Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94


тарау ХІІІ-ХV ғ. АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет51/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

тарау
ХІІІ-ХV ғ. АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ 
ЭТНОҮДЕРІСТЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ


VIІ тарау. XIII-XV ғ. алғашқы жартысындағы этноүдерістер және Қазақ халқының ...
127
Меркіттердің көп бөлігінің қыпшақтарға қарай жылжығандығын моң - 
ғол деректеріне сүйеніп, тарихшы З. Қинаятұлы былай деп жазады: «Шың-
ғыс хан Найман мен Меркіттің көзін жоймай тынбасқа бел буды. Ол 1204 
жылы Алтайға бет бұрған меркіттерді өкшелей қуа жүріп, Қам қойнауына 
қыстап шығады. 1205 сиыр жылы ерте көктемде аттанған ол Бұқтырма 
өзенінің бойында найман ханы Күшілік және Меркіт Тоқтабектің біріккен 
күшімен бетпе-бет келеді. Басынан бағы тайған Найман, Меркіттер бұл жо - 
лы да ойсырай жеңілді. Осы жолғы айқаста Тоқтабек адасқан оқ тиіп өледі. 
Тоқтабектің ұлдары Қуду, Шылауын, Құлтуғандар әке мәйітінің бетін жа-
сыруға мүмкіндігі болмай, оның тек кесілген басын қанжығалап Ойғыр 
қарлуқтары арқылы Қыпшақ даласына қарай тартады». Меркіттер Торғай 
өңіріндегі Ырғыз өзенінің бойына жетіп ат басын тірейді. 
Осылайша, ХІІ ғ. соңы – ХІІІ ғ. басындағы Моңғолия жеріндегі өз-
ара талас-тартыстарда жеңіліске ұшыраған меркіт тайпасының рулық бө-
лімшелері Дешті Қыпшаққа келіп паналайды. 
Дешті Қыпшақ аумағына көшіп келіп, 1216 жылы моңғолдар тарапынан 
қырғынға ұшыраса да, меркіттер толығымен жойылып кетпеді. Шыңғыс хан 
заманына дейін Моңғолия жеріндегі түрік тайпалары ішінде мықты, қуатты, 
жауынгер тайпалардың бірі болған меркіттер Шыңғыс ханмен күресте 
жеңіліп, біріншіден тайпалық құрылымынан айрылады да, қырғындарға 
ұшыратылады, жан-жаққа тарыдай шашылып, әр тайпа мен руларға ба-
рып қосылады. Екіншіден, Дешті Қыпшақ аумағына көшіп келгендер әр 
руға сіңісіп кетпей, өздерінің рулық дәрежесін сақтап қалады. Кейіннен 
олар ХІV ғасырлардағы Дешті Қыпшақтың этносаяси тарихына белсене 
араласып, «көшпелі өзбектер» атты 92 тайпаның құрамында кездеседі. Ал 
қазіргі кездегі қазақ шежіресінде меркіт атауы жеке тайпа немесе тайпалық 
бірлестік болмаса да, ру ретінде Керей тайпасының құрамында айтылады.
1219-1224 жылғы Шыңғыс хан бастаған моңғолжаулаушылығына 
дейін, яғни ХІІ ғ. соңы – ХІІІ ғ. басында Моңғолия жерінен қазіргі Қазақ-
стан аумағына қоныс аударған тайпалардың келесі бірі – наймандар болды. 
Наймандардың Моңғолия жеріндегі тарихы, олардың мемлекеті және Шы-
ңғыс ханмен күресі туралы жазба деректерде, сондай-ақ зерттеу еңбек терінде 
жақсы баяндалған. Наймандардың негізгі мекені шығысында Селенга мен 
Орхон өзендерінің жоғарғы ағысынан, батысында Тарбағатай тауына дейінгі, 
солтүстігінде Танну-Оладан оңтүстікте Алтай тауының жоталарына дейінгі 
жерлер болып, батыста қаңлылармен, солтүстікте қырғыздармен, шығыста 
кереит және меркіттермен шектесіп жатты. Наймандардың күшейген кезі 
Инанч Білге Бұқа хан тұсына сәйкес келеді. Рашид ад-Дин жазуы бойынша 
Инанч Білге Бұқа хан қайтыс болғаннан кейін, оның артында қалған екі ұлы 
Таян хан мен Бұйрық хан бір-бірімен араз болады. Шыңғыс ханның күшейіп, 
Моңғолия үстіртіндегі тайпаларды бірінен-соң бірін бағындырып, талқандап 
келе жатқан тұсында ағайынды екі найман ханының арасындағы қатынас та 
шиеленісе түседі. Бұл жағдайды Шыңғыс хан керемет пайдаланады.
Моңғолдардың найман ханы Таянмен шешуші шайқасы 1204 жылдың 
шілдесінің ортасында Наху Хон тауының бөктерінде өтеді. Наймандар 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
128
жағында Шыңғыс ханның қарсыластары: меркіттер, кереиттер, ойраттар,
жаджираттар болады, бірақ жаңа одақтың арасында бірлік пен өзара сенім-
діліктің болмауы, Шыңғыс ханның әскери шеберлігі мен қолданған әскери 
әдіс-тәсілдерінің артықшылығы оны жеңіске жеткізеді. 
Наймандар ұлысы Шыңғыс ханның бүкіл Моңғолия жеріндегі тай-
паларды бағындыру барысындағы ең соңғы, ең күшті қарсылас болатын. 
Найманды бағындыру арқылы Моңғол үстіртіндегі киіз туырлықты барлық 
халықтың басын біріктіру процесі аяқталды. 
Моңғолдардан жеңілген наймандардың бір бөлігі олардың үстемдігін 
мойындауға мәжбүр болса, екінші бір бөлігі батысқа қарай жылжиды. Олар 
қазіргі Қазақстанның шығысындағы Ертіс, Зайсан, Марқакөл маңына келіп 
орнығады. Үшінші бөлігі Күшілік ханмен ілесіп, Шығыс Түркістандағы 
қарақытай билеушісіне кетеді. 1212 жылы ол Жетісу мен Шығыс Түркі- 
с тандағы билікті иеленіп, наймандарды топтастыруға ұмтылады. 1218 жы-
лы моңғолдардың қолынан Күшілік өлтірілгенімен, наймандар бұл өңірге 
орнығып қалады. Кейіннен моңғол ұлыстары құрылған кезде наймандар 
Жошы, Шағатай және Үгедей ұлыстарында кездеседі. 
Осылайша, 1219-1224 жылдарға дейін Моңғолия жеріндегі билік үшін 
жүргізілген соғыстарда жеңіліс тапқан наймандар бірнеше бөлікке бөлініп 
кетіп, бір тобы Дешті Қыпшақтың шығыс бөлігіне, ал бір тобы Жетісу 
жеріне келіп орнығады. Наймандардың Дешті Қыпшаққа келесі бір орнығуы 
ұлыстардың құрылуы мен одан кейінгі ХІІІ ғ. 40-60 жылдарындағы тарихи 
дамулар барысында жалғасын табады. 
Моңғол жаулауына дейін Қазақстан аумағына келген наймандардың 
ерекшелігі сонда, олар меркіттер секілді рулық бірлікке дейін өз құрылым-
дарын жоғалтпады. Олар ұлыс дәрежесінен айырылса да, өздерінің тай-
палық бірлігін сақтап қалды. ХV ғасыр ортасында Қазақ хандығының құры-
луымен қазақ халқының қалыптасуы процесі аяқталғанда, басқа да тайпа-
лармен бірге Найман тайпасы да бұл үрдіске белсене араласады.
Моңғол жаулап алуына дейін Қазақстан аумағына Моңғолия жерінен 
қоныс аударған түрік тілдес тайпалардың бірі – керейттер болды. Олардың 
ХІ-ХІІ ғ. мекендеген жерлері Моңғол үстіртіндегі Селенга, Орхон, Керулен 
өзендерінің жоғарғы және орта ағыстары бойы болды. Батыста – найман-
дармен, шығыста – моңғол тайпаларымен, татарлармен, қоңыраттармен, 
ал солтүстікте меркіттермен, оңтүстікте онгуттармен (уақтармен) шек-
тескен керейттер ХІІ ғасырдың соңы мен ХІІІ ғасырдың басындағы бүкіл 
Моңғолия аумағындағы ең күшті және ең көп санды ұлыстардың біріне жат-
ты. Рашид ад-Дин керейттер жөнінде «олардың өз тайпаларынан шыққан 
атақты билеушілері болды, өз заманында олар басқа тайпаларға қарағанда 
үлкен күш пен қуатқа ие болды», – деп жаза келе, олардың Кераит, Джир-
кин, Конкаит, Сакаит, Тумаут және Албат атты жеті тайпадан тұратындығын 
хабарлайды.
Шыңғыс ханның Моңғолия жеріндегі тайпалардың басын біріктіру 
жолында 1179-1204 жылдары жүргізген күрестері мен соғыстарының же-
ңіспен аяқталуына сол тұстағы Кереит ханы Тоғырыл көп жәрдем береді. 


VIІ тарау. XIII-XV ғ. алғашқы жартысындағы этноүдерістер және Қазақ халқының ...
129
Тіпті, Шыңғыс ханды Кереит ханына қарыздар деуге болады. Шыңғыс хан
өзінен күшті қарсыласымен соғысу үшін Тоғырыл ханға арқа сүйеп жеңіс-
ке жетіп отырса, әбден күшейіп, Моңғолия жеріндегі елеулі саяси күшке 
айналғаннан кейін, кешегі одақтастарын бірте-бірте өзіне тәуелді ете ба-
стайды. Шыңғыс ханның мақсаты бүкіл Моңғолия жерінің жеке дара билеу-
шісі атану болғандықтан, кешегі одақтастармен соғысу болмай қоймайтын 
шара болды. «Соғыс керек болса, сылтау табылады» дегендей, Шыңғыс 
хан мен Тоғырыл хан арасындағы ашық соғысқа сылтаулар көп болатын.
Бірақ Шыңғыс хан өзіне қолайлы жағдайды күтеді. Шыңғыс ханның қарсы-
ласы Жамухамен Тоғырыл ханның жақындасуы Шыңғыс ханды соғысқа 
итермелейді. Магу Ундер деген жерде болған алғашқы шайқаста екі жақ 
бірін-бірі ала алмайды. Екінші шайқас 1203 жылы күзде, Езэгэр Ундур 
деген жерде өтіп, ол үш күн, үш түнге созылады да, ақыры Кереит ханы 
жеңіліп, ұлымен қашып кетеді. Ал кереит әскері Шыңғыс ханның билігін 
мойындайды. Тоғырыл хан мен оның ұлы Санкумның кейінгі тағдыры өте 
қайғылы аяқталады.
Билеушісінен айырылып, моңғолдарға бағынышты болған Кереит жұр - 
ты бірнеше бөлікке бөлінеді. Рашид ад-Дин бойынша 2003 жылғы жеңіліс-
тен кейін, кереиттер қашып кеткен. Кереиттердің бір бөлігі Кейік батыр
өзінің төрт ұлымен Шыңғыс ханға беріледі. З. Қинаятұлы «Олардың моң-
ғолби лігіндегі негізгі тобы Саян тауының сағасы, Ертіс, Еренқабырға, 
Алтайға дейінгі бұрынғы наймандардан босаған алқапқа ауа қоныстанып, 
Үйсін, Қаңлы, Қыпшақтармен қоян-қолтық келіп орналасты», – деп жазады.
Қазіргі кездегі қазақ халқының құрамындағы Жетірудың бірі – кереит-
терді М. Тынышпаев 1203 жылы Шыңғыс ханнан жеңіліп, бытыраған ке-
реиттердің тікелей ұрпақтары деп санайды. 
Сонымен, Моңғолия жерінде жеке ұлыс ретінде наймандар секілді өмір 
сүрген кереиттер ХІІІ ғасырдың алғашқы жылдары Шыңғыс ханнан жеңіліс 
тауып, өздерінің ұлыстық дәрежесінен айырылады. Олардың басым бөлігі 
Шыңғыс ханның билігін мойындаса, бір бөлігі Дешті Қыпшақ аумағына 
көшіп келеді.
Сөйтіп, олар меркіттер мен наймандар секілді 1219-1224 жылдардағы 
моңғолдар жаулап алушылығына дейін-ақ Дешті Қыпшақтың этникалық 
өміріне араласып кетеді.
Моңғолия аумағынан көшпелі тайпалардың келуінің келесі бір кезеңі
– 1219-1224 жылдардағы жаулап алудан кейінгі Қазақстан жерінде ұлыс-
тардың құрылуы мен Шыңғыс ханның ұлдарына қарамағындағы әскерлерді 
бөліп беруіне байланысты болады.
Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін және өз жұрты Моңғолияны төрт 
ұлына бөліп бергені белгілі. Үлкен ұлы Жошыға «Ертіс өзенінен батысқа 
қарайғы жерлер, «Қойлық пен Хорезм шекарасынан Саксин мен Булгардың 
татар аттарының тұяғы тиген жерлерге дейінгі орасан зор аймақ беріледі». 
Екінші ұлы Шағатайға Жетісудың бір бөлігі, Шығыс Түркістан және 
Мәуереннахр аймақтары, Үгедейге Батыс Моңғолия мен Жоғарғы Ертіс 
пен Тарбағатай аймақтары, ал кіші ұлы Төлейге Моңғолияның өзін береді. 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
130
Сондай-ақ кіші ұл бүкіл моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 
101 мыңын иеленсе, қалған үш ұлға 4 мыңнан тұратын әскер беріледі.
Қазіргі Қазақстанның көп бөлігі Жошы ұлысына еніп, оның орталығы 
Рашид ад-Диннің көрсетуі бойынша алғашқы кезде Ертісте болған.
Жошыға берілген 4 мыңдық моңғол әскері мынадай мыңдықтардан 
құралады: Мунгур мыңдығы – Сиджиут тайпасынан, Кингитай мыңдығы – 
кингит руынан, Хушитай мыңдығы мен Байку мыңдығы Хушин тайпасынан 
тұрған. Орта есеппен алғанда сол тұстағы әрбір отбасында 6-7 жан бар де-
сек, Жошыға бөлінген моңғол әскері мен олардың жанұяларындағы жалпы 
адамдар саны – 25-30 мыңдай болған.
Рашид ад-Дин бірінші кітабында жалпы саны 85 тайпа туралы құнды 
мәліметтер бар. Онда бұл тайпалар төрт топқа бөлінген. Бірінші топқа – 
Оғыз және Моңғолиядан тыс жерлерде өмір сүрген Түрік тайпалары жат-
қызылады, олардың саны – 30. Екінші топқа – 19 тайпа жатқызылып, ав тор
оларды түрік тайпалары, қазіргі кезде ғана олар моңғолдар деп аталатын-
дығын ескертеді. Үшінші топқа өздерінің дербес билеушісі болған түрік 
тілдес тайпаларды жатқызады. Ал қалған 27 тайпаны түріктер болса да, 
бұрыннан моңғолдеген атауды қабылдаған деп, оларды – Дарлекин және 
Нирун атты екі бөлікке жіктейді.
Рашид ад-Дин дарлекин тайпаларына Нукуз бен Қият тайпалары қал-
дықтарының Эргунэ-кунге (Аргун өзені) кетіп, сол жақта өсіп-өнген тобын 
жатқызса, Нирун тобы Дабун-Баян өлгеннен кейін оның әйелі Алан-Гоадан 
туылған ұлдардан тараған тайпалардан тұрады деп айтады. Шыңғыс хан 
руы бөржігін осы моңғолруларының Нирун тобына жатады.
Жошының қарамағына берілген Сиджиут тайпасының мыңдығы осы 
Нирунның құрамындағы тайпаның бөлігі. Рашид ад-Диннің уақытында 
сиджиуттар Алтын Ордадағы Тоқта ханның қарамағына еніп, Черкес атты 
Алтын Орда ханының бас әмірі осы тайпадан шыққан.
Келесі мыңдықты құраған Кингит тайпасы дарлекин тобына жатады. 
Хушин тайпасы да моңғолдың дарлекин атты бөлігіне жатады. Бұл тайпа 
Шыңғыс ханға адал болған және одан шыққан әмірлер Иранда Үгедейдің 
қоластында, Жошы ұлысында қызметтер атқарған». Көріп отырғанымыздай, 
Жошыға әкесі арғы тегі түркілік, бірақ бұрыннан моңғолдеп аталатын, 
дарлекин және нирун тобындағы тайпалардан тұратын мыңдықтарды бер-
ген. Өз кезегінде Жошы ұлысы да екі қанатқа бөлініп, сол қанатты оның 
үлкен ұлы Орда Ежен, оң қанатты Бату басқарады да, біріншісіне кингит 
пен хушин, екіншісіне – сиджиут пен хунши мыңдықтары тағы да бөлініп 
беріледі. Этникалық тұрғыдан қарағанда Шығыс Дешті Қыпшаққа келген 
бұл тайпалардың жергілікті жердегі этнопроцестерге тигізер әсерін теңізге 
тамған тамшы сумен теңеуге болады.
Қазақстанның оңтүстік-шығысы Жошы, Шағатай және Үгедей ұлыс - 
тарының түйіскен жері болып, Жетісудың үш бөлігі үш ұлысқа қараған-
дықтан, соңғы екі ұлысқа бөлінген тайпаларға да тоқталалық.
Шағатайға Рашид ад-Диннің жазғанындай, Барулас, Қоңырат, Жа-
лайыр, Найман тайпаларынан құралған 4 мыңдық, Үгедейге – Жалайыр, 


VIІ тарау. XIII-XV ғ. алғашқы жартысындағы этноүдерістер және Қазақ халқының ...
131
Сулдус және Конкоттан тайпаларынан тұратын мыңдықтар бөлініп беріледі. 
Бұл ұлыстарға бөлінген мыңдықтардың санын отбасымен қоса есептеген-
де, Жошы ұлысына бөлінгендермен бірдей. Бұлардың да жергілікті жердегі 
этникалық процестерге тигізген әсері өте төмен. Сан жағынан олар өте аз 
болғандықтан, көп ұзамай-ақ жалпы этноөмірге тез араласып, сіңісіп кетеді.
Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына моңғол тайпаларының келесі бір
келуі ХІІІ ғасырдың 40-60 жылдары аралығында өтеді. 
Бұл кезеңдегі тайпалардың бір орыннан екінші орынға, бір ұлыстан 
екінші ұлысқа қоныс аударуы, жылжуы деректерде арнайы түрде баяндал-
майды. Рашид ад-Диннің мынадай жазған бір дерегі ғана үшінші кезеңде 
тайпалардың қоныс аударғандығын дәлелдейді. Ол Жошы ұлысындағы төрт 
мыңдық тайпаның жайын баяндай келе, «[Одан басқа] алыс және жақын 
туыстардың арасындағы өзара қырқысулар кезінде [ака ва ини] олардың бір 
бөлігі сонда [Тоқтай мен Баянның иеліктеріне] кетеді». 
Шыңғыс ханның немерелері арасындағы қайшылық алғаш рет Бату 
мен Гүйік қаған ортасында басталып, ол 1248 жылы қағанның кенеттен 
қайтыс болуымен бейбіт аяқталады. Гүйіктен кейін таққа отырған Төлейдің 
ұлы Менгу қаған өзіне қастандық ұйымдастырды деген желеумен Гүйіктің 
әмірлері мен нойандарының 77-сін өлім жазасына кеседі. Менгу қаған қайтыс 
болғаннан кейін тақ үшін күрес оның екі інісі Құбылай мен Арығ-Бұқа 
арасында жүріп, біршама ұзаққа созылады және империяның көп бөлігін 
қамтиды. Бұл күреске Төлейдің ұлдарымен бірге Үгедейдің, Шағатайдың 
да ұрпақтары белсене араласады. Ақыры бұл күрес Моңғол империясының 
бірнеше дербес мемлекеттерге бөлініп кетуіне әкеп соқтырады.
ХІІІ ғасырдың 40-60 жылдардағы Моңғол империясындағы күрес-
тер дің көбі Жетісу, Мәуереннахр, Шығыс Түркістан аймақтарында өтеді.
Нәтижесінде жергі лікті тұрғындар көп зардап шегеді. Ал Жошы ұлысында 
бұл кезде саяси тұрақтылық бар болатын. Кейбір жошылық сұлтандар ғана
мысалы, Куинджи, Менгу Темір, Берке, Беркежар және тағы басқалары 
Үгедей мен Шағатай ұрпақтарының бірін қолдағаны болмаса, өз ұлысын-
да соғыс өр тінің тұтануына жол бермейді. Тұрақтылық сақталып отырған-
дықтан, Жошы ұлысына келіп паналағандар көбейе бастайды. Мысалы, 
Орда Еженнің ұрпағы Куинджидың ұлысына өз еркімен Үгедейдің ұрпағы 
Ширеки, Арығ-Бұқаның ұлы Букур келіп қосылады.
Жошы ұлысының шығыс бөлігі Үгедей ұлысымен оңтүстік бөлігі 
Шағатай ұлысымен шектесіп жатуы себепті, ол жақтағы қырқысулардың 
үздіксіз және шексіз болуы жергілікті тұрғындар мен көшпелі тайпалардың 
Жошы ұлысының шығыс бөлігіне немесе шығыс бөліктің сол тұстағы 
билеушісі Куинджидың қолына келуіне мәжбүрлейді. ХІІІ ғасырдың 40-
60 жылдары қырқысулар кезінде де қандай тайпалардың Шығыс Дешті 
Қыпшаққа келгендігін дөп басып айту қиын. Бірақ та шамамен Жалайыр, 
Қоңырат, Барулас, Сулдус және т.б. тайпалардың бөлімдері деуге болады. 
Өйткені бұл айтылған тайпалардан құралған мыңдықтар кезінде Үгедей 
мен Шағатайға үлестіріліп берілген болатын. 
Осылайша, ХІІІ ғасырдың 40-60 жылдары Жошы ұлысына көршілес 
ұлыстардағы соғыстар мен қырқыстар кезінде бірталай рулармен тайпа-


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
132
лардың бөліктері келіп қоныс тебеді. Бірақ та олардың саны өте аз болған-
дықтан, Шығыс Дешті Қыпшақтағы этнопроцестерге тез сіңісіп кетеді.
Қорыта келе, моңғол жаулаушылығы мен одан кейінгі жылдары Шы-
ғыс Дешті Қыпшақ аумағына Моңғолия аумағынан негізінен түрік, сонан 
соң моңғолтілдес тайпалар келіп қоныстанады. Олар сан жағынан өте аз 
болғандықтан, бүкіл аумақтағы этнопроцестерге қатынасады, бірақ оған 
ықпал ете алмайды. Көшіп келген тайпалар көп ұзамай-ақ бір-бірімен ара-
ласудың нәтижесінде ортақ этнониммен атала бастайды да, ХV ғасырдың 
ортасында қазақ этносының құрамына енеді. 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау