Мектепке дейінгі білім беру жағдайындағы педагогтар мен ата-аналардың ынтымақтастығы. «Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы»



жүктеу 43,25 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі43,25 Kb.
#14168

Мектепке дейінгі білім беру жағдайындағы педагогтар мен ата-аналардың ынтымақтастығы.

«Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы»

С. Смайлс

Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі - ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата - ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды.

Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата - ана.

“Қазақстан - 2030“ даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Елбасының Қазақстан халқына  Жолдауында “Дағдарыстар өтеді де кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады ” делінген.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-ана негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

Бүгінгі жас ұрпаққа ,жан-жақты білім беру, тәрбиелеу мектепке дейінгі мекемеденбастау алады. Тәрбиеші -баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, тәлім тәрбие өнегесінің бастаушысы , жарқын үлгісі бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындарушы басты тұлға. Мектепке дейінгі білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру жолында мектепке дейінгі мекемелермен ата-аналар тығыз қарым-қатнаста болу керек.

Әрбір ұстаз ата - аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата - ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата - ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді. Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:

* Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;

* Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;

* Ата — аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;

Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата - ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады. Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата - аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда.

2014-2015 оқу жылында «Қарағанды облысының оқу әдістемелік орталығының» басшылығымен «Жас ата-ана мектебі» атты әлеуметтік педагогикалық жобасы құрылды. «Жас ата – ана мектебі» жобасының міндеттері:



  1. Ата – аналық және балалық шақты сыйлауға тәрбиелеу.

  2. Отбасылық шағын ортаны меңгеру үшін ата – аналармен тығыз байланыс орнату.

  3. Отбасының жалпы мәдениетін ұйымдастыру және көтеру.

  4. Ата – аналарға теориялық және практикалық көмек көрсету.

  5. Ата – аналармен бірлесе отырып шығармашылықтың, ынтымақтастықтың әр түрлі жолдарын қолдану.

Осы жоба аясында ата-аналармен көптеген жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ Жобаны жүзеге асыру мақсатында дайындық кезеңінде Приозерск қаласы мектепке дейінгі мекемелер бойынша тәрбиеленушілердің отбасылық әлеуметтік ахуалдары зерттеліп, сауалнамалар алынды.

Жалпы қала бойынша 414 отбасының әлеуметтік жағдайы зерттелді. Толық отбасы –378 / 90 %, толық емес отбасы- 34 / 8% , қамқоршы -2 /2%,әлеуметтік статусы жұмыскер - 369/ 47 %, қызметкерлер-405/ 51 көрсетіп отыр.

Тәрбиеленушілердің отбасыларының әлеуметтік ерекшеліктеріне жасалған талдау келесідей көрініс берді: балабақшаға тұрмыстық жағдайлары қанағаттандырылған, сәтті отбасыларының балалары келеді. Әр бір отбасында қолайлы психологиялық жағдай бар, бала тәрбиелеу үшін тиісті жағдайлар жасалған. Жалпы әлеуметтік жағдайы толық отбасылар қатарынан екенін байқадық.

Практикалық кезеңінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытудың маңызды мәселелерін талқылау бойынша әр түрлі жұмыстар жүргізіліп отырды.

Ата-аналармен және педагогтармен келесі тақырыптарда тренингтер өткізілді:

- «Адамгершілік иірімдері»,

- «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»,

- «Балғын балаларды тәрбиелеудегі ата-ана мен тәрбиеші арасындағы ынтымақтастық»,

- «Мен таңдаған өмір»

- «Тәлімі мол тәрбиеші»

- «Педагогтарга арналған психологиялық тренинг»

- «Тәрбиеші ол кім?» тақырыбында тренингтер өткізілді.

«Жас ата-ана мектебі» атты қалалық семинар-тренингі өтті. Семинар Қарағанды облысы оқу-әдістемелік орталығының құрған «Жас ата-ана мектебі» әлеуметтік жобасын іске асыру мақсатында өткізілді.

Семинар-тренинг жас ата-аналарға балаларды тәрбиелеуде кәсіби көмек көрсету мақсатында өткізілді. Кәсіби мамандармен біріктіріле отырып өткізілген іс-шараның міндеті ата-ана мен балабақша арасында тығыз қарым-қатынас орнату, балаларды мейірімділікке тәрбиелеудің жолдарын көрсету болатын.



Мамандар тарапынан жас ата-аналарға отбасы жағдайында баланың қоршаған ортаға бейімделуін қалыптастыру, зейінділік қабілетін арттыру, заман ағымына сай жас ұрпақты тәрбиелеу негізінде ақыл кеңестер айтылып, мазмұнды кітапшалар таратылды. Сонымен қатар, ата-аналарға үйге тапсырмалар берілді. Үй жағдайында баланы бақылай отырып ситуациялық жағдайларды шешу суретке, видеоға түсіру немесе күнделік арнап жазып тұру ұсынылды, бұл мәселе тек қана осы семинардан алған мағлұматтармен ғана шектелмей, ата-ананың балабақшамен қарым-қатынасын қамту, яғни кері байланыс орнату мақсатында ұйымдастырылды.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-анамен тығыз қарым-қатынастың қаншалықты тиімді екендігіне іс-шара барысында тағы да куә болдық. Осындай бала тәрбиесіндегі тағылымды игі істер өз жалғасын тауып жатса нұр үстіне нұр болар һақ.
жүктеу 43,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау