Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Тақырып бойынша білімді тексеру мен бақылауға арналған



жүктеу 8,71 Mb.
Pdf просмотр
бет190/303
Дата29.10.2022
өлшемі8,71 Mb.
#39896
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   303
buzaubakova pedagogika

Тақырып бойынша білімді тексеру мен бақылауға арналған
тапсырмалар 
1.Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді 
субъектісі. Отбасының қызметтері, типтері. Қазіргі отбасының ерекшеліктері. 
2.Отбасында 
педагогикалық процесті ұйымдастыру. Отбасындағы 
педагогикалық процестің негізгі компоненттері: 
отбасы 
тәрбиесінің 
мақсаты,міндеттері, мазмұны, балалар мен ересектердің өмірлік тіршілігін 
ұйымдастырудың құралдары, формалары, әдістері.
3. Отбасы тәрбиесінің қазіргі мәселелері. Отбасындағы тәрбиенің 
этникалық ерекшеліктері. Отбасының оқушы тұлғасының ұлттық санасын 
қалыптастыруға ыкпалы. 
4. Отбасы және мектептің ынтымақтастығының формалары. 


210 
3-ТАРАУ. ОҚЫТУ — ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ 
ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ 
 3.3.1 Оқыту процесінің маңызы 
 
Дидактика - оқыту және білім беру теориясы. Педагогика 
тарихындағы дидактикалық теориялардың дамуы. Я.А.Коменскийдің 
педагогикалық 
теориясы. 
Дидактиканың 
негізгі 
категориялары. 
Дидактика - жеке әдістеменің негізі. Оқыту процесінің мәні. Оқытудың 
әдіснамалық негізі. Таным теориясы. Оқытудағы интербелсенді тәсілдер.
Дидактика (грек тілінен аудармасы 
didaktikas
– зерттеу бойынша, 
didasко
– 
зерттеуші) балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұның 
ашатын білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін суреттейтін, 
оқытуды 
ұйымдастыру 
ұстанымдарын, 
әдістерін 
және 
формаларын 
сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогиканың 
құрамдас бөлігін құрайды. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық 
және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. 
Педагогика терминімен қатар, ұзақ уақыт бойы сол мағынадағы 
«дидактика» терминінің қолдануы тарихи қалыптасқан жағдай. Бұл ұғым ең 
бірінші рет неміс педагогы Вольфганг Ретке (1571-1635жж.) дидактиканы 
«оқыту өнері» мағынасында ашып, енгізсе, оның жан-жақты мағынасы чех 
педагогы Я.А.Коменскийдің (1592-1670 жж.) 1657 жылы Амстердамда 
шығарған «Ұлы дидактика» еңбегінде «бәрі, барлығына оқытудың әмбебеп 
өнері» мағынасында сипатталды. Әлемдік дидактиканың дамуына И.Ф.Гербарт, 
И.Г.Пестолоцци, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Д.Дьюи, Г.Кершенштейнер, 
В.Лай және т.б. зор үлес қосты. Дидактиканың міндеті –білім мазмұнын, оқыту 
әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу. 
Дидактика «Неге оқыту?», «Қашан оқыту?», «Қалай оқыту?», «Не үшін 
оқыту?», «Кімді оқыту?», «Қайда оқыту?» деген сұрақтарға жауап береді. 
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы  болып табылады. 
Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен 
принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі 
бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-
тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің 
қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.
Сонымен бірге дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту 
принциптерін, оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістерін 
қарастырады. 
Дидактикалық процесс мәнін түсіну үшін «оқу» және «оқу процесі» 
түсініктерінің мән-мағынасын ажыратып алған жөн. Кейде бұл категориялар 
теңдестіріле қарастырылады. Іс жүзінде олай емес. «Оқу» түсінігі құбылысты 
білдіреді, ал оқу процесі – бұл процестің уақыт және кеңістікте дамуы, оның 
кезеңдерінің бірізді ауысып отыруы.
Оқу процесі – шынайы болмыстағы қиын да күрделі процесс. Ол өз ішіне 
көптеген құрылымы, деңгейі әр текті және табиғаты бір-біріне ұқсамаған 
жағдаяттардың сан қилы байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Сондықтан 


211 
да «оқу процесі» түсінігіне толық және жан-жақты анықтама беру қиындау. 
Солай да болса, қазіргі педагогика ғылымында «оқу процесі» ұғымына орай 
төмендегідей анықтама қабылданған: «Оқу процесі – білім беру, игеру, 
тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен 
оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс-әрекет».
Оқу процесі екі тарапты сипатқа ие. Оның құрамы өзара табиғи 
байланыстағы екі түрлі әрекеттен тұрады: оқыту – мұғалімнің оқу материалын 
меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-әрекеттері және оқып үйрену – 
білім меңгеру мақсатындағы оқушының іс-әрекеттері. Бұл екеуі арасындағы 
байланыстырушы тетік – бірлікті іс-әрекеттерді жанамаластыратын оқу 
мазмұны.
Оқу негізінде мұғалім үшін осы процесс мазмұнының базалық бірліктері 
болып есептелетін, әрі оқушылар тарапынан игерілуі тиіс өнім ретінде білім, 
ептілік және дағдылар жатады.
Оқып-үйренудің аса маңызды элементі – түрткілер (мотивтер). Қандай да 
оқу әрекеттерін не тұтастай оқу істерін орындай отырып, оқушы осы 
түрткілерді басшылыққа алады. Оқуға қызықтыратын мотивтер түрі көп, әрі сан 
қилы. Олардың әрқайсысы өз алдына дербес ықпал жасамай, бір-бірімен тығыз 
ықпалдастық байланыста оқушының білім игеруіне себепші болады.
Ақыл-ой әрекеттеріне ынталандырушы түрткілер қатарында танымдық 
қызығушылықтар мен қажеттіліктердің маңызы ерекше. Бұлардың жоғары 
деңгейде дамуы үшін шынайы ғылыми мазмұн және педагогикалық мақсат 
бағдарында ұйымдастырылған белсенді де дербес таным қажет. 

жүктеу 8,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   303




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау