Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет6/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

  
23
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
«Журналист 
шындыққа қызмет 
етуге міндетті» 
деп есептейді 
Қырғызстанның 
журналистер 
қауымдастығы 
Төмендегі тұжырымдарға назар аударыңыздар: 
 

Азғырушылық  пен  кемсітушіліктен  сақтану  –  босниялық 
баспасөздегі Журналистік Кодекстің айрықша белгісі.  
 

BBC  репортерлерінің  жұмысындағы  басты  қағида  – 
объективтілік пен нақтылық принципі. 
 

Жапония  баспагерлер  мен  редакторлар  қауымдасты-
ғының  журналистика  жарғысы  газеттерді  «гүлденген 
және  бейбіт  болашақпен  қамтамасыз  етуге  күш  салуға» 
міндеттейді. 
 

Қырғызстанның журналистер қауымдастығы өздерінің эти-
калық Кодексінде ең басты нәрсені атап көрсетеді: «Жур-
налистер шындыққа қызмет етуі керек. Бұқаралық ақпарат 
құралының рөлі шындықты іздеумен тұжырым далады».
Барлық  ар-намыс  кодекстері  бірауыздан  журналистер 
төмендегі жайттардан аулақ болуы керек деп есептейді: 
 

жала жабу және ар-намысты қорлау 
 

плагиаттық (басқалардың жазғанын өз атынан пайдалану) 
 

пара алу 
 

ойдан шығару (бұрмалау және таза ойдан шығару)


  
24
  
Оқиғаны нақтылы 
дерекке сүйене 
отырып суреттеу – 
журналистиканың ең 
негізгі принципі
Журналистикадағы  кәсіби  әдістемелерді  қолданудың  көп-
теген тәсілдері бар. Мысалы, әскери қылмысты қалай баян-
дау керек? Құрбан болғандар мен жарақат алушылар тура-
лы қалай айту керек? «Бұқаралық журналистикамен» айна-
лысу деген не? «Жауапты репортаж» қалай жасалады? – де-
ген сауалдарға жауап іздеу керек. Жауапты репортаж жасау 
кейде аса күрделі болуы мүмкін. Олай болатыны, қақтығысты 
жариялау  өз  алдына  да,  қақтығыстың  болашақтағы  салда-
ры мүлдем басқа болуы мүмкін. Бұл тақырыптардың кейбірі 
осы  оқу  құралында  қарастырылған.  Бірақ,  бұлардың  және 
масс-медианың  негізінде  нақтылы  деректерге  негізделген 
оқиғаларды  жария  ете  отырып,  қоғамның  дамуы  мен 
демократияның орнығуына ықпал ету жатады.
 
Демократиялық қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының 
негізгі  міндеттері  –  жауапкершілікті  қоғамдық  пікірталас  ту-
дыру  мақсатында  сенімді  ақпаратпен  қамтамасыз  ету, 
шенеуніктердің  қоғамның  алдындағы  есеп  беру  деңгейін 
жоғарылату және электоратты ақпаратпен қамтамасыз ету.
Көптеген  кәсіби  кодекстердің  бұқаралық  ақпарат  құралда-
рының жетекші рөлі ретінде сенімді ақпаратпен қамтамасыз 
етуді айтуы тегіннен-тегін емес. 
2-тарау: Халықаралық стандарттар


  
25
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
негізгі элементтер
Журналистердің  ар-намыс  кодекстерін  қарап  отырсақ, 
журналистік тәжірибеде кездесетін ең негізгі деген үш фактор-
ды көреміз. Олар: бейтараптық, нақтылық және әділдік. Бұл 
үш  факторды  жалпыға  ортақ стандарт  ретінде  қарастыруға 
болады. 
Этикалық  критерийлердің  өзі  де  жаңалық  жинау  барысын-
да  әділдік  пен  адамгершілік  керектігін  жоққа  шығармайды. 
Көптеген  кодекстер  ақпарат  көзін  де  мәлімет  жинау 
барысындағы маңызды құрамдас бөлік ретінде қарастырып, 
оны қорғауға алуға баса назар аударады. 
1. Бейтараптық немесе бұра тартпау
Журналистік  ар-намыс  кодекстері  мен  мінез-құлық  ереже-
лерінің көпшілігі «бейтараптықты» немесе оқиғаны баяндау 
барысындағы  «тәуелсіздікті»  алдыңғы  планға  шығарады. 
Бірақ, бұл тұжырымдама анықтама беруде қиындық тудыруы 
мүмкін. 
Бейтараптық дегеніміз – репортаж белгілі бір саяси партия-
ны, дінді, халықты немесе этникалық топты қолдай отырып, 
екінші  топқа  зиян  келтірмеу  деген  сөз.  Бейтараптық  сая-
сат  туралы  немесе  тараптардың  мәлімдемелері  жөнінде 
шындыққа  жанасатын  ақпаратты  ұсынуға  мүмкіндік  береді. 
Сондай-ақ,  белгілі  бір  саяси  партияның  немесе  топтың 
келесісіне  қатысты  комментарийлерін  беруге  де  бола-
ды.  Бірақ,  мұндағы  ең  негізгі  принципті  естен  шығармаған 
жөн:  журналистің  өзінің  жеке  пікірін  ашық  білдіруіне,  өз 
түсініктемесін  беруіне  немесе  өзінің  саяси  ұстанымдарын 
таңуына тыйым салынады. Тепе-теңдікке қызмет ететін жур-
налистика дерек пен пікірдің ара-жігін анық ашып береді.  


  
26
  
Көптеген мемлекеттерде басылым редакциялары қандай да 
бір қаржылық қолдаусыз тіршілік ету қиын деп есептейді. Ал  
саяси партиялар, саясатқа ықпал ете алатын топтар немесе 
саяси амбициясы бар ықпалды бизнесмендер осы қаржылық 
көмекті  көрсете  алатын  кандидаттар  қатарында.  Бұндай 
жағдайда басылым өзінің қаржы көздері туралы баяндап оты-
руы керек, сол арқылы оқырман оның қаншалықты бейтарап 
екенін біліп отырады. 
Жауапты басылымдар жарияланатын жаңалықтар мен редак-
ция пікірінің ара-жігін нақтылы ашып көрсетеді. Жаңалықтар 
бірінші  бетте  жарияланса,  бас  мақалалар  мен  пікірлер  ішкі 
беттерге  беріледі  және  олар  нақты  көрсетіледі.  Кейбір  ба-
сылымдар  сараптамалық  мақалаларды  басады,  ол  жер-
де  міндетті  түрде  журналистің  пікірі  болады.  Сараптаманы 
басқа жаңалықтармен шатастырмау үшін оны «жаңалықтарға 
сараптама»  деп  белгілейді.  Көптеген  басылымдардағы 
жаңалықтармен  жұмыс  жасайтын  редакциялық  топ  пен 
бөлімдерге  мақалалар  мен  комментарий  дайындайтындар 
бір-бірінен  оқшау  жұмыс  істейді.  Кейде  тіпті  олардың  бір-
бірімен байланысуына тыйым салынады. 
 
Батыста  көптеген  масс-медиа  мен  басылымдар  жеке 
компаниялардың  иелігінде,  сондықтан  олар  коммерциялық 
тақырыптағы  объективті  материалдарға  үлкен  сақтықпен 
қарауды талап етеді. Редакциялық және коммерциялық не-
месе  жарнамалық  бөлiмдер  бiр-бiрiнен  тәуелсіз,  оқшау 
жұмыс  жасайды.  Баспагер  немесе  БАҚ  қожайыны  жария-
ланым  мазмұнына  ықпал  етуге  тырысқаны  үшін  басылым 
редакторының өз еркімен қызметтен кеткен жағдайлары да 
бар. Ал егер мұндай жағдайдан кейін де редактор өз орнын-
2-тарау: Халықаралық стандарттар


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау