Пайдаланылған кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы



жүктеу 6,32 Mb.
бет7/24
Дата28.11.2017
өлшемі6,32 Mb.
#2289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
28. Ішкі куәландыру

 

250. Қысымдағы ыдысты ішкі куәландыру осы Қағиданың 246-тармағында көрсетілген мерзімде және әрбір гидравликалық сынау алдында жүргізіледі.



Ыдысты ішкі куәландыру алдында мұқият тазартылады және оған еркін қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

251. Толық ішкі куәландыруға мүмкіндігі жоқ ыдыстардың, мүмкіндігі бар жерлеріне ішкі қарау және сынама қысыммен гидравликалық сынау жүргізіледі.



Ыдыстар мынадай жағдайларда ішкі куәландыруға мүмкін емес деп саналады:

1) ыдыс басы астындағы саңылау диаметрі жарыққа 120 мм-ден кем еместі құрайды;

2) ыдыс ұзындығы 2,5 м кем құрайтын екі түпшелер немесе лазаларда қылталар болмағанда;

3) Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қорытындысы бойынша ыдыс конструкциясы ішкі куәландыру жүргізуге рұқсат етілмесе.

Ішкі куәландыруға өзінің орналасу салдарынан мүмкін болмаған ыдыстар, орнынан түсіріледі немесе қозғалтылады.

Мұндай жағдайда ішкі куәландыруды гидравликалық сынауға ауыстыруға рұқсат етілмейді.

252. Жалпы кемелік жүйе және өрт сөндіруші жүйе құрамына кіретін, қысымдағы ыдыстарды ішкі куәландыру, толық ішкі куәландыру үшін мүмкін еместігіне қарамастан 10 жылдан кейін және әрбір гидравликалық сынау алдында жүргізіледі.

Ішкі куәландыру алдында Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері осы Қағиданың 269-тармағына сәйкес мұндай ыдыстардың салмақ (нетто) тексеру және ыдыс сыйымдылығы актісін бақылайды.

253. Қысымдағы ыдыстарды ішкі куәландыруға ұсынған кезде, лазалары, қылтасы және басқа да қарайтын саңылаулары ашық, клапан бастиегі алынады, ыдыс мұқият тазартылады.

254. Куәландыруға дейін, қаралатын ыдысқа сығылған ауаны, газды, сұйықтықты түсірмеуге жататын шаралар қабылданғанына көз жеткізу қажет.

255. Куәландыру кезінде ішкі және сыртқы үстіртін, протекторын, сондай-ақ іргетасын және бекіткішін қарайды.



Клапан бастарын, ыдыстарды, арматураларды, лаза қақпақшаларын орнататын жерге және қаралатын люктерге, үстіңгі дымқыл жиналуы мүмкін жерлерге және коррозиялық ажырау, сызат және басқа сондай ақаулар көбірек пайда болуы ықтимал аудандарға аса назар аударады.

Егер ыдыс конструкциясымен үрлеудің ішкі түтікшесі қаралса, оның жағдайына және жұмыс жағдайына ыдыс қалай орналасқанына байланысты (тік немесе көлбеу) назар аударады.

256. Егер куәландыру кезінде едәуір тозу табылса, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген тәсілмен корпустың қалдық қалыңдығының, құбыр және қысымдағы ыдыстың басқа да элементтерінің анықтамасын талап етеді, сонымен қатар ыдыс бұдан әрі пайдалануға қабырға қалыңдығын өлшегеннен, (қажет болғанда есебімен) қауіпсіз жұмыс қысымы және гидравликалық сынау негіздемесінен кейін жіберілуі мүмкін.



 

 

29. Гидравликалық сынау



 

257. Қысымдағы ыдыстарды гидравликалық сынау ішкі куәландырудан кейін жүргізіледі, ал ішкі куәландыруға мүмкіндік жоқ ыдыстар - осы Қағиданың 251-тармағына сәйкес ішінара ішкі қараудан кейін, осы Қағиданың 246 және 251-тармақтарында көрсетілген мерзімде жүргізіледі.



Қысымдағы ыдыстарды гидравликалық сынау сондай-ақ, күрделі жөндеу және ыдыстардың басқа да элементтерін ауыстырғаннан кейін де жүргізіледі.

Өрт сөндіру жүйесі құрамына кіретін қысымдағы ыдыстарды гидравликалық сынау және ішкі куәландыру, Кеме қатынасы тіркелімінің Тану туралы куәлігі бар ұйымдармен жүргізіледі.

258. Ішкі куәландыру кезінде табылған барлық ақаулар гидравликалық сынау басталғанға дейін жойылуы, арматура іріктелген, кран және клапандар сүртілген, лаза қақпашасын орналастыратын жер және қарау люктері айдап әкелінген, сақтандырғыш клапандар өшірілген болады.

259. Ыдыстарды гидравликалық сынау кезінде сынама қысым арматурамен бірге рраб жұмыс қысымының 1,25 тең болып қабылданады, бірақ рраб+100 кПа кем емес.

Егер жүйе және ыдысқа қызмет етуді гидравликалық сынау үшін арналған сынама қысым дәл келсе, жүйелерді және ыдыстарды гидравликалық сынау біріктіріледі. Қысымдағы ыдыстарды құбырдан бөлек (мысалы, цех ішінде) гидравликалық сынауға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда сол мерзімде қысым астындағы ыдыспен, құбыр жеке сынау қысымымен сыналады.

260. Қысымдағы ыдысқа гидравликалық сынауды мынадай шарттарды сақтаған жағдайда жасау керек:



1) қысымдағы ыдысқа су толтырғанда ауа толығымен шығарылады;

2) қысымды бақылау екі манометрдің көмегімен жүзеге асырылады;

3) су және қоршаған ауа температурасы +5oC төмен болмауы, су және ауа температурасының әртүрлілігі терлеуге әкелмеуі қажет;

4) сақтандыру клапанының дауысы өшіріледі;

5) сорғыш қысымның көтерілуін бір қалыпты қамтамасыз етуі қажет;

6) кемедегі тарсыл және шу шақыратын жұмыстар тоқтатылады;

7) сорғыш қысымды тексеру кезінде жұмыс істемейді.

Қысымдағы гидравликалық ыдысты тексеру өзіне келесі жүйелікті қосады:

қысымды жұмысқа дейін көтеру;

қысымдағы ыдыстарды жұмыс барысында алдын ала қарау;

261. Егер қысым төмендеуі, сызат, жарықтар, көрнікті қалдық деформациялар, су өту және сондай ақаулар табылмаса, онда ыдыстар сынақтан өткен болып табылады.



 

 

30. Сыртқы куәландыру



 

262. Қысымдағы ыдыстарды әрекетте сыртқы куәландыру және тексеру, кемені әрбір сыныптамалық және жыл сайынғы куәландыру кезінде, сондай-ақ әрбір гидравликалық сынау немесе ішкі куәландырудан кейін жүргізіледі.

263. Ыдыстар сыртқы куәландыруға орнатылған штаттық арматурамен және оларға қызмет ететін барлық жүйелер және құрылғылармен ұсынылады.

264. Куәландыру кезінде тексеріледі:

1) арматураның, манометрдің, сыртының үстін және бекіткіштің техникалық жай-күйін;

2) автоматикалық сигнал берудің және қорғағыштың (бар болған жағдайда) жөнделуін;

3) жеңіл қалқитын тығынның барын және әрекеттегі сақтандырғыш клапанды;

4) сақтандырғыш мембранның бар болуын (егер олар көзделген болса);

265. Егер сақтандырғыш клапан реттелетін қысым аса айтылмаса сақтандырғыш клапандар 10 % артық асатын жұмыс қысымымен реттеледі.



Редукциялық клапаннан кейін орнатылған, сақтандырғыш клапандар 0,1 — 0,2 МПа жұмысынан асатын қысымда реттеледі.

Жарылғаннан кейін ыдыста қысым 15 % жұмыс қысымынан төмендегенде сақтандырғыш клапандар газ шығаруды толықтай тоқтату қажет.

Ыдыста немесе айдалған құбырда орнатылған, әрекетте реттелген және тексерілген сақтандырғыш клапандар кеме иесімен пломбаланады.

266. Егер сыртқы қарау кезінде, пайда болуының себебі осы куәландырумен белгілеу мүмкін болмайтын ақаулар табылса, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері ішкі куәландыру және гидравликалық сынау жүргізуді талап етеді.

267. Қысымдағы ыдыстарда және құбырларда орнатылған манометрлер құзыретті органдармен кезеңді калибрлеуге тартылады.

Манометрлер мынадай жағдайда пайдалануға жарамсыз деп танылады:

1) онда тексеру туралы пломбылар немесе мөртабан болмаса, тексеру мерзімі өткен болса;

2) манометрдің ақаулығы;

3) қысымның шамасын көрсететін цеферблатта қызыл сызық болмаса.

 

 

31. Техникалық жай-күйін анықтау



 

268. Қысымдағы ыдыстың техникалық жай-күйі куәландырулар және сынаулар нәтижесі бойынша анықталады.

Егер маңызды тозу табылса, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері корпустың қалдық қалыңдығының, түтіктің және ыдыстың құрал-саймандық әдістегі басқа да элементтерінің анықтамасын талап етеді.

269. Егер корпус қабырғасының, түтіктің және басқа да жауапты элементтердің орташа тозуы, бірнеше өлшеулер бойынша анықталған қалдық қалыңдық, алғашқы қалыңдықтан 10 % артса немесе жергілікті тозу ойық жара немесе таяныш түрінде алғашқы қалыңдықтан 20 % артса, ал осы Қағиданың 252-тармағына сәйкес жалпы кемелік жүйе және өрт сөндіргіш жүйе құрамына кіретін қысымдағы ыдыстарда пайдаланған жоғалту 10 % асса немесе сыйымдылығы 2 % және одан да жоғары көбейсе, тозған элементке ауыстыру немесе жөндеу жүргізіледі. Сонымен бірге қалыңдықтың Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасы бойынша талап етілгендіктен артық болуы ескеріледі.



Көрсетілген нормадан артық тозығы бар ыдыс, негізделген жағдайларда төмендетілген жұмыс қысымымен тозуды есепке алып беріктілік есебінің нәтижесі бойынша пайдалануға жарамды болып табылады.

270. Ыдыстар беріктілігі осы Қағиданың 269-тармағына сәйкес жеткіліксіз болған жағдайда немесе мынадай ақаулар табылғанда пайдалануға жарамсыз болып табылады:



1) корпус және түтікте сызат немесе саңылау болса;

2) корпус және түтік деформациясы;

3) жалғаулардағы сызық;

4) сақтандырғыш және редукциондық клапандардың және басқа да жауапты арматуралардың жөнделмеуі;

5) бақылау-өлшеуіш құралдардың жөнделмеуі.

 

 

6-бөлім. Салқындатқыш қондырғыларды куәландыру



 

32. Жалпы нұсқаулар

 

271. Осы тарауда кемелік салқындатқыш және мұздатқыш қондырғыларды (бұдан әрі - салқындатқыш қондырғылар) көліктік рефрижераторлық және кәсіптік кемелерді куәландырудың нұсқаулары айтылады.

272. Тоңазытқыш қондырғыны алғашқы куәландыру осы Қағиданың 3 тарауын § 1 ескере отырып Кеме қатынасы тіркелімінің талабына сәйкес жүргізіледі.

273. Кемеде тоңазытқыш қондырғыны жөндеп ауыстырғаннан кейін, оларға ТБЖҚ көрсетілген қажетті құжаттарды рәсімдеу арқылы қажетті сынау жүргізіледі.

Сонымен бірге ауыстырылған құрал-жабдықтың құжаттарын, тоңазытқыш қондырғының сертификатын және қолданылған материалдарды тексереді.

274. Куәландыру және сынаудың нәтижесі тоңазытқыш қондырғыны куәландыру актісінде көрсетіледі.

275. Осы бөліммен қарастырылған, тоңазытқыш қондырғыны куәландыру, салқындату үй-жайларының және мұздатқыш камералардың техникалық жай-күйін анықтау және арнайы температураға жету және ұстап тұру мақсаты бар.

276. Тоңазытқыш қондырғының объектілері куәландыруға қажетті жағдайларда ашуға, жинауға немесе бөлік және бөлшектерді бөлектеу рұқсат етуді қамтамасыз етіп дайындалады.



Тоңазытқыш қондырғыны әрекетте куәландыру және тексеру үшін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне техникалық жай-күйі (алдыңғы немесе жөндеу жүріп жатқан және авариялық жағдайға қатысты куәландырудан басқа) жөнделген күйде ұсынылады.

Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері куәландыру алдында техникалық құжаттамамен (сызбалармен, баяндаумен, нұсқалармен, формулялармен және паспорттармен), сондай-ақ кемелік машина журналымен танысады.

 

 

33. Кезекті куәландыру



 

277. Кезекті куәландыру алдында Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеме иесімен ұсынылған, оның агрегаттарын, құрылғыларын және жүйелерін қамтамасыз ететін тоңазытқыш қондырғының барлық тораптарының және жауапты бөліктерінің тексеру және ақаулық нәтижесі және бұдан басқа мынадай құжаттармен танысады:

1) компрессорларды негізгі жалғаулардағы, жетекті қозғалтқыштардағы, желдеткіштердегі және сорғылардағы саңылауларды өлшеу нәтижелері бар құжаттар;

2) тоңазытқыш қондырғының жауапты бөлігінің тозу параметрлерін өлшеу нәтижелері көрсетілген мәліметтері бар құжаттар:

Қажетті жағдайларда бөліктердің беріктілігі тексеру есептерімен және қосымша аспаптық бақылаумен расталады.

278. Кезекті тоңазытқыш қондырғысын куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері дефектоскоп және жарық индикаторды қолданумен мыналарды жүргізеді:



1) қондырғының ақаулық нәтижесін және кеме иесімен орындалған жауапты бөліктердің өлшеуін тексеру;

2) қозғалтқыштарды, желдеткіштерді, майлы, айналмалы және қышқыл сорғыларды, конденсаторларды, булағыштарды, ауа салқындатқыштарды, құбырларды, олардың арматураларын және жалғауларын, компрессорлардың сақтандырғыш клапандары және жылу ауыстырғыш аппараттарын жетектейтін бөлік және торап түріндегі жауапты бөліктерді түсіндірілген күйінде таңдап қарау;

3) Жүк салқындату бөлімінің оқшаулануын қарау, оқшауланудың техникалық жай-күйін мүмкін болатын зақымдану және жоғары дымқылды белгілеу мақсатында тексеру.

Қарау кезінде гигроскопиялық немесе кемуге бейім материалдардан орындалған, оқшауланудың жағдайына аса назар аударады. Қажет болған жағдайда оқшаулауды жергілікті ашады немесе сыртқы бетін Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген тәсілмен кеседі. Люктердің, есіктердің және желдеткіш каналдардың жабылу тығыздығы тексеріледі;

4) тоңазытқыш машиналық үй-жайдың және тоңазытқыш агенттердің артық қорын сақтауға арналған үй-жайдың, сондай-ақ осы үй-жайлардың өзінің ауа өткізгіш желдеткішін қарау.

279. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері қарау, өлшеу және солармен қатысты ашулар, жинаулар және тоңазытқыш қондырғының нақты жағдайлардағы бөліктерін, конструкцияларды, пайдалану бойынша нұсқаулықтарды, қызмет мерзімін, атқарымды, алдыңғы куәландыру нәтижесін, жүргізілген жөндеулер және ауыстыруларды, сондай-ақ осы Қағиданың 282-тармағында көрсетілген параметр мәндерін назарға ала отырып бөлшектеу көлемін өзгертеді.



Мұндай өзгертулердің себебі кезекті куәландыру актісінде көрсетіледі.

280. Қарау, ақаулық, өлшеу және іріктелген бақылау актісін талдау нәтижесі бойынша Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері жұмыс көлемін келіседі және кеме иесіне тоңазытқыш қондырғының бөліктерін куәландыру актісімен ресімдеп бөліктерді жөндеу және ауыстыру бойынша талаптарды ұсынады.



 

 

34. Сыныптамалық куәландыру



 

281. Тоңазытқыш қондырғыны сыныптамалық куәландыру кемені сыныптамалық куәландыру мерзімінде жүргізіледі.

Сонымен бірге тоңазытқыш қондырғының конструкциясы бойынша, орналасу, үй-жайларды жабдықтау және әрекеттегі қондырғы жұмыс туралы Кеме қатынасы тіркелімі Қағидасының талаптарына сәйкестілігі тексеріледі.

Куәландыру нәтижесі бойынша тоңазытқыш қондырғының техникалық жай-күйі анықталады.

282. Сыныптамалық куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері атқарылған жұмыс көлемін және сапасын - жұмысты қабылдау туралы актіні растайтын, өзгертілген агрегаттар мен бөліктер сертификаттарын, Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарында көрсетілген, нормалар бойынша тоңазытқыш қондырғы құрамына кіретін барлық жүйелер және құрылғыларға қысым астында жүргізілген сынау нәтижелерін, осы Қағиданың 277-тармағында көрсетілген параметрлерді өлшеу нәтижелерін, сондай-ақ кеме иесімен жүргізілген және тәулік ішінде жүк көтеретін бөлмеде ең төменгі есептік температурада жүзу ауданының температуралық жағдайына тоңазытқыш қондырғыны сынаудың тиісті түрде ресімделген құжаттарын тексереді. Тоңазытқыш қондырғының жұмысын сипаттайтын негізгі параметрлер өлшенеді және журналға енгізіледі.



Тоңазытқыш қондырғыны сынағаннан кейін өшіреді және 12 сағат бойы бөлмеде температураның жоғарылауын қадағалайды, сонымен бірге әр сағат сайын температура мәні журналға енгізіледі.

Тоңазытқыш қондырғыны мұндай сынау нәтижесі бойынша орнатылған параметрмен ең ұзақтық кезеңін белгілейді және осы кезең ішіндегі мынадай параметрлердің орташасын анықтайды:

1) салқындатылған үй-жайдағы температура;

2) сыртқы ауаның және борт сыртындағы судың температурасы;

3) конденсаторға кіретін және одан шығатын судың салқындату температурасын;

4) тұзсу тығыздығы

5) буландырғышқа кірердегі және одан шығардағы тұзсу температурасы;

6) ауа салқындатқышқа кірердегі және одан шығардағы ауаның температурасы.

Бұдан басқа, сынау кезіндегі машина жұмысының сағат көлемін есептейді.

283. Сыныптамалық куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері осы Қағиданың 280-тармағына сәйкес кезекті куәландыру кезіндегі талаптардың орындалғанына, тораптарды жөндеу және ауыстыру бойынша барлық жұмыстар және бөліктерді орнату аяқталғандығына, сынау осы Қағиданың 282-тармағына сәйкес жүргізілгендігіне, құжаттар тиісті үлгіде ресімделгеніне көз жеткізеді.

284. Сыныптамалық куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері әрекетте мыналарды тексереді:

1) Компрессорлар, жылу ауыстырғыш аппараттар, мұздатқыш және салқындатқыш, хладагентті тікелей буландырғыш арматурамен бірге және хладагент құбырлармен компрессорлардың қорғау автоматикасын және тізілген техникалық құралдардың қашықтық құрылғыларының өшірілуін тексеру;

2) мұздатқыш машиналық үй-жайдың желдеткішін және хладагент қорын сақтауды;

3) авариялық жарықтандыру және тоңазытқыш қондырғының аммиактық қалқан таратқышын қашықтықтан өшіру;

285. Мұздатқыш қондырғыны сыныптамалық куәландыру нәтижелері мұздатқыш қондырғыны куәландыру актісінде көрсетіледі.



 

 

35. Жыл сайынғы куәландыру



 

286. Тоңазытқыш қондырғыны жыл сайынғы куәландыруға мыналар кіреді:

1) ішкі қарау және қондырғыны әрекетте тексеру;

2) хладагент қысымында жұмыс істейтін компрессорлардың сақтандырғыш клапанын, жылу ауыстырғыш аппараттың және ыдыстың реттелуінің дұрыстығын тексеру.

Сақтандырғыш клапандардың реттелуін тексеру, жұмыс заты түрінде ауаны немесе инертті газды қолданумен арнайы жабдықталған қабырғада өткізіледі. Компрессордың сақтандырғыш клапаны қысымның ұлғаюы және соруы кезінде әртүрлі ашылу керек, аммиак және R22 үшін — 1,6 МПа, R12 үшін — 1,05 МПа.

Клапан жарылғаннан кейін жұмыстық затты қайта жіберуді қысымның жоғарыда көрсетілген 15 % жоғары емес төмендеу айырмасында толықтай тоқтатылады.

Тоңазытқыш қондырғы қысымдағы аппарат және ыдыстың сақтандырғыш клапаны артық қысым кезінде ашылады: аммиак және R22 жоғары қысым жағында - 2,1 МПа, төменгі қысымда 1,6 МПа; R12 — 1,4 МПа и 1,05 МПа үшін сәйкесінше.

Клапан ашылғаннан кейін қысым жоғарыда көрсетілген 15 % жоғары емес төмендеу кезінде жұмыс затын шығаруды толықтай тоқтатылады.

Клапандарды тексергеннен кейін кеме иесімен пломбыланады:

3) жүк көтеруге арналған салқындатқыш үй-жайдың оқшаулау жағдайын тексеру.

287. Мұздатқыш қондырғыны жыл сайынғы куәландыру нәтижелері мұздатқыш қондырғыларды куәландыру актісінде көрсетілуі қажет.



 

 


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау