Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы əңгіме



жүктеу 5,28 Kb.
Pdf просмотр
бет22/37
Дата25.05.2018
өлшемі5,28 Kb.
#17628
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37

 
73
маңызды мəнге ие, өйткені фолаттар құрсақтағы сəбидің жүйке жүйесі 
жасушаларының түзіліп қалыптасуына қатысады.  
 
А витамині  ретинол түрінде жарықтық толқындардың көру 
сезімдеріне айналуына жəне фоторецепция процессіне қатысатын  көру 
белогы родопсинның белсенді тобы болып табылады. К витамині 
кальцийды байланыстыратын жəне қанның ұюына қатысатын белоктар 
алмасуында коферменттік функциялар атқарады. Е витамині аса қуатты 
табиғи антиоксидант, биологиялық мембраналар липидын тотығудан 
сақтайды, антиканцерогендік жəне антитоксикалық қасиеттерге ие. Д 
витамині ішектен кальций жəне фосфордың қалыпты сіңірілуіне жəне 
қаңқа сүйегінің минералдануына қажет. 
 
БАЛАЛАРДЫҢ ВИТАМИНДЕРГЕ МҰҚТАЖДЫҒЫ
 
 
Балалар мен жасөспірімдердің витаминдерге мұқтаждығы туралы 
мəліметтер 22-кестеде  жинақталынып қысқаша берілген. Кестеде 
балалардың витаминдерге мұқтаждығының жастары мен жыныстарына 
байланыстылығы көрсетілген.  
 
ВИТАМИНДЕРДІҢ ТАҒАМДЫҚ КӨЗДЕРІ
 
 
Витаминдердің негізгі көздері туралы мəліметтер қысқаша түрде 
жинақталынып 23-кестеде берілген.  
 
ВИТАМИН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ  
 
Витамин жетіспеушіліктің екі дəрежесі бар: гиповитаминоз жəне 
авитаминоз. Гиповитаминозға қандай да бір витаминнің жетіспеушілігінің 
орташа дəрежесін жатқызады. Гиповитаминоздар əдетінде клиникалық 
белгілері аса байқалмайтындығымен жəне биохимиялық көрсеткіштердің 
де айқын ауытқулары жоқтығымен сипатталады. Көптеген 
гиповитаминоздардың клиникалық белгілері нақтылы емес, тəбеттің 
нашарлауы, тез шаршағыштық, ашушаңдық, еңбекке қабілеттіліктің түсуі, 
сонымен қатар қызыл иектің жиі қанауы (С гиповитаминоз) 
микросимптомдары, терінің іріңді жаралары, терінің қабыршақтанып 
кеберсуі, шаштың үзілгіштігі жəне ұшының айырлануы (В тобының 
гиповитаминозы) сияқты жалпылама жағдайлармен білінеді.  


 
74
Бір немесе бірнеше витаминдердің жетіспеушілігінде адамдарда  
полигиповитаминоз дамуы ықтимал. Алайда бұл жағдайларда бір 
витаминнің жетіспеушілігі жетекші орынды иемденсе, ал қалғандарының 
жетіспеушілігі соған қосарланған ілеспелер сипатында жүреді.  
Гиповитаминоздың арнайы клиникалық белгілерінің жоқтығынан, 
адамдар əдетінде оған көңіл бөлмейді, дəрігерге қаралмайды жəне емдік 
шаралар жасамайды. Бұл созылмалы витамин жетіспеушілігіне соқтырады, 
денсаулыққа айтарлықтай нұқсан келеді. Түрлі гиповитаминоздарды 
анықтау үшін белгілі бірнеше биохимиялық көрсеткіштерді қолданады. 
Гиповитаминоз даму мерзімі əртүрлі жəне ол нақтылы витаминдердің 
айналымға түсу жылдамдығына байланысты. Мысалы,  В
1
 гиповитаминозы 
2-3 тəулік ішінде дамитын болса, В
12 
гиповитаминозы тамақпен бірге 
түспеуіне немесе жеткіліксіз мөлшерде түсуіне байланысты 1-3 жыл 
аралығында пайда болуы ықтимал.   
Қандай да бір витамин жетіспеушілігінің ауыр дəрежесі авитаминоз деп 
аталады. Авитаминоздар гиповитаминозға қарағанда арнайы өзіндік 
клиникалық белгілерімен сипатталады. Авитаминоздың классикалық 
мысалына цинга (С авитаминозы), рахит (Д авитаминозы), бери-бери 
(авитаминоз В
1
), пеллагра (РР авитаминозы – никотин қышқылы 
жетіспеушілігінің ауыр түрі), пернициоздық анемия (В
12 
авитаминозы) 
жатады. Бұрынырақта авитаминоздар себебі анықталмағандықтан оларды 
емдеу əдістері белгісіз кезде, авитаминоздан науқастанып қайтыс болу 
кеңінен таралған еді. Осылайша, цинга мен бери-бери эпидемиясы жүз 
мыңдаған адам өмірін қиған ауруларға жатады. 
Витаминдерді ашу жəне оларды профилактикалық жəне емдік 
мақсаттарда қолданудан қазіргі кезде біздің елімізде авитаминоздар өте 
сирек кездесетін құбылысқа айналды. Солай бола тұра Қазақстанда 
гиповитаминоздар əлі де, оның ішінде оқушылар арасында кеңінен 
таралған. Ең жиі кездесетіндері А, С витаминдерінің, (аскорбин 
қышқылының), фолий қышқылының жəне өзге В витаминдер тобының 
жетіспеушіліктері.  
А, С витаминдерінің жəне фолий қышқылының жетіспеушіліктерінің 
кеңінен таралуы мезгілдік сипатқа ие. Бұл витаминдердің жетіспеушілігі 
қысқы-көктемгі мезгілде жиі кездеседі. Өйткені, бұл витаминдердің негізгі 
тасымалдаушылары жəне қор көздеріне көкөністер мен жемістер жатады, 
ал көкөністер мен жемістер қысқы-көктемгі кезеңдерде кемірек 
пайдаланылады, бұл олардың басқа витаминдерден өзгешеліктері болып 
табылады. Басқа витаминдердің негізгі жабдықтаушыларына өзге тағам 
түрлері жатады. Мысалы, В

витамині дақылдық дəндермен бірге 
қабылданады, ал В
12
 витаминінің жалғыз қорлық көзіне жануар тектес 
тағам түрлері жатады (ет жəне сүт тағамдары).
 


 
75
Витаминдер жетіспеушілігінің даму себептері 
 
Гипо- жəне авитаминоздардың дамуының негізгі себептеріне тағаммен 
витаминдерді кем қабылдау жатады. Бұл, əрине, ең алдымен қазіргі заман 
адамының тамақ рационында рафинадталынған (тазаланған) тағам үлесінің 
тұрақты өсуінен болып отыр. Мысалы, басты қабылданатын тағам түрі 
күріш болып табылатын Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде бери-бери (В

авитаминозы) эпидемиясы, оның қабығын жылтыратын сүргілеу 
технологиясы тəжірибеге енгеннен кейін басталды. Бұл жайттың мəні 
витаминдердің, микроэлементтердің жəне тағамдық талшықтардың 
шоғырланған жері дəн қабығы екендігінде, ал сүргілеу барысында 
күріштің қабығы алынып тасталады.  
Осыған ұқсайтын жағдайлар ұнды майдалап тартқан кезде де 
қайталанады. Яғни, жоғары жəне бірінші сұрыпты ұндарды өндіру кезінде 
бүтін бидай дəніндегі витаминдердің, микроэлементтердің жəне тағамдық 
талшықтардың 75-тен жəне 90% дейінгі мөлшері жоғалтылады. Майда 
тартылған ұннан жасалатын тағамдар Қазақстан халқының негізгі тағамы – 
осы тағамдар есебінен рационның тəуліктік калориялылығының 50% астам 
бөлігі жабылады. Витаминдерден, микроэлементтерден жəне тағамдық 
талшықтардан құралақан тəттілер есебінен, Қазақстанда рационның 
тəуліктік калориялылығының 15% қамтамасыз етіледі. 
Гиповитаминоздардың Қазақстанда кеңінен таралуы таңданарлық жағдай 
емес. 
Гиповитаминоздардың дамуына соқтыратын тағы да біршама себептер 
бар. Мұндай факторларға халықтың үйлесімсіз тамақтануы, рационда 
консервіленген тамақтардың үлесінің тұрақты түрде артуы, қысқы-
көктемге кезеңдерде көкөністер мен жемістердің жетімсіздігі, зиянды 
əдеттерден арыла алму жəне «модаға жүгіну» диеталары жəне т.т. жатады. 
Консервіленген тамақтар ыстық өңдеуден өту жəне ұзақ уақыт сақтау 
арқасында витаминдерге кедейлеу келеді, алкоголь мен никотин 
организмнің кейбір витаминдерге қажеттілігін арттырады. Ұдайы өсіп 
отырған ақпараттық жəне экологиялық жүктемелер қазіргі 
замандасымыздың витаминдерге деген мұқтаждығын арттырады жəне 
гиповитаминоздардың дамуына жол береді. Көптеген витаминдер 
(мысалы, С жəне В

витаминдері) тұрақсыз, сондықтан жарық көзінде, 
жылудан жəне ұзақ уақыт сақтау барысында ыдырап кетеді. Осыған 
байланысты сақтау шарттары мен мерзімдерін бұзу, ұзақ уақыт 
термикалық өңдеуден өткізу де гиповитаминоздардың дамуына себепкер 
болады. 
Гиповитаминоздардың дамуына кез келген аурулар да себепші бола 
алады, өйткені ауру адамдардың витаминдерге мұқтаждығы артады. 


жүктеу 5,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау