Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет92/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   135

Қазақ тілі 

 

287 



139-тапсырма.  Синоним сөздерді топтап жазыңыздар. 

 

Қашық, әдемі, әдепті, тәртіпті, үлкен, келбетті, өңді, тәрбиелі, 



дәу, тартымды, алыс, инабатты, алшақ, шалғай, көрегенді. 

 

140-тапсырма.    Мәтіндегі  синоним  сөздерді  тауып,  оның 

мағынасын анықтаңыздар. 

 

Сенің  топырағыңда  қаншама  дүр-дүр  батыр,  дүлдүл  ақын, 



майталман талант иелері туылмады дейсің. 

 (Б. Соқпақбаев) 

 

141-тапсырма.  Төмендегі  тіркестерге  синоним  болатын 

тіркестер жазыңыздар. 

 

 

Қырғи қабақ. Қас пен көздің арасында. Бетінен оты шықты. 



Тас жүрек. 

   

142-тапсырма.  Синонимдерді  қатыстыра  отырып,  «Тәуелсіз 

Қазақстан» атты ойтолғау жазыңыздар. 



 

143-тапсырма.  Синоним  сөздерге  мақал-мәтелдерден  мысал 

келтіріңіздер. 



 

144-тапсырма.  Сөз  тіркестерінен  тұратын  синонимдер 

тауып жазыңыздар. 

 

 

Үлгі: Жермен жексен етті, 



  Күлін көкке ұшырды. 

 

145-тапсырма.  Төменде  берілген  синонимдердің  қай  сөз 

табы,  қандай  тұлғалы  сөздер  екенін  ажыратып,  бұл  сөздерді 

мағынасына қарай топ-топқа бөліп көшіріңіздер. 

 

Биік,  жүздесу,  бүкіл,  асқар,  реті,  түгел,  зәулім,  орай, 



шапшаң,  жолығу,  бүкіл,  шұғыл,  жалқы,  жедел,  жалғыз,  ұзын, 

демде, қисын, дереу. 



 

146-тапсырма.    Мына  төмендегі  сөздердің  синонимдік 

қатарын жазыңыздар. 

 

 



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

288 


1) Кездесу... 

2) Әдемі... 

3) Батыр... 

 

147-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердің  ішінен  синонимдерді 

теріп  жазып,  олардың  қандай  мағыналарды  білдіретінін 

түсіндіріңіздер. 

 

Бала  кезінен  бастап,  әке  орнатқан  тәртіпке,  қаталдық  пен 



зорлыққа  жаны  түршіге  жиіркене  қараған  гуманист  Абай  осы 

тартыста  өз  табынан  іргесін  мүлдем  аулақ  салып,  ара  жігін 

ашып алады. 

   

148-тапсырма.    Төмендегі  синонимдік  қатардағы  сөздерді 

басқа  сөздермен  тіркестіріп,  олардың  қанша  сөзбен  тіркесе  алу 

мүмкіндігін анықтаңыздар. 

 

Күшті, мықты, әлді, қарулы, қайратты, қажырлы; 



Бағалы, құнды, қымбат;  

Халық, жұрт, көпшілік. 

 

149-тапсырма.  Сөздерді  оқып,  мағыналарын  анықтап, 

бұларды синоним сөздермен топтап жазыңыздар. 

 

Алыс.  Сүйкімді.  Тартымды.  Қашық.  Өңді.  Тәуір.  Алшақ. 



Келбетті.  Жаман.  Ұстамды.  Нашар.  Көр.  Әдепті.  Қара.  Байқа. 

Аңғар. Тәрбиелі. Көргенді. Білімді. Үлкен. Кең. Көлемді. 



 

150-тапсырма.  Төмендегі  синонимдерді  қатыстырып,  сөйлем 

құрастырыңыздар. 

 

Сүйкімді. Қашық. Жұғымды. Жалынды. Тартымды. Алыс. 



 

151-тапсырма. Мақалдардың жалғасын тауып,  синонимдердің 

астын сызыңыздар.  

 

  а) Ащы менен тұщыны татқан білер, 



  .............................. 

  ә) Құтты қонақ келсе, қой егіз табар, 

  ................................ 

   



Қазақ тілі 

 

289 



Сөзжасам 

 

Сөз құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз. 

Дара  сөз  –  бір  түбірден  тұратын  сөз.  Оның  екі  түрі  бар: 

түбір сөз және туынды сөз. 

Түбір сөз – сөздің мағынасы бар  ең бастапқы бөлшегі. (ән, 

дос, бөл, біл, тау, жақсы, қала) 



Туынды сөз  

Туынды сөздің  жасалу жолдары төмендегідей: 

1) Түбір  сөзге  жұрнақ  жалғану  арқылы  жасалады.  (әнші, 

достық, бөлім, білгір, таулы, жақсылық, қалашық) 

2) Лексикалық  жолмен  жасалуы  («ақ»  сөзінің  негізгі 

мағынасы  түсті  білдіреді.  Бұл  сөздің  лексикалық  мағынасының 

ауысуынан «сүт тағамдары» деген ұғым пайда болған).  

3) Бірігу арқылы (көзқарас, тасбақа, т.б.). 

4) Тіркесу арқылы (он бес, қар торы, т.б.). 

 

152-тапсырма.  Мына  сөздердің  қайсысы  түбір,  қайсысы 

жаңа мағынаға ие болған туынды сөз екенін айтыңыздар.  

 

Жер,  Жер  серігі,  бұлт,  кемпірқосақ,  жай  (найзағай), 



жайтартқыш,  күн,  күн  сәулесі,  аспан,  көкжиек,  жұмыс, 

жұмысшы, ғарыш, ғарышкер, жұрт, ағайын-жұрт, жүзі, көк жүзі, 

жер-көк, тау-тас.  

 

153-тапсырма.  Мәтінді  көшіріп  жазып,  әртүрлі  тәсілмен 

жасалған  туынды  сөздердің  астын  сызыңдар  да,  олар  нені 

білдіретінін анықтаңыздар. 

 

Неге  күн  күркірейді?    Оның  себебі  –  найзағай  жарқылы. 



Күркіреген дауысты сол найзағай шығарады. Найзағай дегеніміз 

–  мейлінше  үлкен  электр  ұшқыны.  Мұндай  электр  ұшқындары 

секундтың  аз  ғана  бөлігінде  көк  жүзінің  бірнеше  шақырым 

жерін  шарпып  өтеді.  Оның  жолындағы  ауа  да  сол  сәтте  қызып 

үлгереді.  Сол  кезде  нағыз  қопарылыс  пайда  болады.  Одан 

шығатын дыбысты біз күн күркіреді дейміз.  

Найзағаймен  ойнауға  болмайды.  Егер  найзағай  түссе, 

ғасырлар  бойы  өсіп  тұрған  еменнің  өзі  күл-талқан  болады.  Ал 

қораға  немесе  шөп  маясына  түссе,  әп-сәтте  жанып  кетеді. 



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау