Бақылаусұрақтары:
1. «Қазақ» атауымен «Қазақ хандығы» атауында қандай байланыс бар?
2. «Дешті Қыпшақ» атауымен «Қазақ хандығы» атауын байланыстыруға бола ма?
3. «Қазақ хандығы дәуірі» деген ұғымды қалай түсіндіресіз?
§5.Қазақжүздерітуралы
XV-XVIII ғасырлардағы Қазақстан тарихында әлі күнге дейін толық
шешімін таппаған күрделі мәселелер бар. Солардың біріне қазақ жүздеріне
қатысты мәселелер жатады. Бұл мәселеде «жүз» сөзі қандай мағына береді,
қазақ тарихына қатысты қай кезден бастап қолданыла бастаған деген
сұрақтарға жауап беру керек.
Н.А. Аристов, Г.Н. Потанин және Н.И. Гродеков секілді зерттеушілердің
пікірлері бойынша қазақтың үш жүзі бір адамның үш баласынан тараған.
І тарау. Қазақ хандығының деректік негіздері және қалыптасу кезеңдері
187
Н.И. Гродеков «Алаштың Байшора, Жаншора атты ұлдарынан Ұлы, Орта
және Кіші жүздерді» таратады
52
, Г.Н. Потанин «Қотан деген кісінің – Юсун,
Болат және Алшын атты үш ұлын жүздердің негізі ретінде көрсетеді
53
, ал
Н.А. Аристов «Қазақтарда жүздер XVIII ғасырдың басында пайда бол-
ды» деп жазады
54
. Келесі пікірлер тобына В.В. Вельяминов-Зерновтың,
М. Красовскийдің тұжырымдары бойынша қазақ жүздері XV-ХVI ғасырлар
шегінде Қазақ хандығының іргетасын қалаған үш ұлыстың негізінде пайда
болған
55
. Ш. Уәлиханов жүздердің шығуын Алтын Ордадағы «аласапыран»
кезеңімен байланыстырса
56
, В.В. Бартольд бұл құрылымды географиялық
ерекшеліктерге сай көшпелі мал шаруашылығының жағдайынан туындаған
салдар деп түсіндіреді
57
. М.Вяткин жүздердің пайда болуына экономикалық
ерекшеліктер мен саяси жағдайлар әсер еткен десе
58
, Т.И. Сұлтанов қазақ
жүздері шамамен XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыстық жүйенің ор-
нына келген деген болжам пікір айтады
59
.
С.А. Аманжолов пен Х.М. Әділгереевтің пікірлері бойынша үш жүз дің
қалыптасуы ерте түрік дәуірінен бастау алады да, шамамен, Х-ХІІ ғасыр-
ларда аяқталады
60
.
«Жүз» сөзінің анықтамасы жөнінде зерттеушілер арасында онша талас-
тартыс жоқ, керісінше ортақ пікір бар. «Жүз» сөзі – арабтың «джуз» сөзінен
шыққан, ол «бөлік», «бұтақ», «бөлшек» деген мағынаны білдіреді. «Жүз»
деп – «XV-XVI ғасырларда Қазақ хандығының аймақтық әкімшілік бөлігі
ретінде қалыптасқан тайпалық-рулық бірлестіктерді», «тайпалар одағын»
немесе «этникалық-территориялық бірлестіктерді» атаған
61
.
«Жүз» сөзінің анықтамасы оның мағынасын дұрыс түсінуге жол аша -
ды. Жүз – тайпалар одағы немесе ру-тайпалар бірлестігі болса, онда олар
біріккен тұтастықты көрсетеді. Қазақ халқының бір бөлігі белгілі бір терри -
ториядағы тайпалар одағын құраған болса, онда, «жүз» сөзі – «бөлік», «бөлшек»
деген мағынада қазақ халқының бір бөлігіне қатысты қолданылған.
Қазақ жүздерінің қалыптасуы XVI-XVII ғ. қазақ хандығының саяси та-
рихымен байланысты.
XV ғасырдың ортасында дүниеге келген Қазақ хандығы XVI ғасырдың
бірінші ширегінде атақты Қасым хан тұсында күшейіп алды, осыған сәйкес
қазақ халқының этникалық территориясы толығымен айқындала түсті,
52
Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы. – Ташкент, 1889.
53
Потанин Г.Н. Казак-киргизские и алтайские предания, легенды и сказки. – Петроград, 1917.
54
Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их
численности. – СПб., 1897. – С. 76.
55
Вельяминов-Зернов В.В. Исследования о Касимовских царях и царевичах.Ч.2. – СПб., 1864.
– С. 382-383; Красовский М. Материалы для географии и статистики России. Область Сибирских
киргизов. Ч.2. – СПб., 1868.
56
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. – Алма-Ата, 1961. – Т. 1. – С. 205.
57
Бартольд В.В. История изучения Востока в Европе и России. – Л., 1925. – С. 217.
58
Вяткин М. Очерки по истории Казахской ССР. – М., 1941. – С. 97-102.
59
Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в XV-XVII вв. – М., 1982. – С. 84-85.
60
Аманжолов С.А. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. – Алма-Ата, 1959. – С. 112-113;
Адильгерев Х.М. К истории образования казахского народа. – Қаз ССР ҒА Хабаршысы. – 1951. – №1
(70). – 85-86 б.
61
Арғынбаев Х.Л., Мұқанов М.С., Востров В.В. Қазақ шежіресі хақында. – Алматы, 2000. – 15-б.;
Қазақстан Ұлттық Энциклопеддия. – Алматы, 2002. – Т. 4. – 86 б.
ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
188
халықтың саны 1 миллионға дейін өсті. Ал батыс пен шығыстағы шекара-
лар Еділ мен Ертіс өзендері арқылы өтетін болды. Өкінішке орай, «Қасым
ханның қасқа жолы» деген атқа ие болған сол кезеңдегі заңдар топтамасы
бізге дейін жетпесе де, сол заңдарда елдің әкімшілік-басқару құрылымына
қатысты мәселелер көтерілген деп айтамыз. Өйткені Қазақ хандығы алғаш
рет қазақ халқының территориясын біріктіріп, қазақ ру-тайпаларының ба-
сын қосқандықтан, оны тиімді түрді басқару үшін әкімшілік жүйенің қажет
екендігі өзінен-өзі түсінікті еді. Қазақ хандығына дейінгі мемлекеттік
құрылымдар: Алтын Ордада, Ақ Ордада, Әбілқайыр хандығында әкімшілік
басқарудың ұлыстық жүйесі болғаны белгілі. Бұл мемлекеттер әлі де таза
ұлттық мемлекет деңгейіне көтеріле қоймағандықтан моңғолдар билігі тұ-
сында қалыптасқан әкімшілік құрылым бұларда негізінен сақталып қалды.
Ал Қазақ хандығы ұлттық сипаттағы мемлекет болғандықтан, мұнда бұрынғы
ХІІI-ХV ғасырлардағы көптеген жүйелер өзгерістерге ұшырайды. Мысалы,
хан тағын мұралану дәстүрі өзгеріп, Қазақ хандығы құрылғанынан бастап ол
әкеден ініге не немере бауырға өте бастады. Ал оған дейін моңғолдық дәстүр
бойынша тақ әкеден балаға ғана тиесілі болатын. Осындай өзгеріске түскен
дәстүрдің біріне жаңа әкімшілік басқару жүйесін, оның жаңаша атауы жата-
ды. ХІІІ ғасырдан бері Жошы Ұлысында оң қанат, сол қанат және орта де-
ген атаулармен әкімшілік жүйесінің таралғаны белгілі. Кейінірек ол «ұлыс»
деп аталады да, Қазақ хандығы кезінде тақ мұралану тәртібінің өзгергендігі
секілді, әкімшілік жүйенің жаңа атауы «жүз» деп атала бастайды.
Жүздердің жеке әкімшілік бірліктен саяси бірлік ретінде көрініс бере
бастауы орталық биліктің әлсіреуімен байланысты. XVI ғасырдың 20-
30 жылдарындағы хандықтың «уақытша әлсіреу» кезеңінде орталық би-
ліктің әлсіреуіне байланысты, шамамен, 1533-1538 жылдары Қазақ жерінде
үш хан пайда болады. Хандықтың батыс бөлігінде Ахмет хан (Қожа Ах-
мет хан), орталық бөлігінде Тоғым хан және оңтүстік-шығыста Бұйдаш хан
билік етеді. Аталған үш бөліктің әрқайсысының аумағы Ұлы, Орта және
Кіші жүздер аймақтарына сәйкес келеді. 1537-1538 жылдары үш бөліктегі
хандар бірінен соң бірі қайтыс болады да, көп ұзамай Қасым ханның
кіші ұлы Хақназар таққа отырады. Біздің ойымызша, Қазақ хандығының
XVI ғасырдың 20-30 жылдарындағы хандықтың «уақытша әлсіреуі» ке-
зеңінде пайда болған бөліктер болашақ Жүздерге негіз қалай бастаған.
Қазақ жүздерінің қалыптаса бастауы XVI ғасырдың 30-жылдары бай-
қалса, жүйе ХVІІ ғасыр басында қазақ қоғамында орнығып үлгереді.
Алайда «жүз» ұғымы Дешті Қыпшаққа, Қазақ хандығы территориясы-
на біртіндеп таралады және біртіндеп орнығады.
Бұрыннан Ұлыстарға, үлкенді-кішілі Ордаларға бөлініп әдеттенген
Қазақ хандығының территориясын жүздік әкімшілік құрылым негізінде
басқару ісі 1598 жылы Тәуекелдің орнына таққа отырған Есім хан тұсында
жүзеге асты деуге бо лады. Тәуекел ханның қайтыс болуы этникалық аумағы
қалыптасып болған қазақ қоғамын басқару үшін жаңа заңдар қабылдауға
мүмкіндік бермейді. Оны таққа ке лген Есім хан жүзеге асырады. «Есім
ханның ескі жолы» атты заңдар жинағында жаңа әкімшілік-басқару жүйе
І тарау. Қазақ хандығының деректік негіздері және қалыптасу кезеңдері
189
көрініс тапса керек. «Туған ағасы Тәуекел-бахадұр-ханның ақ өлімінен соң
ел билігін қолына алған Еңсегей бойлы Ер Есім хан ата тағына да, асқаралы
жұртына да лайықты тұлға болатын. Тәжірибелі қолбасы ғана емес, білікті
саясатшы. 1598 жылы күзде Бұқар әміршілерімен арада жасалған тиі-
мді бітім шартынан соң Есім хан Қазақ Ордасының сыртқы шекарасын
бекітумен қатар, оның ішкі жағдайын да әбден орнықтырады. «Есім ханның
ескі жолы» ата латын атақты заң желісі осы кезеңде қабылданған сияқты»
62
.
Жүз (орда) атауының жазба деректерде алғаш рет XVII ғасырдың ба-
сында кездеседі, бұл біздің ойымыздың дұрыс екенін көрсетеді. В.П. Юдин
«Қазақтардың үлкен ордасы» (Ұлы жүз) туралы мәліметтің алғаш рет
1616 жылы орыс деректерінде айтылатынын атап көрсеткен болатын
63
.
Ал енді Қазақ хандығының жаңа құрылымына біртіндеп қабылда ну -
ларына байланысты қазақ жүздері «Ұлы», «Орта», «Кіші» атауларын алды
деуге негіз бар. Біріншіден, С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сұлтанов Қазақ жүз -
дерінің ішінен алғаш Ұлы жүз Жетісуда құрылып, бұл жүйе біртіндеп ба-
тысқа жылжыса керек деген болжамды айтып отыр; Екіншіден, Қазақ жүз -
дерінің атауы «қазақ хандары билігі нің Қазақстан территориясында бір-
тіндеп таралуынан» туындауы мүмкін деген пікірді кезінде В.П. Юдин ай-
тып кеткен еді
64
. Дәл осы пікірді В.А. Мойсеев те қолдайды
65
. Қазақ жүз-
де рінің пайда болуын қазақтардың көшпелі қауымдастығымен байла ныс-
тырған М. Вяткин Ұлы жүздің осылай аталуының екі түрлі се бептері болуы
мүмкіндігін атап көрсетеді: оның ойынша, Жетісу өңірі «алғашқы көшпелі
қазақ қауымдастығының орны болғандықтан, сондай-ақ оның құрамына
кірген тайпалар (үйсіндер, қаңлылар, дулаттар, жалайырлар) Қазақстан
аумағындағы ежелгілер болғандықтан Үлкен Орда (Ұлы жүз) атанса ке-
рек»
66
. Мұнан байқайтынымыз М. Вяткин қазақтардың ғасырлар бойы қа-
лыптасқан ба сты-басты тұрақты жайылымдық аудандарының біртіндеп
саяси-шаруашылықтық маңызға ие болып, алғаш Ордаларға, онан соң Жүз-
дерге ұласқанын атап көрсетеді.
Қазақ хандығының Жетісу өңірін Үлкен Орда немесе Ұлы жүз ре-
тінде мойындауларының саяси алғышарты М. Вяткиннің ойынша, бұл «ау -
дандағы қазақ қоныстарының саяси жағынан Моғолстанға ауытқуға бейім-
ділігінен». Ол былай деп жазды: Сондықтан да «Хақназардың өзі де ХVІ ғ.
60-жылдарында-ақ осы ежелгі қазақ қоныстарын өзіне қосып алуға әре-
кеттер жасады»
67
. Ғалым бұрын Хақназар, кейіннен Тәуекел билік жүргізген
отырықшы аймақта – Сарысу өзені бойында және Сырдарияның төменгі
ағыстарында біртіндеп қазақ қоныстарының екінші орталығы – Орта Орда
(Жүз) айқындала түскенін, ал ХVІІ ғасырға қарай осы өңірден келесі – Кіші
62
Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы, 1995. – 58-б.
63
Материалы по истории казахских ханств ХV-ХҮІІІ веков (алда – МИКХ). – Алма-Ата: Наука, 1969.
– 242-243 б.
64
Юдин В.П. [Рецензия] // Известия АН КазССР. Сер. обществ. наук. – 1965. – №2. – С. 82. Рец. на кн.:
Мугинов А.М. Описание уйгурских рукописей Института народов Азии АН СССР. – М., 1962.
65
Мойсеев В.А. Джунгарское ханство и казахи (XVI-XVIII вв.). – Алма-Ата, 1991.
66
Вяткин М. Очерки по истории Казахской ССР. – Алма-Ата, 1941. – Т. 1. – С. 100.
67
Сонда, 99 б.
ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
190
Орданың (Жүздің) бөлініп шыққанын нақты фактілер мен дәлелдеп жаз-
ды. М. Вяткин, сондай-ақ Кіші жүздің қалыптасуы тек Ноғай Ор дасының
ыдырауының нәтижесінде ғана мүмкін болғанын ескертеді
68
.
Енді қазақ жүздерінің аумағы мен ол аумақтарда қоныстанған ру-
тайпаларға тоқталалық.
Қазақ халқының Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүзге енген ру-тай-
па лардан тұратыны белгілі. Ұлы жүз аумағына негізінен Қазақстанның
оңтүстік-шығыс бөлігі, Орта жүзге Орталық Қазақстан мен Солтүстік-
Шы ғыс Қазақстанның бір бөлегі, Кіші жүз аумағына Батыс Қазақстан,
Сырдарияның төменгі бойы, Арал теңізі жағалауы және Каспий маңы ой-
патының солтүстік бөлегі енген.
Халық аңызына сәйкес әр жүзде өмір сүретін тайпалардың бәрінің
ортақ жиынтық атауы болған. Жиынтық атау түп-аталардың есімдерімен
байланысты. Кіші жүздің тайпалары – Алшын, Орта жүз – Болат, Ұлы жүз
– Үйсін деп аталған.
Алғашында Кіші жүз әлімұлы мен байұлы деп аталатын екі бөліктен
тұрып, кейіннен оларға жетіру тайпалары қосылады. Сөйтіп Кіші жүз үш
үлкен тайпалар бірлестігінен тұрған. Ондағы тайпалар саны – 25. Байұлы
одағы 12 тайпадан тұрады. Олар мыналар – адай, алаша, байбақты, беріш,
ысық, жаппас, масқар, таз, есентемір, шеркеш, тана, қызылқұрт. Әлімұлы
тайпалары – 6, олар – қарасақал, қаракесек, кете, шөмекей, шекті мен төрт-
қара. Жетіру бірлестігіне – кердері, жағалбайлы, тама, табын, рамадан,
ке рейіт, телеу атты жеті тайпа енеді. Аңыз бойынша жетіру бірлестігінің
құрылуы Тәуке ханның тұсында, яғни XVII ғасырдың соңы-XVIIІ ғасырдың
басында жүзеге асқан.
Орта жүзге енген ірі тайпалар саны – 6, олар – қыпшақтар, арғындар,
найма ндар, қоңыраттар, керейлер және уақтар.
Ұлы жүздің тайпалары – 12, олар – қаңлы, жалайыр, шанышқылы,
шақшам, сіргелі, сары үйсін, ысты, ошақты, шапырашты, албан, суан және
дулат тайпалары.
XIX ғ. алғашқы жылдарындағы орыс деректері үш жүздің құрамындағы
ру-тайпалардың саны жөнінде мәліметтер береді. Г. Волконскийдің толық
емес мәліметтеріне қарағанда осы жылдары Үлкен ордада (Ұлы жүзде)
133 000 шаңырақ, Орта жүзде 159 000 шаңырақ, ал Кіші жүзде 165 700 ша-
ңырақ болған. Барлығы үш жүздегі шаңырақ саны 458 100-ге жеткен. Егерде
қазақтың әр отба сындағы адам санын орта есеппен 5-6 адам деп есептесек,
онда XIX ғ. басында қазақ халқының саны 2,3-2,7 млн адам болады.
Осылайша, қазақ жүздерінің қалыптасуы туралы жоғарыда айтыл ған-
дарды түйіндей келе, мынадай тұжырымдар жасауға болады.
1. Жүздік бірлестіктер бұрынғы ұлыстық басқару жүйесінің жаңа этно-
саяси ахуал жағдайында күрделі өзгеріске ұшыраған жаңа әкімшілік
үлгілері. Бұл көптеген ру-тайпаларды біріктірген қазақ халқының қалып-
тасуынан және оның ішкі, сыртқы саяси жағдайға сәйкес туындаған этно-
68
Сонда, 101-102 б.
І тарау. Қазақ хандығының деректік негіздері және қалыптасу кезеңдері
191
әкімшілік, саяси мәселелердің тікелей ықпалы етуімен туындаған мемле-
кеттің әкімшілік құрылым жүйесін көрсетеді.
2. Қазақ тіліндегі «жүз» сөзі арабтың «джуз» сөзінен алынған, аударма-
сы «бөлшек», «бөлік» деген мағына береді. Әрбір қазақ жүзі тұтас халықтың
«үлкен», «орта», «кіші» бөліктерін, бейнесін, түрін көрсетті. Бұлар тұтас
этностың бөліктері еді.
3. Жүздер бұрынғы Ордалар тәрізді қазақ рулары мен тайпаларының
басты-басты үш көшу аудандарында, орталықтарда топтасып өмірге келді.
Бұл көшпелі шаруашылық жағдайында әбден табиғи нәрсе еді. Алайда
жүздердің құрылуына экономикалық-шаруашылықтық факторлардан гөрі
ХVІ ғ. соңындағы – ХVІІ ғасыр басындағы ішкі-сыртқы саяси, тіптен әскери-
соғыстық факторлар басым әсер етті. Жаңа әкімшілік жүйе этнос ретінде
қазақ халқы қалыптасып үлгерген мерзімде орын алғандықтан халқымызды
іштен ажыратушы, ірітуші емес, қайта ел ретінде ұйыстырушы, топтасты-
рушы рөл атқарды.
4. Қазақты құраған рулар мен тайпалар сандаған ғасырлардан бері нақ-
ты көшу аудандарында шоғырлана көшіп жүргендіктен, шаруашылықтық-
территориялық мүдделер ортақ болғандықтан жоғарыдан қазақ ханда-
ры жасаған жүздік басқару құрылымын түсіністікпен қабылдады және
алғашқы күндерден бастап-ақ өздерін осы жүздік құрылымның табиғи заң-
ды мүшелері ретінде сезінді.
5. Жүздік басқару құрылымы Есім ханның ел басқаруының алғашқы
жылдарында орнықты деп айтуға негіз бар. Бұл жаңа жүйенің негізгі қа-
ғидалары бұрынғы ұлыстық (Ордалық) басқару ережелерін жаңа этно-саяси
ахуалға икемдеп негіздеген «Есімханның ескі жолында» көрініс тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |