Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы əңгіме



жүктеу 5,28 Kb.
Pdf просмотр
бет14/37
Дата25.05.2018
өлшемі5,28 Kb.
#17628
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37

 
47
өлім-жітім аса жоғары. Қазақстанда белок жетіспеушіліктің ауыр түрлері іс 
жүзінде кездеспейді. Алайда, түрлі жастағы балалардың 10-15% -ызына 
жуығында белок-калория жетіспеушілігінің жеңіл түрі кездесіңкіреп қалуы 
сирек құбылыс емес. 
Жануар тектес белоктар физиологиялық жағынан толыққұнды 
протеиндердің қайнар көзі. Жануар тектес белоктар көздерін əрбір негізгі 
тамақтану кезінде қабылдағанға тырысып бағу керек. Ас бұршақтар 
құрамы жақсы амин қышқылдарына бай келеді. Ет жəне балық 
өнімдерімен қатар, белоктарға аса бай өнімдерге ірімшіктің қатты түрлері, 
ақ ірімшік жəне ұлттық тағамдарға жататын сүзбе, қатық, құрт жəне 
кепкен ірімшік жатады. 
 
Белоктарды артық қабылдау туралы 
 
Соңғы кезде жоғары белоктық, көмірсулылығы төмен жəне төмен 
майлылық диеталарды пайдалануға кеңінен кеңес етіледі. Бұндай диеталар 
қаншалықты негізделген? Дегенмен, бұл сияқты кеңестерге мүмкіндігінше 
байыптап қарау керек. Шын мəнінде, осы сияқты диеталар салмақтың 
жылдам кемуіне септігін тигізеді. Бірақ бұл əсер артық белоктардың 
ыдырауына жəне олардың ыдырау салдарынан пайда болатын 
мочевинаның артық мөлшеріне байланысты жылдам зəр шығарудан 
сұйықтықтардың организмнен айдалып кетуінен болады. Бұндай диеталар 
уақытша салмақ кемітуге көмектескеніне қарамай, ұзақ уақыт бойы осы 
мақсаттарға қолдануға болмайды.  
Ұзақ уақытқа созылған негізгі тағамдық заттарды пайдалану 
дисбалансы денсаулықтың негізгі параметрлеріне нұқсан келтіруі 
ықтимал. Тағы бір маңызды жағдай көмірсулардың жетіспеушілігінен 
сіздің организміңіз майларды тиімді жаға алмай жəне осы əсер үшін 
өзіндік белоктарды пайдалануы ықтимал. Нəтижесінде əлсіздік, тез 
шаршағыштық, жағдайсыздық жəне ауыздан жағымсыз иіс шығаратын 
кетон сияқты зиянды заттар мөлшерден тыс пайда болып жинақталады. 
Сонымен қатар белоктардың артықшылығы бүйрекке қажетсіз қосымша 
салмақ түсіреді. Сондықтан денсаулыққа нұқсан келтіретін қауіпті 
диеталарға отырып арықтаудың қаншалықты қажеттілігі бар деген 
сұрақтар орынды қойылуы керек.  
Салмақты ұзақ уақытқа мейілінше үйлестірілген тағамның жалпы 
мөлшерін азайту жəне қосымша физикалық ауыртпалықтар беру сияқты 
жолдармен энергия шығынын арттыру арқылы да өте сəтті түрде іске 
асыруға əбден болады. Бұған энергетикалық баланстың екі компоненттерін 
де үйлесімді түрде өзгерту арқылы қол жеткізіледі – калория қабылдауды 


 
48
Негізгі нұсқаулар 
9
 
Күнделікті белоктың қажетті 
мөлшерін қабылдау 
9
 
Аптасына бірнеше рет ас 
бұршақтарды қабылдау 
9
 
Əрбір негізгі тамақтану 
кезінде жануар тектес 
белоктарды қабылдау керек  
9
 
Салмақ артықшылығында 
майлылығы кем белок 
көздерін қабылдау  
9
 
Белокты артығымен 
қабылдаудан қашқақтау 
шектеу жəне онымен бір мезгілде физикалық ауыртпалықтар үлесін 
арттыру арқасында энергия шығынын көбейту. 
 
 
НҰСҚАУЛАР 
 
9
 
Тағам белогы тəуліктік рацион калориялылығының  10-15% 
қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде мектеп жасындағы балалардың 
тамағындағы жалпы белок мөлшері кеңес етілген мөлшерге сəйкес. Алайда 
балалар тамақтануындағы белоктардың қомақты үлесі (55% жуығы) 
өсімдік тектес белоктармен қамтамасыз етіліп отыр, жануар тектес 
белоктарды қабылдау деңгейі  (45% жуық) кеңес етілген мөлшерге (55%) 
жете алмай қалыс қалып жатыр. 
9
 
Белоктар организмде көптеген 
маңызды функциялар атқарады. Тағам 
белоктары организм белоктарын түзетін 
амин қышқылдарының көзі. Организм 
белоктарды үнемі шығындайды, бірақ 
адам денесінде олардан қор 
жинақталынбайды. Осыған байланысты 
белоктың қажетті мөлшерін күнделікті 
тамақпен қабылдауды қамтамасыз ету 
керек. 
  
9
 
Алмастырылмайтын амин 
қышқылдары адам организмінде 
түзілмейді, сондықтан олар міндетті 
түрде тамақпен түсуі қажет. 
Алмастырылмайтын амин 
қышқылдарының аса бай көздері болып 
табылатын жануар тектес тағамдар 
əрбір негізгі тамақтану кезінде 
(таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас) қабылдануы керек.
 
9
 
Асбұршақтар үйлесімді амин қышқылдары құрамдас белоктарға 
бай өнімдердің бірі. Асбұршақтардан жасалатын тағамдарды 
мүмкіндігінше аптасына 3-4 рет пайдаланған жөн.  
9
 
Организм үшін белок тапшылығы қаншалықты зиян болса, оның 
артықшылығы да мақұлданбайды. Осыған орай салмақ кеміту үшін жоғары 
белоктық тағамдарды ұзақ уақыт бойы қабылдауға болмайды. Семіздікпен 
күресу үшін тағам рационының калориялылығын кеміту мақсатында 
белоктың майлылығы кем түрлерін пайдаланған дұрыс. Бұл орайда 
көмірсулар мен майларды қабылдауды шектеу, белоктың мөлшерін 


 
49
артығымен қабылдаумен қатарласып пайдаланбағаны жөн. 
 
 
 
 
 


 
50
5
-бөлім
 
 
 
Майлар 
 
МАЙЛАР ДЕГЕН НЕ? 
 
Тоң майлар мен сұйық майлар химиялық құрылысы мен физикалық-
химиялық қасиеттері бойынша органикалық қосындылар – липидтер 
тобына жатады. «Липидтер» термині көбінесе тірі организмде жүретін  
физиологиялық компоненттер мен процесстерді суреттеу барысында 
пайдаланылады. «Майлар» термині жануар тектес тағамдық майларды 
суреттегенде қолданылса, «сұйық майлар» термині өсімдік майлары 
туралы айтылғанда пайдаланылады.  
Жануар тектес майлар – сало, сиыр жəне қойдың майлары, сары май 
бөлме температурасында қатты жағдайда болса, өсімдік майлары – сұйық 
күйде кездеседі. Бұл күй жануар тектес майлар құрамына қаныққан қатты 
май қышқылдары кіретіндігіне болса, ал өсімдік майларының құрамы 
негізінен жылдам ерігіш көпқанықпаған май қышқылдарынан 
тұратындығына байланысты. Сұйық майлардың көпшілігі өсімдік 
тектестерден тұрады, ал қатты майлар -  негізінен жануар тектестер. Бірақ 
бұл заңдылықтарға бағынбайтындары да бар: балық майы сұйқыл болса, ал 
пальма майы бөлме температурасында қатты күйде кездеседі. 
Жануарлар майлары (сиыр,  қой, жылқы, шошқа, балық жəне т.б.) ет 
жəне балықтық тағамдардың құрамдас бөліктері түрінде кездеседі жəне де 
қоюлатылған майлар (сары май, шошқа салосы, үй жануарларының іш 
майлары, кулинариялық жануар майлары жəне т.б.) түрінде болады. 
Өсімдік майларын майлы дақылдар деп аталынатын өсімдіктердің 
дəндерінен - күнбағыс, жүгері, соя, зығыр, зəйтүн, рапс жəне т.б. 
дақылдардан алынады. Маргаринді бөлме температурасында қатты түрде 
қалатындай етіп өзгерту арқылы өсімдік майларынан жасайды. Өзінің 
тағамдық қасиеті жағынан маргарин өсімдік майларына аса жақын. Тағам 


жүктеу 5,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау