Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 28-беті
28
- үш жақты келісімшартқа білім алушы, АƏИУ-ің ректоры жəне қабылдаушы ЖОО қол
қояды. Ұлттық компаниялардың, əлеуметтік серіктестердің қаражаты есебінен оқуға
жіберілген жағдайда төрт жақты келісімшарт жасалады.
3.13 Білім алушыны басқа ЖОО-на бару-қайту мерзімімен жіберу туралы бұйрықтарды
Студенттік Кеңсе енгізеді.
3.14 Қабылдаушы ЖОО-дағы білім алушылар оқу орнының ережелеріне сəйкес оқу
дəрістеріне кіруге рұқсат алу əкімшілік процедураларынан өтеді.
Осы ретте академиялық ұтқырлық аясында оқуға жіберілген білім алушылар жіберуші
ЖОО-ның білім алушыларының контингентінде қалады.
3.15 Серіктес-ЖОО-да студентті (магистрантты) оқыту кезеңінде факультеттің
академиялық
ұтқырлық
бағдарламаларының
үйлестірушісі
бітіруші
кафедраның
меңгерушісімен жəне АҰОМ бірге білім алушының серіктес-ЖОО-да оқуын жəне сонда
болуын ағымдағы бақылау бойынша қабылдаушы тараптың тиісті бөлімімен қажетті өзара
əрекетті қамтамасыз етеді.
3.16 Басқа ЖОО-да оқу кезеңінде білім алушының өз ЖОО-ғы оқу ақысы жеке
тəртіппен шешіледі.
3.17 Шетелдік іс-сапардан, машықтанудан оралған білім алушы жұмыс оқу жоспарында
пайда болған айырманы жою үшін айырма пəндері бойынша дəрістерге қатысады жəне сол
бойынша емтихандарды ағымдағы оқу жылының тиісті семестрінде немесе жазғы семстрде
тегін тапсырады.
3.18 Оқу жылына оқу іс-сапарына кеткен бакалавриат, магистратура бітіруші
курстарының білім алушылары оқу іс-сапарынан келген соң қорытынды аттестация
(мемлекеттік
емтихандаржəне
дипломдық
жұмысты,
магистрлік,
докторлық
диссертацияларды қорғайды) тапсырады.
3.19 Шетелдік іс-сапарға, машықтануға кеткен мемлекеттік білім беру тапсырысы
бойынша оқитын білім алушының шəкіртақысы іс-сапарда/машықтануда болған бүкіл
мерзімінде толық сақталады.
3.20 Басқа ЖОО-на оқуға жіберілетін білім алушылар міндетті:
1) Қабылдаушы ЖОО-да оқу үшін қажетті құжаттарды факультеттің академиялық
ұтқырлық үйлестірушісіне дер кезінде ұсыну. Құжаттар тізімі ЖОЖ келісілген академиялық
ұтқырлықтың тиісті бағдарламасына қатысу шарттарымен белгіленеді.
2) Серіктес-ЖОО-да оқу үшін жəне шетелдік ЖОО-да оқу кезінде шекарадан өту үшін
талап етілетін құжаттарды (шығу-кіру визасы, келуге рұқсат алу, т.б.) дер кезінде жəне толық
рəсімдеу.
3) Басқа ЖОО-на баруға кедергі болатын себепті сылтау пайда болған жағдайда
факультеттің академиялық ұтқырлық үйлестірушісі арқылы растайтын құжаттарды қосып
ректордың атына дəлелді өтініш беру. Басқа ЖОО-на баруды өзгерту тиісті бұйрықпен
рəсімделеді.
5) Қабылдаушы ЖОО-ның жарғысы мен ішкі тəртіп ережелерін сақтау.
3.21Білім алушының ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуын растайтын қорытынды
құжат қазақстандық ЖОО-да оқу кезінде қазақ/орыс тілінде жəне шетелдік ЖОО-да оқу
кезінде(қажет туындалса) ағылшын тілінде 4-қосымшаға сəйкес форма бойынша
толтырылатын оқу транскрипті жəне/немесе сертификат болып табылады.
3.22 Оқу транскриптіне оқу бағдарламасы туралы мəліметтер (пəн коды), пəннің атауы,
пəнді оқудың ұзақтығы (жыл, семестр, триместр), оқығанда алған бағасы (ұлттық шкалада
жəне ECTS шкаласында), берілетін ECTS кредиттерінің саны. Оқу транскриптінде оқу
бағдарламасының ерекшелігі туралы анықтамалық (қосымша) мəліметтер енеді. Олар:
ЖОО-дағы баға жүйесін сипаттау, ECTS бағалар жүйесі, оқу жылына, семестрге не
триместрге ECTS кредиттерінің саны.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 29-беті
29
3.23 Қабылдаушы ЖОО-да оқу біткен соң білім алушылар ҒБ жəне АҰОМ оқу
транскриптісін ұсынады.
3.24 Серіктес-ЖОО-да кредиттер түрінде меңгерілген пəндерді АƏИУ-де қайта тапсыру
академиялық ұтқырлықтың келісілген бағдарламасына сəйкес дайындалған жəне белгіленген
тəртіппен бекітілген ЖОЖ мен транскрипт негізінде жүзеге асырылады.
3.25 Мамандықтардың типтік оқу бағдарламаларында міндеттелген пəндер болған
жағдайда жəне ол пəндерді барған ЖОО өтуін қамтамасыз ете алмаса Академиялық
ұтқырлық бағдарламаларын аяқтаған соң. Жазғы семестрде тапсыра алады. Айырма
пəндеріне, қосымша оқу үшін ақы төленбейді.
3.26 Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша өзге ЖОО-да білімін
жалғастырған студенттің/магистранттың семестр бойына оқыған пəндерінің жиынтығы 18
кредиттен төменболған жағдайда, АƏИУ бекіткен оқу жұмыс жоспарында көрсетілген
пəндерден таңдау жасалып,ол пəндерді айырма пəндері ретінде жазғы семестрде оқуға
міндеттеледі.
3.27 Ғылыми өтілге барған магистранттар шетелдік іс-сапардан оралған соң келесідей
құжаттарды ұсынады:
- іс-сапардың бекітілген жоспарына сəйкес іс-сапар нəтижелері туралы толық есеп
(ғылыми жетекші растаған);
- шетелдік кеңесші қол қойған есеп немесе сертификат көшірмесі (нотариалды түрде
расталған аудармасымен).
3.28 Факультеттің академиялық ұтқырлық үйлестірушісі академиялық ұтқырлық
қатысушыларын осы Ереженің талаптарымен қол қоюы арқылы таныстыруы тиіс.
3.29 Жеке оқу жоспары алдын ала академиялық мойындаудың негізі жəне алынған
білімнің болашақ біліктіліте есептелетіндігінің кепілі болып табылады.
3.30 Білім алушының жеке оқу жоспарынан бөлек қосымша пəндерді оқуы жағдайында,
Комиссия қайта есептенуді жеке тəртіпте жүргізу туралы шешім қабылдайды, оқу пəндерін
толық тапсырудың графигін жасайды.
3.31 Аталмыш рəсімге сəйкес академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыруды
мойындау тиісті біліктілікті алуға қажетті оқу жоспарына сəйкес жалпы оқу жүктемесінің
20% асуы мүмкін емес
4 Университетте қазақстандық жəне шетелдік ЖОО білім алушыларының
академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру
4.1 ҒБ университетте оқуды ұйымдастыру үшін оның сайтына университеттің
ұсынатын (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы
мынадай ақпаратты орналастырады:
- білім беру бағдарламаларының тізімі, өтініш беру кезеңі, қабылдану үшін орындалуы
қажетті міндетті шарттар;
- əрбір білім беру бағдарламасының ақпараттық пакеттері;
- академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша университетінде оқу келісімі, өтініш,
оқу транскриптінің үлгілері.
4.2 Кезекті семестр басталғанға дейін 15 күннен (ішкі академиялық ұтқырлық) жəне 2
айдан (сыртқы академиялық ұтқырлық) кешіктірмей қабылданған белгіленген формада оқу
келісімшарты мен өтініш жəне транскрипт университетінде академиялық ұтқырлықты жүзеге
асыру үшін білім алушыларды шақыру туралы мəселені қарау негізі болып табылады.
4.3 Өтініш, оқу келісімшарттары 15 күн ішінде қарау жəне белгіленген тəртіпте бекіту
процедурасынан өтеді. Өтініштерді белгіленген мерзім ішінде қарауға АҰОМ, мəлімделген
оқу бағдарламасының АƏИУ-нің бағдарламасына сəйкес болуына факультет деканы
жауапты.
Достарыңызбен бөлісу: |