Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы əңгіме



жүктеу 5,28 Kb.
Pdf просмотр
бет7/37
Дата25.05.2018
өлшемі5,28 Kb.
#17628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37

 
25
Тамақтанудың əртүрлілігі  
9
 
Рациондағы тағамдардың 
түрі неғұрлым көп болса, 
тамақтану соғұрлым ұтымды 
болып табылады 
9
 
Ұзақ уақыт біртектес 
тамақтану ұтымды емес жəне 
ол организмнің кейбір 
тағамдық заттарға 
қажеттілігін өтемейді 
жəне балықтық өнімдер, бұршақ тектестер жатады. Жəне де бұл астардың 
ішінде тазаланбағандарына, яғни дəнді дақылдардан қауашағын сақтап 
қалғандарына, сонымен қатар майлылығы төмен ет жəне сүт өнімдеріне 
аса қатты назар аударылады. Бұл тағамдар жайында білімділік пен оларды  
диетаға қосу денсаулықты сақтау мен нығайтуға аса қажетті  
нутриенттердің тиімді мөлшерін пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, 
тамақтануға май қышқылдарының құрамы неше түрлі балықтық өнімдерді 
қосу жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алуға септігі көп-ақ жағдай.     
Жануар тектес белоктардың аса 
жоғарғы негізгі көзі болып табылатын 
ет, балық, жұмыртқа, сүт, айран жəне 
өзге де ашыған сүт өнімдері, қатты 
ірімшік, ақ ірімшік балалардың 
қалыпты өсуі мен дамуына жəне 
олардың жұқпалы инфекциялардың 
немесе қоршаған ортаның қолайсыз 
факторларына төзімділігін арттыруға 
көмектеседі. Сондықтан олар 
мектепке дейінгі балалар мен мектеп 
оқушыларының рационына 
тұрғылықты түрде кіруі керек. 
Майлылығы төмен сиыр жəне бұзау 
еттеріне, тауық жəне үндік еттеріне көңіл көбірек бөлінгені абзал, ал 
пайдалылығы жағынан төмен сатыда шұжықтардың түрлері (пісірілген 
жəне ысталған), сосискалар мен сарделькалар тұр. Көжелік тағам өнімдері 
(бүйрек, бауыр, жүрек жəне т.б.) тек қана толыққұнды белоктың көзі емес, 
сонымен қатар темір мен В
6
, В
12
 витаминдерінің де қайнар көзі болып 
табылады, сондықтан олар да балалар мен жасөспірімдер тамақтануында 
өз орнын алғаны əбден дұрыс. 
Балалар мен жасөспірімдер үшін аса құнды тағамдық өнімдерге балық 
жəне балықтық өнімдер де жатады.  Оның ішінде, əсіресе нəлім, минтай, 
хек, навага, көксерке жəне басқалары аса маңызды. Балық деликатестері 
(уылдырық, тұздалған балық, консервілер) өзіндік тағамдық құндылығы 
тұрғысынан кəдімгі жаңа ұсталған балықтық тағамдардан еш бір 
артықшылығы жоқ. Олардың құрамында тұздар мөлшері артық жəне 
балалардың, оның ішінде мектепке дейінгі жəне бастауыш сынып 
оқушыларының ішегі мен асқазанының əлі жетілмеген шырышты 
қабатына тітіркендіргіштік əсер етеді. Сондықтан оларды мектепке дейінгі 
жəне мектеп жасындағы балалар тағамының рационына аздаған мөлшерде 
ғана енгізген жөн.   
Ет пен балықтарды түрлі тағам түрінде қолданылуына болады – 
котлеттер, тефтелилер, фрикаделькалар, гуляш, антрекоттар – балалардың 


 
26
жекеше қалауына қарай, əрине. Тамақты аса қатты қуыруға болмайды,  
негізінен пісіру мен бұқтыруды қолданған жөн, өйткені қуыру барысында 
пайда болатын майлардың тотығу өнімдері асқазан-ішектің шырышты 
қабатын тітіркендіріп, асқазан қыжылын немесе іш ауруын шақыруы 
ықтимал. Сондықтан мектепке дейінгі балалар тамақтануында қуырылған 
тағамдарды пайдалануға болмайды десек, мектеп оқушыларының 
тамағына шектеулі түрде қосуға болады.   
Сүт жəне сүт өнімдері тек белок пен майлардың көзі емес, олар 
организмдегі сүйек тіндерінің түзілуіне құрылыс материалы болып 
табылатын тез сіңетін кальций мен В

витаминінің де жабдықтаушысы. 
Балалар мен жасөспірімдер үшін күнделікті кефир, биокефир, йогурт, 
ряженка жəне басқа да ашыған сүт өнімдерін пайдаланған маңызды. Бұл 
тағамдар жоғары тағамдық құндылығымен қатар, ішек микробиоценозын 
қалыптастырады жəне организмнің иммундық жауабын нығайтып 
көтереді. Балаларға сонымен қатар басқа да сүт тағамдары керек – қатты 
ірімшік, ақ ірімшік, қаймақ. 
Мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балалардың тамақтануында 
көкөністерді, жемістерді жəне жеміс-көкөністік шырындарды кеңінен 
қолданған дұрыс. Бұл тағамдар үш витаминнің негізгі көзі болып 
табылады (С витамині, фолий қышқылы жəне β-каротиннің –  А 
провитамині), сонымен қатар биофлавоноидтардың, түрлі қышқылдардың, 
калийдің жəне тағамдық талшықтардың да қоры. Мектепке дейінгі 
балаларға күнделікті 200-250 г көкөніс (қырыққабат, қияр, қызанақ, сəбіз, 
қызылша, шалқан, көгеріштік шөптер жəне басқалар) жəне 150-200 г 
картоп; ал оқушыларға – 300-400 г көкөністер, 250-300 г картоп пен 200-
300 г жемістер мен жидектер. Көкөністер салат, винегрет, көкөністік 
көжелер, езбелер, пісірмелер түрлерінде, ал жемістер мен жидектер  – сол 
күйінде  (алмалар, алмұрттар, шиелер, алхоры, алшалар, таңқурайлар, 
құлпынайлар, жүзімдер) пайдаланылады. Түрлі көкөніс-жеміс шырындары 
да аса пайдалы (алмалық, алхорылық, өріктік, шабдалыдан, қызанақтан 
жəне т.б.), əсіресе жұмсақ балдырларымен.  
Мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балалардың тамақтануында 
міндетті түрде балаларды көмірсулармен (негізінен крахмалмен), өсімдік 
тектес майлармен, өсімдіктік талшықтармен, Е, B
l
, B
2
, PP витаминдерімен, 
магниймен жəне т.б. қамтамасыз ететін нан (қара бидай жəне бидай, ең 
жақсысы ірі тартылған ұннан), макарондар мен вермишельдер, жармалар, 
əсіресе қарақұмық пен сұлылық тағамдар түрі енуі керек. 
Күнделікті рационда өсімдік тектес майлар ретіндегі майлар 
(күнбағыс майы, жүгері жəне т.б. – 8-10 г мектепке дейінгі балалар үшін, 
12-18 г. түрлі жас шамасындағы мектеп оқушылары үшін), сары май (20-50 
г) жəне қаймақ (5-15 г) болуы керек. Өсімдік майларын салатқа, 


 
27
Негізгі нұсқаулар:  
9
 
Тағамдық өнімдердің барлық 
топтарынан əртүрлі тағамдар 
мен сусындарды пайдалану 
керек 
9
 
Тағамдарды таңдау 
барысында қаныққан жəне 
транс-майларды, тез сіңетін 
көмірсуларды, холестеринді, 
тұзды пайдалануды шектеу 
керек  
9
 
Калорияға қажеттілік 
шеңберінде ғана тағамдық 
заттардың кеңес етілген 
мөлшерін қабылдаған жөн 
винегретке дəмдеуіштер ретінде, ал сары май бутербродтар дайындау үшін 
жəне басқа тағамдарға тұздық түрінде қолданылады. Тағамдарды қуыру 
үшін ерітілген немесе сары майдың қолданылғаны дұрыс.   
Тағамдық өнімдерді дұрыс таңдау  – қажетті шарт, алайда ол əлі де 
балалар мен жасөспірімдердің тиімді тамақтануы үшін жеткіліксіз жағдай. 
Дайын тамақтар əдемі, дəмді, хош иісті болып қана қоймай, балалардың 
жеке қалауынан шыққаны да дұрыс. Тағы бір маңызды шарттылық 
тамақтану тəртібі, осы тəртіп бойынша кемінде 4 реттік тамақтану болуы 
керек – таңертеңгілік ас, түскі ас, түстен кейінгі ас, кешкі ас жəне де 
міндетті түрде оның үшеуі ыстық тамақ түрінде берілуі қажет. Егер 
тамақтану аралығы ұзақ болған жағдайда (4 сағаттан артық) балаларда 
транзиторлық гипогликемия пайда болуы ықтимал, ал ол жұмысқа 
қабілеттілікті нашарлатып, жадында сақтау мүмкіндігін төмендетеді. Өте 
жиі қабылданған ас, керісінше тəбетті нашарлату арқылы тағамдық 
заттардың сіңірілуін төмендетеді. 
 
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛАР 
 
Қазіргі заманғы тамақтану 
жөніндегі кеңестік нұсқаулар 
күрделі болып саналады  – өйткені 
олар жасына, жынысына, физикалық 
белсенділік деңгейіне байланысты 
тағамдық заттар мен калорияға 
организмнің жекеше қажеттіліктерін 
ескереді. Нұсқаулар сонымен қатар 
өмір сүру климаттық жағдайын, жыл 
мезгілін де ескереді. Алайда, тоқ 
етерін айтатын болсақ, бұл 
нұсқауларды келесі негізгі 
формулаларға біріктіруге болады:       
1. 
Көп мөлшерде пайдаланыңыздар:  
9
 
көкөністерді, əсіресе қанық 
жасыл түстілерді (саумалдық, 
аскөк, көкжелек, брокколи, 
жапырақты қырыққабат, турнепс жəне т.б.) жəне қызғылт сары 
(сəбіз, кəді, асқабақ, қызанақ жəне т.б.) түстілерді;  
9
 
жемістер (алмалар, алмұрттар, құрма, лимон, апельсиндер, 
мандариндар жəне т.б.);  


жүктеу 5,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау