Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет98/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

ГЛОССАРИЙ
Ақын
– суырып салма яки жазба өлең шығару қабілеті бойына туа дарыған 
шығармашылық өнер иесі.
Аристократия­ –­
1) пұрсатты, бай, ерекше құқықтар мен жеңілдіктерге ие 
ақсүйектер тобы; 2) ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың 
түрі. Мысалы, мұндай мемлекеттік билік Ежелгі Гректерде болды.
Әлеуметтік­үдеріс­
– көптеген әлеуметтік әрекеттерден бөліп алуға болатын 
бір бағыттағы және қайталанып отыратын іс-әрекеттердің жиынтығы.
Әлеуметтік­саясат­–­
қоғамның ең жақсы дамуын қамтамасыз етуге, әлеумет-
тік мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға, лайықты өмір салтын орна -
туға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы. 
Әлеуметтік­ топ
– топ мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынастарды бары-
сында бөліну негізінде белгілі бір жағдайда өзара әрекеттестікте болатын индивид-
тер жиынтығы.
Батыр
– 
әскери өнерді жақсы меңгерген, жау-жүрек ерлігімен аты шыққан
қаһарман адамға берілетін құрметті атақ.
Билік­ –­
1) адамдардың іс-әрекеттеріне, қызметіне, тағдырына белгілі бір 
адам дардың (бедел, жігер, құқық, зорлықтың) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі;
2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік 
және әкімшілік өкілеттілігі бар қызмет адамдары, органдары.
Ереже
– 1) жеке меншік және мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың қыз-
метін, таптардың құқықтық жағдайын, кейбір аймақтарды басқару тәртібін айқын-
дайтын заң шығару актісінің түрі. 2) қазақ халқының дәстүрлі құқығының қайнар 
көзі. Нормативті құқықтың қағидалары.
Жүйе
– өзара қатынастар мен байланыстарда болатын, белгілі бір тұтастықты, 
бірлікті құрайтын элементтер жиынтығы. 
Жырау­–­
ақындар мен шешендердің өлең-жырларын жаттап алып, оның 
мазмұнын өзгертпей жырлап, кейінгіге өнегелі сөздерді өлтірмей жеткізетін, 
қажет кезінде өзі де толғап, жырлап айта алатын, бірегей өнер шебері. Ол-әнші, 
домбырашы, қобызшы. Қазақ халқының жүздеген, мыңдаған жырлардағы 
хисса, дастандарын, батырлар жырларын, толғауларды кейінгі ұрпақтарға 
жеткізген де осы жыраулар тобы болды. Халық мұндай адамдарға жырау деп 
ат берген. 
Мәдениет
– адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеу-
меттік-прогрестік шығармашылығы қызметі; бұл қызмет заттандыру (белгі жүйе-
лерін және т.б. жасау) және затсыздандыру (мәдени мұраны меңгеру) үдерістерінің 
диалектикалық бірлігі болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тари-
хының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік 
күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады.
300


Монархия­ –­
мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке дара бір билеушінің 
қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, патша, им-
ператор, король, сұлтан, шах және т.б. деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде 
абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді.
Неке
– тарихи кезеңдерге сай қалыптасқан, қоғамға негізделетін және реттей-
тін, ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарымен міндеттерін белгілейтін
рә сім. Ер азамат пен бойжеткен, ер мен әйел арасындағы жұбайылық өмір.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау