Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94


Үзтемір­тайшының­1457­Әбілқайыр­хандығына­жасаған­жорығы



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет80/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Үзтемір­тайшының­1457­Әбілқайыр­хандығына­жасаған­жорығы


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
242
Қазақ хандығы мен Орта Азиядағы Шайбанилер әулетінің Сыр бо йын - 
дағы қалалар үшін болған ұзақ уақытқа созылған күрестерінен кейін Сы-
ғанақ өзінің бұрынғы күш-қуатынан айырыла бастайды. Сығанақ 1598 ж. 
түпкілікті Қазақ хандығының құрамына өтеді. XV ғ. Сығанақ қаласының 
төңірегінде егіншілік пен бау-бақша өсіру жақсы дамыған. Сонымен қатар 
қала ірі сауда орталығы ретінде халықаралық және жергілікті маңызы зор 
болды. Ибн Рузбеханның жазбалары бойынша Сығанақ Еділ бойынан 
Түркістан аймағына дейінгі аралықтағы жалғыз сауда пункті. 
Сығанақ қаласы Қазақ хандығы үшін үлкен әскери-стратегиялық мәнге 
ие болды. Дешті Қыпшақ тайпалары үшін Сығанақтан айырылу жартылай 
тәуелсіздіктерінен айырылумен бірдей болды. Біріншіден, Сыр бойындағы 
жақсы қыстаулардан айырылар еді. Екіншіден, оларға жау тарапынан үнемі 
шапқыншылық қаупі төніп отырады. Үшіншіден, бүкіл аймақтағы сауда 
айырбас Мауеренахр билеушілерінің қолына көшкен болар еді. Қорыта 
келе Сығанақ қаласы өзінің пайда болуынан бастап ірі саяси оқиғаларды 
бастан өткізеді. Ол өзінің тарихында қаңлылардың, Қыпшақ хандығының
(XI-XII ғ.) Ақ Орданың (XV ғ.) Қазақ Ордасының (XVI ғ.) астанасы болған. 
XV-XVI ғ. Қазақ хандығы үшін экономикалық, саяси-әкімшілік орталық, 
әскери-тірек пункті ретінде ерекше маңызды болып саналады.
Сауран (Сабрам) орта ғасырларда Қазақ хандығы үшін маңызы зор 
қалалардың бірі болды. Ол Сығанақтан оңтүстік-шығысқа қарай, ал қазіргі 
Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 35 км қашықтықтағы темір жолдың 
сол жағында орналасқан. Оның көлемі оңтүстік-батыстан солтүстік-
шығысқа қарай 800 м, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығыска қарай 550 м 
жерді алып жатыр. Оның сақталған қабырғаларының биіктігі – 6 м. Сауран 
қаласы ХІХ ғ. ІІ жартысынан бастап зерттеушілер назарынан түспейді.
Сауран қорғаныс құрылыстарының тұтас жүйeciмeн белгілі болды, 
олардың iшiнен Хафиз Таныш мұнаралары бар биік бекініс дуалдарын, 
бекiніc жалын, «өзен сияқты» терең орын атайды. Басқа бip деректерде бұл 
қала онда XVI ғасырда «аса көрнекті сәулет құрылысы» – медресе салы- 
нуына, сондай-ақ ерекше суландыру құрылыстары – кәpiздep салынып, пай-
далануына, олардың бipeyiндe бауы мен жүзiмдiктepi бар қала сыртындағы 
қоныс-шаһарбақ орналастырылуына байланысты аталып өткен. Сауран 
қаласы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқандықтан, халықаралық сау-
да қатынасында өзіндік рөл атқарған. Зерттеуші К.М. Байпақов қаланың 
Дешті Қыпшақпен байланысын былай көрсетеді: «... Сауран мен Сығанақ-
тан шыққан жолдар Орталық Қазақстанның далаларын шарлап, Сарысу мен 
Кеңгір, Торғай мен Есіл өзендері жағалауларына жетіп жатты». 
«Күшті бекінген қамал» Сауран бeкінісін қоршау үшiн Шайбанилық
Абдаллах хан да Бұхарадан жеткізілген тас ататын қаруды қолданған. Бeкiнicтi 
қоршап тұрған өзбектер солардың көмегімен «ауыр тастар атып, бeкiнic 
тұрғындарының үйлерін, құрылыстарды және құдық шегендерін қиратқан», 
бeкiнic дуалдарының астын қазып, оларға толтырылған суды ағызып жі-
берген. Солай бола тұрса да, саурандықтар бекіністерді әлі ұзақ уақыт қорғап 
тұра алған. Хафиз Таныштың хабарлауынша, қоршау кезінде дуал бұзатын 


ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
243
және тас ататын қарулармен қатар оқ ататын қару да қолданылған, ал бекініс 
құрылыстарын өртеу үшін мұнай пайдаланған. Мылтық атушылар (туфакан-
дазы, атешбазы) бекіністі қоршап алған Абдаллах хан ның өзбек әскерлері 
арасында да, бекіністегі қоршауда қалғандар арасында да болған. 
XIII ғ. орта шенінде Сауран Ақ Орданың алғашқы астаналарының бірі 
болған. XІV ғ. аяғында бұл қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. 
XVI ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала 
болған. Оның ірі-ірі құрылыстарының ішінен замандастары «шайқалмалы 
минаретті» және қала мен оның айналасын сумен қамтамассыз еткен кә-
різдерді – жердің астынан салынған каналды ерекше атаған. XVIІ ғ. соңы-
XVIІІ ғ. басында әлсіреп, ХIХ ғ. басында біржолата күйреген. 
Қаратаудың теріскей бeткeйіндегі Созақ Дешті Қыпшақтың шығыс 
бөлігі билeyшiлepiнiң, әyeлi Ақ Орда, сонан соң Қазақ хандығы хандарының 
дала аудандарындағы билік үшін, сондай-ақ Түркістандағы қалалар үшін 
де күресінде үнeмi басты тiperi болып келді. Созақ жақсы бeкiнic қана 
емес, сонымен қатар далаға жақын жатқан сауда, қолөнер орталығы да бо-
латын. Созақ маңайындағы қазақтардың басқа да отырықшы қоныстары: 
Күлтөбе (жоғарыда айтылған Қарақұрым сол деп саналады) қала жұрты, 
Раң, Тастөбе, Тасқорған, Көктөбе деректерде атап өтiлiп, оларды археолог-
тар зерттеген. 
Деректерде Отырар 
–­
Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб деген атаулар-
мен VІІ-VІІІ ғ. аты аталған бұл қала Шыңғыс ханның шапқыншылығынан 
кейін қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшыраған. 1219 ж. апаттан 
кейін қала қайта жанданып, дүниежүзілік саудада бұрынғысынша делдалдық 
рөл атқарды. Онда Ақ Орда хандары медресе, мешіт, ханакалар мен кесене-
лер салған. Жошы ұлысы құлағаннан кейін Отырар Әмір Темір мемлекетінің 
құрамына кірді. Кейіннен Қазақ хандары мен Шайбани әулеті арасындағы 
көп жылға созылған күрестің нәтижесінде XVІ ғ. ІІ жартысында қазақтардың 
билігіне толық көшіп, XVІІІ ғ. басына дейін өмір сүрді.
1969 ж. Қазақстан Ғылым академиясы К.А. Ақышев басқарған Отырар 
археологиялық экспедициясы ұйымдастырылды. Онда қаланың тарихы, 
мәдени қабаттары мен архитектурасы археологиялық және жазба деректердің 
негізінде қайта қалпына келтірілді. Бұл қала туралы зерттеу еңбектері өте көп. 
Отырар Оңтүстік Қазақстан жepiнiң ipi сауда-қолөнер орталығы болып 
қалыптасты. Ол ұзақ уақыт бойы өздepiнiң даладағы дұшпандарынан Оты-
рар бeкінісінің бepiк дуалдарына кipiп жасырынған, Teмip ұрпақтарының, 
содан соң Шайбани ұрпақтарының Түркістан уәлаятында әкiмдepi отырған 
жер болды. Замандастары Отырардың басымдық жағдайын жақсы түciндi. 
Отырарды иелену бүкіл аймаққа билiк жүргізуді қамтамасыз eттi: «Оты-
рар тағы да Мұхаммед Шайбани ханның қолына түсті», – деп хабарлай-
ды «Тава-рих-и гузидаи нусрат наме» авторы. Енді ол бүкіл уәлаятты ба-
сып алады». Камал ад-дин Бинаи қазақ ханы Бұрындықтың XV ғасырдың 
аяғында Мұхаммед Шайбани ханның қолында болған Отырар бекінісін ұзақ 
уақыт қоршап, табысқа жете алмағанын жазады. Ибн Рузбихан отыз мың 
әcкepi бар Бұрындық ханды «осы бepiк қамалды жаулап алуға жан салды» 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
244
деп атап өткен. XV ғасырдың соңында аймақтың әкімшілік орталығы болған 
қаланың әскери-саяси маңызын сол дәуірдің тарихшылары түсіне білген.
XV-XVІ ғ. Қазақ хандығы үшін саяси, экономикалық, мәдени маңызға 
ие болған қала – Яссы (Түркістан) болды. XVІ ғ. соңында қала түпкілікті 
Түркістан деп аталады. Ол Қаратаудың оңтүстік бөктерінен 30 км жер-
де, Сырдария өзенінен шығысқа қарай 35 км қашықтықтағы тегіс жер-
де орналасқан қала. Түркістан XV-XVІ ғ. Мәуереннахр билеушілерінің 
әкімшілік орталығы болды. XVІІ ғ. бастап қала Қазақ хандығының аста-
насына айналады да, онда бүкіл саяси және мәдени, экономикалық өмір 
шоғырландырылады. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан бұл қала 
аймақтағы ірі сауда орталығы болды. Сонымен қатар Яссы ауқымды 
егіншілік өңірдің орталығы болды. 
Әмір Темірдің XIV-XV ғасырлар шебінде таңғажайып ғимарат – Түр-
кістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салдырғаны туралы материалдар көп. 
Кесене XVI ғасырда да адамдарды қайран қалдырған. Ибн Рузбихан ның айтуынша, 
бұл «төбeci көк тіреген күмбез тәрізді құрылыс» – «дүние жүзінде салынған 
керемет ғимараттардың және адамзат баласының ға жайып туындыларының 
бipi». «Қасиетті жер», «Екінші Мекке» деп санал ған Түркістанда Дешті Қып-
шақ хандары мен олардың отбасыларының мүшелері жерленеді. 
XIV-XV ғ. Темірдің бұйрығымен салынған бұл кесенені ЮНЕСКО әлем 
ескерткіштерінің тізіміне 2004 жылы енгізілді. 
Сайрам
­
қаласы өзенінің оң жағалауында, әкімшілік басқару жүйесі 
бойынша қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданындағы Сайрам 
селосының орнында орналасқан. 
Қаланы зерттеу ісі ХІХ ғ. соңынан қолға алынған. 1893-1894 ж. В.В. Бар - 
тольд, 1923-1936ж. П.П. Иванов, 1947-1951 ж. Оңтүстік Қазақ стан экспе-
дициясының жетекшісі А.Н. Бернштам зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Тарихшылардың көпшілігі Сайрам қаласын ежелгі Испиджаб қаласы-
мен сәйкестендіреді. 
ХІІІ ғ. дейін Сайрам (Испиджап) туралы мәліметтер өте көп кездеседі. 
Саяси, экономикалық, сауда-қолөнер орталығы болумен қатар, қала Х ға-
сырда мұсылман дінін сол аймаққа және Дешті Қыпшаққа тарату орталығы 
да болған. Ол Сыр бойы арқылы өтетін сауда жолының Моғолстанға кірер 
жеріндегі ірі сауда орталығы ретінде де маңызға ие болады. 
Археологиялық материалдар Сайрам өңірінде XV-XVI ғасырларда 
егіншіліктің дамығандығын дәлелдесе, жазба дерек мәліметтері бұл өңірдің 
аймақты астықпен және басқа да дәнді дақылдармен қамтамассыз еткендігі 
жөнінде қосымша деректер келтіреді. 
Сайрам өңірінің тамаша ауа-райы мен табиғатын ибн Рузбехан былай-
ша суреттейді: «Қала тегіс, ашық жерде орналасқан, өте сұлу және жаңа 
көрінеді. Ауасы өте таза, жүрекке тек қуаныш пен күш-қуат береді. Қала 
төңірегінде әр түрлі жеміс ағаштары өседі».
Сайрам тұрғындарының басым көпшілігі қолөнершілер болды. Онда 
түрлі шеберханалар, тоқыма және зергерлік заттар жасайтын ұстаханалар 
жұмыс істеді.


ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
245
Түркістан аймағының солтүстік-шығысында, қазіргі Оңтүстік Қазақ - 
стан облысы, Созақ ауданының орталығы Шолаққорған селосынан сол-
түстік-батысқа қарай 100 км жерде Созақ қаласы орналасқан. Ортағасыр-
лық Созақ қаласының тарихын А.Х. Марғұлан, Л.Б. Ерзакович, Агеева Е.И., 
Г.И. Пацевич және т.б. зерттеушілер зерттеген. Созақ қаласы мықты бекі -
ніс, әскери-стратегиялық маңызы ерекше болып есептелді. 
XV-XVI ғасырларда Аркук қаласының тарихын жазба деректердің 
негізінде қалпына келтіруге болады. Ол Сырдың сол жағалауында, өзеннен 
6-7 км жерде, аймақтың оңтүстігінде орналасқан. 
Ибн Рузбеханның «Михман наме-ий Бухара» еңбегінде «Аркук қа ма-
лының сипаттамасы» деген тарауда қала тарихын, географиялық орналасу-
ын сипаттап берген. 
Қала көлемі жағынан кішігірім болғанымен, егіншіліктің орталығы 
болды. Дерек мәліметтері бойынша Аркук ұзақ уақыт қоршауға шыдарлық 
мүмкіндігі бар қамал болған. Бұдан басқа Өзкент, Аққорған қала-қамал-
дарының Қазақ хандығының тарихында маңызды рөл атқарған. 
Қорыта келгенде XV-XVIІІ ғасырларда Қазақстан территориясында 
өмір сүрген қалалар Қазақ хандығының тарихында маңызды орынға ие 
болды. Осы қалаларды иеленіп, саяси және экономикалық тұрақтылықты 
сақтап отыру мақсатында Қазақ хандары Шайбани, Аштархани әулетімен 
бірнеше ғасырлар бойы соғысты. Әр қаланың тарихта өзіндік орны мен 
ерекшелігі, атқарған қызметі болды. 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау