Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 6-беті
6
1 БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ БАСҚАРУ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 УНИВЕРСИТЕТТІҢ ІШКІ ЕРЕЖЕСІ
1 Жалпы ережелер
1.Бұл ереже АƏИУ-нің ҚР «Еңбек кодексі», «Білім туралы» колданыстағы заң
талаптарына жəне АƏИУ Жарғысына сəйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру,
жұмыстан босату, қызметкердің міндеті мен жауапкершілігін, жұмыс уақытын, демалыс
уақытын, қызметкерді марапаттау жəне тəртіптік шара қолдану, қызметке тағайындау, еңбек
демалысына жіберу, білімін жетілдіру жəне басқа да еңбек қатынастарын реттеудегі
жергілікті нормативтік кұжаты болып табылады.
2. Осы ереже талаптары АƏИУ қызметкерлерінің барлығына міндетті болып табылады.
3.Осы ереже университеттің барлық қызметкерлерін жəне жаңадан жұмысқа
қабылданған кызметкерлерді таныстыруға университеттің құқықтық қамтамасыз ету жəне
кадрлармен жұмыс бөлімі жауапты.
4. Осы ереже АƏИУ-нің ректоры бекіткен күннен бастап күшіне енеді.
5. Ереженің мақсаты - еңбек тəртібін нығайту, еңбекті ұйымдастыру, жұмыс уақыты
тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау, жұмыстың жоғары сапалылығын арттыру.
2 Жұмысқа қабылдау жəне жұмыстан босату тəртібі
1. АƏИУ-де еңбек етуге құқық еңбек шартын жазбаша түрде жасау арқылы жүзеге
асырылады. Еңбек шарт жасалғаннан кейін АƏИУ ректорының жұмысқа қабылдау туралы
бұйрығы шығарылады.
2. Кұрылымдық бөлім басшылары жұмысқа қабылдауға өтініш білдірген тұлғаның
құжаттарымен танысып, қызметтік нұсқауға, университет ректорының шешіміне
сəйкестігін анықтап кандидатурасын бос тұрған орынға жетекші ректордың проректорларына
ұсынады;
3. Жұмысқа қабылдау туралы соңғы шешімді АƏИУ ректоры қабылдайды. АƏИУ
ректорының бұрыштамасынан (шешімінен) кейін өтініші жеке еңбек шарты негізінде
жұмысқа қабылдану бұйрығын дайындау үшін кадр бөліміне жіберіледі. Жұмысқа қабылдау
бұйрығының жобасын дайындауда құқықтық қамтамасыз ету жəне кадрлармен жұмыс бөлімі
жұмысқа қабылданатын қызметкерден төмендегідей жеке іс-құжаттарын талап етуге құқылы:
- еңбек шарты - 2 дана
- жеке іс кағазы - 1 дана
- Т-2 формасы жеке карточкасы - 1 дана
- төлқұжат, жеке куəлігінің көшірмесі - 2 дана
- анкета - 1 дана
- зейнетақы қоры келісім шартының көшірмесі - 2 дана
- 3-4 фотосурет - 3 дана
- еңбек кітапшасы (түп нұсқа), қосымша қызмет атқаратын ПОҚ үшін нотариалды
расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
- дипломдарының, куəліктің көшірмелері (тіркемесімен);
- ғылыми еңбектерінің тізімі;
- өмірбаяны;
- медициналық кітапша;
- алыс-жақын шет ел азаматтары үшін рұқсат қағазы немесе оралман куəлігінің, ықтияр
хаттың көшірмесі;
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 7-беті
7
- əскери билетінің көшірмесі (əскери есепке алу жұмыстары жөніндегі инспекторға
тіркелу).
4. Қажетті құжаттар құқықтық қамтамасыз ету жəне кадрлармен жұмыс бөліміне үш
күннен кешіктірілмей өткізілуі тиіс. Қажетті кұжаттар құқықтық қамтамасыз ету жəне
кадрлармен жұмыс бөліміне уақтылы өткізілмеген жағдайда бұйрық құжат өткізілген күннен
бастап шығарылады.
5. Жұмысқа қабылдау АƏИУ ректорының бұйрығымен рəсімделеді.
6.Қызметке қабылданған немесе қызмет ауыстырған қызметкерді қажетті нормативтік
құжаттармен таныстыруға университеттің құқықтық қамтамасыз ету жəне кадрлармен
жұмыс бөлімі міндетті:
- бұйрықпен қол қойдырып таныстыруға;
- ұжымдық шартпен;
- қызметтік нұсқауымен;
- осы стандартпен;
- еңбек шартының бір данасын қол қойдырып беруге.
7.Қызметке қабылдау немесе қызмет ауыстыру барысында қызметкер төмендегі
нормативік құжаттармен танысуға міндетті жəне құқылы:
- орындайтын қызметімен (жұмысымен), оның талаптарымен жəне еңбек ақысымен;
- атқаратын қызметіне сəйкес міндеттерімен жəне құқықтарымен;
- университет ережесімен;
- қауіпсіздік техникасының ережелерімен, өндірістік санитариямен жəне еңбек
гигиенасымен, өрт кауіпсіздігін сақтау жəне еңбекті қорғаудың басқа да ережелерімен;
- Сапа менеджмент жүйесі бойынша университет стандартымен.
8.Еңбек шартын тоқтату немесе бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңдарда қаралған негіздер бойынша ғана орындалады. жəне ол университет ректорының
бұйрығымен рəсімделеді.
9.Еңбек шарттың тоқтату немесе бұзу негіздері:
- мерзімнің бітуіне байланысты;
- тараптардың келісімі бойынша;
- талаптардын бірінің бастамасы бойынша.
10. Еңбек шарты тараптардың бірінің бастамасымен бұзылуы мүмкін, егер бір тарап
екінші тарапқа жазбаша еңбек шарты бұзылған кезге дейін бір ай бұрын ескерткен жағдайда;
11.Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу ҚР Еңбек кодексінің 54
бабының талаптарына сай жүзеге асырылады. Еңбек шарты кодекстің 54-шы бабына сай
бұзылған жағдайда кызметкерді алда шарттың бұзылатыны туралы ескерту талап етілмейді.
12.Жұмыстан босатылу бұйрығы шықкан күні кету қағазын толтырып өткізгеннен кейін
еңбек кітапшасына тиісті жазбасы түсіріліп, еңбек кітапшасы қол қойдырылып
қызметкердің өз қолына беріледі.
3 Университет қызметкерлерінің негізгі міндеттері
1.Еңбек, ұжымдық шарттарда жəне жұмыс берушінің актілерінде жазылған еңбек
міндеттерін адал орындауға.
2. Еңбек тəртібін сақтауға.
3. Жұмыс кезінде жұмыс берушіге мүліктік зиян келтірмеуге.
4. Еңбек корғау, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын орындауға.
5. Еңбек шартына сəйкес өзіне сеніп тапсырылған қызметтік, коммерциялық жəне
заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайын мəліметтерді жария етпеуге.
6.Адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің
сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны туралы хабарлауға.
Достарыңызбен бөлісу: |