Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет79/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

ІІІ
тарау
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

V

V
ІІІ ғ. БАСЫ)


ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
239
«Бадай әл-Вакаи» деген еңбектері және т.б. ортағасырлық қалалар туралы 
көптеген құнды мағлұматтар кездеседі.
Түркістан деп аталатын тарихи-географиялық термин орта ғасырлар 
деректерінде Мәуереннахр (Сырдария және Әмудария өзендерінің ара- 
лығы осылай аталған) мен Шығыс Дешті Қыпшақ (Қаратаудан Сырдария-
ның төменгі ағысы мен Аралдан солтүстікке қарай кесіп жатқан далалық 
кеңістік) арасында жатқан Орта Сырдария алабына қатысты айтылады, 
яғни оңтүстік-шығысында – Сайрам қаласынан оңтүстікке таман (Шым-
кент маңайында), Шыршық және Бадам аңғарларының су айырығымен 
және солтүстік-шығысында – Қаратау жотасымен шектелетін Сырдарияның 
сол жағалауын бойлай созылып жатқан тар өңір мен сол жағалауын бой-
лай жатқан кең өңірдің жері Түркістан деп аталған. XVI ғасырдағы автор 
Фазлаллах Ибн Рузбихан Исфахани оңтүстіктен, Самарқанд пен Бұха
-
радан осы аймаққа баратын жолдағы Түркістанның алғашқы бeкінісі не-
месе «Түркістанның шекаралық мекені» деп Аркөк қаласын атайды, ал 
Сығанақты ол солтүстіктегі «Түркістанның шекаралық мекені», Дешті 
Қып шақ шeгi сол жерден басталады деп санайды.
Аймақты бipiктipiп жатқан негіз Сырдария (сол кездің деректері бойынша 
– «Сейхун») өзені болған. Ибн Рузбихан XVI ғасырда пайда болған ертедегі 
Сыр атауын да көрсеткен: «Өзбектер мен моңғолдар оны «Сыр өзені» деп 
атайды». Қаратау беткейлерінен ағып шығатын көптеген шағын өзендермен 
қатар Сырдария аймақты сумен жабдықтаудың негізгі көзі болған. XVI ға-
сырдың басында аймақта қала және егіншілік өмірдің жоғары даму деңгейін 
аймақта болған Ибн Рузбихан Исфахани көзімен көрген адам ретінде былай 
деп куәландырған: «Түркістан елі белгілі өлкелер мен жерлердің бipi болып 
табылады... Түркістан Сейхун жағалауын бойлай орналасқан отыз бекіністен 
тұрады. Оның салалары мен тармақтарынан үлкен арықтар тарап жатыр, олар-
мен өңделген жерлер суарылады. Сейхун өзенінен шығарылған арналардың 
жағаларында аса биік қамалдар сияқты биік бекіністердің асқақтап тұраты-
ны сонша, өзендер жарып ағатын жұмақтың қуаныш-шаттығын паш eтiп 
тұрғандай». Ибн Рузбихан Исфахани Түркістан жазирасының құнарлығына, 
су мен көкөністің молдығына, «ауасы жұмсақ әpi жан сергітетін» тамаша кли-
матына басқа да көптеген сүйсінген сөздер арнаған.


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
240
Ибн Рузбихан осы аймақ пен «қазақтар елінде» болған кезінде, атап 
айтқанда, XV-XVI ғасырлар шебінде, Қазақ хандығының нығаюы дәуірінде 
ол айтқан «Түркістанның отыз бекінісінің» ең ipілері Сырдарияның оң жақ 
жағалауы мен оның салалары бойындағы Ясы (Түркістан), Отырар, Сай-
рам, Сауран, Сығанақ, Икан, оның сол жақ жағалауындағы Аркук, Үзкент, 
Аққорған, Қожан, Қаратаудың теріскей беткейіндегі Созақ, Құмкент қалалары 
бол ған. Сол кездің деректемелерінде қалалар мен қалашықтардың, бекіністер 
мен қыстақтардың жиырмадан астам атауы ауызға алынады (археологтар 
тапқан қала жұрттарының саны бұдан артық). Мәселен, Ясы қаласының 
төңірегіндегі үлкен егіншілік жазирасында орта ғасырлардағы авторлар Иқан, 
Қарнак, Йунка, Қарашоқ, Сура қалалары мен қыстақтарын айтады. Отырар 
өңірінде XV ғасырға дейін белгілі Шілік қыстағы болған. Сайрамға жақын 
жерде көпте ген қыстақтар арасынан Шымкент қалашығы (XVI ғасырдың 
аяғында Қарийа Шымкент «Зафар-намеде» аталған), төменіректе Арыста 
– Халадж-Қараспан (ол да XIV ғасырда белгілі, кейініректе, XVI ғасырда 
Қараспан деп аталғ ан), Жақанкент (Йақанкент) көтерілді. Жазбаша дерек-
тер Қаратау беткейлерінде Қарақұрым қонысы мен Жылан-Қарауыл бeкініci 
болғанын біледі. Орта ғасырлардағы авторлардың ізімен қaзipгi зерттеушілер 
өткен ғасырларда Қазақстанның оңтүстік аймағында өмip сүрген бұл елді 
мекендерді бірде қалалар, бірде қыстақтар қатарына қосады. Солай бола 
тұрса да, белгілі бip қонысты сол кездің авторлары бірде парсы тілді және 
түрік тілді деректерді қала немесе бекініс («шахр», «қала»; бұл соңғы сөз 
жергілікті түpiк говорына неғұрлым сәйкес келеді) дегенді білдіретін тер-
миндермен, бірде шағын қалашыққа немесе қыстаққа неғұрлым лайықты 
терминдермен (қасаба, балада, қарийа, дих) атаған. XIV-XVII ғасырлардағы 
Түркістанның елді мекендерінің мәртебесін анықтаудағы бұл бұлыңғыр - 
лықты олардың тіпті ең елеулілерінің көлемі шағын болумен де, қала мен
қыстақ арасындағы шаруа шылық міндетінің межеленбеуімен де түсіндіруге 
болады. «Түркістан бекінісерінің» жоғарыда аталғандарынан алғашқы бес- 
алтауын ғана нағыз қалалар, аймақтың мәдени және экономикалық орта-
лықтары деп атауға бо лады. Егер орта ғасырлардағы экономиканың шектеу-
лілігін, оның өзіндік сипатын, пайдалануға енгізілген табиғи ресурстар - 
дың, атап айтқанда егістіктің, сумен жабдықтау көздерінің жeткiлiкciздiгiн, 
оның үстіне халық санының біршама аз екендігін ескерер болсақ, мұндай 
шағын аймақ үшін бұл да аз емес.
Археологтардың анықтауы мен жазба деректердің мәліметтері бойынша 
Түркістан деп аталатын аймақта XIII-XVIIІ ғасырларда 30-ға жуық қалалар 
болған. Олар – Сығанақ, Сауран, Яссы (Түркістан), Отырар, Сайрам, Аркук, 
Үзгенд, Оксук-Зернук, Құйрық төбе, Қойған ата, Мейрам, Ишқан-Қарнақ, 
Құмкент, Баба-Ата, Тамды-Паркент, Шартөбе, Қарасман, Шауғар, Сауда-
кент, Иқан Бұзық-Аркук, Шаға, Бұзық-Шілік қала қамалдары. 
Солардың ішінде Сығанақ қаласы Ибн Рузбехан Исфаханидің «Михман 
наме-Бухаре» еңбегіне сүйенсек Дешті Қыпшақ пен Түркістан аймағының 
түйіскен жерінде орналасқан. Моңғол шапқыншылығы кезінде бүлінген 
қала, өзінің географиялық орналасу жағдайына байланысты тез қалпына 


ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
241
келтіріледі және XІV ғ. Ақ Орданың астанасы болады. Ақ Орда билеушілері 
Ерзен мен Орыс хандарының тұсында қалада көптеген жаңа ғимараттар 
салынып, көркейеді. Олар қалада мешіт-медреселер, тұрғын үй-жайлар 
салғызған. Абд ар-Раззақ Самарқандидің мәліметтеріне қарағанда, Барақ хан 
XV ғасырдың 20-жылдарында Teмip ұрпағы Ұлықбекке өзiнін Сығанаққа 
құқығы барын білдірген, өз дәмесін ол өзінің атасы Ұpұc хан қалада 
құрылыс салдырды деп дәлелдеген. Абд ат-Тамдахидің мәлімдеуінше, нақ 
әлгі Барақ хан Сығанаққа «жақсы қаруланған және қамал бұзғыш қару – тас 
атқыштармен жарақтандырылған қисапсыз көп әскер» апарған. Деректерде 
XV-XVI ғасырлардағы Түркістан қалаларының дамыған әскери құрылыстар 
жүйесі туралы хабарланады. Ұзақ уақыт қоршауға төтеп бере алатын бекініс 
құрылыстары соғыстар кезінде қиратылып, шеберлердің еңбегімен қайтадан 
қалпына келтіріліп отырған. XV-XVІ ғасырда ол саяси және экономикалық 
маңызын жоғалтпайды. 1446 жылдан бастап қала «Көшпелі өзбектер» мем-
лекетінің құрамына кіріп, астанасы болған. Әбілқайыр хандығы ыдырағанға 
дейін өзінің мәртебесін жоғалтпаған. Ибн Рузбиханның жазуы бойынша 
Әбілқайыр хан 1468 жылы осы Сығанақтың жанында жерленген. Оның
сипаттауы бойынша, хан күмбезі өте биік және күшті безендіріліп жасалған. 
Бұл кесенені зерттеушілер көк-кесене мовзолейі – Әбілқайырдың қабыры 
деп айтады.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау