Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы əңгіме



жүктеу 5,28 Kb.
Pdf просмотр
бет5/37
Дата25.05.2018
өлшемі5,28 Kb.
#17628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

 
19
Оқушыларға, оқытушыларға 
жəне ата-аналарға арналған 
осы кітаптың мақсаты мен 
міндеттеріне салауатты 
тамақтану туралы қазіргі 
таңдағы танымдарды 
түсінікті түрде жеткізу кіреді.  
9
 
Бұның маңыздылығы  дұрыс 
тамақтанбау əдетінің 
таралуының негізгі 
себептеріне салауатты 
тамақтану туралы қазіргі 
таңдағы нұсқаулар туралы 
оқушылардың, мұғалімдер 
мен ата-аналардың жеткілікті 
көлемде хабардар 
болмауында болып отыр. 
 
Қазіргі таңда Қазақстандағы 
оқушылар тамақтануындағы 
бұзылыстар тағамдық заттардың 
тапшылығынан емес, қолдағы бар 
тағамдық өнімдерді дұрыс 
пайдаланбаудан туындап отыр.  
Көптеген оқушылардың, мұғалімдер 
мен ата-аналардың салауатты 
тамақтану туралы жеткілікті 
хабардар болмауы осы 
бұзылыстардың пайда болуына 
соқтыруда. Олар, тамақтанудың 
тиімді өсу мен дамуды жəне оқуға 
қабілеттілік пен үлгерімді 
қамтамасыз ететіндігінен мүлдем 
бейхабар. Көптеген оқушылар 
аурулар таралымының алдын 
алудағы тамақтанудың маңызын 
біле бермейді.  
Мектептік тамақтану туралы 
бейхабарлық көпшілікке арналған жетекшілік кітаптардың жоқтығынан 
туындаған ақпарат жетіспеушілігінен пайда болып отырған мəселелер. 
Осыған байланысты мұғалімдерге, оқушыларға жəне олардың ата-
аналарына арналған бұл жетекшілік кітаптың мақсаты мен міндетіне 
салауатты тамақтану туралы қазіргі көзқарастер мен нұсқауларды 
көпшілікке түсінікті түрде жеткізу.   
Əрине, осы жетекшілік кітапты дайындап бастырып шығару барлық 
жиналған мəселелерді бірден шешпейді. Оқушылардың тиімді тамақтану 
жайындағы хабардарлығын көтеріп жəне алған білімдерін тəжірибеде 
қолдануы үшін салауатты тамақтану мəселелері мектептік бағдарламаларға 
енуі керек. Дəл мұндай əдістерді іске асыру үшін арнаулы шешімдер 
қабылдануы, мектептерде салауатты тамақтану сабақтарын жүргізетін 
мамандар дайындап, оқытатын материалдарды жинақтап, құрап жасап 
баспадан шығару жəне т.б. керек.  
Қазіргі заманғы ғылыми білім негізінде салауатты тамақтану туралы 
хабардарлықты көтеріп жəне тамақтану əдетін өзгерту табандылық пен 
уақытты қажет етеді. Дегенмен бұндай талпыныс жақсы жемістерін береді: 
салауатты тамақтану – бұл əрбір адамның денінің саулығы жəне жалпы 
ұлттың денінің саулығы. 


 
20
2-
бөлім 
 
Тағамдық заттар жəне 
тағамдық азық-түліктер –
жалпылама мəліметтер 
 
 
Пайдаланылған тағамдық өнімдер ас қорыту процесстеріне 
ұшырағаннан кейін асқазан-ішек жолдарында өз құрамдас бөліктеріне – 
тағамдық заттарға (нутриенттерге) бөлінеді, содан кейін ол заттар сіңіріліп 
организмнің ішкі ортасына түседі де, адам организмінің көптеген 
функцияларына түрлі əсерлер береді. Тағамдық өнімдердегі тағамдық 
заттар шартты түрде екі топқа бөлінеді: макронутриенттерге 
(макротағамдық заттар) жəне микронутриенттерге (микротағамдық заттар).    
 
ТАҒАМДЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ  
 
Макронутриенттер адам организміне салыстырмалы түрде айтқанда 
көп мөлшерде керек – олардың тəуліктік қажеттілігі граммен өлшенеді. 
Оларға белоктар, майлар, көмірсулар жатады. Олар органдар мен тіндердің 
негізін құрайтын организм жасушаларының құрылыс материалдары жəне 
де олар  қалыпты физиологиялық функцияларды қамтамасыз ету үшін 
қажет. Макротағамдық заттар физикалық жəне ақыл-ой қызметіне қажетті 
калория көзі болып табылады жəне де энергия сіңірумен жүретін көптеген 
биохимиялық жəне физиологиялық процесстерді қамтамасыз ету үшін 
керек.  


 
21
Тағамдық талшықтардың 
ролі 
9
 
Асқазан-ішек жолдарының  
моторикасын түзейді 
9
 
Ас қорыту ферменттерінің 
жұмысын жақсартады 
9
 
Тамақтың қорытылуы мен 
сіңірілуін жақсартады 
9
 
Жақсы табиғи адсорбенттер 
жəне мына функцияларды 
атқарады: 
• 
антитоксикалық 
• 
антиатеросклеротикалық 
• 
антиканцерогендік 
Тағамдық заттардың 
классификациясы  
Макронутриенттер  
9
 
Белоктар 
9
 
Майлар 
9
 
Көмірсулар  
9
 
Тағамдық талшықтар 
Микронутриенттер  
9
 
Витаминдер 
9
 
Микроэлементтер 
Тағамдық өнімдерде тағамдық 
талшықтар да бар (талшық). Оларда 
да калория бар, бірақ талшықтың 
нашар қорытылуына байланысты 
адам организмінде сіңірілмейді. 
Тағамдық талшықтар аса маңызды 
роль атқарады: олар асқазан-ішек 
жолдарының моторикасын түзейді; 
жақсы табиғи адсорбенттер, ішекте 
токсикалық жəне канцерогендік 
қосындыларды байланыстырып 
нəжіспен бірге шығарады, яғни  
антитоксикалық жəне 
антиканцерогендік қасиеттерге ие. 
Бұл аса маңызды, өйткені барлық 
канцерогендердің 75% адам 
организміне тамақ пен ауыз суының құрамында енеді. Тағамдық 
талшықтарға анти-атеросклеротикалық та қасиет тəн, өйткені ол  
организмнен холестерин мен оның алғышартты құрамдастарын да шығару 
арқасында жүрек-қан тамыр патологиясының дамуының алдын алады.  
Микронутриенттер – бұл түрлі 
витаминдер (барлығы 13 
витаминдер) жəне витамин тəріздес 
қосындылар (6-8 атау), минералдық 
заттар жəне микроэлементтер, олар 
адамға өте шағын (микро) мөлшерде 
ғана керек. Адамның бұл заттарға 
тəуліктік қажеттілігі миллиграммен 
немесе микрограммен өлшенеді.  
Олар адам организміндегі тұрақты 
түрде жүріп жатқан тіндер түзу 
(сүйек минералы кальцийден жəне 
фосфордан) процесстеріне, сан-
алуан биохимиялық реакцияларға 
қатысады.   Витаминдер мен 
микроэлементтер ферменттер 
құрамына кіреді жəне зат алмасу 
процесстерінің экзогендік (яғни 
сырттан түсетін) реттегіштері болып 
табылады. Адамдардың барлық ферменттерінің молекулалары негізгі екі 
компоненттен тұратыны белгілі – апоферменттен (белоктық бөлігі) жəне 
коферменттен (мұнда витаминдер мен микроэлементтер). 


жүктеу 5,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау