Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет57/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

І
тарау
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ДЕРЕКТІК НЕГІЗДЕРІ 
ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ


І тарау. Қазақ хандығының деректік негіздері және қалыптасу кезеңдері
161
ғаларды баяндайтын мынадай шығармалардың мәліметтері жатады. Олар 
мыналар: Масуд бен Осман Кухистанидың «Тарих-и Абулхайр-хани», Фаз-
лаллах ибн Рузбихан Исфаханидың «Михман наме Бухара», Захир ад-дин 
Мұхаммед Бабырдың «Бабыр-нама», Қадырғали Жалайрдың «Жылнама-
лар жинағы», Әбілғазының «Түрік шежіресі», Шах Махмуд Шорастың 
«Тарих» және тағы басқа шығармалар жатады. Бұл деректердегі мынадай
мәліметтердің: XV ғасыр ортасындағы Әбілқайыр хандығының ішкі және
сыртқы саяси жағдайы, «көшпелі өзбектердің» этникалық құрамы, 1457 жыл - 
ғы Әбілқайыр ханның қалмақтармен соғысы және оның қорытындысы, 
Моғолстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы, оның темір ұрпақтарымен 
қарым-қатынасы, Шахрух өлгеннен кейінгі жылдардағы (1447 жыл) Мәуе-
реннахрдағы қалыптасқан саяси жағдайлар және тағы сол сияқтылардың 
Қазақ хандығының құрылуына жанама түрде тигізер көмегі бар.
Жазба деректерден басқа халық ауыз әдебиетінің материалдарында да 
Қазақ хандығының құрылуы көрініс береді. «Ақжол бидің өлімі» жөніндегі 
тарихи аңыз – әңгімеде Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр ханнан 
бөлінуінің себептері, екі ханды қолдаған қазақ ру-тайпалары туралы құнды 
мәліметтер кездеседі.
Жалпы алғанда, Қазақ хандығының құрылуын мәселеге тікелей және 
жанама қатысты дерек мәліметтері мен ауыз әдебиетінің мәліметтерін бір-
бірімен толықтыра, салыстыра отырып қарастыру көп ғылыми нәтижеге 
қол жеткізеді. 
Қазақ хандығының құрылуы мәселесі тарих ғылымында XIX ғасырдың 
60-жылдарынан бері зерттелініп келеді.
­
Сол жылдардан қазіргі күндерге 
дейінгі 150 жылдай аралықта тарихшылар осы мәселені зерттеуде көп 
еңбек сіңірді, көптеген сұрақтарға жауап тапты, тақырыпқа қатысы бар тың 
мәселелерді күн тәртібіне көтерді. 
Шартты түрде мәселенің зерттелуін төрт тарихнамалық кезеңге бөлуге 
болады.
Бірінші тарихнамалық кезең – ХІХ ғасырдың 60-жылдарының ортасы 
мен ХХ ғасырдың 20-жылдарының соңы аралығын қамтиды. 1864 жылы 
В.В. Вельяминов-Зерновтың «Исследование о Касимовских царях и цареви-
чах» атты зерттеуінің екінші бөлімінің жарыққа шығуымен және онда алғаш 
рет Қазақ хандығының құрылуы жөнінде тарихи деректердің айналымға 
енгізілуімен мәселе тарих ғылымында күн тәртібіне қойылды деп санауға 
болады. Ал ХХ ғасырдың 30-жылдарына таман, Кеңес Одағында қоғамдық 
ғылымдарға маркстік-лениндік методологияның үстемдігі орнап, тарихқа 
таптық тұрғыда қараудың белең алуы тарих ғылымы үшін бір кезеңнің 
аяқталып, жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді. Соған байланысты біз 
қарастырып отырған мәселені зертттеу барысында да теориялық және 
методологиялық тұрғыда өзгерістер болады.
Мәселенің екінші тарихнамалық кезеңі ХХ ғасырдың 30-40 жылдары 
аралығын қамтиды. Бұл кезеңнің басты ерекшелігіне маркстік-лениндік 
методологияға сай барлық тарихи оқиғалар мен зерттеулер тек таптық 
тұрғыда қарастырылып, соған сай тұжырымдар мен қорытындылар жасал-


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
162
ды. Қазақ хандығының құрылуы мәселесі де осындай көзқарастар негізінде 
зерттеледі. 
Үшінші тарихнамалық кезең – сол ғасырдың 50-80 жылдары ара лығын 
қамтыды. Осы үшінші тарихнамалық кезеңнің басты ерекшелігі – та-
рих ғылымына идеологияның үстемдік құрған кезеңі болса да, мәселемен
осы жылдары арнайы мамандығы бар, кәсіби зерттеушілердің айналысуы 
жатады.
Қазақ хандығы құрылуының соңғы тарихнамалық кезеңіне өткен ға-
сырдың 90-жылдары мен қазіргі кезеңге дейінгі зерттеулерді жатқызамыз. 
Соңғы тарихнамалық кезеңнің басты ерекшелігі – бірнеше ондаған жыл-
дар бойы тарих ғылымына үстемдік келген идеологияның күшін жойып, 
тарих пен тарихи процестерді таптық тұрғыда емес, керісінше одан да кең 
ауқымды ұлттық мүдде тұрғысынан қарастырудың орныққаны жатады.
Бірінші тарихнамалық кезеңдегі зерттеулерге В.В. Вельяминов-Зер-
новтың, В.В. Радловтың, Н.А. Аристовтың, И.И. Крафтың, В.В. Бартольдтың, 
Ш. Құдайбердіұлының, Л.П. Чулошниковтың, М. Тынышбаевтың, Г.М. Грумм- 
Гржимайлоның зерттеулері жатады.
Осы кезеңдегі мәселенің зерттелуіне, оның негізгі бағыттары мен пі-
кірлері және тұжырымдарын былайша қорытындылауға болады:
– 1864 жылы В.В. Вельяминов-Зернов еңбегінің екінші бөлімі жарыққа 
шығуымен және онда Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Ра-
шиди» еңбегіндегі мәліметтердің орыс тіліне аударылып ғылыми 
айналымға енгізілуімен Қазақ хандығының құрылу тарихы мәселесі 
күн тәртібіне қойылады;
– деректе айтылатын Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр хан-
нан бөлініп, Моғолстанға келуі – Қазақ хандығының құрылуындағы 
басты оқиға ретінде қабылданды, оны ешбір зерттеуші теріске шы-
ғармайды;
– Шәкәрім Құдайбердіұлының ғылыми айналымға енгізген ауызша 
мәліметі Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі схемамен сәйкес 
келіп, оны мазмұндық жағынан байыта, толықтыра түседі;
– ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейін хандықтың құрылуын зерт теу -
шілер «Қазақ Одағы» деп атап, одан әрі саяси, әрі этникалық мән дер 
берсе, М. Тынышбаев оны «Қазақ хандығының қалыптасуы» және 
«Қазақ хандығының құрылуы» деген сөздермен өзгертіп, «Қазақ 
одағын» жіктейді;
– Қазақ хандығының құрылуы мәселесі осы тарихнамалық кезеңнің 
соңына таман жалпы мәселелер шеңберінен шығарылып, жеке та-
қырыпқа айналады;
– Қазақ хандығының құрылуы жалпы алғанда Алтын Ордасының та-
рихымен, нақты алғанда оның бір бөлігі болып саналатын Шибан 
Ұлысының ыдырауымен тікелей байлаыстырады (М. Тынышбаев);
– Керей мен Жәнібек хандарды қолдаған ру-тайпалар бір сәтте құрыл-
маған, олар бөлініске дейін бірнеше ондаған жылдар бұрын пайда 
болған (М. Тынышбаев).


І тарау. Қазақ хандығының деректік негіздері және қалыптасу кезеңдері
163
– Хандықтың құрылған жылы деп кезінде В.В. Вельяминов-Зерновтың 
шамамен шартты түрде ұсынған 1456 жылы осы тарихнамалық ке-
зеңде «Тарих-и Рашидидің» дерегі ретінде қабылдана бастайды да, 
барлық зерттеушілер осы жылды нақты атап көрсете бастайды.
– Осы тарихнамалық кезеңде ортағасырлық дерек мәліметтерінің бір - 
талайының ғылымға белгісіз болуы себепті Қазақ хандығының құ-
рылу тарихына қатысы бар бірнеше оқиғалардың даталары қате 
беріледі. Олар мыналар: а) Әбілқайыр ханның қалмақтардан жеңілісі 
1452, 1456 жылдары болған делінеді; ә) Әбілқайыр ханның қайтыс 
болған жылы – 1465-66 жыл деп түсіндіріледі.
Жалпы, осы кезеңдегі зерттеушілер Қазақ хандығының құрылуы та-
рихнамасының іргесін берік қалыптастырады. Әлі күнге дейін осы бірінші 
кезеңдегі тарихнамалық пікірлер мен тұжырымдардың көбі өздерінің ғы-
лыми құндылықтарын жоғалтпай келе жатыр.
Қазақ хандығы құрылуының тарихнамасындағы екінші кезеңде
С.Д. Асфендияров, П.А. Кунте, П.М. Вяткин және 1943 жылғы «Қазақ 
ССР тарихы» кітабының авторлары өз пікірлерін жаңа концепция негізінде 
ұсынса да, олардың еңбектері, кейбір тұжырымдары мәселенің жалпы 
зерттелуінде алға басушылықты, деректік базаның кеңейгендігін көрсетеді.
Қазақ хандығының құрылуының үшінші тарихнамалық кезеңінде
А.А. Семенов, П.П. Иванов, С.К. Ибрагимов, К.И. Петров, М.Г. Сафарга-
лиев, В.П. Юдин, К.А. Пищулина, Т.И. Сұлтанов, М.Қ. Әбусейтова секілді 
белгілі шығыстанушы-ғалымдар мәселені терең зерттеуге күш салады. 
Олардың пікірлері мен тұжырымдары мәселенің тарихнамалық базасын 
кеңейтіп, байыта түседі.


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
164
Қазақ хандығының құрылуының тарихнамасындағы қазіргі кезең 
1991 жылдан басталып, күні бүгінге дейін жалғасуда. Осы кезеңде Қазақ 
хандығының құрылуы мәселелері бұған дейінгі тарихнамалық кезеңде 
есімдері аталған Т.И. Сұлтанов, К.А. Пищулина, М.Х. Әбусейтовалардың 
зерттеулерінде жалғаса берсе, олардың қатары өткен ғасырдың 90-жылда-
рынан бастап жаңа есімдермен толыға түседі. Ә. Хасенов, С. Жолдасбайұлы, 
З. Қинаятұлы, Б. Кәрібаев сынды тарихшылар өз зерттеулерінде тың ойлар 
мен пікірлер айтып, мәселенің тарихнамасын байыта түседі.
Қорыта келе, бір жарым ғасырлық уақытқа созылған тарихнамада Қа-
зақ хандығының құрылу мәселесі жай пікірлерден кең ауқымды тақырып - 
тың біріне айналып, академиялық басылымдарда тарау немесе тарауша
көлемінде қарастырылады. Алғашқы тарихнамалық кезеңнен соңғы тарих-
намалық кезеңге дейін мәселені зерттеу кең және терең түрде жүргізіледі. 
Мәселенің деректік негіздері мен зерттелу тарихы, алғышарттары, себептері, 
құрылу барысы, болған уақыты, ол жөніндегі пікір-таластар, маңызы және 
басқа айтылған ой-пікірлер мен тұжырымдар – 150 жылдай уақыт ішіндегі 
тарихнамалық жетістіктерін көрсетеді.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау