Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет46/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

138 



304-тапсырма.  Мәтіннен  қос  сөздерді  бір  бөлек  теріп, 

біріккен сөздерді бір бөлек теріп жазыңыздар. 



 

305-тапсырма.  Мәтіндегі  сөйлемдерді  сұраулы  сөйлемдерге 

айналдарыңыздар. 



 

Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері 

де,  атаулары  да  өте  көп.  Солардың  ішінде  халық  арасына 

көбірек  тарағаны  –  ою-өрнек  өнері.  Ою-өрнек  ісі  тым  ерте 

заманнан  бастап-ақ  қолөнерінің  барлық  түріне  бірдей    ортақ 

әсемдеп, әшекейлеудің негізі болып келеді. 

Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің 

ұғымында  бір  нәрсенің  бетіне  екі  затты  оя  кесіп  қиюластырып 

жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. 

Қазақ көбінесе бір  өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге  салып 

кескен  сырмақтың  қиығы,  сондай-ақ  барлық  қошқар  мүйіз 

өрнектерін  де  ою  дейді.  Ал  өрнек  дегеніміз  –  әртүрлі  ою  бедер, 

бейненің,  күйдіріп,  жалатып,  бояп,  батырып,  қалаптап  істеген 

көркемдік  түрлердің,  әшекейлердің  ортақ  атауы  іспеттес. 

Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. 

Қазақтың  ұлттық  ою-өрнектерінің      түпкі  негізін  іздестіру 

ісінде  Т.К.  Бәсеновтің  «Орнамент  Казахстана  и  архитектура» 

деген  кітабы  көптеген  құнды  материалдарға  толы.  Кітапта 

халық  ою-өрнек  өнерінің  шығуы,  оның  қандай  ұғымда  туып, 

қалай  дамығандығы,  ерте  кездегі  қауымдардың      мекендестігі, 

кәсібі мен әдет-ғұрпы жайында өте толық айтылған. 

 

306-тапсырма. Қолда бар бұрын-соңды жазылған деректер 

мен    ел  арасындағы  қолөнер  шеберлерінің  айтуынша  қазақ  ою-

өрнектерінің  өте  жиі  қолданылатын  200-ден  астам  түрі  бар.      

Т. Бәсеновтің кітабында көрсетілген сәулеттік өрнектер түрлерін 

дәптеріңізге жазып, атауларын біліп келіңіздер. 

   

307-тапсырма.  Төмендегі  сөздердің  түсініктемесін  біліп 

алыңыздар. 

 

Әшекей    −  өрнек,  бір  нәрсені  әдемілеп  тігу,  алтын,  күміс, 



маржанмен әшекейлеу. 


Қазақ тілі 

 

 



139 

Басқұр  −  керегелердің  басын  айналдыра  орай  тартып 

байлайтын,  өрнектеп  тоқыған  жалпақ  бау.  Басқұрды  өрмекпен 

әртүрлі  жіп,  арқау  салу  арқылы  жолақтап  та,  әртүрлі  өрнек 

салып теру арқылы да тоқиды. 

Жебе  −  садақтың  оғы  (ХIІ  ғасырда  бұл  оқты  Шыңғыстың 

атақты  әскер  басы  Жебе  мерген  алғаш  тартқан.  Оқтың  «жебе» 

аталуы содан қалған). 

Қайыс    −  иеленген  тері  (өрімге,  тігуге  арнап  илеген  мал 

терілері). 

Қол  шоқпар  −  ерте  кездегі  жорықшылардың,  батырлардың 

қаруы (бір құлашқа таяу шоқпар ағаш). 

Мәнер − өрнек стилі, келісімі. 

 

308-тапсырма.  Төмендегі  берілген  сөздер  мен  сөз 

тіркестерін 

қатыстыра 

отырып, 

күрделі 


сөйлемдер 

құрастырыңыздар. 

 

Халық  тұрмысы,  өнер  жиынтығы,  қазақ  халқы,  тұрмыстық 



кәсібі,  күн  көріс  тіршілігі,  әдет-ғұрып  жабдықтары,  бесік, 

сырмақ,  діңгек,  қорған,  тәсіл,  балшық,  өнерпаз,  халық 

шеберлері. 

 

309-тапсырма.  Мәтінді  мәнерлеп  оқып,  мазмұнын  айтып 

беріңіздер. 

 

Ағаш шеберлері 



 

Қазақтың  ұлттық  қолөнерінде  ағаштан  көптеген  заттар 

жасалады.  Балташылар,  ағаш  ұсталары,  ершілер  қайыңды, 

үйеңкіні  пайдаланады,  үйшілер  ағаш  ояды,  тоқушылар  шыбық 

өріп  талды  пайдаланады,  балташылар  үй  борайды,  еден  төсеп, 

арба,  шана,  жақтау,  қақпа  тіреу  сияқты  ірі  заттарды  істейді. 

Ағаш  ұстасы  стол,  шкаф,  сөре,  орындық,  кебеже,  асадал, 

рамалар  жасайды.  Ағаш  оюшылар  оны  жонып  күйдіреді  де 

бояулап  өрнектейді.  Шыбық  өрушілер,  тоқушылар  қамыстан, 

шиден  қорап,  шыпта,  шарбақ  сияқты  заттарды  өреді.  Бұл 

жұмысқа бұтақсыз, оқырасы жоқ таза ағаш таңдап алынады. 



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

140 



Ағаш  шеберлері  балта,  пышқы,  сүргі,  бұрғы,  тез,  қысқы, 

үскі,  қашау  сияқты  аспаптарды  пайдаланады.  Бұлардан  басқа 

түрлі өлшеуіш пен үлгі, біз, қырғы, желім, бояу сияқты көмекші 

құралдары  да  болады.  Ағаштан  бұйым  жасайтын  шеберлер: 

емен,  қайың,  самырсын,  үйеңкі,  қызыл  қарағай,  шынар,  қара 

ағаш,  ырғай,  шамшат,  тас  жарған,  мойыл,  қайыңның  түбірі 

(безі), жөке, тал, арша, жаңғақ ағашы, май қарағай сияқтыларды 

пайдаланады.  Бұлардың  бірі  қатты,  бірі  жонуға  оңай,  жылтыр, 

ал  кейбіреулері  жарылмайтын  қаңсымайтын  болса,  енді 

кейбіреулері иілгіш, жеңіл, су сіңбейтін бірақ бояу сіңгіш, желім 

ұстағыш  болады.  Әрбір  істің  ерекшелігіне  қарай  әртүрлі 

сападағы ағаштар пайдаланылады. Мысалы, қазақ шеберлері  ірі 

жеңіл,  әрі  жонуға  жақсы  деп  ерді,  арбаның  төс  ағашын, 

кереуеттің  басын  қайыңнан  істейді.  Найзаның  сабын,  садақтың 

жебесін,  соқа  мен  арбаның,  оқтың  және  т.б.  бөлшектерін 

темірдей  берік  деп  еменнен  жасайды.  Қазақ  үйдің

 

керегелерін 



талдан,  қара  мойылдан,  ал  шаңырағын,  маңдайша  мен 

табалдырығын қайыңнан істейді. 

 

310-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар. 

 

311-тапсырма.    Қол  өнерде  қолданылатын    ағаш  

атауларын дәптеріңізге  жазып, жаттап алыңыздар. 

 

қайың − береза 



үйеңкі – клен 

тал – ива 

самырсын – пихта 

ши – кустарник 

шамшат – бук 

қара ағаш – берест 

арша – можжевельник 

мойыл – терн 

емен – дуб 

қарағай – сосна 

шынар – чинар 

шыбық – ива 

 

312-тапсырма.  Ағаш  шеберлері  пайдаланатын  аспаптардың 

түсініктемесін біліп алыңыздар. 

 

Пышқы  −  ағаш  кесетін  ара  темір  (пышақ,  пышқы,  пішу, 



пішін, пішен сөздерінің бірінің түбірі піш – кес сөзінен шыққан). 

Сүргі  −  илеген  терінің  етін  көшіріп,  құрыс-тырысьн  жазу 

үшін ағаштан, темірден жасаған қырғы құрал. 



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау