты қабылдау актісін, ауыстырылатын электр жабдықтардың сертификаттарын, жөндеуден кейінгі сынау нәтижесін, осы Қағиданың 409-тармағында көрсетілген параметрлерді өлшеу нәтижесін, барлық құрал жабдықтың навигация алдында тексеру нәтижесі туралы актісін, барлық қорғаушы құрылғыны сынау туралы құжатты, сондай-ақ қайта құрастыру орындалғандардағы орау және таратқыш құрылғыларды ауыстыруды жөндеу кезіндегі электр машинасын оқшаулаудың электр беріктілігін сынау актісін тексереді.
419. Сыныптамалық куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кезекті куәландыру кезінде ұсынылған талаптардың орындалғандығына, құрал жабдықтарды жөндеу және ауыстыру бойынша барлық жұмыстардың аяқталғандығына, ал құжаттар осы Қағиданың 418-тармағында көрсетілген тиісті үлгіде ресімделгеніне көз жеткізеді.
420. Сыныптамалық куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері электр жабдығына оны әрекетте ашу және сынау қажет болған жағдайда рұқсат етуді қамтамасыз етумен қарау жүргізеді.
Электр жабдықтың арқандап байлау және жүрісте сынаудың ұзақтығы кемелік техникалық құралды электр жетекпен сынау ұзақтылығымен анықталады.
421. Сынау кезінде электр жабдықтың жағдайын бақылау штатты бақылау-өлшеуіш құралдармен жүргізіледі.
422. Электр жабдығын іс-қимылда қарау кезінде сондай-ақ осы Қағиданың 424 - 436-тармақтары бойынша нұсқауларды басшылыққа алады.
423. Электр жабдықты сыныптамалық куәландыру нәтижесі сыныптамалық актісінде көрсетіледі.
57. Жыл сайынғы куәландыру
424. Жыл сайынғы куәландыру кезінде іс-қимылдағы электр жабдықтың ішін қарау және сынау жүргізіледі.
Куәландыру алдында Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері мегаомметр немесе басқа сондай құралдың көмегімен электр жабдықтың оқшаулауының қарсыласуын өлшеу нәтижесін және барлық электр жабдығын навигация алдында тексеру туралы нәтиже актісін тексереді.
425. Жыл сайынғы куәландыру кезінде электр жабдықты сынаудың ұзақтығы кемелік техникалық құралдарды электр жетекпен сынау ұзақтығымен анықталады.
426. Тікелей сынаудан кейін өлшенген электр машина бөлігі температурасының жоғарылау шегі, техникалық шарттарда және электр машиналарын пайдалану бойынша нұсқаулықтарда көрсетілген қоршаған орта температурасының мәнінен жоғары болмау керек.
427. Электр машиналарын қарау кезінде тексереді:
1) орналасудың дұрыстығы, тіреудің сенімділігі және траверстің және щетка ұстағыштың дұрыстығы, қылаудың, жапырылу және щетка ұстағыштың ішкі жапсырмасының басқа да ақауларының болмауы, щетканың коллекторге (байланыс дөңгелегіне) сығылуын қамтамасыз ететін серіппенің техникалық жай-күйі;
2) коллектордың, байланыс дөңгелегінің жағдайы (тоздыру, тотығу, күйік, шаң) 0,6—1,5 мм шамасында болатын оқшаудағы коллекторлы пластина арасындағы жолдың тереңдігі;
3) полюсті орауыштарда, статор және ротор (зәкір) орауындағы қабаттардағы оқшаулы жабынның техникалық жай-күйі;
4) іргетасқа тіреудің сенімділігі.
428. Іс-қимылдағы электрлік қозғалтқыштарды сынау кезінде, олармен техникалық құрал режимінде келтірілетін оның барлық жұмыстарының сипаттамалары тексеріледі.
Сонымен бірге, жүргізеді:
1) жіберу, реттегіш және басқару аппараты жұмысының дұрыстығын бақылау;
2) қозғалтқыштардың жүктемесін бақылау (артық жүктеме рұқсат етілмейді);
3) щетканың ұшқындалу деңгейін тексеру, номинальды жұмыс режимі кезінде ұшқындалу деңгейі 1,5 балдан жоғары болмау керек;
4) ақырғы сөндіргіштер, тежегіштер, тұйықталу, бақылау және сигнал беру құрылғыларының іске қосылуын тексеру;
5) электр жетекті қашықтықтан және авариялық өшірілуін тексеру;
6) электр машинасының мойынтірегінің ақауларын индикатормен тексерудегі мойынтірек жұмысын тексеру;
7) қорғау құралдарының техникалық жай-күйі және ретке келтірілуін, сондай-ақ қорғау құрылғысының барлық сынақ құжаттарының кемеде болуын осы Қағиданың 418-тармағына сәйкес тексеру.
429. Генератордың параллельді жұмысы кезінде тексереді:
1) әрбір генераторда шамалас күштері 10 % дейінгі кемдікпен орнатылуы тиіс (шиналардағы сомалық жүктеме 20 %-дан 100 %-ға дейін өзгерген кезде және қолмен реттелмеген генератордың жүктемесі және алғашқы қозғалтқыштардың айналу жиілігі), генераторлар арасындағы активті жүктемелердің таралуын;
2) жүктеме орнатылғандағы қатар жұмыстың құрылғысы, сондай-ақ жүктемені кемелік жағдайда ең жоғары мүмкіндік кезіндегі тастау және өшіру;
3) бір генератордан келесі генераторға жүктемені ауыстыру және кері тоқ релесінің және кері күш релесінің жұмыс істеуі.
430. Үлестіргіш құрылғыларды іс-қимылда қарау және сынау кезінде қажет:
1) коммутациондық аппараттың дұрыстығына көз жеткізу және оларды әрекетте байқау;
2) панельдің бет жағындағы коммутациондық аппараттың, реттегіштің, өлшеу құралдарының, сигнал беру шамдарының және т.б. жұмыс жағдайы және міндеті туралы анық өшірілмейтін жазудың болуын, сондай-ақ сақтандырғыштағы олардың міндеті, балқытып қосылған номиналды токтың мәніндегі жазулар;
3) электрлі өлшеуіш құралдардың стандартпен көзделген тәртіппен мезгілді тексерілетініне көз жеткізу;
4) басты және қосымша байланыстардың және доғаны өшіретін құрылғының дұрыстығына көз жеткізу;
5) күштеу арқылы күш трансформаторларының жұмысын тексеру;
6) реттегіштің қаптама және реостаттың температурасы қоршаған орта температурасынан 60оС артық аспайтынына көз жеткізу қажет;
7) ең аз және нөлдік қорғауды әрекетте іріктеп байқау.
431. Кабельді трасты қарау кезінде, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері жеке кабельдерді және сымдарды тексереді:
1) қабығының техникалық жай-күйін (зақымдану рұқсат етілмейді), бекіту сенімділігі және дұрыстығы;
2) отынның, майдың, жоғары температураның және механикалық зақымданудың әсер етуінен кабельді және сымдарды қорғау;
3) өткізбейтін сұрыптау және палуба арқылы кабельдерді өткізу орнындағы арнайы нығыздалған конструкциялардың (іріктеп) техникалық жай-күйі;
4) номинальды жүктеме кезіндегі қызу (іріктеп), кабель және сымның температурасы стандартпен немесе техникалық шарттармен көзделген мәндерден асып кетпеуі қажет;
5) негізгі (іріктеп) және авариялық жабдықтандыру желісі;
432. Аккумуляторлық батареяны қарау кезінде:
1) аккумулятордың дұрыстығына және олардың бекітілу сенімділігіне көз жеткізу;
2) разрядқа қосу кезінде аккумуляторлық батареяны байқау, зарядты тоқтың барлық деңгейінде зарядты құрылғыны байқау;
3) аккумуляторлық үй-жайдың (шкафтардың) Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкестігін тексеру;
433. Мұнай құюшы кемелердің, айдау және бункерлік станциялардың электр жабдығын қарау кезінде, осы Қағиданың 424-432-тармақтары бойынша көрсетілгендерден тыс, мыналарға тексеру жүргізеді:
1) үй-жайларда және екінші санатты кеңістікте орнатылған электр жабдығының Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасына сәйкестігін;
2) жүк көтеруге арналған және тазарту жүйесінің құбырларының жекелеген аумақтары арасындағы қосқыштың техникалық жай-күйін, олардың кеме корпусына орнату сенімділігін тексеру.
434. Кемелік электр станцияның автоматтандыру жүйесін әрекетте қарау және сынау кезінде мыналарды көздеу керек:
1) дизель-генератордың басты таратқыш қалқанының шиналарға автоматты жіберілу және қосылуын;
2) рульдік рубкадан дизель-генератордың қашықтықтан жіберілу және тоқтатылуы;
3) басты қозғалтқыштың айналу жиілігі төмендеген кезде, білек генераторынан-дизель-генераторға жүктемені автоматты ауыстыру және дизель-генераторды қосқан кезде білек генератордың ажырауы;
4) авариялық дизель-генератордың немесе авариялық аккумулятор батареясының автоматты қосылуы және өшірілуі;
435. Тетік (іріктеліп бір немесе екі тетік тексеріледі) орнатылған ауданда температураны жасанды жолмен жоғарылатып, автоматты өрттік сигнал берудің жұмысын тексеру қажет.
436. Электрлі ескіш қондырғыны сынау кезінде мыналарды тексереді:
1) әртүрлі режимде кеме қозғалысының реверстермен негізгі схема бойынша алдыңғы және артқы жүрісінің қызмет істеуінің дұрыстығын;
2) схемамен көзделген барлық режимде қызмет істеуінің дұрыстығын;
3) желдеткіштің, басты дизель-генератордың жіберу құралын, резервті қоздырғыштардың жұмыс істеуінің дұрыстығын;
4) басқару қондырғысын негізгі басқару постарынан резервті және тұрақты жұмысқа соңғы жағдайда ауыстыру мүмкіндігі;
5) реверстеу кезінде еспелі электр қозғалтқыштардың артық күшті көтеру қабілеттілігі;
6) схемада көзделген тұйықталу және сигнал беру;
7) басты генераторлардың, еспелі электр қозғалтқыштары және басты тоқтың кабельдік желісі.
437. Электр жабдығын жыл сайынғы куәландыру нәтижесі жыл сайынғы куәландыру актісінде көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |