Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 8-беті
8
7. Зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы қорынан басқасына аударған кезде міндетті
зейнетақы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жинақтаушы зейнетақы қорымен
шарт жасасқаны жөнінде жұмыс берушіні хабардар етуге.
8. Өзінің кəсіби біліктілігін үнемі жоғарылатып отыруға.
4 Университет əкімшілігінің негізгі міндеттері
1.Қазақстан Республикасының "Еңбек кодексі", "Білім туралы" қолданыстағы
заңдарының, сондай-ақ АƏИУ Жарғысының, тиісті тəртіппен белгіленген Регламенттер,
ережелерінің талаптарына сəйкес жағдайларын қамтасамыз етуге.
2.Қызметкер өкілдерінің ұсынысын қарауға, келіссөздер жүргізуге.
3.Қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған кезде онымен еңбек шартын жасасуға, еңбек,
ұжымдық шартпен жəне жұмыс берушінің актілерімен таныстыруға
4.Жалақыны жəне Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде,
көлемінде төлеп тұруға.
5.Қызметкерге жыл сайын ақылы еңбек демалысын беруге.
6.Қызметкерді еңбек міндеттерін орындауы үшін қажетті құралдармен жəне
материалдармен қамтамасыз етуге.
7.Қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруы кезінде оның денсаулығы мен өміріне зиян
келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыруға.
8.Жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қатердің алдын алу жөнінде
шаралар қолдануға, өндірістік жəне ғылыми техникалық прогрессті ескере отырып,
профилактикалық жұмыстарды жүргізуге.
5 Жұмыс уақыты жəне оны пайдалану
1.Жұмыс уақытының басталуы, жəне аяқталуы жəне түскі үзіліс уақыттары келесі
тəртіппен белгіленеді жəне жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.
2. Оқу процесіне қатысты қызметкерлер үшін:
- оқу процесін үздіксіз жүргізу мақсатында, оқытушы-профессорлар құрамы жəне оқу-
көмекші құрамы қызметкерлері үшін аптасына 5 күндік жұмыс күні. Демалыс күні сенбі,
жексенбі. Жұмыс кұрылымдық бөлім басшыларының ұсынысымен АƏИУ ректоры бекітеді
жəне жұмыс графигі катаң сақталуы тиіс.
- жұмыс күнінде оқытушы профессорлар құрамы оқу жүктемесін орындаумен қатар,
оқу-əдістемелік, ғылыми-шығармашылық, тəрбиелік жұмыстарды жəне кафедраның
қоғамдық жұмыстарын жүргізуге тиіс.
- оқытушы-профессорлар құрамы университеттен тыс қосымша жұмыстарға кафедра
меңгерушісі, факультет деканының жəне оқу жəне инновациялық технологиялар жөніндегі
проректорының келісімімен жіберілуі тиіс
3. Əкімшілік басқару, ғылыми құрам жəне бөлімдер үшін:
- аптасына 5 күндік жұмыс күні, демалыс күндері -сенбі, жексенбі;
- жұмыстың басталуы -9.00
- жұмыстың аякталуы -18.00
- түскі үзіліс -13.00-14.00
4.Тиісті реттерде жұмыс күнінің ұзақтығы, университет басшылығы бекіткен тиісті
жұмыс уақытының апталық жəне есепке алатын уақыгтағы ұзақгылығы сақталған ауысу
(смена) кестесімен белгіленеді.
5.Қызметкер өзінің кызметіне залал келмейтін немесе жағдайлар болғанда жұмыстан
сұрануға төмендегі тəртіппен рұқсат алуға мүмкіншілігі бар:
- 3 сағатқа дейін тікелей басшысынан;
- жұмыс күніне дейін жетекшілік жасайтын университет проректорынан;
- 1 жұмыс күнінен артық мерзімге тек ақысыз демалыс немесе еңбек демалысы
есебінен сұрай отырып, жазбаша өтініш беруі тиіс.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 9-беті
9
6.Қызметкер үйленген (тұрмысқа шыққан) реттерде немесе жақын туысы қайтыс
болған реттерде бес күндік ақысыз демалыс алуға құқы бар.
7.Қызметкер ауырып калған реттерде міндетті түрде тікелей басшысы жазбаша түрде
құқықтық қамтамасыз ету жəне кадрлармен жұмыс бөліміне хабарлама жасауға міндетті.
8.Қызметкер жұмыс күнінде алкогольдік, нашақорлық масаңдық немесе өзге де
жағынан улану жағдайын туғызатын заттарды пайдалану болған реттерде, дəлелді
себептерсіз жұмыс орнында болмаған деп саналып, ҚР Еңбек кодексіне сəйкес тəртіптік шара
колданылуы тиіс.
6 Демалысқа шығару тəртібі
1.Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалыстарын берудің кезектілігі еңбек,
ұжымдык шарттарда белгіленген талаптарға сай белгіленеді.
2.Еңбек демалысына дəл келетін мереке күндерін есептемегенде, жыл сайынғы кезекті
еңбек демалыстарының ұзақтығы күнтізбелік күндермен есептелініп, кезекті еңбек демалыс
кестесі бекітіліп сəуір айынан кешіктірілмей құқықтық қамтамасыз ету жəне кадрлармен
жұмыс бөліміне өткізіледі.
3.Құрылымдық бөлім басшылары бекітілген кезекті еңбек демалыстарының, кестесімен
қызметкерлерді таныстырып, дəлелді себептермен еңбек демалыс кестесі өзгертілетін
жағдайда құқықтық қамтамасыз ету жəне кадрлармен жұмыс бөліміне жазбаша түрде
ескертуі тиіс.
4.Бекітілтен кезекті еңбек демалыс кестесіне сəйкес АƏИУ ректорының бұйрығы
шығарылады.
5.Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен
кешіктірілмей жүргізілуі тиіс,
6.Қатарынан екі жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым салынады.
7.Тараптардың келісімі бойынша қызметкерге оның өтініші негізінде жалақысы
сакталмайтын ақысыз демалыс берілуі мүмкін.
8.Білім беру ұйымында оқитын кызметкерлерге емтихандар тапсыру, диплом жобасын
(жұмысын) дайындау жəне қорғау, бітірушілер емтихандарын тапсыру кезінде ақы төленетін
немесе акы төленбейтін қосымша демалыс беріледі.
7 Қызметкерлерді марапаттау тəртібі
1.Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, білімнің жəне ғылымның даму сапасын
көтеруде атқарған адал қызметі жəне басқа да жетістіктері үшін АƏИУ ректорының
төмендегідей марапаттау шаралары қолданылады:
- бұйрықпен алғыс жариялау;
- құрмет грамотасымен марапаттау;
- ережеге сəйкес ақшалай сый ақымен марапаттау.
2.Марапаттаулар АƏИУ ректорының бұйрығымен жарияланып, қызметкердің еңбек
кітапшасына жазылады.
3.Қызметтегі ерекше жетістіктері жəне көп жылдық еңбектері үшін университет
қызметкерлері АƏИУ Ғылыми Кеңестің шешіміне сай ректордың бұйрығымен бекітілген
арнайы комиссияның шешімімен Білім жəне Ғылым Министрлігінің марапаттауына, ҚР
мемлекеттік наградаларымен марапаттауға жəне құрметті атақтар алуға ұсынылады.
8 Қызметкерлерге тəртіптік жаза қолдану шаралары
1.Еңбек тəртібін бұзғаны үшін, яғни қызметкердің кінəсін оған жүктелген еңбек
міндеттерінің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін жұмыс беруші
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 72 бабына сəйкес тəртіптік жазалар қолдануға
құқы бар:
Достарыңызбен бөлісу: |