Қазақ тілі
333
мезгілінде
істейтін
су
электр
стансаларының
өндірген
энергиясының өзіндік құны төмен болады.
Су электр стансалары Ертіс өзені мен оның салаларында
салынған. Мұнда Ертіс, Бұқтырма, Өскемен және ең қуатты 1,3
млн кВт Шүлбі су электр стансасы жұмыс істеуде. Кенді Алтайдың
таулы өзендерінде Үлбі, Хайрюзовск, Тургусунск, Тишинск шағын
су электр стансалары бар.
224-тапсырма. Берілген сөйлемдерді оқып, есімдіктердің
қай түрі екенін анықтаңыздар.
Менің мамандығым – машинажасау технологиясы. Мен бұл
мамандық
бойынша
өндірісте
машинажасау
зауытында
инженер-технолог болып жұмыс істеймін. Сонымен бірге,
ғылыми-зерттеу
институтында
инженер-жобалаушы
(конструктор) болып жұмыс істеуге болады. Автопаркте
инженер-механик болуға мүмкіндік бар. Бұл мамандық кең
салада қолданылады. Зауыттың барлық цехтарына орналасуға
болады. Біздің мамандық бойынша міндетіміз – бөлшектердің
сызбасын даярлау, қажетті материалдарды іріктеу, таңдап алу,
оның жасалу дәлдігін есептеу, сызбаларды есептеу, қабылдап
алу, автопаркте машиналарды бөлшектермен қамтамасыз ету,
техникалық байқаудан өткізу. Мамандығым өзіме ұнайды.
225-тапсырма. Мәтінді оқып, жалпылау есімдіктерін
табыңыздар.
Машинажасау кешені дегеніміз – шаруашылықтың барлық
салалары үшін құрал-жабдық, сондай-ақ халық тұтынатын
бұйымдар өндіретін өнеркәсіп салаларының жиынтығы.
Барлық өнеркәсіп салаларының ішінде ғылыми-техникалық
прогресті ілгерілетуде және еліміздің экономикалық дамуын
арттыруда
машинажасау
кәсіпорындарының
маңызы
зор.
Машинажасау кәсіпорындары аса маңызды еңбек құралдарын –
білдектерді,
көлік
аппараттары
мен
аспаптарды,
ауыл
шаруашылық машиналарын жасап шығарады. Машинажасау –
өнеркәсіптің өзекті саласы. Машинажасау кәсіпорындары бүкіл
шаруашылықтың техникалық қайта құрылуын, өндірісті кешенді
механикаландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
334
Машинажасау
кешені
республикамыздың
материалдық-
техникалық базасын құруда жетекші рөл атқарады.
226-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Мәтін
бойынша есімдіктердің астын сызыңыздар.
Мұхаммед пайғамбардың хадистерінен
Өмірде қателеспейтін адам болмайды. Ол үшін адамдарға
шамаң жеткенше жақсылық істе. Жамандық жасау әркімнің
қолынан келеді. Жақсылық жасау ілуде біреудің ғана қолынан
келетінін ұмытпа. Қолыңнан келсе, адамдарға жақсылық етіп,
іштей қуаныш ет. Жаман ісіңе қайғырып, Алладан қайырымдылық
сұра. Бұл – имандылықтың белгісі.
227-тапсырма. Мәтінді оқып, есімдіктерге талдау жасаңыздар.
Итбалықтың ойығы
Қалыңдығы 3 метр мұздың астынан итбалық сыртқа қарай
ойып шығады екен деген мәселе әркімді ойландырады. Бір топ
зерттеушілер итбалықтың осы сырын іздестіріп тапты. Күзден,
су қата бастаған кезден бастап, итбалық ойық жасайтын жерді
таңдап алады екен де, оны өзінің тұмсығымен бұрғылай береді
екен. Оның үстіне демімен және денесінің қызуымен ойықты
қатырмайды екен. Ойық әбден дайын болған соң, оған итбалық
әлсін-әлсін келіп жөндеп тұрады екен. Әр итбалықтың осындай
бірнеше ойығы болатын көрінеді.
228-тапсырма. Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыздар.
Свой народ, свой человек, свой дом, свой сад, свои силы,
своя экономика, своя машина, свои деньги, свои вещи, своя
семья, свой сын, как свои пять пальцев, мы воспоминаем о
своих хороших обрядах и обычаях.
229-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыздар.
1. Мен онымен ешқашан........
Қазақ тілі
335
2. Өз мініңді ешқашан да.......
3. Сөзіңді ешкім тыңдамаса......
4. ... .... ...., ешқайсысы жауап бермеді.
5. ... .... ешқандай жаңалық болған жоқ.
6. Ешкім келмесе де, .....
7. Ол ешкіммен ешқашан ....
230-тапсырма. Есімдіктерді мағыналарына қарай топ-
топқа ажыратып, бөліп жазыңыздар.
Мен, қанша, ешкім, өз, әлдеқашан, бәрі, әркім, кейбір,
қашан, барша, ешбір, қайсы, күллі, сен, қалай, анау, біреу,
ешқашан, бар, неше, барлық, ешқандай, дәнеме, мына,
әлдеқалай, әлдекім, әрбір, осы, өзім, ол, қалай.
231-тапсырма.
Аталы
сөздерді
оқып,
есімдіктерді
ажыратыңыздар.
1. Бүкіл азаматтың келешегі жас жеткіншектердің қандай
идеал негізінде тәрбиеленіп, қалай өсуіне, кемелденуіне байланысты.
2. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе
жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да
танытатын сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек
өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана оны аяққа басады.
(Ғ. Мүсірепов)
Адамның қолынан келмейтін еш нәрсе жоқ.
(Абай Құнанбаев)
Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе.
(Ыбырай Алтынсарин)
Жиырма жас тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған
әрқашанда әзір болу керек.
Халықтың игі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз.
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту
– бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
(Бауыржан Момышұлы)
Бақыт – әрбір адам ұмтылатын мақсат.
Достарыңызбен бөлісу: |