Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
Қазіргі кезеңде оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастырудың теориялық негіздері анықталып, «өзін-өзі бағалау», «өзін-өзі анықтау» ұғымдарына анықтама берілді.
Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастырудың теориялық моделі жасалып, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері айқындалды.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Зерттеу нәтижелерін мектептерде, педагогикалық жоғары оқу орындарын-да, колледждер мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттары қызме-тінде пайдалану тиімді.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазіргі кезеңде оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1 Мектеп оқушыларының өзі-өзі бағалауын қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық әдебиеттердегі талдануы
Еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігі-не, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығына, білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты. Қазіргі таңда әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзін-өзі бағалау, әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүдделерін айқындауға жеке басы-ның қабілеттерін дамыту маңызды міндет. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқу-шының жеке тұлғасының қалыптасуында маңызды болып табылатын - өзін-өзі бағалауына тікелей байланысты. Сондықтан оқушының өзін-өзі бағалау мәселе-сі өзектілігінің артуы қазіргі қоғам дамуына байланысты туындап отыр. Себебі өзін-өзі бағалау арқылы, өзінің іс-әрекетін объективті тұрғыда саналы реттеу арқылы ғана оқушының жеке тұлғасы қалыптасып қана қоймай, еңбекке, білім алу мен жеке өміріне, мемлекеттік маңызды істер мен өзін-өзі жетілдіруге дұрыс бағытының қалыптасуына негіз болады.
«Жеке тұлға», «кемелденген адам», «толық адам» туралы, оның болмысы, қасиеттері жайлы ғылыми, философиялық, педагогикалық, психологиялық тұ-жырымдар, түйінді дүниелер бар.
Шығыс ғұламалары адамның қалыптасуы үшін оның өзінің ішкі мүмкіндік-теріне, қасиеттеріне, іс-әрекеттеріне орынды баға беру мен дұрыс өмірлік бағыт-бағдар ұстану мәселесіне терең мән берген. Ибн Сина, Әл-Фараби, Имам Ғазали, Әбу Жүсіп Ысқақ т.б. өзін-өзі тәрбиелеудегі адамның ішкі ой таразы-сының қажеттілігі туралы құнды пайымдаулар айтқан.
Әбу Насыр Әл-Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары» атты трак-татында азаматтық философия тұрғысынан кемел азамат болу үшін туа біт-кен және жасынан дамытылатын қасиеттерді атап көрсетеді: «Адам өз бойында туа біткен қасиеттерді ұштастыра жетілдіруі қажет, әсіресе, мейлінше жақсы-ның бәрін түсінетін, талдап айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жапсарына сәйкес ұғып алатындай болу керек, өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын, бұлардан ешнәр-сені ұмытпайтын болуы керек, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт», -деп адам бойында ізгі қасиеттерді көрсете отырып, адам өз іс-әрекетіне жауап-ты, сондықтан өз-өзіне баға беріп, өзінің жақсы қасиеттерін дамытып отыру қажеттілігіне тоқталады.
Ал дидакт ғалымдар өзін-өзі бағалауды өзінің білімі мен білік, дағдыларын дұрыс бағамдай отырып, жеке тұлғасы болмысының сипаты арқылы анықтала-ды деп есептейді [5].
Оқушының өзін-өзі бағалау проблемасы жеке тұлғаның қалыптасуы мен да-муы, қарым-қатынас және құндылық бағдар мәселелерімен тығыз байланыста зерттелінеді. Өзін-өзі бағалау – жеке тұлғаның болашақтағы даму бағдары мен мақсат-міндеттеріне, өмірлік жолын дұрыс таңдауымен анықталады.
Оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыруда және оның педагогикалық мәнін түсіну үшін оқушы мен қоршаған ортаның байланыс жүйесін ескеру қажет. Сонымен қатар, оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруды ғы-лыми-педагогикалық негіздеуде адамның бір-бірін түсінуі мен қабылдауының психологиялық механизмдерін зерделеу қажеттігі туындайды. Әсіресе, жеке тұлғаның интеллектуалдық, ақыл-ойы дамуына тығыз байланысты.
Р.С.Омарованың пікірінше, жеке тұлғаның қалыптасуында өзін-өзі бағалау мен қоршаған ортасында адамдардың іс-әрекетіне, писхикалық мүмкіндіктеріне объективті бағалай алуы оқушының тек танымдық қажеттіліктерін қанағаттан-дыру ғана емес, тұлғаның басқа да бірқатар: өзін-өзі көрсетуін, қорғауын, өзін-өзі белсендіру сияқты өзіндік даму қажеттіліктерін қанағаттандыруда маңызды. [23].
Оқу-тәрбие үрдісінде оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру баланың ақыл-ойын, дара қасиеттері мен танымдық мүмкіндіктерін дамытуға бағыттала-ды. Оның негізінде оқушының дүниетанымының негіздері қалыптасады. Дүниетаным – адамзаттың құндылықтар, таным, өмір мәні, еңбек, қоғам, таби-ғат туралы көзқарастар жүйесі. Өзін-өзі бағалай отырып, оқушы білімдер жүйе-сін саналы меңгеріп, логикалық ойлау, ес, зейін, қабылдау, ақыл-ой қабілет-терінің дамуына ықпал етеді.
Оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру тұтас педагогикалық үрдісте, бала әрекетінің барлық түрінде: оқу, еңбек, қоғамдық, мәдени, ойын т.б. бары-сында жүзеге асырылады.
Оқушының өзін-өзі бағалауының қалыптасып, дамуының негізі педагогика-лық басқару арқылы жүзеге асады. Мұнда субъект-субъектілік қатынасқа негіз-делген басқаруды түсіну керек. Мұндағы талап қою да жеке амал тұрғысынан келген, субъект-субъектілік қатынаста жүзеге асырылуы керек. Баланың өзіне қойылған талаптың мәнін, оны қажеттілік екенін түсінудің маңызы зор.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруда мұғалімнің бағыттаушы-лық, ұйымдастырушылық қызметінің маңызы ерекше. Мұғалімге мынадай талаптар қойылады:
оқушыларды зерттеу;
оқушыларға өзінің іс-әрекетіне, орындаған тапсырмалар нәтижелеріне т.б. бағалауға кеңес беру, міндеттерін белгілеу, нұсқау беру;
оқушылармен жағымды қарым-қатынас қалыптастыру;
оқушылардың талдау іс-әрекетін бағалау; бағыттау;
оқушылардың өзін-өзі бағалау үрдісінде шығармашылық қатынас жасау;
жеке басының үлгісі, ықпалы;
түрлі әдіс-тәсілдер мен оңтайлы жолдарды пайдалану, оқыту мен тәрбие-ні сабақтастыру;
педагогикалық реттеу, сын, рефлексия.
Оқушылардың өзін-өзі бағалау үрдісінде өзін-өзі анықтауды жүзеге асыру кезеңдер бойынша жүргізіледі:
● педагогикалық жағдайды ескеру, сынау үшін қолайлы жағдай табу, таңдап алу;
● істеген ісін талдау, оны себебін ашу;
● сынақ дәрежесін, түрін анықтау, хабарды, мәліметті беру, көрсету;
● сын нәтижесін талдау және ескеру.
Бұл үрдісте әдісті сапалы, тиімді пайдалану шарты ретінде: оқушылардың өз қатесі мен кемшілігін түсінуі; қателескен баланың жеке басын құрметтеу, сыйлау; оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейін ескере отырып, оған сүйену; әдептілік пен сыншылдық, ой-қорыту, тұжырымның ортақтығы; шектен тыс қа-талдықтан аулақ болу; басқа да әдістерді тиімді қолдану.
Мұғалім оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруда оқушылар мен оқушылар ұжымына нақты бір жоспар негізінде нені, қалай істеу керектігін көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отыруы маңызды болып табылады. Мұғалім педа-гогикалық жағдайды бағдарлай және бағалай отырып, талап түрлерін дұрыс таңдап, оның орындалуын тексеру оң нәтижесіне жетуді мақсат еткен жағдайда ғана іс-әрекет толық мәнді болмақ.
Сонымен, оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруды ұйымдастыру-да:
оқушының өзін-өзі бағалауын дамытуды дидактикалық тұрғыда қамтама-сыз ету;
оның шарттары мен факторларын, құрылымын анықтау;
оны жүзеге асыру мен ұйымдастыру үрдісінде оқушылардың қажеттілік-тері мен қызығушылықтарын ескеру;
оқу үрдісінде және одан тыс уақытта оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруға жүйелі көзқарас тұрғысынан келу;
оқушылардың өзін-өзі бағалау үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңыздылығына мән беру қажет.
Өзін-өзі бағалау мен оның кейбір формаларын кез келген мәдениеттің даму сатысында кездестіруге болады. Мысалы, гомерлік гректерде ол өзіндік ішкі жан дүниесінің бір нәрсені қажетсінуін білдіреді. Бірақ сол кезеңдерде Герак-лит «өзін-өзі тану» жөнінде еңбектер жазған, оның жазбаларында «өзін-өзі тану», «өзіне-өзі баға беру» ұғымдары байқалады. Антифон «өзін-өзі иелену», «өзін-өзі жеңіп алу» қажеттігін айтады. Ал Сократтық философия тікелей ішкі диалогқа ұмтылады. Платон қолданған рефлексті формулалар ішінде «өзін-өзі тану», «іштей қанағаттану» және «өзін-өзі анықтау» ұғымдары кездеседі. Декарттың еңбектерінде жеке мен, сонымен қатар тану субъектісі ретінде қарастырады. Декарт танушы менді тікелей рухани жанмен теңестіреді. Ол жан денеге қарағанда өзінің материалды еместігімен жеңіл танылады [6].
Дж.Локк рефлексті ойлар өмірлік тәжірибемен байланысты деп ойлайды, тек ересек жасқа келгенде ғана ішкі әлем туралы белгілі білім қорын алу арқы-лы адамдар ішкі жан-дүниесінде не болып жатқандығы жайында толыққанды ойлана алады .
Фихтеде “Мен” тек танып қана қоймай, өзінен барлық қоршаған ортаны ой- Өзін-өзі бағалаудың психологиясы саласындағы зерттеулердің жалпы көз-қарасына көңіл аударсақ, мұнда бірнеше маңызды жайларды атап айтуға бола-ды. Күрделі пікірталастар мен талдауларға түсіп жүрген негізгі сұрақтардың ішінен мыналарды алуға болады:
өзін-өзі бағалау табиғаты;
психологиялық феномендер арасындағы өзін-өзі бағалаудың алатын орны;
өзін-өзі бағалаудың дамуын анықтайтын факторлар;
өзін-өзі бағалаудың құрылымы;
өзін-өзі бағалаудың генезисі.
Өзін-өзі бағалау табиғаты туралы сұрақтар шешімі толықтай тұжырымдама-сының философиялық бағыттарына байланысты. Бихевиоризм мен необихевио-ризм жақтастары керісінше, қоршаған ортаның адам психикасына әсерін ашып көрсетуге тырысып, қорыта келгенде, психикалық өмір сферасындағы өзін-өзі бағалау мен сезіну ерекшелігіне келіп тірелді.
Әр зерттеуші өзін-өзі бағалаудың психологиялық феномендер арасындағы орнын әр алуан етіп көрсетеді. Осы сұрақты шешуге кеңейтілген қатынас өзін-өзі бағалаудың психика синонимі болып саналатындығына байланысты. Тұлға-ның өзін-өзі бағалауының әлеуметтік факторларын атап көрсетуге арналған ал-ғашқы еңбектердің иегері - У.Джемс. Дегенмен, «Мен»-нің жеке-табиғи және әлеуметтік құрамдас бөліктері Джеймс еңбектерінде бірқатар мәселені шешуге көмектеседі.
А.Маслоудың өз-өзін белсендіру теориясында тұлғаның дамуы оның өзін-дік бейінділігін белсендіруге ұмтылуымен байланысты ішкі үрдіс болып таны-лады. Маслоу өзіндік өзектілікті, өзін-өзі анықтауды адами қажеттіліктердің бірі ретінде қарастырады [7].
Осы күнге дейін психологияға әсерін тигізіп келе жатқан, кең таралған тео-риялардың бірі Фрейдизм және Неофрейдизм болып табылады. Барлық психи-каны З.Фрейд функционалдығы мен заңдылықтарының әр алуандығына қарай 3 жүйеге бөледі. Биологиялық және афективті реттіліктің субъективті қажеттілігі-нің негізі болып табылатын “санасыз ол”. Сонан соң сезімдік бейімделу үрдісін жүзеге асыратын орталық – “Мен жүйесі”. “Мен” – терең қоғамдық шарттарды теңестіретін күш. Қорыта келгенде, “Жоғарғы Мен” – бұл өзіндік бейнесі бар, мазмұны нормалар, тыйымдар болып табылатын цензура. “Мен” және “Ол”-дың арасында үнемі жүзеге асырылып отыратын қарым-қатынас орнатылады. Ол “Мен”-ге қысым түсіреді, ал “Мен” болса, қоғамдық шарттарды ескере оты-рып оны көтеру қажет. Фрейдтің «Мен» концепциясында сезіну, өзін-өзі сезіну – бір мәнді құбылыстар. З.Фрейд өзін-өзі бағалаудың дамуын анықтаушы фак-торлар ретінде тума биологиялық инстинктерді айтады [8].
Неофрейдистер өзін-өзі бағалаудың өмірлік шарттармен және тұлғааралық қатынастармен байланысын растайды. Олар қорқыныш, тынымсыздық, нәзік-тіктің қажеттілігі тәрізді психикалық факторлар күшіне енген кезде әлеуметтік ортаның тұлғалық қалыптасуға әсерін тек белгілі бір шамаға дейін ашты.
Отандық педагогикада, психологияда өзін-өзі бағалау деп нәтижесінде әре-кет субъектісі ретінде өзі туралы көзқарасын тудыратын адамның өзін-өзі тану, эмоционалды- құнды қарым-қатынас қалыптасу үрдісі алынады.
Психолог-идеалистердің баланың өзін-өзі бағалауы туа бітеді деген қарама-қайшы пікірлеріне біздің отандық ғалымдарымыз балада туа пайда болатын қа-сиеттер сол қабілеттің пайда болуына, дамуына әсер ететін алғышарттар деп таниды. Сондықтан, Л.С.Рубенштейн атап көрсеткендей, өзін-өзі бағалау-дың қозғаушы күші мен пайда болу көзін туа біткен қасиеттерден іздемеу ке-рек, оны өсіп-жетіліп келе жатқан тұлғаның қоршаған ортамен өзара байланы-сының өзгерісінен байқалатын шынайы қасиеттерінен іздеу қажет. Баланың қоршаған ортамен байланысын, тәрбиесін реттеу бала тұлғасының өзіндік да-муында жетекші роль атқарады.
Отандық педагогикада өзін-өзі бағалаудың анықтаушы факторлары ретінде адамның өзіндік практикалық іс-әрекеті және оның қоршаған ортамен өзара байланысы алынады.
Өзін-өзі бағалау белгілі бір құрылымдық бөліктерден тұратын күрделі пси-хикалық білімді қамтиды, дегенмен психологтардың пікірі барлық уақытта сәй-кес бола бермейді.
Осы мәселе бойынша жазылған еңбектердің көптеген авторлары өзін-өзі се-зінудің негізгі екі құрамдас бөліктерін көрсетеді: когнитивті және эмоционал-ды. И.И.Чеснокова өзін-өзі сезінуді негізгі үш құрамдас бөліктің бірлестігі ре-тінде қарастырады: өзін-өзі тану, өзіне деген эмоционалды-құнды қатынас және тұлғаның әрекетін өзіндік реттеуі. И.С.Кон өзін-өзі сезінуге 4 құрамдас бөлікті енгізеді: өзіндік теңбе-теңдікті сезіну, өзіндік «Мен»-ді сезіну, өзіндік психика-лық қасиеттерді және белгілі бір әлеуметтік өзін-өзі бағалау жүйесі [9].
Л.Д.Олейник өзін-өзі бағалаудың алты құрамдас бөліктерін атап айтты: өзін-өзі сезіну, өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі сынау, өзін-өзі реттеу немесе басқару. Өзін-өзі бағалаудың мейлінше нәтижелі тұжырымдамасы В.В.Столин құрды. Белсенділіктің үш түріне сәйкес, ол өзін-өзі бағалауды дамытудың үш деңгейін атап көрсетті: денелік, жеке және тұлғалық. Өзін-өзі бағалауды құрудың нақты тұжырымдамаларының бірін В.С.Мухина ұсынды. Оның еңбегінде өзін-өзі бағалау ішкі тарихи және әлеу-меттік шартталған құрылым арқылы дамиды деп түсіндіреді.
Педагогикалық психологияда, өзін-өзі бағалауға арналған әдебиеттерде ең-бектердің көпшілігі өзін-өзі бағалау механизмі және жинақталған білім ретінде сарапталады. Бұл еңбектер көпшілік кездерде негізінен мектеп жасын және сол жастағы кезеңдерде өзін-өзі бағалау функцияларын қарастырады.
Демек, өзін тану - өзін-өзі бағалаудың алғашқы формасы. Өзін-өзі бағалау-дың дамуындағы жаңа кезең бала өзін атымен атай бастаған кезде басталады. Кейін үшінші жылы ғана жеке «Мен» пайда болады. Сонымен қатар, балада ал-ғашқы өзін-өзі бағалауы – тек «Мен» ғана емес, «мен жақсымын», «мен өте жақсымын» пікірлері қалыптасады.
Ерте жаста баланың тек өзін-өзі сезінуінің бастамасын ғана байқауға бола-ды. Тұлғаның одан әрі дамуы өзін-өзі сезінуінің дамуымен байланысты. Рольдік ойындарда баланың әлеуметтік маңыздылыққа және әлеуметтік бағалы іс-әре-кетке ұмтылысы қалыптасады, әлеуметтік белсенділігі, өзін-өзі сезінуі дамиды. Өзіндік «Мен»-ді сезіне отырып, мектепке дейінгі жастағы бала үлкендерге еліктеу арқылы өзін, белсенділігін көрсетуге тырысады. Ол өзіне ересектердің, тәрбиешілерінің көзқарасымен қарайды.
Өзін-өзі бағалауы дамуының тағы бір жағдайы - өзіндік көңіл – күйді сезіну – «мен қуаныштымын», «мен қайғылымын». Бұл кезең үшін жыныстық иденти-фикация маңызды роль атқарады: бала өзін ер бала ретінде сезіне ме, әлде қыз бала ретінде ме? Өзін-өзі сезіну уақыт өте келе белгілі бір кезеңдерде пайда бо-лады. 6-7 жасқа келгенде бала өзінің өткен шағын еске түсіре алады. Осы шақ-ты сезіне және болашақты елестете алады: «мен кішкентай шағымда», «мен үл-кен болғанда» т.б.
Баланың өзін-өзі бағалау қабілетінің дамуы стихиялы түрде және оның қа-лыптасуына өзге субъектінің әсерінсіз жүреді. Өзін-өзі бағалаудағы дамудың стихиялы түрінің сақталуымен қатар, оның тағы бір осы үрдістегі субъекттің белсенділігін көрсететін түрі пайда болады. Оларда өз-өзіне қарауға, өзін тұлға ретінде тануға, өзге адамдардан өзгешелігін байқауға деген қажеттілік туады. Бұл жай біріншіден, оның өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі тәрбиелеуге және таныту-ға ұмтылысын тудырады.
Онтогенездің әрбір кезеңінде – нәресте жылдарында, ерте және мектепке дейінгі, кіші мектеп жасында, жасөспірім және жоғары мектеп буынында, бала-ның тұлғалық қалыптасуы мен дамуы сатыларында оның белсенділігі мен өзін-өзі бағалауы дамиды. Туған сәттен бастап, 1 жасқа дейін балаларда тіл табысуға деген қажеттіліктер мен қабілеттері қалыптасады. Бала өз даярлығын ішкі се-зімдерінен байқайды. Үлкендер баланың қабылдауы мен әрекетін реттеп отыра-ды. Ерте балалық шақта ересектердің ролі қозғаушы күш болып қала береді. Дегенмен, бала үлкендердің араласуынсыз өз бетімен әрекет етуге ұмтылады. Жаңа тенденциялар баланың белсенділігін арттырады («мен өзім») да, үлкен-дермен өзара жаңа байланыстың пайда болуын қамтамасыз етеді.
Л.И.Божевич: «бұл кезеңде баланың танымдық әрекеті тек ішкі әлеміне ғана қарап қоймайды, сонымен қатар өзіне де көңіл аудара бастайды»,- деп атап көр-сетеді.
Л.И.Божевичтің пікірінше, баланың ерте жаста қалыптасуы орталық тұлға-лық білімнің «Мен жүйесі» түрінде пайда болуымен аяқталады. Бұл жүйеге тек бірқатар білімдер ғана емес, өзіне деген қарым-қатынасы да кіреді.
Мектепке дейінгі кезеңде өздігінен әрекет ету мен белсенділігінің өсуі ай-қын байқалады. Бала өзінің жаңа мүмкіндіктерін әр алуан істерде қолдану қа-жеттігін сезінеді. Ол өз күшімен жаңа бір мақсаттарға, күтілген нәтижелерге жеткісі келеді және қойылған талаптарды орындауға, сонымен бірге тіл табы-суға, өзіне назар аудартуға тырысады.
Ойын кезінде баланың қоршаған ортаға белсенді түрде әрекет етуінің адами қажеттілігі дамиды және бекітіледі, алғашқы «моральдық инстанциялары», осының негізінде оның өз іс-әрекетін бағалай білу қабілеті, мектепке дейінгі кезеңнің соңына қарай ашылатын және алғашқы мектептегі кезеңнің дамуының негізгі алғышарты болып саналатын баланың өзін-өзі бағалауының алғашқы формалары қалыптасады. Өзіндік «Мен»-ді сезіне отырып, мектепке дейінгі жастағы бала ересектерге еліктей отырып, өз-өзін, белсенділігін көрсетуге тырысады.
Рольдік ойындарда мектепке дейінгі жастағы балада қоғамдық маңызды және бағалы істерге ұмтылысы қалыптасып, әлеуметтік белсенділігі, өзін-өзі сезінуі дамиды.
Кіші мектеп жасы – мектептегі кезеңнің бастамасы. Оқу әрекеті ол үшін ең маңызды іс болып табылады. Бұл кезең әлеуметтік «Мен» пайда болатын кезең болып саналады. Дәл осы шақта баланың «ішкі бағыты» қалыптасады.
Л.С.Выготскийдің пікірінше, мектептегі оқу баланың ойлау қабілетін та-нымдық іс-әрекет ортасына итермелейді. Бұл дегеніміз – заңды қайта құрылу мен өзін-өзі сезіну дегенді білдіреді. Ойлау қабілеті негізгі функция бола оты-рып, сезіну функцияларының жұмысын анықтай бастайды [10].
Сонымен, кіші мектеп жасында баланың өзін-өзі анықтауда маңызды өзге-рістер болады. Мектептегі оқу үрдісі кезінде бұл қабілет негізі түсініктерді қа-былдау болып табылатын теориялық ойлау қабілетіне айналады. Білімді меңге-ре отырып, оқушы түсініктердің пайда болу үрдісіне үйренеді, яғни ол өзіндік теориялық жоспарға сәйкес талдауға үйренеді.
Оқушының тұлғасына, даралығына, қабілеттіліктеріне берілген бағаға көп көңіл аударады. Оқушы өзіне айтылған сыни ескертулерді ауыр қабылдайды. Кей кездері айтылған сыни көзқарастар оның өзіне сенімділігінің, қабілеттілігі-нің, мүмкіндіктерінің төмендеуіне әсерін тигізеді. Мұндай жағдайлар тек іштен тынып қатты қайғыруға, ренжуге, өз-өзіне сенімділігін жоғалтуына әкеліп соға-ды. Күшті сезімдік толқу кезінде пайда болған мұндай қайғырулар бала бойын-да сақталып қалып, әрі қарай оның психикасының тұрақты жайларының біріне айналуы мүмкін.
Оқушы жасы үлкендердің де, қатар құрбыларының да өзіне кішкентай балаша емес, ересектерше қарым-қатынаста болғанын қалайды. Оның бойында өзіндік жауапкершілікке, ересектер әлемінде маңызды болуға, өзін тұлға ретінде сезінуге, өзгелерден ерекше көрінуге ұмтылыс пайда болады. Осыдан барып, өзіндік тұжырым жасау, өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау туады.
Оқушының өз білімін, қабілеттерін, іскерлік қасиеттерін, білік, дағдыларын түсініп, өзін-өзі бағалауды қалай үйренетіндігіне назар аудару қажет. Оқушы-лардың өзін-өзі бағалауының қалыптасуын зерттеу өзінің ерік-жігерлілік, дене және моральдік қасиеттерін дұрыс ұғыну және бағалау барысында жүргізіледі.
Алайда, оқушы өзін-өзі анықтап, бағалай отырып, бағалаудың бір нысанына сай әрекет етеді. Өзге адамдарды ұғына және бағалай келе, түрлі адамдармен кезігеді. Бағалау нысаны ретінде құрдастары, мұғалімдері немесе тіптен өзге адамдар болуы мүмкін. Мұның бәрін ескере отырып, өзін-өзі бағалауды қалып-тастыру мен дамытуды саралап қарастырған жөн.
Өзін-өзі бағалау өз құрылымы, мазмұны бойынша күрделі жүйе болып та-былады. Ол оқушының ықпал ететін түрткілері саласымен танылуы, өзін-өзі жетілдіруі, құрметтеу қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Егер оқушы үшін оны қоршаған орта қалай қабылдап, бағалағаны маңызды болса, онда ол бұл қа-былдау әлдеқайда жағымды, бағасының жоғары болуына ұмтылады. Бұл ұмты-лыс оның адамдарды дәл солай қабылдап ұғынуға итермелейді, өйткені бұл өзін дұрыс қабылдауға деген даярлығының деңгейіне байланысты болады. Өзінің жақсы қасиеттерін дұрыс, әрі жоғары бағасы, өз кезегінде оқушыда ортаны әл-деқайда дәл әрі жоғары бағалауға ықпал етеді. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы олардың өздерінің ата-аналары, мұғалімдерінің тарапынан әділ қабылдап баға-лауынан басталады.
Педагогтың оқушылардың өзін ұғынуы мен өзіндік бағасының дұрыстығы-на қажетті көңіл бөлмеуі – балалардың өзін-өзі бағалауы дамуының жеткіліксіз деңгейде қалыптасуының себептерінің бірі. Өзге адамдарды бағалай алса, оқу-шы оларды қалай танылатынын жақсы айқындай алады, қоршаған жандар оның өзіндік жақсы жақтарын байқай білуді қамтамасыз ететіндей мінез-құлық тәсі-лін таңдайды. Орта алдында қалай да жақсырақ көрінудің айқын қажеттілігі өзіндік бағалаудың дамуына әсер етеді [11, 92-б.].
Оқушылардың өзін-өзі бағалауының дамуында әлеуметтік деп аталатын өз-ге де қажеттіліктер айтарлықтай рөлге ие, олар адамның өзге адамдармен өзара қарым-қатынасы және тілдесуін оңтайландыру үшін қажет және соның әсерінен туындайды. Мәселен, қажеттіліктерді ортадағы жандар алдында беделді, өзара түсіністікте және тануда қанағаттандыру адамдардың бір-бірін ұғынып, баға-лауын ұйғарады. Оқушыда мұндай қажеттіліктердің болуы оның өзіндік баға-сын жетілдіруіне әсер етеді.
Өзара қарым-қатынастар үрдісінде қалыптасқан кез келген баға белгілі бір дәрежеде оқушының жеке тұлғасының даму деңгейі болып табылады және оның басым бағаларының қандай жағымды және жағымсыз болғанына қарап, ол жөнінде жеке тұлғасы жөнінде қорытынды жасауға болады. Өйткені белгілі бір даралық ерекшеліктерге ие тұлға дәл осы тұлғалық қасиеттерді басқа Адам-дардан көруге бейім болады.
Мектептегі оқу үрдісінің тиімділігі үшін мұғалімдер мен оқушылардың бір-бірін өзара дұрыс қабылдау және бағалау мәселесі басты мәнге ие. Өзара қа-рым-қатынастың осы саласында әрқашан бәрі жағымды емес. Жеке дау-жан-жалдар мен түсінбестіктер негізінде білімді, жеке тұлғалық ерекшеліктерді, қа-лыптасатын өзара қарым-қатынастарды бағалаудағы қателіктер жатады. Оқу-шыны бағалай отырып, мұғалімдер өзі қойған бағасына күдікпен қарауы сирек. Оқушылар «педагогикалық» түсінік бойынша мұғалімге келіспейтіндігін, оның жеке тұлғасы, әрекеті туралы көбіне ашық айта алмайды. Демек, мұғалім педа-гогикалық бағалауда оқушылардың ұмтылыстарын жетілдіруге мүмкіндік бере-тін ақпараттар алмайды. Ал оқушыда қалыптасқан мұғалімге деген жағымсыз қатынас өте жылдам орнығып, ол оқытатын пәнге деген қатынасқа көшеді. Оқушының қызығушылығы жойылып, аталған пәннен оқу үлгерімі төмендейді. Бұл жағдай болмас үшін, пәнді оқыту үрдісінде өзін-өзі объективті бағалауды дамыту қажет, оқушылардың өз білім, білік, дағдыларын дұрыс түйсініп, ұғы-нып дұрыс бағалауына ұмтылған жөн. Мұны гуманитарлық, математикалық, жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқу үрдісінде іске асыруға болады.
Құндылықтар мен қағидалар жүйесі адамның өзіне және өзгеге беретін ба-ғасының негізі болып табылады. Оқушылардың өзін-өзі бағалауының қалыпта-суының шарттарының бірі – балалардың бойында оларға адамдарды, олардың өзара қарым-қатынастары мен білімдерін ұғыну мен бағалауда бағдар ретінде болатындай, қалыптасқан құндылықтар, бейнелер, ережелердің болуы.
Өзін-өзі бағалау – жеке тұлғаның өте күрделі, көп бөлімді, құрылымды білі-мі. Ол жеке тұлғаның ұмтылыс талаптарының құрамдас бөлігі болып табылады, ол ерте балалық шақтан, сәбидің «мен өзім» деген алғашқы сөзінен бастап, адамның бүкіл өмір бойына қалыптасады, әрі дамиды. Бала «Мен өзім» деп айта отырып, ересектерге белгілі бір нәрсені орындауға қажетті өзінің мүмкін-діктері, біліктіліктерін бағалайтындығын айқын етеді.
«Өзін-өзі бағалау» және «өзін-өзі анықтау» ұғымдары психология мен педа-гогиканың іргелі ұғымдары болып табылады және кеңінен, әрі көп мәнде қолданылады.
Өзін-өзі бағалаудың мазмұндық жағынан жалпы нұсқауды біз С.Л.Рубинштейн еңбектерінен табамыз. Ол: «Өзін-өзі бағалау - өзіндік са-наның әлеуметтік тұрғыда басым бөлігі және жеке тұлғаның белсенділігін жү-зеге асыру тетігі» деген анықтама береді. Сондықтан бүгінгі психологияда өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі анықтауға психологиялық тұрғыдан қарастыру кездей-соқтық емес, оның аясында өзін-өзі тану, өзін-өзі сезіну, жеке тұлғаның сыртқы әлеммен байланысын қамтамасыз ететін қажетті бөлім түрінде қарастырылады. Өзін-өзі бағалау жеке адамның өзге адамдар берген мәнді бағаларының қоры-тындысы болып табылатын өзіндік сананың құрылымының бөлшегі ретінде, адамның өзін-өзі, өз іс-әрекеттері мен өз мінез-құлық мақсаттарын, ортаға өзі-нің қатынасын ұғынуы ретінде анықталады. Ол дүниетаным, құндылық бағдар, макро және микро ортаның әлеуметтік үміт-тілектері мен тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесіндегі орны, өмірлік тәжірибе үрдісінде қалыптасатын арман-мұраттарға сәйкес алынған бағалаушылық өлшемдерінің жиынтығы болып табылады.
Әлеуметтік психологияда өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі анықтау жөніндегі мұндай түсініктер педагогикалық психологияда өзін-өзі тану мен өзін-өзі сезі-нуді түсінуге белгілі бір әсерін тигізді. Мұнда зерттеушілер назары өзін-өзі ба-ғалау мен өзара бағалауға белгілі бір жаста қалыптасқан тұлғалық ерекшелік ретінде аударылады.
Өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі анықтаудың мәні мен мазмұнын айқындау үшін, зерттеушілер бір жағынан, өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың өзге психологиялық құбылыстарға орай орны мен қатынасын айқындаса, екінші жағынан – олардың нақты мазмұндық сипатын оқушының жеке тұлға ретіндегі түрлі жас деңгейлерін де айқындаумен айналысуда.
Өзін-өзі бағалаудың онтогенездтік дамуын талдаудың бағыты И.И.Чесноко-ва еңбектерінде көрініс тапқан. Ол жеке тұлғаның жалпы өзіндік бағалауын сөз ете отырып, өзін-өзі бағалаудың мазмұны «оны моральдық адамгершіліктік құндылықтары, қатынастары, мүмкіндіктері әлемін қамтиды», - деп жазады [12, 31-б.].
Даралық ерекшелік өзін-өзі бағалау, оның психологиялық әлемінің жеке-ленген жақтарының өзіндік анықтауы негізінде қалыптасады. Өзін-өзі бағалау-дың әрі құрылымдық бөлімі тұлғаның оған сәйкес ерекшеліктері мен оған қаты-насты білу деңгейін таныта отырып, өзіндік даму жолына ие. Осыған орай, жалпы өзін-өзі бағалаудың қалыптасу үрдісі қайшылықты, әрі тең емес.
Өзін-өзі бағалаудың, оның реттеуші қызметімен қоса, қалыптасуының бас-ты шарты оқушыларды ажырату, талдау және пәндік жағдаймен өзінің және өз-генің іс-әрекеті тәсілдерін қатар қою секілді рефлексияның дамуы үшін негізгі құрушы, әрекетті жалпылау тәсілдеріне үйрету болып табылады.
Р.С.Омарованың пікіріне сәйкес, өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау өзіндік сананың дамуына қажетті білім болып табылады, яғни адамның өзін, өзінің де-не күшін, ақыл-ой қабілеттерін, әрекеттерін, мінез-құлқы түрткілері мен мақ-саттарын, қоршаған жандарға және өзіне-өзі қарым-қатынасын ұғынуы. Сөйтіп, оқу үрдісінде оқушының өз мүмкіндіктерін бағалауға деген ұстаным қалыпта-сады, бұл - өзін-өзі бағалаудың негізгі шарттарының бірі [13].
Өзін-өзі бағалауда баланың қол жеткен жетістіктері жөнінде және сонымен қоса оның ұмтылыстары, оның өз мінез-құлқын жалпы және жекелей алғанда оқу әрекетін өзін-өзі реттеуіне үлкен рөлге ие және болашақ дамуы жобасының көрінісі танылады.
Б.Г.Ананьев пікірінше, педагогикалық бағалаудың оқушыға тура немесе жа-нама түрде, жолдастары, отбасының өзін бағалауы арқылы тікелей ықпал етуі оқушының тарапынан белсенді қарым-қатынасты тудырады. Осыдан келе оқу-шының өзінің педагогты, отбасын, жолдастарын өзара бағалауы пайда болады. Бұл өзара бағалау педагогикалық бағалаудың маңызды нәтижелерінің келесі жағын – оқушының өзін-өзі бағалауын танытады.
Біздің қарастырып отырған мәселе – оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруға байланысты әдебиеттерді талдау негізінде өзін-өзі бағалауға тән басты белгілерді ажыратуға мүмкіндік береді:
диагностикалық мақсат қоюшылық;
нәтижелілік;
үнемділік;
жүйелеу, реттілік;
жобалаушылық;
біртұтастық;
басқарушылық;
реттеушілік.
Қалыптасқан өзіндік бағалауда оқытудың басты артықшылықтарының бірі оқушыларда өзіндік білім алудың мақсатқа бағытталған, әрі жүйелі түрде қа-лыптасуы, танымдық дербестіктің жоғары дәрежесі болып табылады.
Танымдық дербестік бағдарламада ұсынылған әдістемелік нұсқау көмегімен оқу материалын өз бетінше оқып-үйрену үрдісінде қалыптасады. Өзін-өзі баға-лау оқытуды даралау саласында үлкен әлеуетті мүмкіндіктерге ие, өйткені оқу-шының интеллектуалдық қабілетке ие екендігін және олардың заттар мен құбы-лыстардың, шынайы үрдістердің негізгі және қосымша белгілерін өз бетінше айыра білуін және жаңа түсініктердің мәнін дерексіздендіру мен тұжырымдау жолы арқылы айқындауын көрсетеді.
Өзін-өзі бағалау оқыту тиімділігін арттыруға бағытталады. Бұл оқыту үрді-сінің барлық компоненттерін мотивтік-мазмұндық, іс-әрекеттік, бағалау-нәти-желілік нақты кешенді зерттеу негізінде жүзеге асырылады.
Мотивтік-тұлғалық компонент қалған басқа компоненттердің мазмұнын ай-қындайтыны, әрі маңыздысы болып табылады. Оның ерекшелігі дидакикалық мақсаттардың оқыту мақсатына өзгеруі болып табылады, олар оқушыларға оқу жылы басында таныстырылады да, олардың танымдық іс-әрекетінде бағдар бо-лып табылады, оқу материалын оқып-үйрену үрдісінде оқушылардың ықпал-дық қалпын және белсенділігін арттырады.
Өзін-өзі бағалаудың сәтті қалыптасуы үшін операциялық-әрекеттілік ком-понент үлкен мәнге ие. Негізгі құрал баға, бағалаудың әдістері мен тәсілдері туралы білімдер болып табылады, бұл оқытудың түрліше формалары мен әдіс-терін қолдану мүмкіндігін береді.
Өзін-өзі бағалаудың қалыптасқандығын оқыту үрдісінің нәтижелілігін тиім-ді бақылау және өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру арқылы анықтауға болады:
бақылау тапсырмаларының оқыту мақсаттарымен сәйкестігі;
оқушылардың оқыту мақсаттарымен және қорытынды бақылау тәсілдері-мен танылуы;
алдын ала, ағымдағы және қорытынды бақылаулар өткізу.
Өзін-өзі бағалау – бұл дамушы үрдіс, адамның ішкі күштерін қозғалысқа келтіретіндігі мен оның рухани өсуіне қызмет ететіндігінен толыққанды үрдіс болып табылады. Дегенмен, бұл жеке тұлға қалыптасуының өзге де жақтары-мен өзара байланыста мүмкін болады.
«Қалыптасу» ұғымы біздің әдебиеттерде кеңінен қоданылады, алайда оның жеке тұлғаға қатысты мән-мазмұнының өзі бір мағынада емес. «Қалыптасу» ұғымы жеке тұлғаның құрылымының бүкіл үрдісінің де, тәрбиелік міндеттердің белгілі бір жақтарын да белгілеу үшін қолданылады. Ғылыми дүниетанымының қалыптасуы туралы, адамгершілік сезімдердің қалыптасуы жөнінде, кәсіптік дағдылардың қалыптасуы жайында, эстетикалық талғамның қалыптасуы тура-лы т.с.с. айтылады. Педагогикалық әдебиеттерде қалыптасу «кең мағынада» алынған тәрбиелеу үрдісінің сипаты ретінде көрініс табады.
Бүгінгі таңда ғылым жеке тұлға дамуының негізгі заңдылықтары мен әлеу-меттік типологиясын айқындайтын объективті жағдайлардың ауқымымен оның қалыптасу үрдісін байланыстыра отырып, жеке тұлға мәселесін зерттеу үшін ең кеңірек келешек жоспарларды ашып берді. Қазіргі педагогикалық тұжырымда-маға сәйкес, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы заңдылықты өзара әсер ете-тін және «қалыптасу» ұғымын қамтитын біртұтас қоғамдық құбылысты құрай-тын үш негізгі фактор ықпалымен жүреді.
Бірінші фактор – бұл оқушылардың тіршілік әрекетінің шарты ретінде және олардың жиынтық іс-әрекетінің жемісі ретінде танылатын әлеуметтік орта. Де-генмен, жеке тұлға белгілі бір әлеуметтік жағдайда ғана емес, өзіндік қалыпта-суының субъектісі ретінде таныла отырып, әлеуметтік жағдайлар әсері негізін-де қалыптасады. Қоғам өмірінің әлеуметтік тарихи үрдісі жеке тұлғаның қалып-тасу, даму, жетілуінде белсенді, әрекет етуші бастау ретінде қатысады.
Дегенмен, оның нағыз мәні біз оқушының өзін-өзі бағалауының құрамдас бөліктері есебінде ажырататын оқытумен, тәрбиемен, өзін-өзі бағалаумен, өзін-өзі анықтаумен, өзін-өзі тәрбиелеумен, өзін-өзі жетілдірумен өзара әрекеттесу барысында ғана танылады.
Екінші фактор есебінде тәрбиелеудің өзі жеке адамның бойында интеллек-туалдық, адамгершілік, эстетикалық, физикалық даму және кәсіптік даярлық-тың қоғамдық талаптарына сай келетін белгілі бір тұлғалық қасиеттердің, дүниетанымының, мінез-құлық белгілерінің қалыптасуы үшін, қоғамның мақ-сатқа бағытталған, саналы, жүйелі ықпалының үрдісі ретінде танылады. Қоғам тәрбиені арнайы институттар мен мекемелер жүйесі арқылы жүзеге асырады. Әр қоғам өзінің нақты-тарихи тәрбие жүйесін құрады әрі ұйымдастырады, оның органикалық жағы білім беру жүйесі болып табылады.
Үшінші фактор – бұл жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру үрдісі. Жеке тұлға-ның қалыптасу үрдісін түсіну үшін әр факторының рөлі мен мәнін, оның ішкі ұйымдастырылуын түсінуге мүмкіндік беретін зерттеу құралы ретінде толық дәлелденеді. Сонымен қоса, ол оқушының дамуында өзін-өзі бағалаудың орнын айқындау үшін қажет.
Біріншіден, айқын түрде ұсынылған қалыптасу үрдісі өзін-өзі жетілдірусіз, өзін-өзі тәрбиелеусіз, өзін-өзі бағалаусыз, өзін-өзі анықтаусыз жеке тұлғаның қалыптасуы толық әрі бүтін болмақ емес, оның ішкі мазмұнынан қоғам өмірі-нің, әлеуметтік ортаның әлеуметтік-тарихи үрдісінің тұрақты ықпалы жойылған жағдайда, өмірден байланысы үзілген, шығынды әрі дерексізге айналады. Осы-мен қоса өзге нәрсе де байқалады. Өзін-өзі бағалау, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу оқушының даму факторы ретінде жеке, дербес күйде емес, оқыту және тәрбиелеумен өзара ықпалдастықта ғана жүзеге асады.
Екіншіден, жеке өзін-өзі жетілдіруді жеке тұлғаны қалыптастыру үрдісінің қатысты түрде қажетті дербес факторы ретінде анықтау оқушыны осы салада саналы, шығармашыл әрекетті тұлға ретінде танытады. Жеке тұлғаны жаңғыр-туға, оны рухани, шығармашылық тұрғыда дамытуға, адамгершілік сапаларын жетілдіруге қабілетті күш адамның өзінде, оның өзін жеке тұлға ретінде дамы-туға орай әрекетінде шоғырланған. Адамдар өмірінің әлеуметтік жағдайының өзгеруі, материалдық әл-ауқатының, жалпы білімділік деңгейінің артуы жеке алғанда әр адамның өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі бағалауға сәйкес ерік-жігерлі-лік танытуға ұмтылыстарының танылуын кепілдендіре алмайды. Бұл үшін жеке тұлғаны қалыптастырудың барлық негізгі факторларының өзара ықпалдастығы және оқушының жоғарыда аталған жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру бойынша арнайы жұмыс қажет.
Үшіншіден, педагогикалық әдебиеттерде өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі анық-тауды қалыптастыруға арналған әдістемелік зерттеулердің қажеттілігі айтыла-ды. Өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі анықтау, қызығушылықтар және оқы-ту, тәрбиелеудің қажеттілігі тұрғысынан қарастырылады. Өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі анықтау және оқытумен тығыз байланыста, алайда жеке тұлғаның қа-лыптасу үрдісіне қатысты, дербес кезеңі түрінде қарастыру тәрбиені және оқы-туды, қызығушылықтар мен өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттіліктерін зерттеу тұр-ғысында қарауды қажет етеді. Мұндай тәсіл жеке тұлғаның қалыптасуы мәселе-сін түгелдей талдауға жаңа мүмкіндіктер ашылып, өзін-өзі бағалауда, өзін-өзі тәрбиелеуде, олардың бір-бірімен өзара қарым-қатынастарында, сонымен қоса өмірдің шынайы үрдісімен өзара байланысындағы соны жақтарын және қаты-настарын танытады. Жеке тұлғаның қалыптасуында өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі анықтаудың орны мен рөлін ұғыну жаңа міндеттерді алға қоюды, сабақтағы оқу және тәрбие жұмысын әр оқушының өзін жетілдіруге деген тынымсыз қа-жеттілігін оятатындай түрде ұйымдастыруды талап етеді.
Төртіншіден, жеке тұлғаның қалыптасу факторы есебінде танылатын өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі анықтау сыртқы ықпалдың қарапайым қызметі ретінде немесе жеке адамның ерік-жігерінің көрінуінің нәтижесі ретінде ғана түсінді-рілмеуі керек. Олар үш өзара әрекеттесетін үрдістерге: өмірдің бастауы болып табылатын сыртқы әсер, әлеуметтік орта; мақсатқа бағытталған оқыту және тәрбиелеу; бір мезгілде екі рөлде танылатын оқушының өз әрекетіне ортақ си-патта көрінеді. Бастапқы жағдайда нысан ретінде, ал екінші жағдайда өзіндік қалыптасу субъектісі ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік орта өзінің нақты-тарихи мазмұнында, мақсаттар, міндеттер, тәрбиенің түрлері мен әдістері, өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі бағыттары мен мүмкіндіктері – жеке тұлғаны қалыптастырудың біртұтас үрдісінің барлық осы жақтары жиынтығында қоғамның даму деңгейі мен қажеттіліктерімен айқында-лады.
Дамыған интеллектуалдық біліктер адамның заттарға, адамдарға белсенді танымдық, әрекеттік және саналы қарым-қатынасын айқындайды. Интеллек-туалдық даму деңгейі оның адамдарды түсіну және бағалау ерекшеліктерінде көрінеді. Дамыған ақыл-парасаттылық пәндік білімдердің тиімді және толық, терең меңгерілуінің шарты бола отырып, әлеуметтік-психологиялық бейімделу-дің міндетті алғышарты ретінде және жеке тұлғаның әлеуметтенуінің қажетті шарты ретінде де танылады. Интеллектуалдық деңгейі жоғары балалар деп пән бойынша жақсы үлгеретін балаларды және өзін, өзге адамдарды дұрыс бағалай алатын, адамдық қарым-қатынастарды дұрыс құрып, реттейтін, түрліше білім, білік, дағдыларды жылдам игеретін оқушыларды атауға болады.
Байқампаздық, зеректік, ұғымталдық, ой тереңдігі, шешім қабылдау батыл-дығы, тың нәрсені сезіне білу ақыл-парасат қасиеттері ретінде жеке іс-әрекетте ғана қалыптаспайды, ол адамдық тілдесу, қарым-қатынас үрдісінде де қалыпта-сады, өйткені барлық осы қасиеттер үшін бағалау өлшемдері өзге адамдардың пікір-тұжырымдарымен беріледі. Дамыған өзіндік бағалаудан адамның жалпы интеллектуалдық біліктеріне бағытталған ынталандырушы керісінше әсер де болуы мүмкін. Оқушылардың ақыл-ой ерекшеліктері туралы айтқанда, ой-тұжырымдарының өзгермелілігі, қарама-қайшылығын, жігерлілігін, өткірлігін атап өту қажет [14, 101-б.].
Ғалымдар жастардың ой-пікірлерінің ерекшелігіне ертеден-ақ назар аудар-ған. Француз педагогы және психологы М.Дебесс балалардың жас ерекшелікте-рін зерттеу нәтижесінде жеке тұлғаның қалыптасуында өзге адамдар алдында өзін дербес ерекшелікке ие, олардан нақты бір тұста артық, ең әуелі, ақыл-пара-сат саласында ерекшеленетіндей құқығын көрсету және бекітуге деген белсенді ұмтылысын ояту маңызды деп есептейді.
Сонымен, оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру мәселесінің өзек-тілігі бүгінгі өмірдің жас ұрпаққа қоятын нақты талаптарынан туындайды. Бұл мәселені зерттеудің маңыздылығы - өзін-өзі бағалау оқушы тұлғасының негізгі сипаты болып табылатындығында, оның адамгершілігінің қалыптасуы мен да-муында басты рөл атқарады.
Өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы жеке тұлғаның әлеуметтік көзқарастары-ның бағыты мен белсенділігін, еңбекке даярлығының және өндірістік, мемле-кеттік әрі қоғамдық істерге қатысуының, өзін-өзі жетілдіруінің тиімділігін ай-қындайды.
Өзін-өзі бағалау жүйе құрушы компоненттері аралығындағы құрылымдық-функционалдық байланыстардың күрделілігімен сипатталады. Ол интегралды жеке тұлғалық білім болып табылады. Оның құрылымдық компоненттері жеке тұлғаның белсенділік, бағыттылық, сондай-ақ білім, білік және дағды секілді қасиеттер арқылы сипатталады. Оқушылардың өзін-өзі бағалауының дамуына оқуға деген көзқарасы тәуелді болып табылады. Ол неғұрлым дамыған сайын, оқу барысындағы сәттіліктер мен сәтсіздіктерін талдау арқылы өзіндік баға-лауы дами түседі. Өзін-өзі бағалауға өзін-өзі анықтаудың нәтижелілігі тәуелді, оқушы өз алдына қоятын мақсат-міндеттері сонымен анықталады. Өзінің оқу әрекетін жетілдіруде ол оқушының тұлғалық ерекшеліктерінің дамуына айтар-лықтай әсер етеді және олардың әлеуметтік көзқарастарының белсенділігін көп жағдайда айқындайды. Оқу әрекетінде өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы үрді-сінде көптеген маңызды қасиеттер: адамгершілік, интеллектуалдық, эмоционал-дық, моральдық-жігерлілік сапалар дамиды.
Бүгінгі таңда мектепте оқушылардың өзін-өзі бағалауының жеткіліксіз дең-гейде қалыптасуы мен дамуының себептерінің бірі – өзін-өзі бағалауды дамыту заңдылықтарына қатысты білімнің жеткіліксіздігіне, мектептегі оқыту тәжіри-бесінде оны қалыптастыру әдістемесінің болмауында.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауының қалыптасуы оқыту мен тәрбиелеудің жалпы жүйесіне қатынасы бойынша үрдістік кіші жүйе ретінде танылады, оны жүйелілік тәсіл ретінде зерттеу қажет. Өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы нақты жағдайда ғана жүзеге асырылады. Жағдайдың өзгеруіне орай, оның мазмұны мен қызметі де өзгереді. Сондықтан оқу үрдісін осы тұрғыдан қарастырған жөн. Үрдістік жүйе ретінде барлық құрылымдарының болуы және дамуы оған біртұтастық сипат береді.
Жүйелілік амал – бұл танымның әлдеқайда сапалық жоғары деңгейі. Бұл танымның жекеден жалпыға, бір мәннен көпмәнділікке, белгісізден нақтылыққа ауысуы. Оқушылардың өзін-өзі бағалауының қалыптасу үрдісін зерттеу үшін В.Г.Афанасъевтің пікірі маңызды болып табылады. Оның пікірінше, біртұ-тастықты, тұтас жүйені тану – бұл адам санасында, белгілі бір ұғымдарда, категорияларда, теорияларда, оның ішкі табиғатының, оған тән белгілер, сипат, ерекшеліктердің көрініс табуы.
Біртұтастықты ұғыну:
оның мәнін, оған тән жүйелік, үндескен қасиеттерді, сапалық ерекшелігі ретінде айқындау;
оның құрамын, оның бөлімдері мен құрылымдарының сандық және сапа-лық сипатын, олардың бағыну реті, тәртібін, бөлімдердің ішіндегі бастысын, яғни жүйені құраушы ретінде негізді анықтау;
оның қозғалыс тұтастығының даму бастауы болатын түрлі сапасы мен қарама-қайшылығын айқындау;
құрылымын, яғни ішкі ұйымдастырылуын, бөліктері арасындағы өзара байланысты, бұл бөліктер не себепті дәл осылай өзара әрекеттесетінін, олар басқа емес, аталған тұтастықты түзетінін анықтай отырып ашу;
қызметін, белсенділігін, өмір тіршілігін, бөлімдері қызметін, соңғылары жалпы қызметке қалай «жұмылатындығын» белгілей отырып айқындау;
интеграцияланған жүйелі факторларын, жүйенің тұтастығын, оның жетіл-дірілуі және дамуы, өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін тетіктерін анық-тау;
оның сыртқы ортамен байланысын, өзі бір бөлігі болып табылатын әлде-қайда жалпы тұтастықпен байланысын ашу;
оның тарихын, туындау, қалыптасу бастауларын, даму бағыттары мен келешегін, сапасы жағынан тың тұтас жүйеге айналуын айқындау.
Жеке тұлға іс-әрекет, танымдық үрдістер барысында дамиды, іс-әрекетте оның өзін-өзі бағалауы қалыптасады. Іс-әрекет өмір мен ғылымда шешуші мән-ге ие. Оған негізгі әдіснамалық рөл тән, оның көмегімен қоғамдық өмірдің әмбебап сипаттамасы беріледі. Адам қимыл қозғалыс арқасында тіршілік етеді. Адам іс-әрекетінің қозғаушы күші оның қажеттіліктері болып табылады. Адам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сәйкес қарым-қатынас жасауына тура келеді. Сондықтан оқушылардың өзін-өзі бағалауының қалыптасуын қоғам мен жеке тұлғаның қажеттіліктеріне байланысты зерттеу және жүзеге асыру қажет.
Жеке тұлғаның қалыптасуында іс-әрекеттің маңыздылығы даусыз, сондық-тан іс-әрекет өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға бағытталғаны маңызды. Мақ-сатқа бағытталудың маңыздылығы оның болжаушылық мәнінде. Оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру үшін іс-әрекеттің мүмкіндіктері өте зор [14, 42-б.].
Жеке тұлғаның дамуы ақыл-ой және дене еңбегін байланыстыру, оқытуды өндіріс еңбегімен, тәрбиені - іс жүзінде қоғамдық пайдалы еңбекпен байланыс-тыру негізінде жүргізіледі. Сондықтан оқушылардың өзін-өзі бағалауының қа-лыптасуы қоғамдық пайдалы мәнге ие және әлеуметтік өмірге тікелей араласу мүмкіндігі бар оқу әрекеті үрдісінде жүзеге асырылуы тиіс. Бағалаудың қалып-тасуы тәрбие үрдісі негізінде ұйымдастырылып, нақты жағдайларға тәуелді болады.
Бағалаудың қалыптасуы таным үрдісімен тығыз байланысты. Ғылымда та-рихи танымға адамзат қоғамының өткені туралы, оның даму заңдылықтары ту-ралы мағлұмат беретін танымды жатқызады. Тарихи таным әлеуметтік үрдіс-тердің, оның ішінде өзін-өзі бағалаудың қалыптасуының дамуын болжау мүм-кіндігін береді. Бұл ой оқушылардың өзін-өзі бағалауы мәселесі шешімін табу үшін түрлі ғылымдардың өзара әрекеттесуі талап етілетін мәселелердің бірі болып табылатындығына байланысты өте маңызды болып табылады. Педагоги-ка мен әлеуметтік психологияның өзара қатынасы елеулі. Оқушылардың өзін-дік бағалауын педагогикалық зерттеу нақты заңдылықтарды, сонымен қоса өзін-өзі бағалаудың қалыптасуының жеке пәндік жүйесін танытатын теория-лық, әдістемелік және эксперименттік факторларды белгілеуге бағытталуы тиіс [15, 57-б.].
Сонымен, ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде «өзін-өзі бағалау, «өзін-өзі анықтау» ұғымдарына төмендегідей анықтама береміз.
Өзін-өзі бағалау дегеніміз - өзіне сыни тұрғыда қарай отырып, өзін-өзі түсінуі мен қабылдауының психологиялық механизмдерін басқару мен жеке тұлғалық маңызды сапаларын дамытудағы ой-өрісінің, санасының өзіне деген қатынасы.
Өзін-өзі анықтау – оқушы өзінің іс-әрекеті мен көзқарастарын, жеке ерекшеліктерін объективті бағалау арқылы білім алу мен жеке өміріне, қоғамдық маңызды істер мен өзін-өзі жетілдіруге құндылық бағытының қалыптасуына психологиялық бағдарлауы.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауының қалыптасуы және дамуының қажеттілі-гі бір жағынан оқыту әдістері мен түрлерімен, екінші жағынан – тәрбиемен байланыстан туындайды. Бұл байланыс оқыту үрдісінде мұғалім мен оқушылар арасында орнайтын өзара қарым-қатынас жүйесімен қамтамасыз етіледі. Білім берудің тиімділігі оқыту мазмұны, әдістері және ұйымдастырылу түрімен ғана емес, оқу үрдісінде пайда болатын өзара қарым-қатынас жүйесімен де қамтама-сыз етіледі.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру жөніндегі мәселенің тео-риялық тұрғыда белгіленуі мен іс жүзінде шешімін табуының маңызды әдісна-малық алғышарты оқу үрдісінің негізгі қағидаларын сақтау деп есептейміз:
мақсатқа бағытталушылық қағидасы бойынша, оқушылар бойында қа-лыптасатын өзіндік бағалау белгілі бір мақсат, арман-мұраттарға, нормалар мен құндылықтарға бағытталу көрінісін айқын танытуы керек. Оқыту және тәрбие-леу үрдісінде өзін-өзі бағалаудың өзі оқушының тәжірибесімен тікелей байла-нысты болуы тиіс;
кешенділік және барлық факторлардың өзара байланысы қағидасы оқу-шылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру барысында оның дамуына байла-нысты барлық жағдайлар есепке алынуын талап етілуі;
оқыту, тәрбиелеу мен дамыту біртұтастығы қағидасы - өзіндік бағаның қалыптасуы оқу-танымдық және қоғамдық-тәрбиелік жұмыстардың ықпалымен жүргізілуі тиіс;
педагогикалық басшылықты оқушылардың белсенділігінің, өзіндік әреке-тін және бастамашылдығымен үйлестіру қағидасы - оқушылардың өзін-өзі баға-лауын қалыптастыруға бағытталған шаралар жүйесінің бағдарлануын білдіреді, оның аясында оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру және дамыту үшін қажетті өмірлік тәжірибеге дербес ие болуы мен қолдануына педагогтың ық-палы, үйлесімі;
жүйелілік және бірізділік қағидасы бойынша, оқушылардың өзін-өзі баға-лауын қалыптастыруға орай, жұмысты бірінші сыныптан бастап мектепті бітір-генге дейін үздіксіз, әрі сабақтастыра ұйымдастыру қажет. Жұмыстың өзі саты-лай, бірізділікпен жүзеге асырылуы керек. Ең әуелі оқушылардың қарапайым білік, дағдылары қалыптастырылып, содан кейін күрделелік деңгейі орташа, күрделі сипатта берілуі керек. Оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру жүйесі олардың жас ерекшелігіне орай, дамуының психологиялық-педагогика-лық заңдылықтарымен байланысты болуы тиіс;
ұжымда оқыту мен тәрбиелеу қағидасы - оқушылардың өзін-өзі баға-лауын қалыптастыруға орай педагог іс-әрекетін түрліше ұжымдық, бірлескен іс-әрекет түрінде т.б. жағдайларды қамтамасыз етуге бағыттайды;
оқушының жеке тұлғасына талаптар мен құрметтің бірлігі қағидасы –пе-дагог оқушыларға өзінің бағалауы, пікірлерін ұсына отырып, балалардың бел-гілі бір бағаға көзқарастарын құрметпен қарап, түсінушілігінен танылады;
жеке тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу қағидасы. Бұл белгілі бір педагогикалық жұмыстың сараланған, оқушылардың жас және өзге де жеке, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдас-тыру.
Сөйтіп, оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру және дамыту үрдіс-ке диалектикалық тұрғыдан қарауды, оның даму барысында қарастыруды; үр-дісті ұйымдастыру мен іске асыру барысында тарихи жағдайларды зерттеуді; балалардың бағытталушылығы мен қажеттіліктеріне байланысты оқушылардың іс-әрекеті үрдісінде қарастыруды талап етеді.
Маңызды әдіснамалық бағытта теориялық негіздеу мен практикалық тұрғы-да Оқушылардыңөзін-өзі бағалауын қалыптастырудың негізгі ұстанымдарын былайша көрсетеміз:
а) Мақсатты бағыттылық ұстанымы, оның өмірмен байланыстылығы. Оқу-шылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруда олардың жақсы идеялары мен құндылықтарын ескеру қажет. Сондықтан өзін-өзі бағалауда оқу-тәрбие үрдісі өмірлік практикамен етене байланыста болуы маңызды.
ә) Кешенділік ұстанымы – оқушылардың өзін-өзі анықтау, өзін-өзі баға-лауын қалыптастыруда жеке тұлға дамуына әсер ететін барлық факторлар еске-ріліп, қамтылуы қажеттігін көрсетеді.
б) Оқыту және тәрбиелеу, дамытудың өзара бірлігі ұстанымы – оқушылар-дың өзін-өзі бағалауын дамыту тек қана қоғамдық, тәрбие жұмыстарын ғана емес, оқу-танымдық үрдісті қамтиды.
в) Педагогикалық бақылаудың оқушылар белсенділігі мен ізденімпаздығы, қызығушылықтарының сабақтастығы өзара принципі – оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруға бағытталған оқу-тәрбие үрдісінде олардың даралық ерекшеліктеріне, танымдық қажеттіліктеріне байланысты жұмыс түрлерін тиім-ді ұйымдастыруды көрсетеді.
г) Жүйелілік және бірізділік ұстанымы – оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру бірінші сыныптан мектеп бітіргенге дейін үздіксіз және сабақтас-тықта кезеңмен жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қамтиды. Алғашқыда қара-пайым біліктер мен дағдылар қалыптастырылып, бірте-бірте күрделене отырып, олардың жас мөлшеріне байланысты психологиялық-педагогикалық ерекшелік-тері ескеріледі.
ғ) Өзін-өзі бағалауда оқу-тәрбие үрдісінің ұжымдық сипаты ұстанымы - өзі-нің даралық мүмкіндіктерін жетілдіре отырып, оны ұжымда және жеке өмірінде дамыту, ұжымдық қарым-қатынаста біліктілігін жетілдіруді сипаттайды.
д) Оқушы жеке тұлғасын қадірлеу және талаптар бірлігі ұстанымы оқушы-лардың бағалауы, пікірі, тұжырымдарын педагогтың түсінушілікпен және ізгі-лікті сипатта қарым-қатынаста болуын көрсетеді.
е) Жас ерекшеліктері мен даралық мүмкіндіктерін ескеру ұстанымы – оқу-шылардың жас, жеке, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере оты-рып, арнайы педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру қажеттілігін сипаттай-ды.
Адамның өзін-өзі бағалауы – адамның әлеуметтік құбылыстар мен оқиға-ларды және өз мүмкіндіктерін дұрыс ұғыну және бағалаудан танылатын түрлі-ше білім, біліктер кешені, ол қоғамда белгілі бір рольге ұмтылуының, өзін, өзге жандарды бағалауының негізі болып табылады. Оқушының оқуға өз-өзіне, қор-шаған ортаға қарым-қатынасы өзіндік бағасына тәуелді. Ол оқушы айналасын-да болып жатқанды ұғынып, бағалауда бағдар ететін өлшем ретінде танылады. Басқа адамдардың қылықтарын бағалай отырып оқушы, әдетте, оның себептері туралы айтуға мүмкіндік беретін ақпаратқа ие емес. Сондықтан адамдар туралы пікірі өзімен салыстыруға алып келеді. Оның өзін-өзі бағалауында субъектілік түрде көрініс тапқан, жеке қасиеттері өзге адамдардың ерекшелігі мен кемші-ліктерін салыстырмалы түрде бағалайтын өлшемге айналады.
Өзін-өзі бағалау мәселесі жеке тұлғаны қалыптастыру және даму мәселесі-мен, адами қарым-қатынастарды, құндылық бағдарды зерттеу теориясы және тәжірибесімен тығыз байланысты. Өзін-өзі бағалау жеке даму мақсат, міндет-тері мен келешегін айқындайды, адамның өмірлік жол таңдауы оған тәуелді болып табылады. Өзін-өзі бағалау құрылымында адам басты орынға ие. Өзін-өзі бағалаудың танылуы мен дамуына жеке тұлғаның дүниетанымы, адамгер-шілік ұстанымы, құндылықтары мен нормалары, арман-мұраттары үлкен ролге ие болады.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру және дамыту үрдісінің пе-дагогикалық мәнін, дұрыс ұйымдастырылуын ұғыну үшін, өзін-өзі бағалау тео-риясын құрып, оны қалыптастыру тәжірибесін жетілдіру үшін, оқушылар және қоршаған орта, адамдар арасындағы қалыптасатын жүйені есепке алу қажет.
Өз білімін, білік-дағдыларын, адамдарды дұрыс түсініп, бағалауға қабілетті-лік адамның шешім қабылдауымен байланысты. Өзінің және өзгенің тұлғалық ерекшеліктерін дұрыс ұғынып, бағалау үшін, оқушы ол адам туралы тікелей бақылау-байқау арқылы керекті ақпаратты алуы, мінез-құлық себептерін білуі керек. Ол туралы басқа адамдардан алған ақпаратын түсіну-оған эмоциялық –жекелік, субъектілік қатынасын есепке алу. Мұның бәрі күрделі ішкі ақыл-ой қызметі, сол себепті өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы оқушылардың интеллек-туалдық қабілеттерінің дамуымен байланыстырылады.
Адамдарды дұрыс қабылдап, олардың іс-әрекеттерін әділ бағалау білігінің дамуына келесі арнайы білім, дағдылар жәрдемдеседі:
бағалау субъектісінің өзі бағалауға ұмтылған жан алдында өзінің қандай кейіпте болатынын жеткілікті түрде елестету қабілеті;
бағалау субъектісінің өзге адам – бағалау нысанының осындай жағдайда оның өзінің іс-әрекетін қабылдап, бағалайтындығын елестете білуі;
бағалау субъектісінің өз түсінігі, тілегі, бағасы мен жағдайға байланысты бағалау нысанының нақты рөлге ие болатындығын болжау қабілеттілігі. Мұның бәрі қарым-қатынас жағдаятын талдай білуге байланысты.
Өзін-өзі бағалаудың нысанасы мен пәні бойынша саралауға болады, мұнда нысанды – бағалауға жататын нақты адам немесе топ ретінде анықтау, ал пәнді – бұл адамдарда тікелей бағаланатын нәрсе ретінде анықтау ескеріледі. Бағалау нысаны және өзін-өзі бағалау үрдісін саралау үшін негіздердің бірі түрінде адамның өзі, өзге адамдар, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы, өзге адам-дармен өзара тіл табысуы танылады. Оқушы үшін бұл олардың өздері, олардың мұғалімдерімен, ата-анасы және құрдастарымен, ортамен қарым-қатынасы, өза-ра іс-әрекеттері.
Сонымен қорыта келе, оқушының өзін-өзі бағалауы оның білім, қабілет, мінез-құлық белгілері, жігерлілік, моральдық және өзге де жеке тұлғалық қабі-летіне, оның физикалық ерекшелігіне, еңбек қасиетіне, іс-әрекетінің дамуында маңызы жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |