Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы əңгіме



жүктеу 5,28 Kb.
Pdf просмотр
бет25/37
Дата25.05.2018
өлшемі5,28 Kb.
#17628
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37

 
82
қан қысымына кері əсерінің төмендеуіне ықпал етеді, бүйректе тас пайда 
болу қауіпін төмендетеді жəне сүйек массасының кемуінің алдын алады. 
Калийдің кеңес етілген қабылдау деңгейі мынандай: 3000 мг/тəулігіне –1 -
ден 3 жасқа дейінгі балалар үшін; 3800 мг/ тəулігіне –4 -тен 8 жасқа дейінгі 
балалар үшін; 4500 мг/тəулігіне –9 -дан 13 жасқа дейінгі балалар үшін; 
4700 мг/тəулігіне – ересек жандар үшін.  
Темір -гемоглобин құрамына кіреді жəне оттегіні органдар мен 
тіндерге тасымалдау ісін атқарады. Соңғы жылдары анықталынғанындай, 
темір бас миындағы мыңдаған ферменттің құрамына кіреді жəне де барлық 
жас аралығында ақыл-ой мен танымдық іс-əрекеттерде маңызды роль 
атқарады.  
Мырыш  100 жуық ферменттердің құрамына кіреді жəне 70-тен астам 
белокты синтездеу биологиялық реакциясы мен нуклеин қышқылының 
алмасуына қатысады. Мырыш еркектердің жыныстық жасушаларының - 
сперматозоидтардың қалыпты түзілуі үшін керек жəне жыныстық 
функциялардың жағдайына, мысалы кейбір жыныстық гормондардың 
белсенділігіне, еркектердің жыныстық бездерінің жəне екінші жыныстық 
белгілерінің дамуына əсер етеді. Ол қуық асты безінің аденомасының 
дамуын тежейді жəне алдын алады, тері мен шаштың өсу процесстері мен 
жаңаруына қатысады, диабет ауруының дамуына кедергі жасайды. Ол  
алкогольды ыдырататын фермент түзуге керек, көздің торлы қабатының 
көру пигментін түзу арқасында көруді жақсартады; ұйқы бездерінде 
маңызды ас қорыту ферменттерін синтездеу арқасында астың қорытылуын 
жақсартады. Мырыш жүйке жүйесінің функциясын түзейтін маңызды зат, 
лимфоциттің жетілуіне белсене қатысады жəне иммунитеттің түзілуіне 
көмектеседі. Еркектердің денесінде мырыштың көп мөлшері еркектердің 
жыныстық аталық безінде шоғырланған жəне бұл минерал ұлдар мен 
еркектердің организмі үшін аса маңызды. 
Йод гормондар түзуге қатысатын жалғыз микроэлемент болып 
табылады. Йод қалқанша безінің гормондарының құрамына кіреді, ал олар 
белоктардың биосинтезі жəне тіндердің өсуіне қажет. Əсіресе, йод 
адамның құрсақтағы сəбиінің, балалардың жəне жасөспірімдердің бас 
миының дамуы үшін аса керек.  
Фтор тістер мен сүйектердің өсуі жəне сақталынып қалуы үшін қажет. 
Фтор тіс эмальдарын қатайтады жəне тіс жегісінің жəне остеопороздың 
дамына жол бермейді. 
Селен 100-ге жуық ферменттердің құрамына кіреді жəне 
антитотықтырғыш жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне аса қажет. Ол 
сонымен қатар антитоксикалық жəне антиканцерогендік қасиетке ие, 
қалыпты иммун статусын, сперматогенезге, ұйқы безінің ас қорыту 
функциясын демеу үшін аса қажет.
 


 
83
 
БАЛАЛАРДЫҢ МИНЕРАЛДАРҒА МҰҚТАЖДЫҒЫ
 
 
Халық арасында жетіспеушілігі кеңінен таралған маңызды 
минералдарға деген балалар мен жасөспірімдердің қажеттілігі туралы 
мəліметтер қысқаша 25-кестеде жинақталынып берілген. Кестеде 
көрсетілгендей, балалардың витаминдерге мұқтаждығы жынысы мен 
жасына жəне де кейбір минералдардың сіңімділігіне байланысты. Темір 
мен мырыштың рационнан сіңімділігі (биологиялық қол жетерлігі) 
неғұрлым тазаланған (рафинадталынған) тағамдар, əсіресе дəндік 
дақылдар көп болса, соғұрлым жоғары. Екінші жағынан қарасақ, 
рафинадталынған дəндік дақылдарда, тазаланбағандарына қарағанда, бұл 
минералдардың мөлшері анағұрлым аз. Сонымен қатар, темірдің 
рационнан биологиялық қол жетерлігі неғұрлым тағаммен С витамині көп 
қабылданса, соғұрлым артады. Алайда, қазақстандықтардың тамақ 
рационы С витаминіне кедейлеу. Бұл орайда, балалар мен 
жасөспірімдердің темір мен мырышқа мұқтаждығы, тағам рационынан бұл 
микроэлементтердің орташа биологиялық қол жетерлігін ескере отырып, 
орта есеппен алынған.
  
 
МИНЕРАЛДЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ТАҒАМДЫҚ КӨЗДЕРІ
 
 
Кальцийдың негізі тағамдық көзіне сүт тағамдары жатады. Кальцийге, 
əсіресе, қоюланған қатты ірімшік, ақ ірімшік, құрт жəне ірімшік сияқты  
сүт тағамдары бай. Алайда, Қазақстанда сүт тағамдары аз мөлшерде 
қабылданады. Фосфор табиғатта кеңінен таралған жəне организмге 
негізінен барлық дерлік тағамдардан түседі. 
Əдетінде, қаптамаларға натрий мөлшерін, тұз деп ұғынарын ескеріп, 
көрсетеді. Бұның мəні, тағамдардағы натрий мөлшерінің төмен немесе 
жоғары болуы, тұздың көп не аз болуына сəйкес келеді дегенді білдіреді. 
Супермаркет сөрелерінен тамақтарды таңдау барысында қаптамаларды 
мұқият қарап жазылғандарды оқу керек, онда натрий мөлшері туралы 
ақпарат беріледі, ал ол 1000граммға дейін өзгеріп отыруы ықтимал. 
Тағамдық өнімдердің қаптама жазуларын оқып танысу жəне негізгі 
тағамдық өнімдердегі тұздың мөлшері туралы жуықтатылған хабардарлық 
білімнің болуы, əрине қабылданатын тұз мөлшерін төмендету міндетін 
оңайлататыны сөзсіз.  
Негізгі тұздардың мөлшері (77 пайызға жуығы) тағамдық өнімдерге 
тағам өндіріс өнеркəсіптерінде қосылатыны есте сақтайтын жайт (1-сурет). 
Қоғамдық тамақтану орындарында жəне мектеп ас блоктарында берілетін 


 
84
тағам түрлері көбінесе тұздарға аса қанық келеді. Тағамдық өнімдердегі 
табиғи тұздар көлемінен қабылданатын тұздың 10 пайызға жуығы түседі, 
ал 10-12 пайыз тұз ас əзірлеу процессінде қосылады. 
 
1-сурет  – Тағамдық өнімдердегі тұздың негізгі көздері 
 
Калийдің негізінен дəрілерден немесе биологиялық белсенді 
қоспалардан емес, тағамнан қабылданғаны дұрыс. Калидің ең жақсы 
тағамдық көздеріне, калийдің бикарбонаттық алдыңғы туындысы көп 
мөлшерде кездесетін жемістер (калийге, əсіресе кептірілген жемістер бай) 
мен көкөністер жатады. Олар қышқыл-негіз балансын ұстап тұруға өте 
керек, сонымен қатар бүйректерде тас пайда болуы мен сүйек массасының 
жоғалтылу қауіпін төмендетеді. Калийге аса бай тағамдық өнімдерге көк 
көкөністер, жүзім мен тамыржемістер жатады. Ол əжептеуір мөлшерде ет 
пен сүтте де кездеседі. 
Организмге темір негізінен еттік, балықтық, сүттік тағамдардан жəне 
дəндік дақылдардан, сонымен қатар көкөністерден түседі. Өсімдік тектес 
тағамдық өнімдерден не бары 3-4% темір сіңіріледі, ал қалғандарының 
нəжіспен бірге шығып кететінін айта кету керек. Өсімдік тектес тағамдарға 
кіретін гемдік емес темірдің сіңімділігі тағам рационында С витаминінің 
мөлшері көп болса артады. Темірдің сіңімділігі мыналарда жақсы - сүттік 
тағамдардағы (8-10%), балықтық тағамдардағы (10-12%), əсіресе ет 
тағамдарында (18-20%). Бауыр темірдің аса бай көзі. Темірдің ет 
тағамдарынан жақсы сіңірілетіндігі, олардың құрамында гемдік емес 
темірге қарағанда, сіңімділігі аса жоғары болып келетін гемдік темірдің 
барлығынан. 


жүктеу 5,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау