Менің отбасымның дәстүрлері мен тарихы



жүктеу 232,25 Kb.
Дата09.01.2022
өлшемі232,25 Kb.
#32125
менің отбасым


«Алматы облыстық білім басқармасы» ММ

«Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК



Менің отбасымның дәстүрлері мен тарихы

(тәрбие сағаты)


298 топ кураторы: А.И.Имаммагзумова

Талдықорған, 2020ж

Тақырыбы: Менің отбасымның дәстүрлері мен тарихы
Мақсаты:

Білімділік: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, отбасы тарихы, дәстүрлері туралы әңгіме жүргізу

Дамытушылық: Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалардың бойына дарыту;

Тәрбиелік: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.
Әдісі: әңгімелесу, пікір алмасу
Көрнекілігі: отбасы туралы презентация, бейнероликтер.
Тәрбие сағатының өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

а) студенттерді түгендеу

ә) тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру
ІІ. Алдымен балалар сабағымызды бастамас бұрын мынандай ойын ойнап жіберейік. Бұл ойынды мынадай жұмбақтар шешу арқылы ойнаймыз

Әкелеріңнің әкесі сендерге кім болады?

Әкелеріңнің анасы кім болады?

Отбасының тірегі кім?

Үйдегі алтын қазық кім?

Өзі әкенің ізін қуатын, ал өзінің ізін артындағыларға қуғызатын, әке жоқ кезде әке орнына әке рөлін атқаратын кім?

Ағадан кейін өмірге қыз бала келсе кім дейміз?

(Әр жұмбақтың шешуіндегі адамдарды тақтаға іліп, отбасы сөзін шығару)


ІІІ. Бүгін біз бір ғажайып әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыздар ол қандай әлем болуы мүмкін. Ол сіздер өскен шағын мемлекет, яғни жанұя бірлігі, ынтымақтастығы, достығы, өзара сыйластықтары.

Сыйластық, жарастық орнаған орта; шағын мемлекет;ата-әже, әке-шеше; қоғамның басты негізі; бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы; адам ғұмырының тірегі.


Отбасы әр адамның шағын отаны. Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата –әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады. Отбасы- Бірге тұратын, бір -біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары.

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.

Енді балалар әр отбасына келетін болсақ, әр отбасының өзінің дәстүрі бар сол жайлы әңгіме жүргізсек:
Әңгіме жүргізу. Әр бала өзінің отбасындағы дәстүрлері жайлы айтып береді


  • Отбасы мүшелерімен таныстырып өту

  • Отбасымен қандай мерекелерді қарсы аласыңдар?

  • Туған күндеріңді қалай тойласыңдар?

  • Дастарханға отырарда қанадй әдеп сақтайсыңдар?

  • Ата әжесімен тұратын балалардың отбасында қандай дәстүрлер сақталған?

  • Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіздер?


Ситуациялық жағдайлар:

ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің?

Сенің досың шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарап

өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?

  • Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыркүнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, шай тамағымды дайындап қой!»-деп бұйырып кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің? 


Қорытынды

Қорыта келсек, бұл дүниенің бақыты мен ләззаты, қуанышы мен шаттығы тек ата-ананы құрметтеу арқылы ғана баянды болмақ. Әке-шешеге деген сый-құрмет, олармен жақсы қарым-қатынас күмәнсіз үй-ішіне береке кіргізеді. Бұл дүниеде ата-анасына қамқорлық жасап, балалық махаббатын арнаған перзент ертең ақиретте пайғамбарлармен бірге еш қиындықсыз жәннатқа кіреді. «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейсін. Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтың әр отбасының керегесі кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!



Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни «Отбасы-алтын діңгек» екенін дәлелдейді.
жүктеу 232,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау