ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
271
шекарасын әр рудың таңбасы көрсетілген ұзын таяқты жерге тығып қояды,
бірақ шындығында жайылымның иесі сұлтан, би, ақсақалдар болды». Ру ара-
сындағы жайылым үшін тартысты билер кеңесінде шешіп отырды. Сонымен
қатар жерді иелену мәселесі И.А. Козловтың мақаласында да қозғалған. Оның
көрсетуі бойынша қазақтар қыстау және жайлауды барлығын ру болып пайда-
ланады. Жер дауы болмас үшін, олардың шекарасына арнайы белгі қойылады.
Барлық жер мәселесі ашық, сайлау түрінде өтеді делінген. Әрбір рудың көшіп-
қонып жүретін белгілі жері болған, оған басқа рулардың қоныстануына құқығы
болмады. Осыған орай Д.Я. Самоквасовтың әдет жазбаларының 208-бабында
«Кімде-кім басқа біреудің жерін пайдаланып отырса, бұл жер одан 15 жыл-
дан кейін болса да қайтып алынады немесе жердің көлеміне қарай өзара
ри залықпен иеленіп отырады». Жоңғар шапқыншылығының зардаптары
жайылымның қысқаруына әкелді. Осының салдарынан ру арасындағы жер
үшін қақтығыстар жиі болып тұратын. Ресей боданына айналғаннан кейін жер
мәселесі күрделене түсті. Ертеден келе жатқан жерге әр рудың иелігі әдеттегі
құқығы бойынша заңдастырылған болса, орыс өкіметі тарапынан жүргізілген
саясат ру басшыларының бірін-бірінің жерін тартып алуына жол ашты.
ХІХ ғасырдың өзінде жерге сұлтандар мен ру басыларының меншігі іс жүзінде
ғана болғанымен ол еш жерде заңдастырылмайды.
Қазақ хандығында қарастырылып отырған кезеңде салық түрлері және әр
түрлі міндеткерліктер болды. Жалпы салық «Ясак» жиналды. Сонымен қатар
зекет, қару-жарақ салығы, ханның жасағын жабдықтау, ірі билеушілерді жыл
мезгілінде азық-түлікпен қамтамасыз ету сияқты міндеткерліктер болды.
«Ясакты» қазақ билеушілері Түркістан, Ташкент қалаларынан егінші-
лікпен айналысатын аудандардан жинады. Бұл туралы мына үзіндіні кел-
тіруге болады. «Қайсақ хандары және олардың жақын адамдары Ташкентке
келіп Ясак жинайды». «Ясак» – бұл заң жүзінде күштеп енгізілген салық.
Жеңілген ел жеңімпаздарға ясак төлеген. Ясақ Сібір халықтарында да Ресей
жаулап алмас бұрында болғандығын.
Екінші бір салық түрі – мал басынан жиналатын шариғаттың негіз гі
салығы зекет төлеуге міндетті болды. Зекет Оңтүстік Қазақстан қалала рын-
дағы қолөнершілер мен саудагерлерден де жиналды. XV-XVІІ ғасырлардағы
деректерге сүйенетін болсақ, Түркістанның отырықшы егіншілікпен айна-
лысатын және дала тұрғындары басқа да салықтар (харан, балл) төлеуге
тиіс болды. Далалық аудандардағы қазақ халқы жаппай алым-салық төледі;
міндеттер атқарды (соғым, сыбаға, сауын және т.б.) соңғы салық түрлері
әдеттегі құқық бойынша бекітілген болатын.
«Зекет», «соғым», «сыбаға» – хандар әулетіне беретін салық түрі. Л. Бал-
люзек осы міндеткерліктің түрлерін қазақ халқының тұрмыстық қажеттілігінен
ру ішіндегі көмек түрінде беріледі деп түсіндіреді. Әрбір қырғыз үшін руласта-
рына көмектесу міндет және қонақты әдет бойынша күту қалыптасқан. Қазақ
қоғамындағы рулық қатынастың рәсімдері қонақасын беру, соғым беру, сүйінші
беру, сыбаға беру сияқты міндеткерліктерді ХІХ ғасырда тиімді пайдаланылған.
Достарыңызбен бөлісу: