18
тұрарлық жұмыс жасағанын сезінген журналистер қауымы
да кәсібіне үлкен қанағаттанушылықпен қарайды. Алайда,
ең маңыздысы, журналистика деген не болуы мүмкін және
не болмауы мүмкін деген сұрақтарға жауап іздеп, өз-өзіңе
есеп беруге қабілетті болу. Журналистиканың мәңгілікке
емес, қысқа уақытқа ғана қатысты екенін түсінген маңызды.
Журналистика әдебиет емес, ол – теледидардан берілетін
жаңалық қана. Журналистика – көркем фильм емес.
Қиыннан қиыстыру және әсіредрамаландыру – журналистік
шикіліктің белгісі. Ол мәселеге объективті қарауға кедергі
келтіреді. Фразеологиялық тіркестерді тізіп отырған журна-
лист оқиғаны баяндау ісін екінші кезекке ысырып тастауы
мүмкін. Жылдамдық тереңдіктен гөрі маңызды. Элвис Кос-
телло айтпақшы, «Кешегі жаңалық дегеніміз – макулатура
немесе балық орайтын қағаз ғана».
1-тарау: Неге журналист болу керек?
19
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
ЖАТТЫҒУЛАР
Алдыңғы тақырыптық бөлімшелерді қайта қарап шығып,
неліктен журналист болғыңыз келетінін шешіп алыңыз.
Өз-өзіңізді алдамаңыз, осы тақырыпты достарыңызбен,
әріптестеріңізбен ашық түрде талқылап, сосын төмендегі
сауалдардың жауабын салыстырыңыз. Қандай жауаптар жиі
кездеседі?
Өзіңізге бірнеше жаттанды сұрақты қойыңыз:
Жаң
алықтар мен болып жатқан оқиғаларды
ықыласпен бақылайсыз ба?
Сіз әрекет етуші субъектісіз бе, әлде бақылаушысыз
ба?
Не оқығыңыз келеді? Жалпы, газетті көп оқисыз
ба?
Сізді саясат қызықтыра ма? Немесе қандай да бір
партияның мүшесісіз бе?
Сіз сұ
қтана қараушылардың қатарында жазушылар не-
месе журналистер бар ма?
20
ҚОСЫМША ОҚУҒА АРнАЛҒАн МАТЕРиАЛДАР
МЕн АнЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРиАЛДАР
Көптеген веб-сайттарда журналистикаға арналған ғылыми
шолулардан бастап, журналистикадағы бағыттар мен соңғы
қауесеттерге дейін бар. Төменде АҚШ мен Ұлыбританияның
көптеген журналистері күнделікті жұмыстарында қолданатын
жетекші сайттар көрсетілген:
М
едиа Гардиан:
media.guardian.сo.uk
Пойнтер Институты:
www.poynter.org
Джим Роменеско Poynter сайтында медиа
жаңалықтарымен (басқа да журналистік сайттарға
линктер бар)
www.poynter.org/column.asp?id=45
Columbian Journalism Review:
www.cjr.org
American Journalism Review:
www.arj.org
Ұлыбританияның журналистерін оқытуға арналған
Ұлттық Кеңес:
www.nctj.com/index.html
Соғы
с пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институты
(тренингтік бағдарламалар)
www.iwpr.net
1-тарау: Неге журналист болу керек?
21
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистік этика
қызығушылық тудырған құрылымдар үшін зерттеу нысаны
болып табылады. Сонымен қатар көркем әдебиеттегі және
киноөнердегі сюжет ретінде қолданылуы мүмкін. әркімнің өз
қалауы бар, төменде сол саладағы жетекші тақырыптардың
мысалдары келтіріліп отыр:
Соғысты баяндауды сыни және тарихи жағынан зерттеу және
сақтандыратын мемуарлар:
Алғашқы жоғалту: Әскери корреспондент – батыр не-
месе аңыз құраушы, Қырымдағы соғыстан Косоводағы
соғысқа дейін. Филипп Найтли (Johns Hopkins)
Соғыс – бізге мән беретін күш. Крис Хеджс (Public
Affairs)
әскери корреспонденттер туралы екі классикалық
әдебиеттің мысалы:
Сенсациялық жаңалық (Scoop). Эвелин Вау
Сабырлы американдық (The Quiet American). Грэм Грин
Сондай-ақ, газет журналистикасы жайлы екі
маңызды фильм:
Бүкіл президенттік әскер (Дастин Хоффман мен
Роберт Редфорд), Карл Бернстайн мен Боб
Вудвардтың кітабы бойынша
Азамат Кейн. Орсон Веллес
22
Кәсіби журналистің
ар-намыс кодекстеріне
назар аударатын болсақ,
мықты журналистиканың
ең негізгі тірегі нақтылық,
объективтілік және
әділдік принциптері
екенін аңғарамыз
2- тарау
х
алықаралық
стандарттар
ж
урналистер
баяндайтын
әлем
қалай
әрқилы
болса
,
жур-
налистика да солай әрқилы. Жаңалықтарды жеткізуге
қызмет ететін журналистер сенсациялық мақалалар жазып,
атақты адамдардан сұхбат алушылардан немесе апталық
газеттің шолушыларын өзгеше болып келеді. Американдық
репортердің жұмысы көп жағдайда британдық журналистің
тәжірибесіне ұқсамайды. Сонымен қатар олардың екеуі де
Еуропа елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс
жасайтын әріптестерінен өзгеше жазады. Ал басқа конти-
ненттер мен аймақтардағы жазу стилі одан көп ерекшеленуі
мүмкін.
Соған қарамастан, бүкіл әлемнің журналистік ұйымдары
барлық ерекшеліктерді ескере отырып, кәсіби этика принцип-
терін ретке келтіруге талпыныс жасады.
Журналистік ұйымдардың басым бөлігі нақтылық, объектив-
тілік және әділдік жақсы журналистиканың негізгі принцип-
тері деген пікірмен келіседі. Бұл принциптер IWPR-дың
журналистерді кәсіби тұрғыдан дайындаудағы негізгі
қағидаларына да тән.
Бұл тарауда халықаралық стандарттарға шолу жасалып,
жақсы журналистиканың тірегі болып табылатын негізгі эле-
менттер қарастырылады. әрине, өзгешеліктер де жоқ емес.
Бірақ, олар көбінесе сөйлеу мәнері мен екпін беруге қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |