|
Педагог мамандарды аттестациялау
|
Дата | 20.05.2018 | өлшемі | 14,9 Kb. | | #14438 |
| - Мектеп педагогтарын аттестаттау
- Мектеп әдіскелері мен педагогтардың кәсіби біліктілік деңгейіне, оқушылардың әр түрлі сайыс-жарыстарға қатысу дәрежесіне және оны одан әрі жақсартудағы іс-әрекеттер нәтижесіне сәйкес мемлекеттік баға беру.
- 1.Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың негізгі мақсаттары:
- 1) тиісті санатты белгілеу және растау үшін педагог қызметкер құзыреттілігінің біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейін анықтау;
- 2) Мемлекеттік стандартқа сәйкес педагогтардың әдістемелік шеберлігі мен кәсіби біліктілік деңгейінің диагностикасын жасау.
- 3) Әдістемелік қызметке оның қазіргі жағдайы, негізгі іс-әрекет бағыттары және жалпы жұмыс нәтижесін анықтау мақсатында талдау жасау.
- 2.Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
- 1) педагог қызметкерлерді аттестаттау — педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
- 2) біліктілік санаты – жұмысты орындаудың күрделілігін көрсететін қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейі;
- 3) біліктілік тестілеу – біліктілік санатты арттыру және растау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін өткізілетін педагог қызметкерді аттестаттау кезеңдерінің бірі;
- 4) қызмет қорытындыларын талдамалық жалпылау – педагог қызметкердің кәсіби қызметін жүйелі, бірізді және оң зерделеу негізінде кәсіби құзыреттілігін бағалауды қамтитын аттестаттау кезеңдерінің бірі.
- 3. Аттестаттаудың негізгі қағидаттары аттестатталатын педагог қызметкерге, объективті, ашықтық және алқалық қатынасты қамтамасыз ететін; ішкі және сыртқы бағалаудың жүйелілігі мен тұтастығы болып табылады.
- 4. Аттестаттау 5 жылда кемінде бір рет өткізіледі.
- 5.Республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілеттік орган жүзеге асырады.
- 6.Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері белгіленген штаттық кестеге және еңбек шартында, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта көрсетілген лауазым бойынша аттестаттаудан өтеді.
- Бір біліктілік ретінде дипломда көрсетілген білімі туралы дипломда көрсетілген пәннен сабақ берген жағдайда дипломда көрсетілген біліктілікке сәйкес пәнді көрсете отырып, лауазымдық негізде аттестаттау өткізіледі.
- Педагог қызметкер курсты өту нәтижесінде алынған сертификаттың негізінде сабақ беретін қосымша пәндер бойынша аттестатталады.
- 7. Шағын жинақталған мектептерде сабақ беретін педагог қызметкерлер дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес және тиісті сертификаты бар жағдайда қосымша (аралас) пәндер бойынша курстардан өткенін ескере отырып аттестаттаудан өтеді.
- 1) екінші біліктілік санатына:
- жоғары оқу орнын «үздікке» бітірген, кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;
- кәсіптік орта білім беретін оқу орнын (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) «үздікке» бітірген, кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;
- 2) бірінші біліктілік санатына:
- екінші білікті санаты бар және кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
- немесе екінші білікті санаты бар және кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
- 3) жоғары білікті санатқа:
- бірінші білікті санаты бар, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
- бірінші білікті санаты бар, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
- немесе бірінші білікті санаты бар, аралық аттестаттау кезеңінде ғылым кандидаты (докторы) ғылыми дәрежесін, немесе магистр академиялық дәрежесін, философия докторын, сабақ беретін мамандығының бейіні бойынша докторын алған тұлғалар жедел аттестаттаудан өтеді.
- 12. Педагог қызметкер педагогикалық салаға жаңа орынға ауысқан кезде Қазақстан Республикасының шегінде аттестаттау комиссиясының шешімімен берілген біліктілік санаты сақталады.
- 13. Педагог қызметкерлерді аттестаттау екі кезеңде жүзеге асырылады.
- Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың бірінші кезеңі — біліктілік тестілеу.
- Екінші кезеңі – педагог қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес педагог қызметкерлер қызметінің қорытындыларын талдамалық жалпылау.
- 28. Аттестаттау комиссиясының қарауына төмендегідей құжаттар ұсынылады:
- 1) аттестаттаудан өтетін барлық педагог қызметкерлерге міндетті түрде ұсыну үшін қажетті құжаттар:
- біліктілік санатын растауға немесе беруге педагог қызметкердің өтініші;
- жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
- білімі туралы дипломның көшірмесі;
- еңбек кітапшасының көшірмесі;
- жоғары білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінен басқа бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәліктің көшірмесі;
- өтініш білдірілген мамандық бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы құжаттардың көшірмелері;
- қосымша пәндер бойынша (аталған пән бойынша аттестаттаудан өтетіндер үшін) курстардан өткені туралы құжаттардың көшірмесі;
- 42. Педагог қызметкерлердің біліктілік санаттары олардың өтініші негізінде мынадай жағдайларда екі жылдан аспайтын уақытқа ұзартылады: 1) педагог қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы (екі айдан астам), Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесі бойынша еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанда;
- 2) жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болуы;
- 3) іссапарда, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде оқуда (тағылымдамада) болуы;
- 4) тоқтатқан себептеріне қарамастан, біліктілік санаты берілген лауазымдағы қызметіне қайта келуі.
- 5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жұмыс орнының ауысуы
- 6) білімін, еңбек өтілі мен біліктілік біліктілігін растайтын құжаттары бар болған жағдайда жақын және шет елдерден Қазақстан Республикасына келген тұлғалардың педагог қызметін жүзеге асыруы.
- 1-тарау
- Эссе
- 2-тарау
- Педагог қызметінің теориялық негізделуі
- 3-тарау
- Педагогтың еңбегінің нәтижелерін иллюстрациялайтын практикалық қосымша құжаттар
- 4- тарау
- Оқушылардың білім-біліктілігінің нәтижелерін айқындайтын құжаттар
- 5-тарау
- Педагогтық оқу-тәрбие қызметінің іс-тәжірибесінің қалалық,облыстық, аудандық,республикалық деңгейде жалпыланып таралуы жөнінде мәлімет
- 6-тарау
- Педагогтың қызметін ресми түрде баға беретін құжаттар.
- 7-тарау
- Педагогтың білім деңгейін біліктілігін айқындайтын құжаттар.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|