Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 12-беті
12
- диссертациялық зерттеулер жүргізу мақсатында магистранттардың ғылыми
жетекшілерін, тақырыптарын бекіту;
- университеттің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру;
- бюджеттен тыс қаражаттарды пайдалану тəртібін, сондай-ақ университетте ақылы
білім беру жəне өндірілген өнімдерді тарату жолымен алынған реинвестициялық
кірістердің бағыттарын анықтау;
- атаулы степендиялар мен сыйақыларды, ғылыми жəне құрметті атақтарды
тағайындау жəне бекіту;
- университет қызметкерлерін, шығармашылық ұжымды үкіметтік наградаларға жəне
құрметті атақтарға ұсыну туралы мəселелерді қарау;
- алқалық шешімді талап ететін университеттің ағымдық қызметінің өзге де
мəселелерін қарау.
Ғылыми кеңес шешімі Ғылыми кеңес төрағасының жəне Ғылыми кеңес хатшысының
қолдары қойылатын хаттамалармен ресімделеді.
1.3 ОФИС РЕГИСТРАТОР ЕРЕЖЕСІ
1 Жалпы ережелер
1.1 Офис регистратор – аймақтық əлеуметтік-инновациялық университетінің
құрылымдық бөлімі болып табылады.
1.2 Офис регистратор бөлімі өз қызметіне Қазақстан Республикасының күші бар
заңдарын, ҚР БЖҒМ-нің нормативтік-құқықтық құжаттарын, университет ректорының
бұйрықтары мен өкімдерін, университет Жарғысын басшылыққа алады.
1.3 Офис регистратор бөлімінің меңгерушісі университет ректорының бұйрығымен
қызметке қабылданады жəне босатылады.
1.4 Офис регистратор бөлімі білім алушының оқу пəндерін тіркейтіні жайында жəне
академиялық күнтізбеге, оқу жоспарына сəйкес ұйымдастыратын, жоспарлайтын іс-шаралар
туралы сұрақтарды шешеді.
2 Офис регистратор бөлімінің қызметтері
2.1 Білім алушының оқу пəндерін тіркейді жəне академиялық күнтізбеге, оқу
жоспарына сəйкес ұйымдастырады;
2.2 Іс-шаралар кестесімен білім алушының оқу жетістіктерін қадағалайды;
2.3 Білім алушыны орталықтандырылған он-лайнға тіркеу, пəндердің пəнаралық
таңдалынуымен қамтамасыз етеді;
2.4 «Platonus» жүйесіне оқу жоспарларын ендіреді жəне бақылайды;
2.5 Академиялық күнтізбеге сəйкес білім алушыларды тұтастай оқу жылына
белгіленген мерзімге тіркеуді, жазғы семестрге қайта тіркеу мен тіркеуді қамтамасыз етеді;
2.6 Білім алушыларды университетке тіркеу, кредиттік технологиялар бойынша блімді
бағалау жүйесінің негізгі принциптері мəселелері бойынша кеңес береді;
2.7 Тіркеу бойынша мəліметтерді жинақтайды жəне мəліметтер дайындайды;
3 Офис регистратор бөлімінің міндеттері:
3.1 Аттестаттау жəне емтихан тізімдемелерін құрастыруға жəне дайындауға:
3.2 Аттестаттау барысында арнайы рұқсатсыз араласуды тоқтатуға;
3.3 Пəндерді тіркеу жəне қайта тіркеу мəселесі бойынша білім алушылар мен
оқытушыларға кеңес беруге;
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 13-беті
13
3.4 «Platonus» жүйесінде пəндерге ПОҚ байланыстыруға жəне тіркеуге;
3.5 Қайта тіркеу өтініштерін реттеу, білім алушыларды қайта тіркеуге;
3.6 Білім алушыларды ағымдық жəне жазғы семестрлердегі пəндерді қайта оқуға
тіркеуге;
3.7 Аралық бақылау тіркемелерін қалыптастыруға;
3.8 Емтихан тіркемелерін қалыптастыруға;
3.9 Бағаның дұрыс ендірілуін бақылау, аралық жəне қорытынды бақылау нəтижелерін
сақтауға;
3.10 Транскрипті түзетуге жəне беруге;
3.11 Қосымшаға (транскрипт) мəлімет дайындауға, пəндерді, кредиттерді GPA
тексеруге.
1.4 ОҚУ БӨЛІМІНІҢ ЕРЕЖЕСІ
1 Жалпы ережелер
1.1 Оқу бөлімі – аймақтық əлеуметтік-инновациялық университетінің оқу процесінің
нормативті ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін, профессорлық-оқытушылар құрамының
оқу үдерісінің жұмыстарын үйлестіретін, университеттің оқу кестесінің ұйымдастырылуы
мен басқарылуын жүзеге асыратын бөлім болып табылады.
1.2 Оқу бөлімі өз қызметіне Қазақстан Республикасының күші бар заңдарын, ҚР
БЖҒМ-нің нормативтік-құқықтық құжаттарын, университет ректорының бұйрықтары мен
өкімдерін, университет Жарғысын басшылыққа алады.
1.3 Оқу бөлімінің меңгерушісі университет ректорының бұйрығымен қызметке
қабылданады жəне босатылады.
2 Оқу бөлімінің қызметтері:
2.1 Университеттегі оқу процесін жоспарлайды, ұйымдастырады, бақылайды;
2.2 Оқу процесіне қатысты дайындалатын барлық есептерді жасау жұмыстарын
ұйымдастыруға жетекшілік етеді.
2.3 Университет кафедраларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім
стандарттармен жұмыс оқу жоспарларымен қамтамасыз етеді;
2.4 Мамандықтар бойынша оқу жоспарларының стандартқа сай құрылып, бекітілуін
қадағалайды;
2.5 Күндізгі жəне сырттай, кешкі, қашықтықтан оқу түрлері бойынша оқу процесінің
кестесін құрайды;
2.6 Оқудың сабақ, емтихан кестелерін құрып, бекітіп, олардың орындалуын бақылайды;
2.7 Оқытушылардың педагогикалық жүктемесінің орындалуын бақылайды;
2.8 Оқу процесінің барысын қадағалайды;
2.9 Практиканың барлық түрлерінің жүргізілуін, ұйымдастырылуын бақылайды;
3 Оқу бөлімінің міндеттері:
3.1 Оқудың барлық түрлері бойынша барлық мамандықтардың негізгі жəне жұмыс оқу
жоспарларын ұйымдастыруға, келісімге əзірлеуге;
3.2 Барлық мамандықтар бойынша оқу жоспарларының орындалуын бақылауға,
кафедралардың оқу жұмысын тексеруге;
3.3 Қорытынды мемлекеттік аттестациясын өткізуді үйлестіруге жəне бақылауға;
Достарыңызбен бөлісу: |