Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет117/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   135

Қазақ тілі 

 

363 



Жай  көзбен  қарағанда  аспан  әлемінен  3  мыңға  тарта 

жұлдыз  көрінеді.  Ал  қазіргі  замандағы  ең  жаңа  құралдармен 

есепке  алынғандарының  саны  бірнеше  миллион.  Ғалымдардың 

болжауынша,  жұлдыздардың  жалпы  саны  әлденеше  миллиардтан 

асып кетеді.  

Жерге  ең  жақын  жұлдыз  –  Күн.  Оның  төңірегінде  Жерді 

қоса  есептегенде  9  ірі  аспан  денесі  айналып  жүреді.  Олар 

планета  деп  аталады  (планета  –  грекше  адасушы  жұлдыз  деген 

сөз).  

Планеталар  –  өзінен  жарық  шығармайтын  салқын денелер. 



Дегенмен  түнгі  аспанда  олар  да  жұлдыз  сияқты  жылтырап 

көрінеді. Планетаның олай көрінуі бетіне  түскен күн сәулесінің 

шағылысуынан. 

Өз  кезегінде  планеталардың  төңірегінде  олардың  серіктері 

айналып жүреді. Жердің серігі – Ай.  

Күн  және  оны  айналып  жүретін  планеталар  мен  олардың 

серіктері Күн жүйесін құрайды.  

Күн  жүйесі  –  Әлем  кеңістігінің  немесе  Ғарыштың  бір 

кішкене  шағын  мүйісі  ғана.  Ол  Галактика  деп  аталатын 

жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар тым көп 

– миллиондап саналады. 

 

Еліктеу сөз 



 

Еліктеу сөз – әртүрлі дыбысқа, құбылысқа еліктеуден және 

олардың бейнесін елестетуден туындаған сөз.  



Құрамына қарай мынадай түрлері бар: 

 

Дара еліктеу сөз 



Күрделі еліктеу сөз 

Бір ғана түбірден (негізгі/туынды) 

тұратын төл еліктеу сөз.  

Екі сөздің қосарлануынан 

жасалған еліктеу сөз.  

Тарс, күмп, жымың, т.б.  

Тарс-тұрс, қисаң-қисаң, т.б  

 

274-тапсырма.  Төмендегі  мәтіннен  еліктеуіш  сөздерді 

тауып,  еліктеуіш  сөздердің  қай  сөз  табымен  тіркесіп  тұрғанын 

көрсетіңіздер. 



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

364 


 

Кең  ашылған  көздерден  мөлт-мөлт  домалаған  кесек-кесек 

тамшылары  жалт-жұлт  еткен  сәулемен  шағылысып  қан  құсап 

саулайды.  Тасыр-тұсыр  дауыстан  селк  етіп,  орнынан  атып 

тұрды.  Байқағаны  алысып  жүрген  екеу  бірін-бірі  ырс-ырс 

жұдырықтайды.  Ала  көлеңкеде  бұлдыраған  көздері  жалт-жұлт 

жалтырады.  Сұлтанның  даусы  саңқ-саңқ  естілді.  Жігіттер  әй-

түйге  қарамай  құтырына  тап-тап  берді.  Тобылғы  сапты 

қамшыны  ырс-ырс  сілтеп,  сарт-сұрт  соғады.  Қонақтың  жүзі 

болар-болмас  жыбыр  етті  де,  Сәдірбекке  сығырая  тесілді. 

Мөлшерлі  секундтар  өткеннен  кейін  мен  қылышымды  жарқ 

еткізіп,  қынабынан  суырып  алып,  маңдайыма  көтере  ұстап, 

әскери  адыммен  дік-дік  басып,  шпорларым  зың-зың  етіп, 

трибунаның алдына келіп маршалға салют бердім. 

  

275-тапсырма.  Сөйлемдерден  еліктеуіш  сөздерді  тауып, 

оларды тіркескен сөздерімен теріп жазыңыздар

 

Жел  күшейе  бастады.  Бір  кезде    сатыр-күтір  сынған 



бұтақтардың  даусы  естілді.  Шарт  ете  түсіп  бүкіл  аспан 

құлағандай  болды.  Баяғы  жартас  –  бір  жартас,  қаңқ  етер,  түкті 

байқамас.  Аттар  борт-борт  желеді.  Маған  рұқсат  етіңіз,  жолдас 

командир! – деген өзгеше бір өктем үн саңқ етті. Әлдебір қауіп 

төнгенде қиядағы қыран ғана осылай шаңқ ете түсетін болар деп 

ойладым да, тез басымды көтеріп алдым.  



 

Одағай 

 

Одағай  –  дербес  мағынасы  жоқ,  адамның  көңіл-күйін 

білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөз.  



Одағайдың ерекшеліктері:  

Одағайда  дербес  лексикалық  мағына  болмайды.  (пәлі,  әттең, 

ойпырмай, т.б.) 

Одағай  сөйлемде  басқа  сөздермен  грамматикалық  байланысқа 

түспейді. (Қап, соны күшік кезінде атып тастау керек еді.) 

Одағай  сөйлем  мүшесі  бола  алмайды,  яғни  сөйлем  мүшесіне 

талданбайды. (Әттең, қазір жанымда әкем болғанда ғой.) 

 



Қазақ тілі 

 

365 



         Одағай мағынасына қарай 3-ке бөлінеді:  

 

Көңіл-күй одағайы 

Адамның түрлі 

көңіл-күйін 

білдіретін сөз 

Алақай (қуану), әттең 

(өкіну), шіркін 

(таңдану), т.б. 

Жекіру, бұйыру 

одағайы 

Жекіру, тыйым 

салу мәнін 

білдіретін сөз  

Тәйт, жә, тек, т.б  

Шақыру одағайы 

Мал, ит-құсты 

шақыру немесе 

қууға байланысты 

айтылатын сөз 

Шөре-шөре, құрау-

құрау, моһ-моһ, т.б.  

 

276-тапсырма. Одағайларды тауып, аударыңыздар. 

 

Паһ-паһ, 



жарайсың, 

жігітім! 

Әттеген-ай, 

концертке 

үлгермедім.  Алақай,  көктем  келді!  Ойпырмай,  жас  бала  екен, 

аттан құлап қалмаса екен. О, қандай әдемі қыз! Ой, ішім ауырып 

тұр! Түу, мазаладың ғой, тыныш отыр. Тәйірі, атақты ғарышкер 

болар.  


 

277-тапсырма. Жекіру одағайларын тауып аударыңыздар. 

 

Жә,  жетер!  Тыныш  отыр!  Тсс!  Көлдегі  үйректер  ұшып 



кетпесін!  Жә,  сабыр  етіңіз!  Кәне,  кешікпей  келетінің!  Тәйт  әрі, 

жаман сөз айтпа! 

 

278-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыздар. 

 

Қалдарың қалай? Жаман емес.  Орта толсын, достар. Қош! 



Мен  келесі  аптада  қайтып  келемін.  Бүгін  жұмысқа  енді  қайтып 

келмеймін.  Заңғар  тау.  Биік  ағаштар.  Жерде  қар  жатыр.  Аяқ 

асты сықыр-сықыр етеді.  

 

279-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар. 

 

Оның  күміс  сырғасы  ай  сәулесіне  шағылысып  жалт-жұлт 



етті.  Орман  жақтан  бүрсең-бүрсең  етіп  бір  адам  келеді.  Қаз-қаз 

басқан  баладан!  Әсем  шошаң-шошаң  етіп  тыныш  тұрмады. 

Сықыр-сықыр  етіп  есік  ашылды.  Жақыннан  сылдыр-сылдыр 

етіп аққан судың дыбысы шығып жатты.  




жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау