114
Акселерацияға тән ерекшелік – балалардың бойының, салмағының бұлшық
еттерінің жедел түрде өсіп жетілуі. Акселерацияның ақыл-ой дамуына ықпал
жасайтындығы байқалуда. Сонымен адамның дамуы өзара байланысты бірнеше
факторлардың ықпалымен жүретін күрделі педагогикалық, психологиялық
процесс болып табылады.
Білім алушыларды дамытуда, оқытуда, өзін-өзі тәрбиелеуде, өзін-өзі
дамытуда педагогикалық қолдау көрсету. Білім берудегі инклюзивті тәсіл
және оны Қазақстанда іске асыру.
В.И.Андреев даму мен өзін-өзі дамыту процесінің 2 ерекшелігін атап өтеді:
тұлғаның өзгерісі сырттан емес, оның өзіне-өзінің ішкі мақсатқа бағытталған
әсерінен болады; өзгерістер тек қана мотивте, интеллектуалды, эмоционалды
аймақта ғана болмайды, сондай-ақ, барлық «өзіндік» процестерде жүреді: өзін-
өзі тану, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі
басқару.
Даму – бір күйден екінші күйге өту процесі, ескі сапалық күйден жаңа
сапалық күйге өту, қарапайымнан күрделіге өту, төменнен жоғарыға өту.
Дамудың қозғаушы күші – жеке тұлғаның қажеттілігі, оның мотивациясы,
сондай-ақ, іс-әрекет пен қарым-қатынастың сыртқы ынталандыруы.
Өзін-өзі дамыту – өзін-өзі өзгерту мен шығармашылық идеяларды іздеуге
мақсатты бағытталған саналы түрде мотивацияланған процесс. Өзін-өзі
дамытудан дамытудың ерекшелігі – ол кездейсоқ жүреді және ішкі қарама-
қайшылықтарды шешу нәтижесінде тұлғалық сапалардың өзгерісі байқалады.
Өзін-өзі дамытудың барлық сатысы: өзін-өзі тану, шығармашылық пен өзін-өзі
анықтау, шығармашылықпен өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқару бір-бірімен
тығыз байланысты және біртұтас күрделі жүйені құрайды.
Ғалым В.И.Андреев тұлғаның өзін-өзі басқаруына қатысты 9 мағыналы
қабілеттерді ажыратады: өзін-өзі тану қабілеті, өзін-өзі анықтау қабілеті, өзін-
өзі ұйымдастыру қабілеті, өзін-өзі белсендіру қабілеті, өзін-өзі сендіре алу
қабілеті, өз бетінше іс-әрекет жасай алу қабілеті, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі
бағалау, өзін-өзі жетілдіру.
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның рухани қажеттіліктерін қалыптастыруға
бағытталған. Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі
тәрбиелеу – адамның өзінің жеке басының қасиеттерін шыңдау, жақсарту
бағытында жүргізілетін мақсатты қызметі: өзіндегі ұнамсыз, жағымсыз мінез-
құлықты, қасиетті жеңуге, ұнамды қасиеттерді қалыптастыруға, жетілдіруге
бағытталған жүйелі де саналы іс-әрекет.
Достарыңызбен бөлісу: