Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Кесте 6  –  «Педагогикалық процесс» ұғымының мәні



жүктеу 8,71 Mb.
Pdf просмотр
бет110/303
Дата29.10.2022
өлшемі8,71 Mb.
#39896
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   303
buzaubakova pedagogika

Кесте 6 

 «Педагогикалық процесс» ұғымының мәні 
№ 
Анықтама 
Автор 

Педагогикалық процесс
– көптеген процестердің ішкі 
байланысқан жиынтығы, оның мәні әлеуметтік құнды 
тәрбие адамның қалыптасқан сапасына айналатындығы 
М.А. Данилов 

Педагогикалық процесс – үлкендердің мақсатты, 
мазмұнды, ұйымдасқан педагогикалық іс-
әрекеттерінің өзара әсері және тәрбиешінің басым 
рөліне 
бағытталған 
белсенді 
өмірлік 
іс-әрекет 
нәтижесінде баланың өзін-өзі өзгертуі 
Б.Т. Лихачев 

Педагогикалық процесс – қойылған мақсатқа жетуге 
бағытталған, 
тәрбиеленушінің 
қасиеттерінің 
белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін 
тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен
іс-әрекетінің дамуы 
И.П. Подласый 

Педагогикалық процесс – тұлғаны тәрбиелеу мен 
дамыту заңдылықтары негізінде қойылған мақсатқа 
сәйкес 
баланың 
өмірлік 
іс-әрекетін 
мақсат-
бағыттылыққа ұйымдастыру 
С.А. Пуйман 

Педагогикалық процесс тәрбиеленушінің тұлғалық 
қасиеттері мен сапалық түрленуіне алып келетін, 
қойылған мақсаттың нәтижесіне бағытталған, арнайы 
ұйымдастырылған, уақыт пен кеңістікке қатысты нақты 
тәрбиелік 
жүйеде 
дамитын 
тәрбиеші 
мен 
тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеті 
В.И. Смирнов 

Педагогикалық процесс - өзінің табиғатында өзіне-өзі 
әрекет жасай алатын жеке қоғамдық тұлғаның жан-
жақты жетілуі 
П.Ф. Каптерев 

Педагогикалық процесс - ұстаздардың қатысуымен 
және басшылығымен жүзеге асатын оқушылардың 
бірлескен іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеру,
әрбір оқушының дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық 
өмірде жүзеге асыруға дайын тұлғасын қалыптастыруға 
бағытталған 
Педагогика 
/Абай 
атындағы 
Ұлттық 
педагогикалық 
университетінің 
авторлар ұжымы
Педагогикалық процестің негізгі сипаттамасы оның біртұтастығында. 
Педагогикалық процестің барлық құраушылары бір мақсатқа бірігеді: 
білімділік, дамытушылық, тәрбиелік. Педагогикалық процестің тұтастығы жеке 
тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігімен және нақты оқу-
тәрбие процесінің өтуімен сипатталады. 
Тұтастық, 
жалпылық, бірлік – бірдей мақсатқа бағытталған 
педагогикалық процестің барлық құраушыларының негізгі сипаттамасы. 
Педагогикалық процесс – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, 
тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін 
тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы. 


119 
Педагогикалық процесс – негізгі біріктіруші жүйе. Онда қалыптасу, даму, 
тәрбие және оқыту процестері өздерінің барлық шарттарымен, формаларымен, 
әдістерімен өзара бірігеді.
Тұтас педагогикалық процестің басты қасиеттері: 
а) педагогикалық процесс – әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қызмет 
істеуі оған қатысушылардың арасындағы іс-әрекеттердің алмасуымен 
анықталады; 
ә) ынтымақтастық (тек қана ұстаздармен ғана емес, мұғалімдермен, бір-
бірімен де) оқушы үшін әртүрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, 
яғни педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының жағдайы 
болады; 
б) «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процесс 
ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері барысындағы мақсат 
пен нәтижелердің бірлігімен анықталады; 
в) педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік қасиетін әртүрлі 
тетіктердің бірлігі деп қарап, ондағы өзара байланысқан жүйелердің оқушылар 
тұлғасының қалыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен 
оқушылардың) қайта құру белсенділігімен анықталады. Педагогикалық 
процесс өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы 
ұйымдастырылған іс-әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің 
жетістіктері болса, онда «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің тұрақтылығымен өзін-
өзі дамыту мәселесі шешіледі. 
Педагогикалық процестің негізгі сипаттамасы оның біртұтастығында. 
Педагогикалық процестің барлық құраушылары бір мақсатқа бірігеді: 
білімділік, дамытушылық, тәрбиелік. Педагогикалық процестің тұтастығы жеке 
тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігімен және нақты оқу-
тәрбие процесінің өтуімен сипатталады. 
Ғалым Т.А.Стефановскаяның пікірінше, педагогикалық процестің құрамды 
бөліктері болып табылатындар:
-
педагогикалық процестің негізгі басты идеялары мен принциптері;
-
тұтас педагогикалық процесс функциялары; 
-
тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері; 
-
тұтас педагогикалық процесс тиімділігінің көрсеткіштері; 
-
педагогикалық процесс мазмұны; 
-
педагогикалық процесс мазмұнының бағыттылық деңгейі; 
-
педагогикалық процестің негізгі құралдары, іс-әрекет түрлері. 
Педагогикалық процесс – көптеген процестердің ішкі байланысқан 
жиынтығы, оның мәні – әлеуметтік тәжірибе қалыптасқан адами санамен 
байланыстылығы. Тұтастық, жалпылық, бірлік – бірдей мақсатқа бағытталған 
педагогикалық процестің барлық құраушыларының негізгі сипаттамасы. 
С.А.Смирнов, И.Б.Котова, Е.Н.Шиянов, Т.И.Бабаева және т.б. ғалымдар 
педагогикалық 
процесті 
көптеген 
педагогикалық 
іс-әрекеттер 
мен 
құбылыстарды біріктіретін тұтас жүйе ретінде қарастырады: тұтас 
педагогикалық процесс, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары, тұтас 


120 
педагогикалық процестің кезеңдері, педагогикалық инновациялар, қазіргі кезең 
мектебінің мұғалімі. 
Педагогикалық процесс – тәрбие процесінің негізгі құрылымдық бірлігі, 
оның ерекшелігі сол – ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекетінің 
педагогикалық жүйесін анықтай түседі: егер тәрбие процесі ұғымы тұлғаны 
қалыптастыратын барлық мақсатты бағытталған әсерлердің жиынтығын өзіне 
біріктірсе, ал педагогикалық процесс ұғымы алдын ала ұйымдасқан тәрбиелік 
өзара іс-әрекеттерді бейнелейді. 
Педагогикалық 
процесс
білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін 
шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған мұғалім мен оқушы 
арасындағы өзара ықпалды қызметті атқарады, яғни педагогикалық процесс – 
бұл арнайы оқу мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мәндегі 
тәрбиені іске асыруды көздеген біртұтас 
процесс.
Педагогикалық процесс – бірнеше элементтен құралатын жүйе. 
Педагогикалық процестің 3 құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, 
психологиялық. Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат – 
принциптер – мазмұн - әдістер – құралдар – форма. 
Мақсат – ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың 
нәтижесі. Принциптер – мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн – 
мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. 
Әдістер – мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-
әрекеттері. Құралдар – мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен 
әдістер. 
Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер 
(қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға 
қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсінкі, дене мен 
күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы). 

жүктеу 8,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   303




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау