Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет49/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Алмалық­қаласы,­1268­жыл
Қожа­Ахмет­Яссауи­кесенесі­күмбезі
Қожа­Ахмет­Яссауй­кесенесі
Будда­храмы.­Қалпына­келтірілген­


VI тарау. XIII-XV ғасырлардағы рухани және материалдық мәдениет
123
Талас өңіріндегі көне Тараз қаласы осы аймақтағы мәдени-экономика-
лық тұрғыдан маңызды да дамыған орталық болған. Тараз қаласының құ - 
рылысы, архитектурасы, сол замандағы ең көркем өнер шеберлігін көрсетеді. 
Атақты Айша-Бибі және Бабажы-Қатын кесенелері Тараз моншасы осының 
айғағы. ХІІ-ХІІІ ғ. қантөгіс соғыстар қаланы ауыр жағдайға жеткізді. 
XIV ғасырда Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Арыстан Баб кесе-
не кешені Отырардың бастысында үш шақырым жерде Сырдаря өзенінің 
бойында орналасқан. Кесене екі бөлмеден тұрады. Бөлмелердің ортасында 
дәліз бар. Кесененің үстінде орналасқан күмбез XVIII ғасырда жартылай 
қирап, ХІХ-ХХ ғасырларда қайта тұрғызылды. 
Түркістан қаласы қазіргі күнге дейін сақталған сәулет өнері ес керт кіш-
терімен танымал. XIV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың басындағы сәулет 
өнерінің ерекше туындысы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болып табылады. 
Жазба деректері бойынша кесене 1397 жылы Әмір Темірдің бұйрығымен 
салына бастаған. Әмірдің басты мақсаты Ахмет Яссауидың беделін пайда-
лана, діни тұлғаларды оңтүстікке тарта отырып, Түркістандағы өз билігін 
күшету болған. Сондықтан Әмір Темір сәулетшілерден Орта Азияда тең-
десі жоқ ғимарат тұрғызуды талап еткен. Солай болды да. Кесененің ау-
даны 46,5x65,5 м, биіктігі – 37,5 м. Екі күмбезді алып ғимарат шығысқа 
бағытталған. Дәл ортасында көлемі 18,5x18,5 м құрайтын кең зал салынған. 
Сонымен қатар кесенеде үлкенді-кішілі 35 бөлме бар. Орталық залдың 
ортасында 1399 жылы құйылған үлкен тайқазан бар. Мейрам күндері бұл 
қазанда ас дайындалып халыққа тегін таратылатын. Бөлмелердің қатарында 
кітапхана және атақты адамдар жерленген үлкен және кіші ақсарай бар. 
Кесененің сырты жылтыратылған кірпіш және майоликамен (түрлі-
түсті керамика) түрлі геометриялық, өрнек және эпиграфикалық оюлар са-
лынып қапталған. 
ХІІ-ХV ғ. Орта Азия мен Қазақстан қалаларының өміріндегі өрлеу 
кезеңі боды. Жаңа қалалар пайда болып, ескі қалалар үлкейе түсті. Қала 
жері рабадтар есебінен, яғни сауда-саттық кәсібі жүргізілетін базарлар мен 
керуен сарайлары есебінен кеңейе түсті.
XV ғасырға жататын Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі Ахмет Яссауи 
кесенесінен 60 метр шығысқа қарай орналасқан. Ол 5 бөлмеден тұрады. 
Қабір Ахмет Яссауи кесенесінің ішінде орналасып, онда Рабиға Сұлтан 
Бегім Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы екендігі және 1485 жылы қайтыс 
болғандығы жазылған. 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
124
Археологиялық қазбалар нәтижесінде осы кезеңдер аралығында Оты-
рарда екі не үш күмдезді кесенелер салына бастағаны анықталды. Сәулет 
өнерінің жаңалығы күмбездердің сыртын желкен қалпына келтіріп жүйелі 
қаптау болды.
Тараздың батыс ауданында Қарахан кесенесі бой көтерді. Б.П. Денике 
өзінің «Архитектурный орнамент Средней Азии» деген кітабында Қарахан 
кесенесінің бастапқы түрін ХІХ ғасырдың 50-жылдары сурет көмегімен 
анықтағанын айтады. Жалпы Қарахан кесенесі 1902 ж. қайта салынғанға 
дейінгі қалпын бейнелейтін үш фото сурет бар. 
Қарахан кесенесі туралы Түркістан әуесқой археология үйірмесінің 
мүшесі В. Панков «Бұл анау-мынау мазар емес, назар аударарлық ежелгі 
замандардың аса құнды ескерткіші. Сондай-ақ әсем қытай кірпішінен 
тұрғызылған бұл құрылыстың түзу әрі үйлесімді салынғандығына назар ау-
дардым. Ескерткіштің төменгі бөлігінде кірпіштерде крестер бейнеленген, 
биіктігі шамамен алты қадам», – деп жазған. Жоғарыда айтылған суреттер-
ден кесененің күмбезбен жабылғанын аңғаруға болады. Қос беті Айша бибі 
кесенесіне ұқсас болғанмен, кірпіштердің өрнектеліп калануы жағынан 
Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады.
Жоғарыда айтып кеткендей, ортағасырларда қалалармен жалпы мәде-
ниеттің дамыған кезеңі болды. Оның ішінде өнер саласы, музыка, би, ою-
өрнек, сурет салу, мүсіндер жасау т.б. Талас қаласынан табылған қабырғаға 
ойып салған өрнек өте шебер бейнеленген. Осының өзі әшекейленіп 
безендірілуі, салыну үлгісі Афрасиаб пен Варахша, сондай-ақ Самара мен 
Фустат сарайларының қабырғаларындағы өрнектердің салыну өнерінен ау-
майды. 
Дегенмен Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда бүгінгі күнге дейін аман
жеткен архитектуралық құрылыстар некен-саяқ. Көбі Ислам дәуіріндегі 
ортағасырға тән. Сондықтан да құрылыс өнерінің тарихын зерттеу, архи-
тектуралық көркем кескіндерді ашу, архитектураның даму заңдылықтарын 
зерделеу, көбіне-көп архитектуралық ескерткіштерге археологиялық зерт-
теу жүргізуге байланысты. 
XIII-XV ғасырлардағы қолданбалы өнер сәулет өнерімен тікелей байла-
нысты. Кез келген салтанатты ғимарат немесе архитектуралық кешен түрлі 
өрнектермен мұқият өңделген және безендірілген. Сондықтан көптеген 
үйлер, сарайлар, кесенелер және басқа да сәулет кешендері ортағасырлық 
қолөнершілер безендірген өнер туындылары ретінде көрінген.
XIV-XV ғасырларда арка, күмбез сияқты құрылымдарды пайдалану 
дамыды. Ерекше назар шаршы пішінді кірпіштерге аударылды. Кірпіштің 
бір жағы көк, көгілдір, ақ немесе жасыл түске боялған. Сондықтан мұндай 
кірпіштер ғимараттың сыртқы қабырғаларын қалау және қаптауда да пайда-
ланылды. Қабырғаларды безендіруде полихромды майолика тақтайшалары 
пайдаланылатын. Ғимараттың ішкі қабырғасын безендіруде релефті ою-
лар, жазбалар қолданылды. Қолданбалы өнер кеңінен Қожа Ахмет Яссауи,
Көк Кесене және Алаш хан кесенесінің құрылысына қолданылған. Орта-
ғасырлық құрылысшылар құрылыс материалына ерекше мән берді: сол 


VI тарау. XIII-XV ғасырлардағы рухани және материалдық мәдениет
125
кездің өзінде жасалған кірпіш және шыны бояуы сапасының арқасында 
қазірге дейін жетіп отыр.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау