Қазақ тілі
375
296-тапсырма. Газет-журналдардан өздеріңізге ұнаған
мәтінді көшіріп жазып, оны сөз тіркесінің түрлеріне қарай
ажыратыңыздар.
297-тапсырма. Сөйлемдерді сөз тіркестеріне ажыратып,
көшіріп жазыңыздар.
Үлгі: еңбексіз адам; адам өмір сүре алмайды; бақытты
өмір сүре алмайды;......
Еңбексіз адам бақытты өмір сүре алмайды. (А. Чехов) Өзге
ештеңеден табылмас бақытты еңбектен табасың. (А. Менделеев)
Адамдар еркіндік алғанда ғана еңбек сүйгіш бола алады.
(Д. Дидро) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
(мақал)
Еңбекпен ер өседі, егізден төл өседі. (мақал) Өзін-өзі билеген ел
бақытты. (мақал)
298-тапсырма. Мына тірек сөздер мен сөз тіркестерін
қатыстырып, «Ата-ана» тақырыбына шағын шығарма жазыңыздар.
Менің ата-анам, өмір сыйлаған, бақытты болу, шыншыл
бол, ата-ананың рұқсатынсыз, ақыл-кеңес, қадірлеу, ана жүрегі,
еңбек сүйгіш, адал, қайырымды, еңбектегі табысы, оқу озаты,
әдепті болу.
299-тапсырма. Мына тізбек бойынша сөз тіркестерін
жасаңыздар.
Зат есім +зат есім:
Септеулі зат есім +етістік:
Сын есім+зат есім:
Зат есім +етістік:
Сан есім+зат есім:
Үстеу +етістік:
Есімдік +зат есім:
Сын есім +етістік:
Есімше + зат есім:
Сан есім +етістік:
Сөйлем
Сөйлем – біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы.
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай 4 түрі бар:
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
376
Түрі
Ереже
Тыныс белгісі
Хабарлы сөйлем
Хабарлау, баяндау,
суреттеу
мақсатында
айтылатын сөйлем.
Сөйлем соңына
нүкте қойылады.
Сұраулы сөйлем
Бір нәрсе жайында
сұрап білу
мақсатында
айтылатын сөйлем.
Сөйлем соңына
сұрау (?) белгісі
қойылады.
Бұйрықты сөйлем
Бұйыру, тілек-
өтініш ету
мақсатында
айтылатын сөйлем.
Сөйлем соңына
нүкте немесе
(көтеріңкі
интонациямен
айтылса) леп
белгісі (!)
қойылады.
Лепті сөйлем
Сөйлеушінің көңіл-
күйін (қуану,
ренжу, өкіну, т.б.)
білдіру мақсатында
айтылатын сөйлем.
Сөйлем соңына
нүкте немесе
(көтеріңкі
интонациямен
айтылса) леп
белгісі (!)
қойылады.
Түрі
Жасалу жолдары
Хабарлы сөйлем
Хабарлау мақсатында айтылған жай
сөйлем арқылы жасалады.
Мысалы: Ақырын соққан самал шалқар
көлдің ақша бетін аймалап сүйгендей
болады.
Қазақ тілі
377
Сұраулы сөйлем
Сұрау есімдіктері: (Кім? Не? Қанша?
Қандай? т.б.)
Сұраулық шылаулар: (ма, ме, па, пе, ба,
бе, ше)
Оқшау, көмекші сөз: ә, сірә, қайтеді,
шығар, т.б.)
Мысалы: Сен оны танисың ба?/Сен оны
танимысың? Енді арманың жоқ шығар?
Сен ауылға бардың ғой, иә? Қазір ол келіп
қалса ше? Оған өлең ұнады білем, сірә?
Бұйрықты сөйлем
Баяндауышы бұйрық рай арқылы
жасалады.
Мысалы, Сөйлемді жазып шық. Бұны
оған айтпа. Жүр, тез аяғыңды бас! Тыныш
отыр!
Лепті сөйлем
Одағай сөздер: (қап, әттеген-ай, пай-пай,
т.б.)
Күшейткіш мәнді сөздер: (не деген, не
еткен, қандай, шіркін, ғажап, т.б.)
Демеулік шылаулар: (-ау, -ақ, -ай, т.б.)
Интонация арқылы: Қап, мынау
жығылды-ау! Пай-пай, мынаның
шабысын-ай! Ә, сені ме, бәлем! Бейшара-
ай, мынаның тарта алмай келе жатқанын-
ай!
Сөйлемнің құрылысына қарай түрлері
Түрі
Ереже
Мысал
Жақты сөйлем
Бастауышы бар
сөйлем.
Мен ауылға бардым.
Кітап – білім
бұлағы.
Жақсыз сөйлем
Бастауышы мүлдем
жоқ сөйлем.
Менің оқығым
келеді. Ағашты
былай жарар болар.
Жалаң сөйлем
Тек тұрлаулы
мүшеден тұратын
сөйлем
Ол келді. Бала-
шағасы келіп кетті.
Той-думан болып
тұрады.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
378
Жайылма сөйлем
Тұрлаусыз мүше
қатысқан сөйлем
Ол ерте келді.
Жаңбыр қатты
жауып тұр.
Толымды сөйлем
Ойға қажетті
мүшелердің бәрі
қатысқан сөйлем.
Олар арттарына
мәңгілік із
қалдырды.
Толымсыз сөйлем
Айтылуға тиісті
мүшелердің бірі
түсіп қалған
сөйлем.
- Балам қайдан
келдің?
- Астанадан.
Толымды түрі:
- Балам, (сен) қайдан
келдің?
- (Мен) астанадан
(келдім).
Атаулы сөйлем
Іс-оқиғаның
құбылыстың
атауын ғана көр-
сететін сөйлем.
Жаз. Қайнаған күн.
Егіс даласы. Қара
бұйра жер, көк
торғын аспан.
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай 2 топқа
бөлінеді: тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше.
Тұрлаулы мүше – сөйлем құрауға негіз болатын мүше.
Оның 2 түрі бар: бастауыш пен баяндауыш.
Тұрлаусыз мүше – өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек
сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше. Оның 3 түрі бар:
анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш.
300-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын толық сақтап
әңгімелеңіздер. Әр азат жолда қанша сөйлем бар екенін табыңыздар
және екі-үш азат жолды сұраулы сөйлемге айналдырыңыздар.
Табиғаттағы заттар айналымы арасында белгілі бір
үйлесімділік бар. Олар әр қабаттағы өзінің белгілі бір мөлшерін
сақтайды. Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шығады.
Өркениет пайда болған кезден бастап, ауаға кездейсоқ заттар
қосыла бастады. Оған дейін ауа табиғи жолмен ғана ластанатын.
Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар, улы газдар
араласады. Жел арқылы шаң, тозаңдар ұшып шығады.
Орман өртенген кезде көп мөлшерде газдар ұшып шығады.
Өсімдіктер мен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газ