35
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Этикалық ереженің тағы бірі – ешқашан плагиаттықпен
шұғылданбау. әрине, әрбір жаңа мақала бұрын жазылған
жарияланымдардың негізінде құрылады. Бірақ, әріптестері-
ңіздің немесе бәсекелестеріңіздің материалдарынан қандай
да бір мәліметтерді алатын болсаңыз, оған сілтеме жасауға
міндеттісіз. Өзге авторлардың жұмысын ұрлап, оны өзіңдікі
етіп көрсетуге үзілді-кесілді болмайды. Мұндай жағдайда өз
мансабыңызға өзіңіз балта шабасыз.
Этикалық мәселеге қатысты екіұшты болған уақытта әрда-
йым төмендегі сауалдарға жауап іздеп көріңіз:
Дәл осындай ақпаратты алудың басқа амалы не тәсілі
бар ма?
Өзіңіз зиян келтірген адамның алдында арыңыз таза ма,
басқаша айтсақ өзіңіздің әрекетіңізді түсіндіріп бере ала-
сыз ба?
Егер осыған ұқсас жағдай тағы да туындаса, алдыңғы
әрекетіңізді қайталар ма едіңіз?
Егер репортер болмасаңыз, керісінше кейіпкеріңіздің ор-
нында болсаңыз, не істер едіңіз?
Нақтылықты қамтамасыз ету үшін және әділетті болу үшін
қолыңыздан келгеннің бәрін істедіңіз бе?
Мақаланың барлық маңызды аспектілерін ашуға талпы-
ныс жасадыңыз ба?
Сіздің шешіміңіз сыртқы және өзіңіздің ішкі жеке ықпа-
лыңыздан азат па?
36
5. Ақпарат көздерін қорғау
Журналистердің ар-намыс кодексі ақпарат көздерін қорғау-
ға ерекше мән береді. Тіпті, кей сәттерде заңға ашық
қайшы келетін болса да, осындай қадамға барып жата-
ды. Енді біреулер ақпарат көзін ашпау үшін «моральдық
міндеттемелерге» сілтеме жасайды.
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау институты да ақпарат
көздерінің қорғанысын журналистің басты міндеті деп
есептейді. Бірақ, мұндай құпиялық дүниежүзі бойынша
халықаралық стандарт ретінде қабылданды деп айту өте қиын.
Кейде мұндай құпияны ашуға тура келіп, соның салдарынан
көп жағдайда журналист пен ақпарат беруші зиян шегіп жата-
ды. Журналистік ұйымдар, соның ішінде Халықаралық жур-
налистер федерациясы, АҚШ-та орналасқан Журналистерді
қорғау комитеті және Парижде орналасқан «Шекарасыз ре-
портерлер» ұйымы көптеген сот процестеріне қатысып, жур-
налистерге ақпарат берушінің аты-жөнін айту үшін үлкен
қысым жасалатынына куә болды.
Тәжірибе жүзінде журналистердің ақпарат көзін құпия
сақтаймын деп алып, жеме-жемге келгенде оны жариялап
жіберетін жағдайлары көп кездеседі. Бұл ақпарат көздерінің
журналистерге деген сеніміне селкеу түсіреді. Бұқаралық
ақпарат құралдарына қандай да бір мәлімет берген ақпа-
рат көзі немесе саяси оппонент батыл әрі әшкерелеуші
2-тарау: Халықаралық стандарттар
37
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
мәлімдеме жасаған жағдайда, қарсы тарап ақпарат берушіні
анықтауға күш салады. Сол арқылы олар әлгі адамнан өшін
алады немесе басқаларға келешекте сабақ болуы үшін сес
көрсетеді.
Көп жағдайда мәселе заң шарттарымен шектеледі. Егер
журналист анонимді дерек көзінен қандай да бір мәлімет
алып, оны көпшілікке тарататын болса, үкімет ақпарат
берушіні сотқа беруі мүмкін. Бұл әрекетін үкімет ақпараттың
қолдан шығып кетуі құпия ақпараттар туралы заңнаманың
бұзылуына алып келді деп түсіндіруі ықтимал.
Мәселенің негізгі мәні ақпарат бостандығына қатысты
дауға алып келеді. Оның үстіне, көптеген мемлекеттер-
де журналистердің ақпарат көзін қорғау құқығына кепілдік
берілмейді, кейде осындай жағдайлардың салдарынан
журналистердің бас бостандығынан айырылу оқиғалары
да кездеседі (мысалы, Америка Құрама Штаттары мен Ав-
стралияда). Кейбір судьялар адамгершілікке салып, ақпарат
көзін қорғау барысындағы қоғамдық мүддеге жүгінеді. Мыса-
лы, Еуропалық сот журналистерге көмек көрсететін кейбір
шешімдерді қабылдады.
38
Шындықты
монополиялап
алуға ешкімнің
хақысы жоқ
Төмендегі жайттарға әрдайым назар аударыңыз:
Процеске қатысушылардың бәрінің пікірін жариялау.
Дау туған жағдайда екі жақпен де сөйлескен жөн. Кейде
соның өзі жеткіліксіз болуы мүмкін. Қақтығыста «мәмілеге
келмейтін топтар» да болады. Ресми халықаралық ба-
қылаушылар немесе дипломаттар, тәуелсіз үкіметтік
емес тараптар және жекелеген азаматтар болуы мүмкін.
Шындыққа монополия жасауға ешкімнің хақысы жоқ.
Ешқандай да мүддесі жоқ топтың ақпараты, ережеге сай,
ең сенімді ақпарат болып табылады.
Қандай да бір азаматқа айып тағылған кезде, мәселенің
әділетті қойылып отырғанына көз жеткізіңіз. Мұндайда
барлық тараптың өз пікірін білдіруіне хақысы бар. Сондай-
ақ, кез келген айыпты жоққа шығаруға болатынын да естен
шығармаған жөн.
Журналистік жұмысты ашық жүргізу. Қоғамға қызмет етуші
журналист болғаннан кейін өз ісіңіздің ішінде болуыңыз
керек. Істеп жүрген тірлігіңіздің жай-жапсарын неғұрлым
анық-қанық білсеңіз, соғұрлым ақпарат көзінен барынша
қажетті мәлімет алуда табысты боласыз.
Мүдделер қақтығысынан немесе қақтығыс жағдайын
туғызатын жағдайлардан аулақ жүру. Объективті журна-
лист өз қызметін атқара жүріп мемлекеттік қызмет істей
алмайды, сондай-ақ, саяси партияларда үлкен лауазым-
ды қызмет атқаруына, қоғамдық шерулерге қатысып, сол
2-тарау: Халықаралық стандарттар
Достарыңызбен бөлісу: |