ТөлебиҚазыбекбиӘйтекеби
ІV тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
289
Би-шешендер шығармашылығы. Қазақ халқының даналық сөзінің қай -
нар көзі билердің өсиеттері болып табылады. Шешендік өнер көшпелі
өркениеттің мұрасы болды. Орақ тілді билер қазақ қоғамында басты қыз-
меті идеялық-адами құндылықтарды қалыптастыру болды. Қазақтың төбе
билері: Төле би, Қазыбек би, Айтеке би.
Төле Әлібекұлы
(1663-1756) 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы
Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Қа зақ -
тың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, «Жеті жарғыны» жа-
саушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан
мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауа -
сарұлының «Түп-тұқияннан өзіме дейін» кітабынан). Яғни Есім хан тұсын -
дағы, халық аузында «Есім ханның ескі жолы» атанып кеткен қазақ халқы-
ның заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық
негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен
қайраткер. Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін
жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жа-
сынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен ше-
шендік өнері арқасында таныла бастайды. Төле би Қаз дауысты Қазыбек,
Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп көтеруге, үш жүздің ұлыстарын
бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға,
жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек
халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге
асыруға қатынасты. Тәуке хан Төле биді Ұлы жүздің бас биі еткен. Төле
би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының
дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын Жеті жарғының
қабылдануына атсалысты. Ордабасы жиыны кезінде Төле би басшылық
жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беру-
ге ұйытқы болды. Төле би хан, сұлтандардың, бектер мен билердің өзара
қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін
сезініп, татулықты жақтады. Оны елге танымал «Елге бай құт емес, би құт»
дейтін қанатты сөзі айқын аңғартады. Ұлы жүз ханы Жолбарыс өлгеннен
кейін Төле би алты жыл бойы Ташкентті басқарған. Ол 1756 жылы қазіргі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы аумағында болған Ақбұрхан ор-
дада өмірден озды. Ташкенттегі Қарлығаш бидің кесенесінде жерленген.
Қаз дауысты Қазыбек 1667 жылы Сыр өңірінің Түркістан атырабында
дүниеге келген. 1764 жылы Қарағанды облысының Семізбұғы мекенінен
шамасы 16-18 шақырым қашықтықта Далба тауының түстік беткейінің
Қарағайлы бұлақ деген жердегі жайлауында 97 жасында қыс айларының
басында өмірден озған. Оның мүрдесін ақ жуып, арулап, былғарыға тігіп,
қыс бойы төрт таған тасқа орнатылған сөренің үстіндегі киіз үйде аманат
ретінде сақтап, көктем шыға үлкен ұлы Бекболат бастаған Арқаның 40 ба -
тыры мен ел ағалары қасиетті Түркістанға жеткізіп, әулие Кожа Ахмет
Йассауи сағанасына жерлеген. Қаз дауысты Қазыбектің шыққан арғы тегі –
Арғын тайпасының Қаракесек аталып кеткен Болатқожа елі, бергісі – қазақ
халқына аты мәлім Шаншар абыз. Келдібекұлы Қазыбектің өзі туралы
ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
290
ел аузында сақталған аңыз-әңгімелер мен бидің өзінен жеткен шешендік
сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен
салт-дәстүрін ата жолы заңдарын мейлінше меңгерген, озық ойлы, әділ де
көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын көрсетеді. Тәуке ханның
(1680-1718) Қаз дауысты Қазыбекті Орта жүздің бас биі етіп тағайындауына
оның осы қасиеттері негіз болса керек. Қазыбек би әз-Тәуке тұсында хан
кеңесінің белді мүшелерінің бірі, кейін Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел
басқарған кезеңдерде хандықты басқару ісіне жиі араласқан, ішкі-сыртқы
саясатта хандарға ақыл-кеңес беріп отырған терең ойлы би болды.
Бұл тұжырымды Сібір губернаторы міндетін атқарушы генерал-майор
Фрауендорфтың Ресейдің сыртқы істер алқасына (коллегиясына) 1753 ж.
11 наурызда жазған мәлімдеме хатындағы пікірі толықтыра түседі. Осы де-
ректе: «Қазыбек би бүкіл Орта жүздегі ең басты би болып табылады.Оған
Әбілмәмбет ханның өзі, сондай-ақ Абылай сұлтан, басқа да ұлыстардың
сұлтандары мен ел ағалары әрқашан да келіп, әр түрлі кеңестер алады, тіпті
Қазыбек бидің келісімінсіз Орта жүзде бірде-бір маңызды мәселе шешіл-
мейді екен», – деп жазылған. Қаз дауысты Қазыбек мемлекет істерімен
қатар, ру ішінде немесе ру аралық, сұлтандар арасындағы кикілжің тар-
тыстарға да әділ билігін айтып отырған. Ел ішінде қара қылды қақ жарған,
алты алаштың ардағы аталған Қаз дауысты Қазыбек бидің бұл Орта жүз
бен Кіші жүз араларын ушықтырмай, мәмілеге келтіру арқылы олардың
бірлігін сақтауды мақсат еткен даналығын көрсетеді. Қаз дауысты Қазыбек
өмір сүрген талас-тартыс пен дауға толы күрделі заманда оның Қазақ
хандығының ішкі саясатында атқарған қызметінің басты мақсаты қазақ
елінің бірлігі мен ынтымағын сақтап, бір орталыққа біріккен мемлекет-
тігін нығайта түсу болған.
1644 жылы 23 наурызда Өзбекстанның Қаз-
бибі тауында, Қызылша ауылында дүниеге келген
Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауат ашқан.
Шешендік қасиеті әкесі Байбек пен Қосуақ бидің
ықпалынан болған. Жеті жасынан бастап Әйтекені
аталары Ақша хан мен Жалаңтөс баһадүр өз тәр-
биелеріне алады. Ол Самарқандағы Ұлықбек мед-
ресесінде оқып, оны бітірген соң, ел басқару ісіне
араласады. Тілге шешен, істе шебер Әйтеке 21 жа-
сында бүкіл Бұхара мен Самарқан төңірегіндегі қа-
зақ, өзбек, қарақалпақ құрама жұртының бас биі бо -
лады. 25 жасында барша Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. Әй-
текенің атсалысуымен 1680 жылы Салқам Жәңгірдің кіші баласы Тәуке хан
болып сайланады да, ол шешенді ресми түрде айрықша құқылы «Хан
кеңесінің» мүшесі жасайды. Осы кезде жаңа заң үлгісіндегі «Жеті жарғы»
қабылданады. Әйтеке шешен «қара қылды қақ жарған әділ» ғана емес,
жоңғарлармен ұрыстарда қол бастаған батыр да болған. 1685 жылы Нұр-
ата маңына шабуыл жасаған Қалдан Бошақтының он мың жасағына бес
мың қол әскерімен қарсы аттанған. Қырғын соғыс бір күнге созылады.
ІV тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
291
Әйтекеге Самарқаннан, Бұқарадан қалың әскер көмекке келе жатыр де-
ген қауесетті естіп, Қалдан Бошақты Сайрам төңірегіне шегініп кетеді.
Сайрам талқандалып, ендігі жиын Күлтөбеде емес, Түркістанда өтетін
болады. Қазақ сахарасына көз тіккен көрші елдерден қауіптенген Әйтеке
1698-1699 жылдары жиында бірнеше ұтымды ұсыныстар жасайды: шекара
аймақтарында өз жасақтарымызды ұстау; қару-жарақты көптеп сатып алу
және оған қаражатты ауқатты адамдардан жинау; қазақ жасағын басқаратын
қолбасшының қарадан шыққан шешен, көсем, батыр және елшілік жұ-
мысты жақсы білетін адам болуы және оны Ресей, Қытай, Түркия не-
месе Еуропа елдерінің бірінде оқытып алу. Бұл Әйтекенің мемлекеттік
саяси мәселелердегі көрегендігін көрсеткен еді. Ел аузында Әйтеке би
айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар мен баталар, ол туралы аңыз-
әңгімелер, жырлар көп сақталған.
Қазақ халқының ұлттық сөз өнері, әуендік-өлең мәдениеті және қол-
данбалы өнерінің ерекшелігі дүниетанымына және әлемді қабылдау сезіміне
ықпал етуімен қатар, оған қатысты ерекше түсінік қалыптастырды. «Өнер
алды – қызыл тіл» ұғымы, сөз шеберлігіне қарай баға беру және оны дәріптеу
орын алған. Қазақ тілінің қалыптасу кезеңіндегі бейнелеп, әсерлеп сөйлеу
өнерінің қазақ тілінің байытуға өз ықпалын тигізді. Ұрпақтар арасындағы
сабақтастық ауызша дәстүр арқылы жалғасты аңыз, әңгіме қисса, эпостық
жырлар мен шежіренің қазақтың рухани мәдениетіндегі алатын орны ерек-
ше болды. Қазақ халқының тарихи санасының қалыптасуында ұлттық
кейіпкерлер, батырлар мен парасатты тұлғаларды танып білу және «Жеті
ата» приниципі бойынша рулық байланысты дәріптеудің қалыптасуы қатар
жүрді. Идеология мен дүниетанмын қалыптастырды. Қазақ халқының сана-
сезімінің бірегейлігі үш жүздің өзара байланысы рухани-генеалогиялық
тұрғыдан қабылданып және әулиелерді пір тұту түсінігі қалыптасты.
Халықтық білім, салт-дәстүр көшпелі өркениеттің тұтас жалғасы болды.
Әлем мен әлеуметті байланыстыратын киіз үйі, өмір сүру кеңістігіндегі
әдеттік құқық, этикет және тыйым салынған іс-әрекеттер қазақ қоғамынын
өзара ішкі жағынан байланыстырып тұрды. Рухани салт жоралары, байла-
ныстыратын әскери-спорттық ұлттық ойындар мен ұлттық мерекелердің
көрінісіндегі түрлі шаралар: айтыс, дәстүрлі ас мәзірі, оның түсінігіне мән
берілді. Наурызды тойлау. Жақсылық пен жамандық арасындағы рухани тар-
ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
292
тысты сипаттауға исламның ықпалы басым болды. Ислам дінінің мереке-
лері қазақ халқын мұсылман әлемімен өзара байланыстырды. Сонымен
қатар көшпелі өркениетттің рухани мұрагері ретінде табиғаттың күшіне
сенімі, отқа, суға, жануар және құс әлеміне қатысты дүниетанымын сақтап
қалды. Осыған байланысты түрлі ұғымдар мен түсініктер қалыптасты.
Жылдық жануарлар күнтізбесі мүшел мен қатар хиджра қатар қолданылды.
Дәстүрлі медицинадағы бақсылық ерекше орын алды.
Қазақ дәстүрінің орталықтандыратын белгі – ислам діні болды. Руха -
ни мәдениетте өмір сүру, танымдық, бейнесаптау, өркениеттік, реттеу ші-
лік, біріктіруші және қорғаушы
қызметті атқарды. Қазақ қоға мын -
дағы суннит, ханафит мазха бы ның
ұстауының тарихи астары бол ды.
Исламның бес шартының орын-
далуына қатысты көптеген зерт-
теулерде мағлұматтар сақталды.
Мұсылмандық шығар малар-
ды: Захириддин Мұхаммед Бабыр,
М.Х. Дулати, Қ. Жалайыри, Әбіл-
ғазы Баһадүр қалдарды.
Захириддин Мұхаммед Бабыр – көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты
қолбасшы, сонымен бірге ғажайып өлең-жырлар жазып қалдырған лирик
ақын, дарынды жазушы, ғұлама ғалым, атақты тарихшы. Ол 1483 жылы
14 ақпанда Әндіжан қаласында туылған. Бабырдың әкесі Омар Шейх
– әйгілі Әмір Темірге туажат болып келеді. Шешесі – шағатай әулетінен
шыққан Жүніс ханның бәйбішесінен туылған екінші қыз – Құтлық Ни-
гар ханым болған. Жүніс ханның тұңғыш қызы – Михр Нигар ханым, ал
кенже қызы – Хуб Нигар ханым – қазақтың белгілі тарихшысы Мұхаммед
Хайдар Дулатидың анасы екені мәлім. Қазақ ханы Сұлтан Ахмет, яғни
Алаша хан осы Жүніс ханның екінші әйелі – Шаһ бегімнен туылған. Жас-
тайынан өнерге, білімге құштар болған Бабыр түркі тілдерімен қатар араб
және парсы тілдерін жете меңгеріп, Шығыстың классикалық поэзиясынан
еркін сусындаған, тарих, филосо фия, табиғаттану ғылымдары бойынша,
сондай-ақ сәулетшілік (архитектура) және соғыс өнері бойынша өз зама-
нына лайықты едәуір білім алған жан. Ер жүрек батырлығы үшін оны бала
кезден-ақ Бабыр (арабша «бабур» – «арыстан» деген сөз) деп атап кеткен.
Әкесі қайтыс болғаннан кейін он екі жасар Бабыр Ферғана уәлаятының
әмірі болып, таққа отырды. Бұл – қылыштың күшімен Әмір Темір құрған
мемлекеттің іштей әбден ыдырап, әмірші ұрпақтарының билік үшін күнде
өзара қырық пышақ болып соғысып жатқан кезі еді. Бабырдың мақсаты –
Әмудария мен Сырдария аралығында, яғни Мауереннахрда бір орталыққа
бағынатын қуатты мемлекет құру болды. Сол арманына жету үшін көп
жылдар бойы әрекет жасап, талай суыт жорықтарға аттанады. Бірақ оны-
сынан нәтиже шықпайды. Ақыры Шайбани хан бастаған ру-тайпалардың
тегеуірініне төтеп бере алмаған Бабыр өзіне сенімді бір топ нөкерлерімен
ІV тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
293
Ауғанстанға кетеді. Сосын одан әрі Үндістанға қарай бет алады. 1525 жы -
лы ол Дели сұлтаны Ибрагим Лодидің әскерін быт-шыт етіп жеңеді. Сөй-
тіп, Бабыр Үндістан билеушісі болады. Үш жүз жыл бойы, яғни XIX ға-
сырдың бас кезіне дейін (Үндістанды ағылшындар жаулап алғанға дейін)
өмір сүріп келген Ұлы Моғол империясының (1526-1858 ж.) негізін қалаған
мемлекет қайраткері ретінде Бабырдың есімі тарихтан жақсы мәлім. Бабыр
1530 жылғы желтоқсанның 26 жұлдызында Үндістанның сол кездегі аста-
насы Агра қаласындағы өзі салдырған Зарафшан деп аталатын бау-бақшалы
мекенжайда қайтыс болады. Бабырдың өсиеті бойынша оның сүйегін Ка-
бул қаласының маңындағы Шердарваза тауының етегіне жерлейді. Бабырға
ғажайып ескерткіш-мавзолей салады. Бұл жер қазір «Бағ-и Бабыр» деп
аталады. Бабырдың артында қалған еңбектердің ішінде «Бабыр-наманың»
орны ерекше. 1526-1530 жылдары көне түркі тілінде жазылған «Бабыр-
нама» бір жағынан тарихи деректерге толы тарихи туынды болса, екінші
жағынан, көркем тілмен жазылған әдеби шығарма да. Мұнда ең алды-
мен, Бабырдың өз тұлғасы жарқырап көрінеді. Шығарма оның өзінің, өзі
құрған империяның өмірбаяның ғана емес, сонымен бірге Темір әулетінің
билік құрған ұрпақтары, XV-XVI ғасырлардағы Орталық Азия, Ауғанстан,
Пәкстан, Үндістан жайлы да егжей-тегжейлі баяндалады. Әсіресе өзі туып
өскен Ферғана, билік құрған өлкесіндегі Кабул, Солт, Шаш, Бұқара, Самар-
қанд, Ақсикент, оның көркем табиғаты, жергілікті халықтардың тұрмыс-
тіршілігі, әдет-ғұрпы, шаруашылығы жайлы кеңінен сөз еткен. Орта ға-
сырлардағы Алмалық (Жаркент), Алматы, Тараз қалаларының бір кездер-
де гүлденген өлке болғандығы, бұлардың моңғолдар мен шайбанидтердің
шабуылынан қирағандығы айтылады. Шығармада Алаша, Жәнібек, Әдік,
Қасым сияқты қазақ хандары, Омар Шайқы, Сұлтан Ахмад, Сұлтан Мах-
мұд, Хұсайын Байқара секілді ел билеушілері, тәжік әдебиетінің классигі
Әбдірахман Жәми, түркі әдебиетінің ұлы ақыны Әлішер Науайы, атақты
тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати, суретшілер Кәмәладдин Бекзат, Шах
Мұзаффар, т.б. жайлы да пікірлер білдірген. Мысалы, Ә. Науайы тура-
лы: «Әлішер бек теңдесі жоқ адам еді. Түркі тілінде өлең жазғандардың
ішінде одан көп және одан жақсы жазғаны жоқ. Әлішер бек сияқты ғылым
мен өнерге қамқорлық жасаған адам бұрын-соңды болды ма? Ұста Бекзат
пен Шах Мұзаффар да Әлішердің қамқорлығы мен көмегінің арқасында
өз өнерлерін өрістетіп, үлкен атаққа ие болды. Ол салдырған пайдалы
құрылыстар сияқты жүргізген адам кем де кем», – деп жазды. «Бабыр-
нама» орта ғасырлық Шығыстың тарихына қатысты құнды деректердің
көзі ретінде он тоғызыншы ғасырдан бастап әлемнің көптеген тілдеріне
аударылған. Бабыр қайтыс бола салысымен парсы тіліне тәржімаланған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны ту-
ралы» еңбегінде Алаша хан жайлы деректер келтіргенде, «Бабырнамаға»
сілтеме жасаған.
Мұхаммед Хайдар, достар арасында Мырза Хайдар, ғалымдар орта-
сында Дұғлат лақап атымен танымал еді. Атадан балаға мұра болып келе
жатқан саяси биліктің және ғалымдардың ортасында өскендіктен ол өзі
ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
294
де саясат, ғылым, әдебиетке жақын көрнекті тұлға болды. Мырза Хай-
дар ибн Мұхаммед Хұсейін – «Тарих-и Рашиди» тарихи-әдеби еңбегінің
және «Жаһаннама» дастанының авторы. Мұхаммед Хайдар Мырза (Мыр-
за Хайдар «Тарих-и Рашиди» кітабының авторы өзінің атасының есімін
алған еді) Қашқарға Әмір болды. Мырза Хайдардың шешесі Жүніс ханның
үшінші қызы Хүб Нигар ханым Үндістанда патшалық құрған Заһираддин
Мұхаммедтің шешесі Меһр Нигар ханыммен ағайынды. Демек Бабыр мен
Мырза Хайдар бөле болған. Мырза Хайдар үш жасқа келмей жатып шешесі
қайтыс болды (1502 ж.). Әкесі де Шаһибек ханның бұйрығы бойынша оның
адамының қолынан Хорасанда (1508-1509 ж.) шәһид болады. Осы оқиғадан
кейін Мырза Хайдар Мырза Ханның жанында тұрады. Оның әкесі Мұхаммед
Хұсейін Сұлтан Жүніс ханның Исан Дулат Бегімнен туған қызы Хуб Нигар
ханыммен үйленген, Мырза Ханның әкесі Сұлтан Махмұт Мырза Жүніс
ханның екінші әйелі Шаһ Бегім Бәдәхшиден туған қызымен үйленген еді.
Демек, Мырза Хайдардың әкесі Мұхаммед Хұсейін мен Мырза Ханның
әкесі Сұлтан Махмұт Мырза бажа болған. Мырза Хайдарды Кабулға алғызу
мақсатында Бабыр патша Мырза Ханға бұйрық хат жөнелткен: «[Менің
анамның] сіңлісінің күйеуінің, яғни Мұхаммед Хұсейін Мырзаның ба-
ласы сенің жаныңда екен. Сенің аймағыңның маңайында өзбектер мен
қашқарлықтардың тарапынан үнемі қауіп төніп тұратындықтан, бұл жай
мені алаңдатып отыр, енді оның сонда қалуы мүлде мүмкін емес. Сондықтан
оны бізге жібергенің жөн». Осы бұйрық хаттан кейін Мырза Хан Мырза
Хайдарды Кабулға аттандырады. Мырза Хайдар 1509 жылдың қазан-қараша
айында Мырза ханның (Бадахшан билеушісі) жанынан кетіп, Кабулдағы Ба-
быр патшаның (14 ақпан, 1483 – Ферғана аңғары, Ахси қаласы – 26.12.1530,
Үндістан, Агра қаласы) жанына барып, оның ілтипатына бөленеді: сауа-
тын ашады, тәрбие алуына толықтай жағдай жасалады. Ол 1512 жылдың
қыркүйегіне дейін Бабыр патшаның қызметінде болады. Кейін Сұлтан Саид
ханның сұрауы бойынша және Мырза Хайдардың өз қалауымен Бабыр оны
Сұлтан Саид ханның қызметіне баруына рұқсат етеді. Бабыр өз кітабында
Мырза Хайдар жайында былай деп жазған: «Ол орнықты, байсалды азамат
болып, жақсы жолға түсіпті деп естідім. Жазуға, сурет салуға машық, жебе
жасауға, зергерлікке, садақ шыбығын июге қолының ебі бар. Он саусағы-
нан өнер тамған жігіт. Ақындық дарыны да бар еді. Ол менен кешірім
сұрап хат жазыпты, сөз саптауы тәп-тәуір». Сұлтан Саид ханның жанында
1533 жыл дың маусым айына дейін, яғни ханның өмірінің соңғы күніне дейін
мемлекетінің қажетіне керек адам болып қызметінде жүрді. Мырза Хайдар
«аяз» деген лақап есімімен 1529-1530 жылы Бадахшанда тұрғанда түркі
тілінде «Жаһаннама» дастанын жазғанын білеміз. Бұл дастанның Берлин
және Қашқарлық нұсқасы бар. Иран ғалымы Әмин Рази «һәфт ықылым»
(1593 ж.) деген еңбегінде Мұхаммед Хайдардың шығармашылық дары-
нын айта келіп, оның ел ішінде кеңінен таралған өлеңдерінен мысалдар
келтіреді. Мырза Хайдар кітабының не себептен «Тарих-и Рашиди» атала-
тыны және мақсаты жайында былай деп жазған: «Кітаптың «Тарих-и Раши-
ди» аталуының мынадай үш түрлі себебі бар. Оның біріншісі, Тоғлық Темір
ІV тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
295
хан ислам дінін Мәулана Аршадеддиннің ықпалымен қабылдады… Екінші
бір себебі Тоғлық Темірге дейін-ақ исламды Барақ хан, одан кейін Кебек
хан қабылдаған еді. Алайда, осы хандар дәуірінде моғол ұлыстары ислам
дінінен дұрыс жол таба алмады. Ал құдіретті де мәртебелі Тоғлық Темір хан
мен бақытты моғол ұлысы исламнан дұрыс жол тауып, ұлылыққа бет бұрды.
Үшіншіден, қазіргі уақытта моғол ханы Әбдірашид хан болғандықтан, бұл
тарих соған арналып, оның құрметіне құрастырылып отыр. Осы үш се-
бептен бұл тарих «Тарих-и Рашиди» деп аталынды.Бұл тарих (еңбек) екі
кітаптан тұрады. Бірінші кітапта Тоғлық Темір ханның өмірінен басталып,
бүгінде хан тағының сән-салтанаты болып отырған Әбдірашид ханның
өміріне тоқталынады. Екінші кітапта: мен пақырдың өмірі, естігендері,
көрген-білгендері, өзбек, шағатай хандары мен сұлтандарының тарихы
және өз замандастарымыздың (басынан өткен) оқиғалары баяндалады».
Мырза Хайдар өз еңбегіне дерек көзі ретінде ғылыми ортада мәлім болған
еңбектерді түгелдей алмаса да, олардың негізгілерін пайдаланғандығы
анық. Автордың өзі олардың ішінен Жовейнидің «Тарих-е Жаһангоша»,
Рашидеддин Фазлоллаһтың «Жами ат-тауарих», Хамдолла Мұстуфидың
«Тарих-е Гозиде», Шарафеддин Әли Яздидің «Зафарнама», Мәулана Абдол
Рәззақтың «Тарих-и Мәнзум» және Мырза Ұлықбектің «Төрт ұлыс» атты
еңбектерін бөліп айтады. Міне, бұл айтылғандар Мырза Хайдардың «Тарих-и
Рашидиді» жазуға үлкен даярлықпен келгендігінен, сондай-ақ еңбектің
деректік негізін сенімді көздерден алғандығынан біраз хабар берсе керек.
Мәселен, автор еңбегіне Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы жөніндегі
деректік материалдарды қазақ хандығында 24 күн бойы қонақтап қайтқан
Сұлтан Саид ханның өзінің аузынан бір емес, бірнеше рет естігендігін
білдіріп: «Саид хан Қасым ханмен болған соншалықты әсем жүздесуін
өмірінің соңғы сәтіне дейін ұмытпай үлкен құрметпен еске алып отыра-
тын еді», – дейді. Зерттеуші мамандардың Мырза Хайдар еңбегінің қазақ
халқы мен қазақ хандығының қалыптасу тарихының мезгілін анықтауда
өзге еңбектермен салыстырғанда ерекше орын алатындығын бөліп айтуы,
әрине, әбден орынды. «Тарих-и Рашидиде» келтірілген дәлелді де наным-
ды фактілер қазақ халқының қалыптасу барасында ХV-ХVІ ғасырлардағы
оқиғалардың шешуші кезең болғандығы туралы пікірді негіздей түседі.
Әбілғазы Баһадүр әкесі Арабмұхамед хан
1602
жылы Хорезм ханы бо-
лып жарияланған. Шешесі Меһірбану да Шыңғыс хан әулетінен шыққан,
Арал теңізі маңындағы қазақ руларының ханы Жанғазы сұлтанның қызы.
Әбілғазы әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан
дәріс алған. Медре седе халық ауыз әдебиетін, тарихты оқып зерттеді,
әскери өнер, мемлекеттік басқару ісін меңгерді. 16 жасқа шыққанда әкесі
оны үйлендіріп, Үргеніштің жарты бөлігін билеткен. Арабмұхамед ханның
қартайған шағында балалары арасында билікке талас басталды. 17 жасы-
нан бұл талас-тартысқа Әбілғазы да араласты. Оның аяғы ағайынды адам-
дар арасындағы қарулы қақтығысқа ұштасты. Сондай соғыстың бірінде
1621
жылы Әбілғазы ауыр жарақаттанып, Әмударияны жалғыз жүзіп өтіп,
қашып құтылады. Маңғыстаудағы түрікмендерді, қазақ хандары Есім мен
ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
296
Тұрсынды паналайды. Әбілғазы Ташкентте Тұрсынхан сарайында 2 жыл
тұрып, еліне қайтып келген соң, 1628 жылы ағаларының қолына түсіп, Иран -
ға жер аударылды. 10 жылдай Исфахан қаласында айдауда болған. 1638 жы -
лы Исфахан нан қашып шығып, түрікмен руларының арасында жасыры-
нып жүрген. 1640-1641 жылдары Жем өзені бойындағы Іалмақ ханы Хо-
Орлектің ордасында тұрған. Осы жерден Арал қазақтары көп сыйлық беріп,
Әбілғазыны қалмақ ханынан сұрап алып, өздеріне хан көтерді. 1643 жылы
Ілияс би бастаған Арал қазақтары Хиуа ханы Аспандиярға қарсы көтерілгенде
Әбілғазы солармен бірге болған. Екі жыл бойы Хиуаға дамылсыз шабуыл
жасап, ақыры қазақ, өзбек, қарақалпақтардың күшімен 1645 жылы Хиуаны
алып, хан болып жарияланды. Хан тағына отырғаннан кейін де көп жылдар
түрікмен тайпаларымен соғыс жүргізді, Хиуа хандығы жеріне баса-көктеп
кірген қалмақтарға қарсы қиян-кескі ұрыс жүргізді, Бұхараға шабуыл жаса-
ды. Тек 1663 жылы ғана хандық билігін ұлы Ануш Мұхамедке беріп, бейбіт
істермен айналысуға мүмкіндік алып, шығармашылық жұмысқа кірісті.
Әбілғазы өз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың ұстазы
болды. Ол өзі туралы:»Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрселер
берген. Мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі – әскери
өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі; Eкіншісі – ақындық өнер, яғни
түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде меснеуи, қасида, ғазел,
рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын
жетік білу; Үшіншісі – бұрын Арабстан, Иран, Тұран, Моңғолияны билеген
патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-
уақты оқиғаларды жатқа білу» деп жазды.
Әбілғазы жазған «Шежіре-и Тарахима» («Түрікмен шежіресі», 1661 жы -
лы) және «Шежіре-и Түрк» («Түрік шежіресі», 1665 ) атты тарихи екі шы-
ғарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен та-
нымал болды. Бұл шығарма – Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі
дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар
мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама.
Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс
тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы
ханның «Түрік шежіресі» – тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан
өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма.
Достарыңызбен бөлісу: |