Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейі



жүктеу 8,71 Mb.
Pdf просмотр
бет172/303
Дата29.10.2022
өлшемі8,71 Mb.
#39896
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   303
buzaubakova pedagogika

Тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейі
дегеніміз – тұлғаның барынша 
тұрақты қасиеттері мен түрлі іс-әрекеттердегі, ұжым мен өзіне қарасты білігі 
мен дағдыларының жиынтығы. 
 
Тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейіне баға беру мақсаты – өзін-өзі тану,
өзі-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту процесін ынталандыру, әрбір 
тәрбиеленушінің 
өзіне-өзі 
барабар 
бағалауын 
қалыптастыру. 
Бұл 
В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша, тәрбие берудің басты мақсаты болуы 
керек.
Бастысы – тәрбиеленушілердің өмірлік жоспарлары, құндылық бағдарлары 
туралы терең білім негізінде тұлғаның қалыптасуына дұрыс бағыт беру. 
Тәрбие іс-әрекетіндегі мониторинг – бұл тәрбие беру сапасын зерделеу 
және тұлға дамуындағы негізгі беталыстарды болжау. Рухани-адамгершілік
тәрбие процесінің мониторингі – бұл бала тұлғасының қалыптасу және өмірлік 
маңызы бар негізгі, базалық құзыреттіліктерді меңгеру процесін үнемі бақылап 
отыру.
Сондай-ақ, көрсеткіштер –
 
тәрбие процесінің қайсыбір жағының негізгі 
сипаттамасы.
 
Көрсеткіштер критерий қырларының, оның бөліктерінің бірі және 
қайсыбір белгілер, «деңгейлер» қандай деңгейде дамығанын көрсетеді. 
Ал, тәрбиелік көрсеткіштер – жинақталған түрінде адамның әлеуметтік
қарым-қатынастарының жүйесін бейнелейтін, тұлға сапаларының жиынтығын 
сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері. 
Тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейінің көрсеткіштері: 
-
қисынды ойлау:
оқиғаларды дербес талдау қабілеттерін қалыптастыру, 
әлем, азаматтық-саяси даму туралы білімді жинақтай алу;
 


192 

адамгершілік сана
: адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру, адамгершілік 
нормалар, ережелер, сенімділік, ізгілік сана, түсіністік, эмпатия; 

жеке тұлғаның құндылық бағыттылығы
: бала іс-әрекеті мен мінез-
құлқының тұрақты басымды мотивтерінің болуы; 

жеке тұлғаның өзіне, қоғамға деген қарым-қатынасының болашаққа 
бағытталғандығы
: іс-әрекетін өзіндік ұйымдастыруға және мінез-құлқын 
өзіндік реттеуге қабілеті, әлеуметтік толыққандықтың көрінуі, тұлғаның өзінің 
моральдік санасы, мінез-құлықтарының еріктігі; 

тәрбиеленушінің өзіне деген сенімі
: ұжымда тәрбиеленушінің бір-біріне, 
өздеріне, мұғалімге, мектепке, ата-анасына қарым-қатынастарының нақты 
өзгеруі, яғни олар бір-біріне қайырымды бола түседі, шеттетілген 
тәрбиеленушінің досы пайда болады, нашар оқитын тәрбиеленушінің өзіне 
деген сенімі нығаяды. 
Тәрбиеленушінің әрбір іс-әрекеті, тәртібі, үлкендермен қарым-қатынасы 
тәрбиелік деңгейін сипаттайды. Олардың тәрбиелік деңгейіне дұрыс баға беру 
үшін өмірдегі, сабақтағы, сабақтан тыс кездегі, қоғамдық пайдалы іс-әрекеттегі 
тәртібіне нақты баға беру керек. Ол үшін ұзақ уақыт және әртүрлі әдіс-тәсілді 
пайдалану қажет. 
Тәрбиенің түрлері мен әдістері өте көп, бірақ оларды тиімді қолдана алу да 
қажет. Педагогикалық тәсілдерді таңдау шарттары: 

қазіргі тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне сай болу;

оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру, жекелік 
бағыттылық; 

оқушылардың тәрбиелілік деңгейі; 

тәрбиенің жағдайлары мен
шарттары;

оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі;

тәрбиелік ықпал етудің түрлері мен әдістерінің өзара байланысы мен 
жүйесі. 
Тәрбиелілік диагностика дегеніміз – бұл сынып жетекшісінің әрбір 
тәрбиеленуші мен сынып ұжымының тәрбиелілігі жайында ақпарат алатын 
зерттеу жұмысы. Тәрбиелілік диагностикасының басты мақсаты 

тәрбиеленушілердің моральдық және әлеуметтік сапаларының шын мәніндегі 
жағдайын белгілеу, оның қиын және қатерлі аспектілерін анықтау.
Оқушылар тәрбиесінің деңгейлері 80-суретте ашылды. 
Оқушы мен сынып ұжымының диагностикасына қойылатын талаптар: 
1)
Сынып жетекшісінің педагогикадан және жалпы психологияның 
теориялық негіздерінен алған білімдерін көрсете алуы, ол білімдерін 
тәрбиеленушілердің нақты психологиялық және педагогикалық фактілерді 
түсіндіруде қолдана білуі тиіс. 
2)
Осы айтылған фактілерді таба білуі, яғни зерттеудің негізгі тәсілдерін 
қолдана отырып, психологиялық ой елегінен өткізу үшін объективті материал 
жинақтауы керек. Ол үшін бақылау, тәжірибе (эксперимент), әңгіме-сұхбаттың 
қандай пайда әкелетініне талдау жасағаны жөн. 


193 

жүктеу 8,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   303




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау